Охрана труда:
нормативно-правовые основы и особенности организации
Обучение по оказанию первой помощи пострадавшим
Аккредитация Минтруда (№ 10348)
Подготовьтесь к внеочередной проверке знаний по охране труда и оказанию первой помощи.
Допуск сотрудника к работе без обучения или нарушение порядка его проведения
грозит организации штрафом до 130 000 ₽ (ч. 3 статьи 5.27.1 КоАП РФ).
Повышение квалификации

Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014

Почему стоит размещать разработки у нас?
  • Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
  • Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
  • Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
Свидетельство о публикации
в СМИ
свидетельство о публикации в СМИ
Дождитесь публикации материала и скачайте свидетельство о публикации в СМИ бесплатно.
Диплом за инновационную
профессиональную
деятельность
Диплом за инновационную профессиональную деятельность
Опубликует не менее 15 материалов в методической библиотеке портала и скачайте документ бесплатно.
14.05.2014

Кембридж тәсілдерін қолданудың тиімділігі

Шерипова Гуларахан Абатбаевна
Кембридж оқыту тәсілі І деңгейі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Кембридж тәсілдерін қолданудың тиімділігі физика сабақтарында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамытуға бағытталған. Бұл тәсіл оқу үдерісін жаңартып, жастардың шығармашылық әлеуетін ашуға мүмкіндік береді. Оқытудың заманауи әдістері білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, іс-тәжірибеде қолдана білу дағдыларын қалыптастырады. Білім беру жүйесін дамытудың бір құралы ретінде Кембридж тәсілдері сапалы білім беруде тиімді нәтижелер көрсетеді.

Содержимое разработки

Кембридж тәсілдерін қолданудың тиімділігі

Маңғыстау облысы, Бейнеу аданы, Абай атындағы орта мектебінің Кембридж оқыту тәсілі І деңгейі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Акшауова Раушан Ыскаковна

"Тегінде адам баласы адам баласынан

ақыл,білім,ар,мінез деген қасиеттермен озады."

Абай Құнанбайұлы

Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бірінші деңгей бағдарламасының мақсаты-мектептегі еңбек тәжірибесі әртүрлі мұғалімдерді қатыстыру арқылы оларға мектеп жұмысын жан-жақты дамыту үшін қажетті білімдер мен дағдыларды беру.

Қазақстан Республикасының "Білім туралы"заңында білім беру жүйесінің басты міндетіне жататын ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтары,білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау,оқытудың жаңа технологияларын енгізу,білім беру жүйесін жаңарту,одан әрі дамыту көрсетілген.Дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда.Бұндай жаңарулар педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үдерісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды,қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды,жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуды,ойлау қабілеттерін арттыруды,мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.

Сындарлы оқыту теориясы оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа сыныптағы дерек көздерінен,мұғалімнен,оқулықтан және құрбыларынан алған білімдерімен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады деген тұжырымға негізделген.Құзырлы оқытудың маңызды факторы-оқушының тақырып мәнін өз бетімен меңгеруін мұғалімнің түсінуі мен бағалай алуы.Сондықтан да Шульман "үш көмекші"деп атаған қасиеттер мұғалімде болған жағдайда ғана оқыту тиімді де сәтті болып саналады дейді.

Үш көмекші құрал:бас,қол,жүрек.Дәстүрлі негізде берілген білімнің емтихан кезінде тиімділігін баса айта отырып,оның жаттанды түрде қалып қоятынын атап өту керек.Бағдарламаның оқушыға қаншалықты тиімді боларын ,оның білім мен тәрбие берудегі үлесінің зор екенін білдім.Бұл жерде "Шығыс Аристотелі" атанған Әл Фараби бабамызбен үндесері хақ.Оқыта отырып тәрбиелеуді қатар алып жүрудің қыр-сырын ағылшындар терең меңгеріпті.Зерттеуші- психолог Шульманның "Мұғалімнің үш көмекшісі"деп атаған қасиеттері айтылады.Бас-кәсіби түсінік,қол-оқытудың тәжірибелік дағдылары,жүрек-кәсіби-өнегелік тұтастық.Бұл жердегі үлкен құнды пікір-әрбір мұғалім теория мен тәжірибені ұштастыра отырып,шын ынта ықыласымен оқушыларға мейірімділік,жанашырлық көрсете білу.Кеңес заманындағы "2"алған баланы жазалаудан арылу,оқушыға ой еркіндігін,сөз бостандығын беру.Елбасымыздың бүгінгі таңдағы сындарлы саясатының бірі-заман ағысына қарсы жүзер, бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеу.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасында "Орта білім берудің мақсаты-терең білім,кәсіби дағдылар негізінде еркін бағдарлай білуге,өзін-өзі іске асыруға,өзін-өзі дамыту және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру"делінген.Ал,бүгінгі ұстаздар алдындағы үлкен міндет-заман ағымына сай білім беруді дамыту,білім сапасын жоғары деңгейге көтеру.Осы орайда,жаңа форматта оқыту мен оқудың Кембридждік әдіс-тәсілін қазақстандық мұғалімдерге меңгертуді қолға алғаны белгілі.Ағылшындардың бұл бағдарламасының біздің халықтың менталитетіне келісе бермейтін тұстары да кездеседі,дейтұрғанмен,бұрынғы дәстүрлі жаттанды оқытудан алшақтап,оқушыға іздендіре отырып білімді игерту ең тиімді әдіс деп білемін.

Сындарлы оқытудың мақсаты-оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту,алған білімдерін сыныптан тыс жерде,кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. "Сын тұрғысынан ойлауды дамыту"технологиясының гуманитарлық пәндерді оқытуда тиімділігі зор.Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін әр түрлі әдістерді қолданып,өз шеберлігін таныту қажет.Сын тұрғысынан ойлау- сынау емес,шыңдалған шығармашылық ой.

Төрткүл дүниедегі алпауыт елдермен тереземіз теңесбек үшін заман талабына сай біліммен қарулануымыз қажет және осы жолда тынбай жұмыстанып,талмай ізденейік демекпін,әріптестер.

Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/49592-kembridzh-tsilderin-oldanudy-tiimdiligi

Свидетельство участника экспертной комиссии
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и закажите рецензию на методическую разработку.
Также вас может заинтересовать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ
БЕСПЛАТНО!
У вас недостаточно прав для добавления комментариев.

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

 

Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)

Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.

Рекомендуем Вам курсы повышения квалификации и переподготовки