Охрана труда:
нормативно-правовые основы и особенности организации
Обучение по оказанию первой помощи пострадавшим
Аккредитация Минтруда (№ 10348)
Подготовьтесь к внеочередной проверке знаний по охране труда и оказанию первой помощи.
Допуск сотрудника к работе без обучения или нарушение порядка его проведения
грозит организации штрафом до 130 000 ₽ (ч. 3 статьи 5.27.1 КоАП РФ).
Повышение квалификации

Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014

Почему стоит размещать разработки у нас?
  • Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
  • Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
  • Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
Свидетельство о публикации
в СМИ
свидетельство о публикации в СМИ
Дождитесь публикации материала и скачайте свидетельство о публикации в СМИ бесплатно.
Диплом за инновационную
профессиональную
деятельность
Диплом за инновационную профессиональную деятельность
Опубликует не менее 15 материалов в методической библиотеке портала и скачайте документ бесплатно.
15.05.2014

Облыстық тамыз маслихаты. Баяндама тақырыбы: «Тәрбие жұмысының бағалау параметрлері»

Ескалиева Зульфия Мутиголлиевна
Заместитель директора по воспитательной работе
ТӘРБИЕНІҢ МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ, МАЗМҰНЫ
Тәрбиенің мақсаты – үздіксіз білім беру жүйесінде мектеп оқушыларының Қазақстан Республикасының азаматтары және патриоттары ретінде қалыптасуы мен өзін-өздері танытуларына, болашақ мамандық иесі болып, кәсіби, интеллектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасау.

Содержимое разработки

Тақырыбы: «Тәрбие жұмысының бағалау параметрлері»

«Өркениеттің нағыз көрсеткіші –

байлық пен білім деңгейі емес,

үлкен қалалары мен мол астығы да

емес, сол ел тәрбиелеген адам бейнесі»!

Р. Эмерсон

 

ТӘРБИЕНІҢ МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ, МАЗМҰНЫ

Тәрбиенің мақсаты – үздіксіз білім беру жүйесінде мектеп оқушыларының Қазақстан Республикасының азаматтары және патриоттары ретінде қалыптасуы   мен өзін-өздері танытуларына, болашақ мамандық  иесі болып, кәсіби, интеллектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасау.

         ТӘРБИЕНІҢ МІНДЕТТЕРІ:

Білім беру ұйымдарында  денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жүйесін құру және дамыту.

Балалар мен жастарды   азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқықтары мен   бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер  мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу.

Өзінің  және қоғамның, болашақ ұрпақ алдында әлеуметтік,  табиғи және мәдени ортадағы  өз іс-әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуде гумманистік дүниетанымды қалыптастыру.

Мемлекеттік тілді және басқа тілдерді үйрену арқылы  балалар мен жастардың әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне, өз халқы мен басқа Қазақстан халықтарының дәстүрлері мен мәдениетін зерттеуіне және қабылдауына жағдай жасау.

Жеке тұлғаның өзін -өзі  іс жүзінде көрсетуі мен ары қарай дамуына ықпал етудебілім беру ұйымдары  жағдайында жастар мен балалардың танымдық қызығушылығын, олардың шығармашылық қабілеттерін, жалпы білімге икемділігін, өзін- өзі тану мен  өздігінен білім алу дағдыларын барынша дамыту    бейімділігін қалыптастыру.

Қазіргі заманғы қоғамдық өмірге және тиімді кәсіби іс-әрекет пен жеке басының  және кәсіби тұрғыда үздіксіз пісіп жетілуіне қажетті маңызды тұлғалық және кәсіби сапаларын   қалыптастыру.

 

ТӘРБИЕНІҢ МАЗМҰНЫ

Тәрбие  мазмұны адам тұлғасының гуманистік құндылықтар жүйесін игеру негізінде қалыптасуын, оның барлық мәндік сферасының дамуын қамтамасыз етуге жұмылдырады.

Қазір білім алушыларды саналуан шығармашылық іс-әрекетке тарту арқылы, соның нәтижесінде жеке тұлғаның тәрбиесі мен қалыптасуы  жүзеге асатын тәрбиенің   ерекше құрамын анықтау маңызды:

Танымдық;                                                 ● Еңбектік;

Құндылық-бағдарлық;                              ● Спорттық;

Көркемдік;                                                 ● Еркін қарым-қатынастық.   

Қоғамдық;

Сонымен бірге, тәрбиеге әлеуметтік-рөлдік көзқарас тұрғысында адам  көптеген әлеуметтік жүйенің компоненті  болып саналады: отбасы, ұжым, кәсіби топ, этнос, қоғам және т.б. Сондықтан, тәрбие  мазмұны құндылық қарым-қатынас жүйесімен: өзіне, өзінің отбасына, мектепке, қоршаған ортаға, Отанына, Жер әлеміне, сондай-ақ, әлеуметтік рөл жүйесімен де сәйкестенеді:

Адам                                                           ●  Дос    

Ұл (қыз)                                                      ●  Құқық қорғаушы

Аға (қарындас)                                          ●  Патриот  

Немере (немере қыз)                                ●  Азамат

Туыс                                                          ●  Қорғаушы

            ● Оқушы                                                      ● Ұлттық мәдениетті

Ұжым, топ мүшесі                                     қорғаушы    және жасаушы

Көш басшы                                                ● Еңбекші                                                                                   

Иегер                                                          ● Әлем азаматы

Қалалық (ауылдық)                                  ●  Бейбітшілік орнықтырушы

Көрші                                                         ● Эколог

Бірлестіктің, топтың, этнос мүшесі

Тәрбиенің қойған мақсатынан және одан туындайтын міндеттерге сүйене

отырып тәрбиежұмысының мынадай бағыттарыайқындалады:

Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбиегуманизмге, қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін сүю және құрметтеуге, оның таңдаулы дәстүрлерін сақтауға және оны дамытуға,  Қазақстанның басқа халықтарының мәдениетін зерттеу және игеруге негізделген азаматтық ұстанымды және патриоттық сананы, құқықтық және полимәдениетті, қалыптасқан ұлттық өзіндік сананы, ұлт аралық мәдени қарым-қатынасты, әлеуметтік және діни төзімділікті қалыптастыруы тиіс. Қазіргі жағдайда тәрбиеленуші-лердің құқықтық санасын, олардың балалар мен жастар ортасында құқық бұзушыларға қарсы тұруға дайындығын қалыптастыру аса маңызды мәселе. 

Рухани-адамгершілік тәрбиесі өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның  қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды болжайды.

Отбасы тәрбиесі адамдар арасындағы оңтайлы және эмоцияналды көңіл-күй қарым-қатынасы  арқылы адамгершілік, рухани және гуманитарлық құндылықтарға басымдық беруде әлеуметтік-тарихи тәжірибені  таратудың анықтаушы құрамдас бөлігі  болып саналады. Қазақстандық қоғамның жалпы сұранысы және халық дәстүрлері, әлемдік және ұлттық мәдениет негізінде құрылған балалар мен жастарды жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлау бірінші қатарға қойылады.

Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыруӨзін-өзі тану жастарға қоршаған ортаны түсінуге, оған өзінің қатыстылығын саналы сезінуге, қоршаған ортаға өзінің көзқарасын жалпы адамзаттық құндылық ұстанымында жүйелеу,  өзінің өмірлік ұстанымын анықтауға көмек беру үшін қажет. Өзін-өзі тану  өзін дамытудың, жеке тұлғаның дербес белсенділік көрсетуінің, өзінің қабілеті мен әлеуеттік мүмкіндігін ашудың қажетті шарты болып табылады. Өзін-өзі тану  нәтижесінде адам өзінің дербес өсу және өзін-өзі жетілу қабілетіне ие болады. Сөйтіп, адам толысуын, өмір рахаты мен  оның мәнін жете түсінеді. 

Әлеуметтік-мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру тұлғалық қасиет (әлеуметтік бейімділік, әлеуметтік белсенділік, әлеуметтік тұрақтылық)  әлеуметтік қарым-қатынас жүйесінде өзіне тән тәртіп стилі, шығармашылық пен дербестікті дамытуға, қоғамдағы өзгерістерден  дереу және тең әсер алу,  белсенді өмір ұстанымында болуға ықпал жасайды.

Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру тәртіп қағидасын анықтайды, құндылықтар жүйесін, иделдарды, нормаларды айшық-тайды және  шығармашылық қызметте өзінің дербестігін көрсетуде  қарым-қатынасты ұйымдастыруға, байланысты орнатуға, оларды дамытуға, келісуге, тәртіпке келтіруге және  түзетуге көмек береді.

Экологиялықтәрбие адамның бойына табиғатқа әдепті көзқарас-тың және  оған   қарым-қатынастың қалыптасуы мен дамуын,  табиғи ресурстардың жағдайына жеке жауапкершілік сезімін және  адамдардың олармен парасатты іс-әркеттерін болжайды. Экологиялық тәрбиенің негізі алдымен, қоршаған ортаны және халықтың денсаулығын қорғауды, елімізде экологиялық жағдай туралы халықты ақпаратпен қамтамасыз етуді көздейді.

Эстетикалықтәрбие рухани - адамгершілік құндылықтарды әсемдік арқылы, көркем мәдениет арқылы,  халықтар мен  дәуірдің   әлемдік көркем құндылықтары арқылы, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарын зерделеу арқылы қалыптастыруды көздейді. Адам бойында   қазіргі кезең  дамуының маңызды міндеттері болып саналатын өнер құралдары арқылы анағұрлым жоғары сана-сезім, тұжырымдамалы ойлауға қабілет, әлемді тұтас бағамдай білетін, өзінің дербес шығармашылық қызметімен әлемдік құндылықтар туралы танымын толық іске асыратын, ұжымда жұмыс істеуге бейімді, мәдениет әлемінде және адамдармен қарым-қатынаста қалыптастыру. 

Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру жастардың бойына психикалық тұрақтылықты және тиімді кәсіби қызмет қажеттілігін қамтамасыз ететін салауатты өмір салтын дарыту мен жеке тұлғалық сапаны қалыптастыру мақсатын қояды. Оны іске асыруға   алдын алушылық білімі   кіреді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру адам ағзасының мүмкіндіктерін, оның қызметінің ерекшеліктерін болжау, адамның физикалық, психикалық және рухани саулығының өзара байланысы,  сондай-ақ, тәрбиелену-шілерді саналуан спорт түрлеріне тікелей қатыстыру жолымен ағартушылық жұмыс барысында жүзеге асырылады. 

Еңбек және экономикалық тәрбиебалалардың, жас өспірімдердің, және жастардың өзіне-өзі қызмет көрсету шеберлігін және дағдыларын, еңбек қызметінің саналуан түрлеріне адалдықпен,  шығармашылық және жауапкершілікпен қарап, ұжымда, топта жұмыс істей білу икемдігін қалыптастырады;  адамның жеке шеберлік, белсенді және болмысымен беріліп іс-әрекет жасау, қажетті ресурстарды жұмылдырып,   істің мәнісін дұрыс бағалап, өз іс-әрекетінің қажетсіз қалмауына мән беріп, олардың түпкілікті тиімділігін  тиянақтап жаңа өндіріс және қоғам жасауды көздейді.

Кәсіби-шығармашылықтәрбиекәсіби және жеке құзыреттілік көзінің мәнін қалыптастыруды (арнайы, профилды, коммуникативті, әлеуметтік, интеллектуалды, ақпараттық, дербес) және т.б. қосымшаларын білуін, білім алушылардың дәстүрді және кәсіби қауымдастық құндылықтарын игеруін, кәсіби әдеп нормаларын сақтауын болжайды.

Интеллектуальді мәдениетті дамыту білім алушылардың белсенді    ойлау қызметінің дамуын,  олардың сана-сезімінің сенімді және қажетті біліммен толығуын, ақыл-ой қабілеті  мен білімге құмарлығын  дамыту.

Қайтсем осы құндылықтарды оқушы бойынан көріп, оны дамытамын, бағалаймын? деген сұрақ әр қайсымыздың алдымызда тұр. Қазіргі таңда әр педагогтың, әсіресе сынып жетекшісінің алдында тұрған мақсат – балаға саналы тәрбие беруДәрігерлер алдына келген ауруды емдеу үшін түрлі анализдер тапсыртып, сол бойынша аурудың диагнозын қойып, содан кейін емдей бастайды емес пе? Сол сияқты сынып жетекші де бала тәрбиесіне кіріспес бұрын, қай бағытта тәрбиелеу керектігін анықтап алған жөн.Тәрбие жұмысы педагогикалық диагностикадан басталады. Кезінде ұлы педагог К.Д.Ушинский айтқандай, оқушыны жан-жақты зерттеп білу керек. Көпке мәлім зерттеудің төмендегідей түрлері бар:

І.Алдын-ала танысу. Алдын-ала танысу кейінен тәрбиені неғұрлым тиімді ұйымдастыруға, оқушылар ұжымын ынтымақтастырудың барынша ұтымды жолдарын табуға мүмкіндік береді.Мысалы, сынып жетекші жаңадан алған сыныптың оқушыларының іс-қағаздарымен, сынып журналымен танысады. Алғашқы аптаның ішінде-ақ оқушылардың жанұясы туралы мәлімен жинақтауына болады. Мен өзім төмендегідей сауалдама беру арқылы оқушылардың өздерімен, жанұяларымен сырттай таныстым:

Аты-жөнің: .......................................................

Туған жылың: ...................................................

Мекен жайын: ...................................................

Жанұяң туралы мәлімет:

р/с

Аты-жөні

Саған кім болады?

Туған жылы

Жұмыс орны

ІІ.Бақылау. Бақылау – оқушылардың мінез-құлқын табиғи жағдайда сипаттайтын түрлі құбылыстар мен фактілерді ұйымдасқан түрде қабылдауды көздейді. Егер сынып жетекшісі ұжымды, жеке оқушыны бақылай отырып, фактілерді жай ғана тізе бермей, ашылған құбылыстың түп тамыры мен себептерін ашуға, мұны талдап түсінуге ұмтылса, бала дамуының өзгерістерін қадағаласа, бақылау зерттеудің тиімді тәсіліне айналады.

ІІІ.Табиғи эксперимент. Эксперимент оқушылардың тәрбиелік дәрежесін, өмір мен қызметтің әртүрлі жағдайындағы өзара қатынасын, өзін қалай ұстайтынын, белсенділігін және мінезін, тағы басқа қасиеттерін анықтауға көмектеседі. Мысалы,өз тәжірибемде оқушының қоршаған ортада өзін қалай сезінетіндігін, ұстайтындығын анықтауға мүмкіндік беретін төмендегідей зерттеуді қолдандым.

Оқушының қоршаған ортамен қатынасын зерттеу:

Оқушының аты-жөні:.......................................................... Сыныбы:..................................................

р/с

Орта

Жағдаяттар

Отбасы

Достары

Сыныбы

Сабақ

Мұғалім

Көше

басқа

Мен көбіне сәтсіздікке ұшыраймын

Мені өте жақсы түсінеді

Мен жасқанамын

Маған көмектеседі

Мен өзіме-өзім сенбеймін

өзімді судағы балықтай сезінемін

Мені өте қинайды, жәбірлейді

Қолымнан бәрі келеді

Менің жыныма тиеді

Мені байқамайды

Мені бағалайды

Менің пікіріммен санасады

Мені ренжетеді

Мен өз көңілімді білдіруге жасқанбаймын

IV.Оқушы әрекетінің нәтижелерін талдау. Бұл тәсіл оқушылар туралы айтылған пікірге қарап емес, олардың мектептегі және үйдегі іс-әрекеттері, қызмет нәтижелері (үлгерім, техникалық, шығармашылық, қоғамдық пайдалы еңбек және өзіне өзі қызмет етуге қатысуы, спортпен айналысуы) бойынша түсінік алуға мүмкіндік береді.Мысалы, мен оқушы ата-аналарына төмендегідей сауалнама беру арқылы оқушының мектептен тыс кезіндегі, үйдегі мінез-құлқы туралы мағлұмат алдым.

Балаңыздың аты-жөні:.........................................................................................................................

Жанұяңыздың материалдық жағдайы (өте жақсы, жақсы, орташа, төмен)...................................

Жанұяда бала тәрбиесімен кім айналысады?....................................................................................

Балаға бірыңғай талап қойылады ма?.................................................................................................

Бала үйдегі еңбекке қатысады ма, қандай шаруаға..........................................................................

Бос уақытын қалай өткізеді ................................................................................................................

Достары кімдер ....................................................................................................................................

Олар туралы сіздің көзқарасыңыз .....................................................................................................

Балаңыздың үйдегі мінезі....................................................................................................................

Бала мінезіндегі жағымсыз қылықтар қандай? (өтірік айту, тәртіп бұзу, сабақ оқымау, еңбектен бас тарту, бос жүру, т.б.) .....................................................................................................................

V.Оқушыларды зерттеу жүйесіндегі әңгімелер. Егер әңгіме табиғи жағдайда өтіп, нақты жайды талдаумен байланысты болса, өте жақсы. Әңгіме мейлінше тиімді болуы үшін оның мақсатын, қойылатын сұрақтарды алдын ала ойластырған жөн. Тәжірибелі мұғалімдер әңгімені қайдағы бір тергеу сипатында жүргізбейді. Жетекші сұрақтардың көмегімен олар оқушының сыныптағы белгілі бір оқиғаға қалай қарайтынын, өзінің мінез-құлқын, жолдастарының әрекетін қалай бағалайтынын анықтайды. Сынып жетекшісінің мұғалімдермен және ата-аналармен әңгімелесуі оқушы тәрбиелігінің дәрежесі туралы құнды материал береді.

VІ.Оқушыларды зерттеу үрдісінде сауалнаманы қолдану. Сауалдама адамгершілік ұғымдар мен түсініктерді, айналадағы адамдарға деген қатынасты анықтауға, ынта мен бейімділікті зерттеуге көмектеседі. Ол, әсіресе түрлі моральдық қасиеттер туралы түсінігін анықтау үшін кеңінен қолданылады. Негізгі адамгершілік қасиеттерді түсінудегі елеулі алшақтықтарды және оның үстіне теріс, дәл емес жауаптарды анықтағаннан кейін, сынып жетекшісі сауалдамадағы сұрақтардың мән мағынасы бойынша этикалық әңгіме өткізеді.Мысалы, мен «Дос.Жолдас.Құрбы-құрдас» деген тақырыпта төмендегідей сауалдамалар бердім: 1. Достық деген ұғымды қалай түсінесің? 2. Досың кім? Оның қандай қасиеттері ұнайды? 3. Сынып оқушыларының ішінен кімді дос болуға лайық деп ойлайсың?» Сауалдаманы жинап алып, қорытындылау ретінде осы тақырыпта пікірталас өткіздім. Пікірталаста оқушылардың достық туралы пікірлеріндегі кемшін тұстарын ортаға салып, пікірталас туғызуға тырыстым.

VІІ.Шығармалар жаздыру. Ол жалпы дамуды, сөз мәдениетін, ынтаны, шығармашылық қабілетті, идеялық бағытылықты анықтауға көмектеседі. Шығармалардан оқушының жеке ерекшеліктері (оның мұраты, қажеті, сезім тербеністерінің тереңдігі, аңғарғыштығы және т.б.) көрінеді.

VІІІ.Оқушылардың өзара жеке қатынасын зерттеуде социометриялық әдістерді қолдану: Бұл әдістер жанама сұрақтар қою жолымен өзара ұнатуды, жақтырмауды немесе бір-біріне деген немқұрайдылықты анықтауға, сыныпта кімнің беделі жоғары, ал кімнің беделі төмен екенін білуге мүмкіндік береді. Мұны, әсіресе, сынып жетекшінің білгені өте маңызды. Мұндай тәсілдердің педагогикалық құндылығы сол, олар сынып ішіндегі қарым-қатынастардың сипатын анықтауға мүмкіндік береді. Неғұрлым сыйлы, сүйікті және белгілі оқушыларды анықтап, сынып жетекшісі кейін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру кезінде, өзін-өзі басқару ұйымдарын сайлау барысында және оларға басқа жұмыстарда оларға сүйене алады.

Бұл тәсіл бойынша мен төмендегідей тәсілді қолдандым.

Социометрия методикасы

Мақсаты: Сынып оқушылары арасындағы қарым-қатынасты зерттеу

Зерттеу барысы: Оқушыларға мынадай сауалдама үлестіріледі:

Кіммен бір партада отырғың келеді?

Кіммен бірге жорыққа шыққың келеді?

Кімді туған күніңе шақырғың келеді?

Оқушылардың жауаптарын алғаннан кейін төмендегідей кесте толтырылады:

Таңдау матрицасы

Кім таңдайды?

Кімді таңдайды?

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

2

3

4

Т.б.

Қанша рет таңдалды?

Өзара (бірін-бірі) қанша адам таңдады?

Таңдау матрицасындағы мағлұматтарды өңдеп болған соң, «Социограмма» жасалады

Социограмма

4 шеңберден тұрады:

1-дөңгелекке (орталыққа) ең көп таңдалынған оқушылар түседі (2 есе көп таңдалынғандар)

2- дөңгелекке орташа сан таңдалынғандар

3- дөңгелекке елеусіз балалар (орташа саннан төмен)

4- дөңгелекке оқшау қалған, шеттелген балалар (бір де бір рет таңдалынбаған)

Бұл зерттеу бойынша ең көп таңдалынған оқушыларды ұйымдастыру жұмыстарында басшылыққа алып отырдым. Партаға бірге отырғысы келетін өзара бірін-бірі таңдағандарды оқушылардың өздеріне білдіртпей бірге отыруларына мүмкіндік бердім.

ІХ.Дербес мінездемелер жинақтау. Бұл оқушылар туралы әр түрлі адамдардан (мұғалімдерден, ата-аналардан, оқушылардың жолдастарынан) алынған деректерді жинақтауды және оларды салыстыруды көздейді.

Х:Оқушылардың тұрмыс және тәрбие жағдайын зерттеу.Бұл тәсіл әдетте қиын, болбыр, үлгермейтін, тәртіпсіз оқушыларды зерттеу кезінде қолданылады. Тұрмыс және тәрбие жағдайын білмейінше, ықпал жасаудың нақты және тиімді тәсілдерін белгілеу мүмкін емес. Әрине, барлық оқушылардың үйдегі тұрмыс және тәрбие жағдайын зерттеу қиын, тіпті мүмкін емес. Бірақ осы жағдаймен жекелеген отбасыларда, әсіресе берекесіз оқушының немесе жаңа оқушының отбасында танысуға әбден болады. Бұл тәсілді қолдану ата-аналардың бос уақытты дұрыс ұйымдастыруға көмек беруі арқылы оқушының өз уақытын тиімді өткізуіне ықпал жасайды.

Сынып оқушының тәрбиелік деңгейіне сынып ұжымы арасындағы бір-бірімен қарым-қатынасы, ұйымшылдығы және т.б. қасиеттері де әсер етеді. Оны анықтау үшін төмендегідей тәсілдерді қолданып жүрмін.

«Сыныптағы ахуал» - шағын зерттеу.

Оқушыларға мағыналары қарама-қарсы сөздер жазылған бір-бір парақ қағаз үлестіріледі. Солар арқылы ұжымындағы ахуалды зерттеуге болады. Оқушылар «х» белгісін сол жаққа немесе оң жаққа жақын қойса, ұжымда сол белгі айқын көрініс береді. Оқушылар мына бланкіні толтырады:

5

4

3

2

1

Достық қалып, жылышырайлық

Араздық

Келісім

Келіспеушілік

Қанағаттылық

Қанағатсыздық

Құштарлық

Селқостық, немқұрайдылық

Жылылық

Салқындық

Ынтымақтастық

Алауыздық

Қызығушылық

Зерігушілік

Табыстылық, жемістілік

Табыссыздық, нәтижесіздік

Қорытындылау: Әрбір жұп сөздің орта бағасын есептеп шығару. Алынған нәтижені график арқылы көрсету. Графиктің сол жағы неғұрлым басым болса, сыныптағы ахуал да, соғұрлым, қолайлы екендігін көрсетеді.

Ұжымның өзін-өзі әлеуметтік-психологиялық аттестациялау

Мақсаты: Бастапқы ұжымдағы ерекше қатынастар жүйесінің даму деңгейінің кешенді бағасы. Зерттеу барысы: Оқушыларға мынадай сауалдама сұрақтары беріледі.

Берілген тізімге және оны бағалайтын шкалаға сүйене отырып, сіз өзіңіздің ұжымдағы қатынастарыңызды бағалааңыз. Бағаны былайша беруіңізге болады:

«6» - қажетті сапа ұжымның барлық мүшелеріне тән;

«5» - барлығына тән деуге болады;

«4» - көбіне тән

«3» - тең жартысына тән;

«2» - кейбіреулеріне тән;

«1» - бірен-саран адамға тән;

«0» - ешкімге тән емес.

Сапа

бағалар

6

5

4

3

2

1

0

1. Ұжымдық – барлық сұрақтарды бірге, ұжымның мүддесін ескере отырып шешуге тырысу.

2. Бірлік, тұтастық – сынып өмірінің маңызды проблемалары бойынша бір пікірлестік.

3. Ұйымшылдық – ұжым мүшелерінің өзара ұнамды қатынастары.

4. Жанасқыштық – басқа ұжымдармен және жаңа келген оқушымен қатынас

5. Ашықтық – тиімді қарым-қатынасты ұйымдастыра білу, бірлесіп істеген жұмыс нәтижелі болу үшін міндеттерді дұрыс бөліп беру.

6. Информациялану (хабардар болу) – барлық сынып оқушылары өз сыныбының жағдайы және бір-бірі туралы жақсы хабардар болуы.

7. Жауапкершілік – оқуға, жұмысқа деген саналы және адал ниетті қатынас

Сонымен, тәрбие жұмысын ұйымдастыру нәтижелерін есептеу және бағалау оқушыларды жан-жақты зерттеуді, олардың тәрбиелік дәрежелерін анықтауды талап етеді. Тәрбие дәрежесін дұрыс анықтау – тәрбие жұмысының тиімділігін арттырудың пәрменді құралын құралын табу деген сөз.«Сыныптан тыс жұмыс» - «педагогтің баланың жеке тұлғасын әлеуметтендіру үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ететін, тәрбиеленушілердің сабақтан тыс әртүрлі әрекет түрлерін ұйымдастыруы». Бұл процесс сынып жетекшісі жұмысты қалай ұйымдастырады, оқушылыр ұжымның алдына қандай мақсаттар қояды, олармен қандай жұмыс істесу керек, кіммен және қай түрде әлеуметтік серіктестік құрады- осы жөніндегі қызметіне тікелей байланысты.

Осыған байланысты директордың тәрбие жұмысы бойынша орынбасарының міндеттерінің бірі педагогтерге осы процесті сауатты құра білуге көмек көрсетуі болып саналады. Бүгінгі күнге дейін сыныптан тыс шараларға қатысу және оған талдау жасау тәрбиелік процестің сапасын арттырудың тиімді әдістерінің бірі болып келеді.

Тәрбиелік шараларға бақылау жасау кестесі

Шара кезеңдері

Шара барысы

Құндылығы

Жетілдіре түсу керек

1

2

3

4

Бақылау нәтижелері бойынша ақпарат жинақтауға арналған кесте

р/н

Көрсеткіштері

Бағалау

1

Педагогтің шара мақсатын нақты анықтауы

2

Шара кезеңдері мен әрбір кезеңнің міндеттерін жоспарлау

3

Шараның оңтайлы мазмұнын анықтау/берілген метериал арқылы қойылған міндеттерді шешу қажет/

4

Шараның әрбір кезеңінде тәрбиелеудің неғұрлым тиімді әдістері мен тәсілдерін таңдап алу

5

Шараның нақтылығы, қарқындылығы мен ырғақтылығы

6

Тәрбиелік сәтінің икемділігі мен кеңдігі/дайын қалып жоқтығы, «тұздығы», күтпеген нәрселер болуы/

7

Шара кезеңдерінің өзара байланыстылығы:

Жағдайға талдау жасау, мақсатты тұжырымдау кезеңі

Шараны жоспарлау

Шараны өткізу

Шараны даярлау мен өткізуге талдау жасау

8

Оқушылардың шараға көзқарасы:

Қызығушылық

Белсенділік

Мінез – құлық

9

Шараның эмоциялық аясы

10

Шараның тиімділігі

11

Шараның бұған дейінгі және кейінгі сыныптық және қоғамдық тәрбие түрлерімен байланыстылығы.

Көрсетілген параметрлер бойынша бағалау үш баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады:

«0» - көрсеткіш өзін анықтамады

«1» - көрсеткіш өзін жартылай анықтады

«3» - көрсеткіш өзін толық, жан-жақты ақтады.

3 деңгейде бағалау:жоғары (Ж),орташа (О),төмен (Т)

Тәрбиелілік деңгейін төмендегі параметрлер бойынша білеміз:

дене бітімінің дамуы (денсаулық тобы),

тәрбиелі (жақсы манера),

ақкөңілділік (белсенділік),

жан-жақтылық (),

шығармашылыққабілеті

әділеттілік(шыншылдық),

жауапкершілік

қоғамдағы орны (ұжымдағы беделі),

ынтасы

мұқияттылық

тәртіптілік

еңбексүйгіштік

табиғатқа қарым-қатынасы

өзін-өзі бағалауы

Сынып жетекші, ата-аналар мен оқушылар арасындағы сыныптың тәрбиелік жүйесі құрылымы бойынша мақсатты бірлескен әрекет оқу-тәрбие үрдісінде оң нәтижелерге қол жеткізуге көмек көрсетті:

оқушылардың тәрбиелік деңгейі мектеп бойынша ортадан жоғары

сыныпта тілектестік, бір-біріне құрметпен қарау ахуалы басым

оқушылардың бәрі сынып ұжымында өздерін жақсы сезінеді және қанағаттанушылық сезімдері басым: олар өз мектептерін жақсы көреді, олардың сүйіп оқитын пәндері мен мұғалңмдері бар.

Жасалған үлгі маған тәрбие жұмысын неғұрлым мақсаттары әрі негізді құруға, неғұрллым маңызды педагогикалық мәселелерді шешуге баса назар аударуға, сыныптағы тіршілік әрекетін жоспарлау мен ұйымдастыруда мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналар әрекеттерін үйлестіріп отыруға көмектеседі.

Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/49814-oblysty-tamyz-maslihaty-bajandama-tayryby-t

Свидетельство участника экспертной комиссии
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и закажите рецензию на методическую разработку.
Также вас может заинтересовать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ
БЕСПЛАТНО!
У вас недостаточно прав для добавления комментариев.

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

 

Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)

Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.

Рекомендуем Вам курсы повышения квалификации и переподготовки