- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- «Формирование основ финансовой грамотности дошкольников в соответствии с ФГОС ДО»
- «Патриотическое воспитание в детском саду»
- «Федеральная образовательная программа начального общего образования»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
- Курс-практикум «Цифровой арсенал учителя»
- Курс-практикум «Мастерская вовлечения: геймификация и инновации в обучении»
- «Обеспечение безопасности экскурсионного обслуживания»
- «ОГЭ 2026 по русскому языку: содержание экзамена и технологии подготовки обучающихся»
- «ОГЭ 2026 по литературе: содержание экзамена и технологии подготовки обучающихся»
- «ОГЭ 2026 по информатике: содержание экзамена и технологии подготовки обучающихся»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы
Князова Балзира Бақытжанқызы, Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, № 5 орта мектеп,
тарих пәні мұғалімі 6 сынып
Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Қазақ халқының ата-тегі болған тайпалар мен рулар туралы айта отырып, сақ тайпаларының тұрмысы мен шаруашылығы,қолөнер кәсібі,діни нанымдары мен ғұрыптары туралы білімдері туралы толық мәлімет беру.
Дамытушылық:
Оқушылардың білімін жетілдіруге ,қосымша ізденуге бағыт-бағдар беру ,ой өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру,оларды өз елін ,жерін сүйетін ұлтжандылыққа ,қайсарлыққа баулу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі :интерактивті ,әңгімелеу ,кесте - сызба,түсіндіру.
Көрнекілігі: Қазақстан картасы ,кестелер,слайдтар.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
Тақырыбы.Сақтардың мекендеген жері.Сақ қоғамы.
«Өзіңнің ұлтыңды танып алмасаң ,сен басқа ұлттың кім екенін ешуақытта біле алмайсың»-деп М.Арын ағамыз айтқандай,қазақ халқының ата тегі болған Сақ тайпасының тарихын,мекендеген орнын ,қоғамдық құрылысын білу мақсатында ашық сабағымыздың тапсырмаларына тоқталамыз.
1тапсырма Сақтардың тайпалық құрамы мекендеген орнын орналасу ретіне қарай дұрыстығын тексеру
№ | Сақ тайпаларының аты | Мекендеген орны |
1 | Парадарайа (Теңіздің арғы жағындағы сақтар) | Қара теңіздің солтүстігі, Арал теңізінің маңында Сырдария мен Амударияның төменгі ағысы |
2 | Тиграхауда (шошақ бөрік киіп жүретін сақтар) | Сырдарияның орта ағысы, Тянь – Шаньда, Жетісуда |
3 | Хаумаварга (Хаомо сусын дайындайтын) | Мургаб аңғарында (Түркменстан) |
(интерактивті тақтада мекендеген орнын алмастырып қоямыз,оқушылар мекендеген жерін дұрыс табуы керек)
2 тапсырма
Сақтардың осы орналасқан жерлерін қартадан көрсету Сақ қоғамының картасы
3 тапсырма
Орта Азия, Қазақстан, Шығыс Түркістан жерін мекендеген
4 тапсырма Шешуін тап.
О рта Азия, Қазақстан, Шығыс Түркістан жерін мекендеген
Сақтар
б.з.б. І мыңжылдықта
Ассирия Ассирия
Индия
Б.з.б. 6ғ. Бастап ахаменидтік
парсылармен
5 тапсырма .Кімнің сөзі
1.«Дұшпанға-қатал,досқа-адал» ---- грек тарихшылары айтқан.
2.«Сақ әйелдері ержүрек келеді,соғыс қаупі төнгенде ерлеріне көмек көрсетіп ұрысқа араласады» ------- грек авторы Ктесий .
3.« Садақпен,қылышпен және қола балталармен қаруланған, сауыт киген» ---грек авторы
Страбон.
6-тапсырма. Сақ қоғамы туралы не білесің.
Сақ әйелі туралы .(Интерактивті тақтадан сақ әйелінің суреті)
Сақ қоғамында әйелдерді құрметтеп,қастерлеп,сыйлаған.Мысалы:сақтарды патшайым Томарис (Тұмар) басқарған. Ежелгі деректердің бірінде сақтардың үйленуі туралы« Егер сақ жігіті қызға үйленгісі келсе, әуелі онымен күш сынасуы керек. Қыз жеңсе,жігіт оның тұтқыны болып есептеліп,оған толық тәуелді болады. Тек жеңген жігіт қана өз билігін жүргізе алады. »деп жазған.
Тайпа көсемі туралы. (Интерактивті тақтадан тайпа көсемінің суреті.)
Халықтың басым көпшілігін қатардағы қауымдастықтар—малшылар құрады.Тайпа мүшелері өз жиналыстарында көсемін сайлады. Тайпа көсемі бас қолбасшылық қызметін атқарып, тайпалар мен рулардың арасындағы даулы мәселелерді шешті, қақтығыстарды реттеп отырды.Көсем өз тайпасын қарумен, азық-түлікпен қамтамасыз етілуін қадағалап, тайпа атынан келіссөздер жүргізіп отырды.Жайылым мен көші-қон мәселесін реттеді. Жер бөлісімен айналысып,оны пайдалану жолын белгіледі.
7- тапсырма.Жұмбақ шешу.
Енді оқушылар «Сақтар» тарауына арналған жұмбақтардың шешуін табайық.
Жұмбақ шешу: 1.Қалам бас алға сүрінбей
Болашақ кілті – білімде.
Қандай мағына береді,
«Сақ» сөзі парсы тілінде?(Құдіретті еркектер)
2.Басынан кешкен шақтарды
Тарихшы тізіп ақтарды
Кімдер деп тағы атады,
Грек Гредот сактарды?(Массагеттер)
3.Ағаға тыныс іні еді,
Тарих өткеннің үніеді.
Сақ әйелінің ерлігін,
Сипаптап берген кім еді?(Ктесий)
4.Көгенге құлын байлады,
Бес қаруды да сайлады.
Айтып берші,қай сактар,
Арал мен Сырды жайлады?(Парадарайда)
5.Білімді алтынға теңедік,
Достарға ашык,кең едік.
Әйгілі сусын жасаушы,
Сақтарды кімдер деп едік?(Хаомаварга)
6.Арайлап таңы атады,
Маужырап күні батады.
Түйе сүтін балмең тең,
Сақтар қалай атады?(Шұбат)
7.Кең болып түзде түлеппін,
Шарапаты мен ізгі тілектің,
Көшпелілер қалай аталды,
Деректерінде гректің(дайлар)
Сөзжұмбақ шешу.
С | А | Қ | |||||||||||||||||||||||||||||
А | Р | Г | И | П | Е | Й | Л | Е | Р | ||||||||||||||||||||||
Қ | Ы | З | Ы | Л | |||||||||||||||||||||||||||
Т | О | М | И | Р | И | С | |||||||||||||||||||||||||
Қ | Ұ | Д | І | Р | Е | Т | Т | І | (еркектер) | ||||||||||||||||||||||
Ж | Ү | Й | Р | І | К | (атты турлар) | |||||||||||||||||||||||||
М | А | Л | Ш | Ы | Л | А | Р | ||||||||||||||||||||||||
П | А | Р | С | Ы | |||||||||||||||||||||||||||
С | Т | Р | А | Б | О | Н | |||||||||||||||||||||||||
А | Б | Ы | З | Д | А | Р | |||||||||||||||||||||||||
1.Б.з.б.І мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан жерін мекен еткен ежелгі тайпа.
2. .Арал теңізінің солтүстік-шығыс жағасын мекендеген сақ тайпаларын жазба деректерде қалай атаған.
3.Сақ жауынгерлері киген киім түсі.
4.Сақ патшайымы кім.
5.«Сақ» сөзінің мағынасын парсы жазбаларында қалай атаған.
6.Иран жазбаларында «Сақ» сөзі қандай мағына береді.
7.Сақ қоғамының 3-ші тобы.
8.Дарий қай елдің патшасы.
9.Грек географы кім.
10.Сақ қоғамында ақ түсті киім кигендер.
Сонымен түйін сөз «Сақ тұрмысы». Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы
Жаңа сабақ. Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы.
Жоспары: 1.Сақтардың т ұрмысы.
2.Шаруашылығы
3.Қолөнері кәсібі
4.Діни нанымдары мен ғұрыптары
Сурет. Сақ көші туралы әңгімелеу.
Жартылай отырықшы мал шаруашылығы
(себебі малда бағады егінде егеді.)Ш ығыс Қазақстан
Шаруашылық отырықшы жер шаруашылығы Қазақстанның Оңтүстігі
Көшпелі мал шарушылығы Орталық,Солтүстік,Батыс Қазақстан
Сақтардың негізгі шаруашылығы мал шаруашылығы—жылқы, сиыр, қой, түйе өсірген. Олар бұл малдардың етімен, сүтімен, тамақтанып, терісі мен жүнін күнделікті тұрмыста пайдаланған. Сақтар жем-шөпті көп қажет ететін ірі қара малды аз өсірді. Мал шаруашылығымен бірге сақтардың біразы егіншілікпен айналысты.Археологтар қазіргі Қызылорда облысындағы Шірік-Рабат деген малшылар қоныстарының маңынан суару каналдарының іздерін тапты. Олар қара бидай, тары, арпа өсірген. Қосымша кәсіп ретінде балық аулай білген. Балық аулау Ертіс жағалауында және Сырдария өзенінің бойында кеңінен таралған.Сақтарда бірте-бірте отырықшы тұрғындардың қоныстары көбейіп, қолөнер мен сауда дамыды, қалалар пайда бола бастады.
Сақтарда қолөнер жақсы дамыды.
Ағаштан ойып жасалған бейнелер мен сәндік бұйымдарды а лтынмен аптау ісі жақсы дамыды. |
Асыл тастардан көз салынған алқа ,сырға-сақина,белдіктер әзірледі |
Қолөнершілер
Ілгек ,түйме сияқты тұрмыстық бұйымдарды жасайтын сүйек өңдеу қол өнері дамыды |
Ұ сталар Қару-жарақ соқты,семсерлер,найза,қанжар, жебе ұштарын
дайындады
Діни нанымдары мен ғұрыптары
Аспан әлемі
Сақтардың ойынша 3 әлем Жер үсті әлемі
Жер асты әлемі бар деп есептеген
Олардың түсінігі бойынша әлемнің төрт бұрышы оң,сол,алдыңғы,артқы жағы болады.Сақтардың діни нанымдары мен ғұрыптардың негізгі бағыты ата-баба аруағына сиыну болып табылады.
Осыған байланысты олар арнайы рулық зираттарға мәйітпен қоса, оның дүние мүлкін қоса жерлеген. Себебі, олар өлген адамның аруағына сиынып қызыл бояу жағып, қабір басына от жағу—от пен күннің белгісін білдіреді. Осындай от орындарын археологтар Жетісу жерінен тапты.Сақ аңыздарында отырықшы сақтар киелі деп жерге, көшпелі сақтар күнге, отқа және соғыс құдайына табынған.
Жаңа сабақты бекіту тапсырмалары:
1.Тарихи сынақ хат.
1.Ұсталартастан,саздан жасалған қалыптарды пайдалана отырып,қазандар құйды,қару-жарақ соқты.
2.Сақтарда мәйітке қызыл бояу жағып, қабір басына от жағу отпен күннің белгісін білдіреді.
3.Мал шаруашылығымен бірге сақтардың біразы егіншілікпен айналысты.
4.Қосымша кәсіп ретінде балық аулай білген.
2 тапсырма: тест тапсырмасы.
1.Қатты суық кездерде ағаш үйлер немен жабылған.
а/ қалың шөппен
ә/ қалың ақ киізбен б/ мал терісімен.
2. Малшылар қоныстарының маңынан суару каналдарының іздерін қайдан тапты.
а/Арал маңы
ә/ Жетісу
б/Шірік-Рабат
3. Сақтарда ілгек, түйме сияқты тұрмыстық бұйымдарды жасайтын қандай қолөнер болған.
а/ егіншілік
ә/ сүйек өңдеу қолөнері
б/ ұсталақ
4.Сақтардың ойларынша қанша әлем бар.
а/ 7. ә/ 3. б/ 4.
5. Сақтардың діни нанымдары мен ғұрыптарының негізгі бағыты.
а/ ата-баба аруағына сиыну
ә/ тотемизм
б/ киелі жерлерге мінажат ету.
Келесі тапсырма бойынша әр оқушы парақшаға өткен тақырыптан сұрақ жазуға тиіс, оны қоржынға салып араластырып кез-келген оқушы таңдап алып жауап беруі қажет.
Қорытынды.
Біз бүгінгі тақырыптан Сақтар мәдениетінің жоғары дәрежеде дамығанын оқып түсіндік. Сақ тайпасы туралы өз білімімізді ортаға салдық. Сақтар- біздің, яғни қазақтардың арғы тегі. Келесі тақырыбымызда сақтардың тәуелсіздік үшін аянбай күресі туралы білетін боламыз.
Оқушыларды білімдеріне қарай бағалау.
Үйге тапсырма. Тақырыпты оқып келу.
«Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы»,«Сақтардың мәдениеті » тақырыптарда мәнжазба жазу.
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/53454-satardy-trmysy-men-sharuashylyy
БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- «Формирование УУД в рамках учебного курса ОРКСЭ»
- «Дистанционное обучение детей дошкольного возраста»
- «Современный подход к преподаванию МХК в контексте ФГОС»
- «Организация работы с обучающимися с ОВЗ в практике учителя ОБЖ»
- «Методы и технологии преподавания русского языка и литературы в соответствии с ФГОС ООО от 2021 года»
- «Подготовка к ЕГЭ по информатике в условиях реализации ФГОС: содержание экзамена и технологии работы с обучающимися»
- Теория и методика обучения астрономии в образовательной организации
- Физическая культура. Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса
- Педагогическое образование: педагогика и методика преподавания химии в образовательной организации
- Подготовка детей к обучению в школе: содержание и организация работы с детьми
- Менеджмент в образовании
- Учитель изобразительного искусства. Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.