Охрана труда:
нормативно-правовые основы и особенности организации
Обучение по оказанию первой помощи пострадавшим
Аккредитация Минтруда (№ 10348)
Подготовьтесь к внеочередной проверке знаний по охране труда и оказанию первой помощи.
Допуск сотрудника к работе без обучения или нарушение порядка его проведения
грозит организации штрафом до 130 000 ₽ (ч. 3 статьи 5.27.1 КоАП РФ).

Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014

Почему стоит размещать разработки у нас?
  • Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
  • Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
  • Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
Свидетельство о публикации
в СМИ
свидетельство о публикации в СМИ
Дождитесь публикации материала и скачайте свидетельство о публикации в СМИ бесплатно.
Диплом за инновационную
профессиональную
деятельность
Диплом за инновационную профессиональную деятельность
Опубликует не менее 15 материалов в методической библиотеке портала и скачайте документ бесплатно.
14.06.2014

Озық ойлы оқушы

Развивайте логику и креативное мышление на уроке-соревновании «Озық ойлы оқушы» по математике. Ученики решают занимательные задачи: о движении улитки, размножении лотосов и бактерий, вычислении количества зёрен. Осваивают математические фокусы для угадывания чисел, возраста и даты рождения. Интерактивный формат с ребусами и наглядными материалами стимулирует интерес к предмету и развивает навыки самостоятельного решения нестандартных задач.

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы: «Озық ойлы оқушы»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Қызықты есептер шешу

Дамытушылық мақсаты: оқушылардың логикалық ойлау, есте сақтау қабілетін, шығармашылық белсенділігін дамыту;
Тәрбиелік мақсаты: өз бетімен танып білуге, жеке тұлға ретінде жұмыс істеуге дағдыландыру және олардың ынтасын, жауапкершілігін арттыру
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, үлестірмелер, нақыл сөздер.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеріп,олардың зейінін сабаққа аудару.
Сабақтың мақсаты мен барысын түсіндіру.
Елбасымыз Н. Ә Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында Қазақстанның әлемдегі барынша қабілетті елу елдің қатарына кіруінде білім сапасы жоғары, денсаулығы мықты,еліміздің әл-ауқаты үшін қызмет жасайтын жастарға үлкен сенім білдіріп отыр.
«Біздің түпкілікті мақсатымыз – интеллектуалды ұрпақ тәрбиелеп, интеллектуалды ұлт қалыптастыру» Н. Ә. Назарбаев
Оқушылар сұраққа жауап беру арқылы іріктеледі. Сайысқа 4 оқушы қатысады.

Математика және биология

Ұлу биіктігі 10 м бағанмен жоғары өрмелейді. Күндіз 5 м-ге көтеріледі, ал түнде 4 м төмен түседі.Қанша уақытта ұлу бағанның төбесіне жетеді?

Көлде лотос гүлі өседі. Бір тәуілікте ол қақ бөлінеді де , бір гүлдің орнына екі гүл пайда болады.Тағы бір тәуіліктен кейін тағы да екіге бөлінеді. және тағы сол сияқты.30 тәуіліктен кейін көлдің беті гүлге толды. Қанша уақытта көлдің беті жартылай гүлмен толады?

Бактериялар қақ бөлу арқылы көбейеді. әр бактерия минут сайын қақ бөлінеді. Егер колбаға 1 бактерия салсақ ол 1 сағатта бактериямен толады. Егер алғашқыда 2 бактерия болса, онда колба қанша уақытта толады?

9 бірдей торғай 1001 ден аз дәнді шұқиды, ал 10 торғай 1100- ден артық дән шұқиды.Әр торғай қанша дәннен шұқып жейді?


Ойын бағдарламасы:
• Математикалық фокустар
• Қызықты есептер
Ребустар

Әр кезеңнен кейін бір оқушыдан шығып отырады. Соңында «Озық ойлы оқушыны» анықтаймыз.

1-кезең: Математикалық фокустар

Ойлаған санды табу: Оқушыға екі таңбалы санды ойла деңіз.

Сол ойлаған екі таңбалы санның ондық разрядта тұрған цифрын екі есе көбейтіп,алынған көбейтіндіге

5 бірлікті қосып,бұл қосындыны 5 есе көбейтіп,оған 10 бірлікті және де ойлаған санның бірлігін қосуды айтыңыз .Содан кейін алынған жауабын сұраңыз.

Сіз алынған саннан 35 ті азайтып,оқушының ойлаған санын айта аласыз.Бұл қалай?

Жауабы: (10а +в) - ойлаған сан. Онда : (2а+в) х5 +10 +в= 10а+в +35

Жасын және туылған күнің табу:

Оқушының жасын және туылған күнін табу үшін төмендегі амалдарды орындау керек: Туылған айдың реттік нөмірін 100 ге көбейтуді,алынған көбейтіндіге туылған айдың числосын қосуды ,алынған қосындыны 2 ге көбейтіп,ол санға 8 ді қосып, сосын 5 ге көбейтуді,алынған көбейтіндіге 4 ді косып ,оны 10 ға көбейтуді сұраңыз .Сосын қазіргі жасыңды 4 ге көбей- тіп ,алынған санды қағазға жазып беруін сұраңыз. Сіз қағаз да жазылған саннан 444 ді шегеріп, алынған санды оңнан солға екі екіден бөлесіз. Оңнан бірінші екі сан жасыңды,келесі екі сан туылған күнін, соңғы екі сан туылған айды көрсетеді.Бұл қалай?

Жауабы: m - туылған айдың реттік нөмірі, t-туылған күнін, n-жасыңды белгілесек ,онда

(((100 m + t)х 2 + 8 )х 5)+ 4 ) х10 + n + 4 = 10000 m +100 t + n + 444

2-кезең: Қызықты есептер Қалған үш оқушыға есеп беріледі.

Есеп №1

Сыныпта 35 оқушы. Оның 20 оқушысы математикалық кружокқа қатысады,11 оқушысы биологиялық кружокқа қатысады, ал 10 оқушы ешқандай кружокқа қатыспайды.Сонда биологиялық кружоктағы неше оқушы математикалық кружокта?

Есеп №2

Қарт шал базарға жұмыртқа сатуға барды . Көршісі шалдан : -Неше жұмыртға әкелдің деп сұрады? .Сонда шал төмендегідей жауап берді .

Себетте бірнеше жұмыртқа бар.Егер екі - екіден қойсам ,біреуі артық қалады, егер де үш-үштен қойсам , тағы да біреуі артық қалады , ал егер төрт-төрттен қойсам онда да біреуі артық қалады, бес-бестен қойсам ,біреуі артық қалады,алты-алтыдан қойсам да біреуі артық қалады . Егер жеті -жетіден қойсам онда ешқандай жұмыртқа артық болмайды.Сонда менің себетімде неше жұмыртқа бар.

Есеп №3

Бұл отбасында 12 бала. Анасы балдарына 70 алма әкелді . Анасы әкелген алмалардың жартысын қыздарына бөліп бергенде ,әрқайсысы бірдей алма алды, қалған алмалардаң жартысын ұлдарына бөліп берді,онда да ұлдарына тепе-тең алмадан тиді.Бірақ әрбір ер бала әрбір қыздан екі алма артық алды. Сонда бұл отбасында неше ұл,неше қыз бар.

3-кезең: Ребустар Ребусты көп шешкен оқушы жеңімпаз.

Сіріңке шилерінен үй жасалған (суретті қара). Екі шиді қозғау арқылы үйді екінші жағына бұру керек.

2.Сіріңке шиінен істелген шаян жоғары өрмелеп барады (суретті қара). Үш шиді қозғау арқылы төмен қарай қалай жылжытамыз.

 

3.Тоғыз сіріңке шиінен жасалған таразы теңгерілмей тұр (суретті қара). Бес шиді қозғау арқылы, қалай теңестіруге болады?

4. Он сіріңке шиінен істелген екі стаканнан алты шиді қозғап, қалай үй жасауға болады?

 

Қорытындылау:
Қиындықтан сірә да біз қашпаймыз,
Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз.
Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз – дей отырып, жеңімпаз оқушыны анықтаймыз..

Көңіл бөліп бұл кешке,
Келгендерге көп рахмет.
Шын сезінген көрерменге,
Мың рхмет, мың рахмет!

Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/53574-ozy-ojly-oushy

Свидетельство участника экспертной комиссии
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и закажите рецензию на методическую разработку.
Также вас может заинтересовать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ
БЕСПЛАТНО!
У вас недостаточно прав для добавления комментариев.

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

 

Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)

Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.

Рекомендуем Вам курсы повышения квалификации и переподготовки