Охрана труда:
нормативно-правовые основы и особенности организации
Обучение по оказанию первой помощи пострадавшим
Аккредитация Минтруда (№ 10348)
Подготовьтесь к внеочередной проверке знаний по охране труда и оказанию первой помощи.
Допуск сотрудника к работе без обучения или нарушение порядка его проведения
грозит организации штрафом до 130 000 ₽ (ч. 3 статьи 5.27.1 КоАП РФ).
Повышение квалификации

Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014

Почему стоит размещать разработки у нас?
  • Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
  • Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
  • Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
Свидетельство о публикации
в СМИ
свидетельство о публикации в СМИ
Дождитесь публикации материала и скачайте свидетельство о публикации в СМИ бесплатно.
Диплом за инновационную
профессиональную
деятельность
Диплом за инновационную профессиональную деятельность
Опубликует не менее 15 материалов в методической библиотеке портала и скачайте документ бесплатно.
24.06.2014

4 санын қосу және азайту» Математика. 1 сынып

омарбекова Салтанат
учитель начальных классов
Математика бойынша «4 санын қосу және азайту» сабағы 1-сынып оқушыларына арналған. Оқу материалы 4 санын қосу мен азайтудың негізгі әдістерін түсіндіреді, ойын форматындағы тапсырмалар арқылы балалардың ойлау қабілетін дамытады. Сабақ барысында геометриялық фигуралармен танысу, дыбыстық талдау жүргізу сияқты пәнаралық байланыс құрылады. Бұл тәсіл оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып, білімдерін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыруға бағытталған.

Содержимое разработки

Тақырып: «4 санын қосу және азайту» Математика. 1 сынып.

Мақсаты:

4 санын қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру

Оқушылардың жан-жақты ойлауын, ізденуін, оқығанын есте сақтауын іс жүзінде қолдана білуге үйрету, ойын арқылы ойлау қабілеттерін дамыту

Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, пәнаралық байланысты арттырып, ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі

Қайырлы күн досым,

Қайырлы күн болсын.

Сәрсенбі күнгі сабақ

Сәттілікке толсын.

Бүгін сенің алар бағаң

Тек қана бестік болсын.

ІІ Үй жұмысын тексеру

110 бет №2 (сигнальный карточкаларымен жұмыс)

ІІІ Жаңа сабақ

Қайталау

Алдымен геометриялық фигураларды қайталап алу

- Бүгін балалар,сендерге жаңағы сендер айтқан геометриялық фигуралардан құралған мына екі бала келіп отыр. Олардың аттары Асыл, Әсел. Олар сендерді «Циркке» шақыра келіпті.

Мотивация

Балалар, «Циркке» барасыңдар ма?

«Циркке» кіру үшін бізге билет керек. Ал біздің билетіміз-ол біліміміз. Ендеше, мына тапсырмаларды орындайық:

А) Цирк сөзіне дыбыстық талдау жасау

- Бұл сөзде неше әріп? Неше дыбыс?

Ә) 4 санының құрамын қайталау

3. Негізгі кезең

Сонымен біз Цирктеміз.

1 тапсырма

Ең алдымен аренаға «Зебра» шығады

Бұл жануардың үстіндегі жолақшаларды қайдан тағы көрдіңдер? (жолда)

Ол нені білдіреді?

Балалрға жолдан өту ережесін айта кету:

Жол тәртібін білейік,

Аман – есен жүрейік!

Орында жол тәртібін,

Жолы болсын әркімнің!

Циркте жануарлар жанглерлардың тапсырмаларын орындайды. Зебраға мынадай тапсырма беріпті, бірге орындайық

Санға 4-ті қосу және азайту тәсілдері қарастырылады. Өрнектер дәптерге жазылады.

Пеш үстінде 4 мысық

Пеш қасында 4 мысық

Айтшы сонда барлығы

Болады неше мысық? (8) 4+4

Он қолымда 5 саусақ,

Сол қолымда 4 саусақ

Алақанды ашамыз,

Бесті төртке қосамыз.

Кел санайық ал мұны,

Нешеу болды барлығы? (9) 5+4

Суда алты қаз,

Төбеде төрт қаз

Судың маңында

Айтшы неше қаз? (10) 6+4

Сегіз қарындаштың төртеуін

Досың сұрап алады

Айтшы сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады? (4) 8-4

Тал басында тізіліп,

9 жапырақ тұр еді

Жел тұрды да үзіліп,

Ұшып кетті төртеуі.

Тұр әлі де ілініп

Жапырақтың нешеуі? (5) 9-4

Болып еді 10 торғай

Ұшып кетті төрт торғай

Енді талдың басында

Торғай нешеу балақай? (6) 10-4

2 тапсырма

Келесі аренаға қонжық шықты.

Үш сан аттай отырып келесі санға жету (оқулықтағы №3)

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9

0,4 1,5 т.б

3 тапсырма

Жұмбақ жасыру.

Қорықпайды еш аңнан,

Қорқады тек тышқаннан. (Піл)

Пілге тапсырма орындауға көмектесейік

Логикалық есеп

Сергіту сәті

- Балалар міне сендердің алдарыңда зебр, аю, піл шықты. Ал олар қандай жануарлар? (жабайы аңдар)

- Ал, сендер қандай тағы жануарлардың түрін білесіңдер?

- Дұрыс, үй жануарлары. Оларға не жатады?

4 тапсырма

- Ендеше, қараңдар иттер жүгіріп келді.

№4 есепті дәптерге орындау

5 тапсырма

- Циркта аттар да өз өнерлерін көрсетеді

Олар тапсырманы дұрыс орындап па? Түзейік.

4+4=7 10-4=5

2+4=9 8-4=4

5+4=10 9-4=3

- Үй жануарларға не істеу керек?

ІҮ Қорытындылау

Осымен «Цирк» аяқталды.

Сыныпқа оралайық. Асыл мен Әселге рақмет айтайық.

Цирк ұнады ма?

Несімен ұнады?

Онда не істедіңдер?

Ү Үйге тапсырма: 111 бет №1 а),ә)

ҮІ Бағалау: балалар жинаған фишкаларын санайды

Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/54320-4-sanyn-osu-zhne-azajtu-matematika-1-synyp

Свидетельство участника экспертной комиссии
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и закажите рецензию на методическую разработку.
Также вас может заинтересовать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ
БЕСПЛАТНО!
У вас недостаточно прав для добавления комментариев.

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

Комментарии
сабақ өте тамаша

 

Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)

Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.

Рекомендуем Вам курсы повышения квалификации и переподготовки
Курсы повышения квалификации