Охрана труда:
нормативно-правовые основы и особенности организации
Обучение по оказанию первой помощи пострадавшим
Аккредитация Минтруда (№ 10348)
Подготовьтесь к внеочередной проверке знаний по охране труда и оказанию первой помощи.
Допуск сотрудника к работе без обучения или нарушение порядка его проведения
грозит организации штрафом до 130 000 ₽ (ч. 3 статьи 5.27.1 КоАП РФ).

Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014

Почему стоит размещать разработки у нас?
  • Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
  • Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
  • Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
Свидетельство о публикации
в СМИ
свидетельство о публикации в СМИ
Дождитесь публикации материала и скачайте свидетельство о публикации в СМИ бесплатно.
Диплом за инновационную
профессиональную
деятельность
Диплом за инновационную профессиональную деятельность
Опубликует не менее 15 материалов в методической библиотеке портала и скачайте документ бесплатно.
09.02.2026

Бауыржан Момышұлы афоризмдері: қазақ тіліндегі ойлау мәдениеті мен тілдік логика үлгілері

Шолпан
Учитель казахского языка и литературы
Бауыржан Момышұлының афоризмдері — қазақтың ұлттық ойлау мәдениеті мен тілдік логикасының тамаша үлгісі. Нақыл сөздердің әрқайсысы нақты, дәлелді және себеп-салдарлық байланысқа құрылған. Әрбір сөз артықсыз, терең мағыналы және ойдың салмағын көтереді. Бұл афоризмдер тек тәрбиелік құндылық ғана емес, сонымен қатар тілдің күші мен ұлттық рухани тереңдікті ашатын құнды материал болып табылады.

Содержимое разработки

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрлігі

Қызылорда облысының білім басқармасы

Ғылыми жоба

«Бауыржан Момышұлының афоризмдеріндегі

тілдік логика мен ұлттық ойлау мәдениеті»

Орындаған:Жанболатұлы Рамазан

Сыныбы:9«В»

Мектебі: «Г.Н.Ковтунов атындағы №252 мектеп-гимназиясы» КММ

Жетекшісі: Усенбекова Шолпан Валихановна

Ғылыми жетекшісі: Исмайлова Нургуль Ахметжановна

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

PhD, аға оқытушы

Шиелі ауданы 2025ж

АННОТАЦИЯ

Бұл ғылыми жоба қазақ халқының ұлы перзенті, батыр, жазушы және ойшыл Бауыржан Момышұлының афоризмдері мен нақыл сөздерін тілдік және логикалық тұрғыдан талдауға арналған. Батырдың қанатты сөздері мен даналық ойлары қазақ халқының ұлттық мінезін, рухани болмысын, өмірге деген көзқарасын және ойлау жүйесін айқын бейнелейді.

Зерттеу барысында афоризмдердің құрылымдық түрлері, мағыналық ерекшеліктері, тілдік өрнектері мен тәрбиелік мазмұны жан-жақты қарастырылды. Момышұлының нақыл сөздері тек тіл байлығы ғана емес, сонымен қатар қазақ ұлтының логикалық ойлау мәдениетінің, ұлттық дүниетанымының және моральдық ұстанымдарының айнасы болып табылады.

Жоба нәтижесінде батырдың афоризмдеріндегі сөздің дәлдігі мен ойдың тереңдігі, тіл мен логиканың үйлесімі — қазақ ұлтының жоғары рухани деңгейін дәлелдейді. Бұл зерттеу жас ұрпақтың ана тілін сүюге, сөз қадірін түсінуге және логикалық ойлау қабілетін жетілдіруге бағытталған.

АННОТАЦИЯ

Данный научный проект посвящён лингвистическому и логическому анализу афоризмов и высказываний выдающегося сына казахского народа — героя, писателя и мыслителя Бауыржана Момышулы. Его афоризмы представляют собой глубокие размышления о жизни, чести, долге и патриотизме, в которых ярко выраженынациональный характер, мировоззрение и духовные ценности казахского народа.

В ходе исследования были подробно рассмотрены структура, смысловое содержание, художественная выразительность, логическая стройность и воспитательная направленность изречений.

Результаты работы показывают, что языковая точность, лаконичность и логическая последовательность афоризмов Момышулы являются отражением высокой культуры мышления и богатства казахского языка.

Исследование способствует формированию у молодого поколения уважения к родному слову, осознанию силы языка и развитию логического мышления, что имеет большое значение для воспитания патриотизма и культурной грамотности.

ANNOTATION

This scientific project focuses on the linguistic and logical analysis of the aphorisms and wise sayings of Baurzhan Momyshuly, an outstanding son of the Kazakh nation — a hero, writer, and philosopher. His powerful words and thoughts vividly reflect the national character, worldview, and moral principles of the Kazakh people.

The research examines the structural patterns, semantic features, stylistic expressions, and educational value of Momyshuly’s aphorisms. His sayings are not only a treasury of linguistic richness but also a mirror of the Kazakh nation’s logical thinking, spiritual worldview, and ethical ideals.

The results of the study prove that the precision of language, depth of thought, and harmony between logic and emotion in his words represent the high intellectual and moral culture of the Kazakh people.

This project aims to help young generations appreciate the beauty of their native language, understand the power of words, and develop critical and logical thinking skills.

МАЗМҰНЫ

І Кіріспе ......................................................................................................6

ІІ Зерттеу бөлімі.

  1. Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылық

мұрасына жалпы шолу..........................................................................8

  1. Бауыржан Момышұлы афоризмдерінің идеялық мазмұны және

тәрбиелік мәні......................................................................................10

ІІІ Қорытынды бөлім .............................................................................14

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.................................... ............................ 15

Кіріспе

Қазақ халқының тарихында сөздің киесі мен құдіретін ерекше бағалаған тұлғалар аз емес. Солардың ішінде Бауыржан Момышұлының орны айрықша. Ол — Ұлы Отан соғысының даңқты батыры, жазушы, педагог, ойшыл тұлға ғана емес, халық рухын көтерген, ұлттық сана мен адамгершіліктің символына айналған қайраткер. Оның афоризмдері мен нақыл сөздері — өмірлік тәжірибенің, терең ой мен логикалық тұжырымның жемісі.(Момышұлы, 2010, 34-б.). Сондықтан да Бауыржан Момышұлының афоризмдерінтілдік және логикалық тұрғыдан талдау қазіргі заманда өзекті тақырып болып табылады.

Тақырыптың өзектілігі

Қазіргі жаһандану дәуірінде ұлттың рухани құндылықтарын сақтау мен дамыту — басты міндеттердің бірі. Халықтың дүниетанымы, ұлттық мінезі мен ойлау мәдениеті ең алдымен сөз өнерінде, соның ішінде афоризмдер мен нақыл сөздерде көрініс табады.

Бауыржан Момышұлының қанатты сөздері — қазақ халқының рухани айнасы, тіл байлығының көрінісі және ойлау жүйесінің логикалық дәлелдемесі.(Сыздықова, 1995, 22-б.).

Оларды зерттеу арқылы оқушылар тіл мен ойдың бірлігін, сөздің әсер ету күшін, қазақ ұлтының ұлттық мінезін түсіне алады.

Осы тұрғыдан алғанда, бұл тақырыптың өзектілігі — Бауыржан Момышұлы мұрасын жас ұрпақтың бойына ұлттық сана мен логикалық мәдениетті қалыптастыру құралы ретінде таныту болып табылады.

Зерттеудің мақсаты

Бауыржан Момышұлы афоризмдерінің тілдік ерекшеліктері мен логикалық жүйесін талдау арқылы олардың тәрбиелік, эстетикалық және танымдық мәнін айқындау.

Зерттеудіңміндеттері

1. Оның Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығына шолу жасау;

2. афоризмдері мен нақыл сөздерінің мазмұнын, құрылымын анықтау;

3. Афоризмдердің тілдік белгілерін (лексикалық, синтаксистік құрылымын) талдау;

4. Логикалық байланыс пен мағыналық жүйені айқындау;

5. Афоризмдердің тәрбиелік және ұлттық маңызын көрсету;

6. Зерттеу нәтижесінде қорытынды жасап, афоризмдердің жас ұрпаққа әсерін анықтау.

Зерттеу нысаны мен пәні

Зерттеу нысаны: Бауыржан Момышұлының афоризмдері мен нақыл сөздері.

Зерттеу пәні: Афоризмдердің тілдік құрылымы мен логикалық ерекшеліктері.

Ғылыми болжам

Егер Бауыржан Момышұлының афоризмдері мен нақыл сөздері тілдік және логикалық тұрғыдан жүйелі зерттелсе, онда олардың тәрбиелік, ұлттық және ойлау мәдениетін қалыптастырудағы рөлі айқындалып, жас ұрпақтың сөз қадірін түсіну қабілеті артады деген болжам жасалды.

Зерттеу әдістері

Жұмысты орындау барысында келесі әдістер қолданылды:

Салыстырмалы талдау әдісі –басқа авторлардың нақыл сөздерімен салыстыру;

Тілдік талдау әдісі –сөздердің грамматикалық, мағыналық, құрылымдық ерекшелігін анықтау;

Логикалық талдау әдісі – ой тұтастығы мен дәлел жүйесін қарастыру;

Жүйелеу және қорытындылау әдістері– жалпы нәтиже шығару мен тұжырым жасау.

Жұмыстың құрылымы мен қысқаша сипаттамасы

Ғылыми жоба кіріспеден, екі негізгі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспе бөлімінде зерттеу тақырыбының өзектілігі, мақсаты, міндеттері, болжамы мен әдістері сипатталған.

Негізгі бөлімнің бірінші тарауында Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылық мұрасына жалпы шолу жасалып, оның афоризмдерінің идеялық мазмұны қарастырылады.

Екінші тарауда афоризмдердің тілдік құрылымы мен логикалық жүйесіне талдау жасалып, олардың тәрбиелік және ұлттық мәні ашылады.

Қорытынды бөлімде зерттеу нәтижелері жинақталып, тұжырымдар беріледі.

І тарау. Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылық мұрасына жалпы шолу

1.1. Бауыржан Момышұлының өмір жолы мен тұлғалық қалыптасуы

Бауыржан Момышұлы – қазақ халқының даңқты ұлы, әскери қайраткер, жазушы, Кеңес Одағының батыры, ұлттық рух пен ерліктің символына айналған тарихи тұлға. Ол 1910 жылы 24 желтоқсанда қазіргі Жамбыл облысы, Жуалы ауданындағы Көлбастау ауылында дүниеге келді. Болашақ батырдың балалық шағы қазақы ортада, ата-әже тәрбиесінде өтіп, ұлттық салт-дәстүр, ауыз әдебиеті, ерлік жырлары мен шежірелер арқылы рухани қалыптасуына мықты негіз салынды.

Атасы Момыш – елге сыйлы, сөзге тоқтаған, көреген кісі болған, немересінің тәрбиесіне үлкен мән беріп, оған еңбекқорлық пен әділдік, тәртіп пен батылдық қасиеттерін сіңірді. Анасы Рәзия ерте қайтыс болғанымен, оның мейірімділік пен ізгілікке негізделген аналық тәрбиесі де Момышұлының мінезінде із қалдырды. Осындай ортаның ықпалымен Бауыржан жасынан әділ сөзге жүгінетін, батыл шешім қабылдайтын, ойы ұшқыр, талапшыл болып өседі.

Жастайынан білімге құштар болған ол математика, тарих, әдебиет пәндеріне ерекше қызығушылық танытып, қазақ және орыс тілдерін жетік меңгерген. Мектепті тәмамдағаннан кейін ауылдық кеңседе, банк жүйесінде, аудандық атқару комитетінде жұмыс істеп, қоғамдық өмір тәжірибесін жинақтады. Бұл кезең оның басқарушылық қабілетінің, ұйымдастырушылық дарынының қалыптасуына ықпал етті.

1932 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылуы Момышұлының өміріндегі маңызды кезең болды. Ол әскери қызмет барысында тәртіпке беріктік, тактикалық ойлау, жауынгер психологиясын түсіну және ұжымдық жауапкершілік қағидаларын жетілдірді. Әскери училищені аяқтап, офицерлік құрамға қабылданды.

Ұлы Отан соғысы жылдарында Бауыржан Момышұлы Мәскеу түбіндегі шешуші шайқастарға қатысып, Панфилов дивизиясы құрамындағы батальон мен кейіннен полкті басқарды. Оның «шеегін бермес қорғаныс», «шегіне отырып соғыс жүргізу», «түнгі шабуыл тактикасы» секілді әдістері әскери ғылымға енгізіліп, стратегиялық маңызға ие болды. Жауынгерлерді рухтандырып, тәртіп пен ерік-жігерді сақтай білгені үшін өз сарбаздарының ғана емес, қарсыластардың да құрметіне ие болды. Батырлығы мен қайсарлығы нәтижесінде оған «Кеңес Одағының Батыры» атағы беріліп, тәуелсіздік жылдарында «Халық қаһарманы» атанды.(Момышұлы, 2004, 1-том, 56–92-б.).

Соғыстан кейінгі кезеңде Бауыржан Момышұлы әскери академияларда дәріс оқып, офицер кадрларын даярлауға үлес қосты. Ол тек қолбасшы ғана емес, терең ойлы зерттеуші, әскери педагог ретінде танылды. Әскери психология, тәрбие, жауынгер этикасы, әскери стратегия жөніндегі көзқарастары ғылыми құндылыққа ие.

Момышұлы шығармашылықпен белсенді айналысып, «Ұшқан ұя», «Артымызда Москва», «Москва үшін шайқас», «Төлеген Тоқтаров» секілді еңбектер жазды. Бұл туындылар ұлттық рухты, патриотизмді, елді сүюді көркем тілмен насихаттайды.

1.2. Шығармашылық мұрасы және афоризмдерінің тәрбиелік мәні

Бауыржан Момышұлының әдеби шығармашылығы оның әскери тәжірибесі, өмірлік көзқарасы және ұлттық рухани дүниесінің көрінісі болып табылады. Оның еңбектері – елдің азаттығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен қазақ жауынгерінің болмысын танытатын, ұлттық мінезді бейнелейтін, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелейтін рухани мұра. Момышұлы шығармалары көркем әдебиеттің ғана емес, әскери ғылым мен педагогикалық ойдың дамуына да үлес қосқан еңбектер ретінде бағаланады.

Жазушының негізгі туындыларына «Артымызда Москва», «Қанмен жазылған кітап», «Төлеген Тоқтаров», «Ұшқан ұя», «Момышұлының мұрасы», «Жон арқа», «Солдат сөзі» және басқа да еңбектері жатады. Бұл шығармаларда автор соғыс шындығын тек батырлық тұрғысынан емес, адам психологиясы, сарбаздық мінез, рухани төзімділік, қиындық пен таңдау мәселелерін терең ашып көрсетеді. Әсіресе «Артымызда Москва» еңбегінің тарихи-деректілік сипаты, шайқас кезіндегі нақты әскери операцияларды талдауы оны әскери әдебиеттің құнды үлгілерінің біріне айналдырды.

Ал«Ұшқан ұя» повесінде жазушы өзінің балалық шағы, ата-анасы мен қазақы тәрбие жүйесін көркем әрі шынайы суреттейді. Бұл шығарма ұлттық тәлім-тәрбиенің негізін, қазақ отбасылық дәстүрінің тәрбиелік орнын ғылыми тұрғыда зерделеуге мүмкіндік береді. Осы арқылы Момышұлы тек жауынгер ғана емес, ұлттық педагогика мәселесін көтерген қаламгер ретінде танылады.

Сонымен қатар, Бауыржан Момышұлының прозалық шығармаларынан бөлек, оның публицистикасы мен сын мақалалары да ерекше орын алады. Бұл еңбектерінде ол қоғамдық-саяси мәселелерді, ұлттық мүддені, адамгершілік пен әділдік қағидаларын батыл көтерген. Оның ой-толғамдары мен қанатты сөздері халық арасында кең тараған, бұл оның халық жадындағы орнын айқындай түседі.

Момышұлының әдеби мұрасы тек қазақ әдебиетінде ғана емес, жалпы әскери прозада өзіндік із қалдырды. Оның шығармалары бірнеше тілге аударылып, әлем оқырмандарына жол тартты. Жазушының өзіндік стилі – шынайылық, терең психологиялық талдау, ұлттық колориттің айқын көрінісі және тілінің шұрайлылығымен сипатталады.

ІІ тарау. Бауыржан Момышұлы афоризмдерінің идеялық мазмұны және тәрбиелік мәні

    1. Бауыржан Момышұлы афоризмдерінің тақырыптық ерекшелігі

Қазақ афоризмдері – әлем өркениеті кеңістігінде де өзіндік тұғырымен танылып келе жатқан рухани құндылық. Б.з.д. Үғ.-ҮІІғ. шамасында өмір сүрген Анақарыс (Анахарсис) бабамыздың еуропалық ғылыми және әдеби шығармашылық ортаға танымал болған ақыл-ой алыбы тұғырындағы тұлғасы оның афоризмдері арқылы да мойындалған. Ежелгі замандағы скиф, сақ, ғұн дәуірлеріндегі біздің арғы қазақ бабаларымыздың ұрпақтарды отаншылдық, азаматтық ұстаным беріктігіне, өмірді мағыналы-мәнді сүруге баулуында атамекенді, Атажұртты сақтау, ұрпақтардың ататекті, әулетті, туған Отанды ұлықтауы сынды өрелі ойлары афоризмдер арқылы байыпталды.

Арғы қазақ ата-бабалар ақыл-ойларының азаматтық-отаншылдыққа, жауынгерлік-қаһармандық рухқа баулуындағы ой-тұжырымдары афоризмдерде айқын өрнектелген.

Әлем халықтарының фольклор мұралары мен әдебиет шығармалары жүйесіндегі өзіндік орнымен бағаланатын афоризмдердің анықтамасы да ежелден бергі тарихы бар екендігін аңғартады:

«Афоризм (грек. аphorismos) – изречение, выражающие в лаконичной форме обобщенную, законченных мысль».

Бұл – дүниежүзі тарихындағы афоризмдер қолданысының тарихи-мәдени қызметін айғақтайтын анықтама.

Афоризмдермен мәндес, тектес қанатты сөздердің өзіндік анықтамасы бар:

«Крылатые слова меткие выражения, часто краткие, цитаты и афорихмы, получившие широкое распростанение в живой речи на правах пословиц и поговорок»

Қанатты сөздердің ерекшелігі афоризмдік нұсқасымен ауызша сөйлеу жүйесінде белсенді қолданысқа түсуімен ерекшеленеді. Бейне бір қанатты құстардай, сұңқардай ел мен жерді, халықтарды аралап, тілден тілге аударылып, ұрпақтан ұрпаққа жететін эстетикалық болмысымен айқындалады. «Әдебиеттану. Терминдер сөздігіндегі» анықтама да нақыл сөздің афризмдік тектестігін дәлелдейді: «Нақыл сөз – даналық қорытындыға құрылған мейлінше жинақы әрі мағыналы сөз.»

Сақтардың эпикалық дастандарындағы («Күнге мадақ», «Томирис», «Шырақ», «Алып Ер Тоңға»,т.б.) сюжеттік-композициялық желілеріндегі эпикалық баяндауларда, лирикалық-дидактикалық толғаныстарда фразеологиялық тіркестердің афоризмдік мағыналық сипатпен жырлануы да қолданылған. Мысалы, «Алып Ер Тоңғаны жоқтау» жырындағы нақыл сөздердің тәрбиелік-мағыналық ерекшеліктері әсерлі:

«Замана мені тебірентер, пенденің күшін кемітер»,

«Тау қойнауы жыртылар», «Қайғылы жүрек жыртылды-ау», «Сұм ажал бүгін жылатып, құрығын салып құлатып», «Өмірдің күні зырлайды, адамның күшін ұрлайды, ғұмыр да мәңгі тұрмайды», «Тәңірім торын құрғанда, тұтылмай адам тұрған ба?» , «Ажалмен Тәңірім сынаған, тұра алар қарсы кім оған, құздар да одан құлаған», т.б.

Осы алынған афоризмдердің негізгі тақырыптық-тәрбиелік мәні – өмір үздіксіз қозғалыста, өмір бар жерде өлім бар деген қағиданы асте шығармауды ұсынады. Тәрбиелік мәніне келер болсақ, бес күндік өмірде бір-бірімізбен сыйласып өтуге, қадір-қасиетімізді жоғалтпай барымызды бағалай білуге, ажал айтып келмейтінін және жер басып жүргенде тіршіліктің, жақын адамдарымыздың қадірін білуге, өмірдің өзі пендеге сынақ ретінде берілгендігін жете түсінуге тәрбиелейді.

Бауыржан Момышұлының афоризмдері — қазақ халқының өмірлік тәжірибесі мен ұлттық дүниетанымынан туындаған терең ойлы тұжырымдар.

Оның нақыл сөздері өмірдің барлық қырын қамтиды: адамгершілік, елдік, намыс, тәртіп, еңбек, білім, отаншылдық, рухани тазалық сияқты мәңгілік құндылықтарды дәріптейді.(Момышұлы, 1974, 25-б.).

Жазушының әрбір афоризмі – өмір мен мінездің мектебі. Ол адам бойындағы жақсы қасиеттерді тәрбиелеуге, кемшіліктерден арылуға шақырады. Мысалы:

  • «Тәртіпке бағынған құл болмайды»

  • «Тәрбиелі-тәртіптің құлы, тәртіпті-елдің құлы»

  • « Тәртіп тән үшін, ынтымақ жан үшін керек»

  • «Тәртіптілер талабына жетеді, тәртіпсіздіктен береке кетеді»

  • «Балаң жақсы болып өссін десең, жастайынан жасытпа»

  • «Шыныққан шыңнан-шыңға таутекедей орғиды.

Шынықпаған шалшықтан бақадай тырбаңдайды»

  • «Тәртіп бар жерде әдеп бар»

  • «Жақсы тәртіп жеңіске жеткізеді, жаман тәртіп жеңіліске жеткізеді»

  • «Тәрбие-таза ниет атасы»— бұл ой тәртіп пен еркіндік ұғымдарының байланысын көрсетеді. Тәртіпті адам ғана еркін өмір сүре алады деген философиялық түйін жасалған.

  • «Ана тілін білмеген-ана сүтін татпаған»

  • «Тіл-ұлт қасиетін айқындайтын белгі, ұлттық салт-сана өзегі»

  • «Тіл-елдің елдігінің, оның ғылыми мен мәдениетінің, өнеркәсібінің, қоғамдық құрылысының, салт-санасының, жауынгерлік дәстүрінің, ұлттық мұрасының қай дәрежеде екенін білдіріп тұратын көрсеткіш»

  • «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған ана тілімізді ұмыту- бүкіл ата-бабамызды, бар тарихымызды ұмыту»

  • «Ана тілімізге мән бермеушілік, оны құрметтеу-шынайы патриоттар тәрбиелеу жұмысына үлкен зиян»

  • «Тіл тазалығы үшін күрес-ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес»

  • «Тіл де түлеп, өзгеріп өсір отырады»

  • «Көз жетпегенге ой жетеді, тіл жетпегенге үн жетеді»-Ұлттық тіл Момышұлы үшін тек қатынас құралы емес — ұлттық жад пен тарихи сабақтастықтың кілті.

  • «Ерлік – елдің қасиеті, жүректің үні»

  • «Ерлік елеусіз қалмасын»

  • «Ел дегенде езіліп, жұрт дегенде жұмылып қызмет еткін. Жерге тер төгіп, халыққа қан төгіп қызмет ет»

  • «Ерлік-елдің қасиеті, Жүректілік- жігіттің қасиеті»

  • «Ежелден ел тілегі-ер тілегі, адал ұл ер боп шықса-ел тірегі»

  • «Ерлік –табиғат сыйы емес, ұзаққа созылған тәрбиенің жемісі»

  • «Ерлік алтынмен емес, ықыласпен өтеледі»

  • «Ерлік бағасы алтында емес, абыройлы атақта»

  • «Ел есінде қалам десең, ел үшін еңбек ет»

  • «Ерлік тайсалмас табандылық пен қайыспас қайсарлықтан шығады»

  • «Өршіл рухтан өлмес ерлік туады»

  • «Есімі ел жүрегінде сақталған ер ғана бақытты»

  • «Ел қорғау жолында ерлікпен өлген ерлердің жазығы жоқ»

  • «Есімі ел жүрегінде сақталған ер ғана бақытты» — батырлық пен ерліктің негізінде халықтық рух, елге деген сүйіспеншілік жатқанын көрсетеді.

  • «Өз ұлтын сыйламаған адам – өзгені де сыйламайды»

  • «Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу-сатқындық»

  • «Барлық халық, барлық ұлт барлық ұлы және тамаша нәрселерді жасауға қабілетті»

  • «Әрбір адам баласы өз ұлтын сүюге тиіс: өз ұлтына деген терең сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды терең тану, құрметтеу мен сүю биігіне көтеріледі»

  • «Өз ұлтын сүю-өзге ұлтты жек көру емес» — ұлттық сана мен өз тамырына құрметтің адамгершілік өлшемі екендігін айқындайды.

  • «Қорқақтық – адамның өзіне деген опасыздығы»

  • «Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық»

  • «Сын ерді шыңдайды, қорқақты қинайды»

  • «Қарабет болып қашқанша, қайрат көрсетіп өлген артық»

  • «Жауыңды жапыра біл, баудай түсіре біл»адамның ішкі рухының әлсіздігін сынай отырып, батылдық пен намыстың мәнін ашады.

Момышұлының афоризмдеріне тән ерекшеліктер:

Қысқа әрі нақты сөйлемдер: афоризмдер қысқаша құрылып, негізгі ойды бірден жеткізеді, бұл олардың педагогикалық құндылығын арттырады.

Синтаксистік құрылым: көбінесе қарапайым сөйлемдер, ауыспалы синтаксис, антитеза және қайталау арқылы ойдың тереңдігін көрсету.

Семантикалық нақтылық: әр афоризмнің бір ғана негізгі ойы бар, ол оқушыға нақты моральдық немесе патриоттық сабақ береді.

Метафоралар мен теңеулер: мысалы, "Шыныққан шыңнан-шыңға таутекедей орғиды, шынықпаған шалшықтан бақадай тырбаңдайды" – бұл ой балалар мен жастарға көрнекі және түсінікті түрде беріледі.

Қайталау мен ритм: маңызды ойларды бекіту үшін қайталанатын сөздер мен құрылымдар қолданылады, бұл есте сақтау мен түсінуге оңай етеді.

Оның нақылдары тек соғыс тақырыбына емес, бейбіт өмірдің де рухани тәртібіне бағытталған. Автор әрбір адамның бойында ар-намыс пен жауапкершілік сезімі болуы қажет екенін ескертеді.

2.2. Батырдың нақыл сөздері- қаһармандық үлгі, ұлттық намыстығ қайрағы

Бауыржанның ерлікке, адалдыққа, адамгершілікке , патриоттық сезімге шақыратын шығамаларының бірі болып, оның қанатты сөздері саналды .
Ержүрек батырдың Москва түбіндегі шайқаста жауынгерлерді жігерлендіру, рухтандыру үшін қолданған «Шегінуге жол жоқ , артымызда Москва » деген атақты қанатты сөзі сол кездегі Отан соғысына қатысушы ерлеріміздің, отандастарымыздың барлығын жеңіске , батырлыққа жетеледі. Осы сөзді естіген бүкіл КСРО армиясы және тылдағы еңбеккерлер жігерлене түсті . Мұндай сөз ұлты орыс халықтан емес, қазақ азаматының аузынан шығуы ұлттар арасындағы бауырластықты , ынтымақтастықты , достықты күшейте түсті .

Ол өзі туралы « Мен 25 жыл әскерде болдым . Біле білген кісіге бұл – үлкен университет. Осы 25 жылдың ішінде мен талай қолбасшымен кездестім , сабақ алдым, талай генералдың қол астында қызмет істедім , тәрбие көрдім . Өйткені, командир деген әскери педагог қой . Өзімнің әр ұлт адамдарымен қызметтес болғанымды үлкен мектеп деп бағалаймын. Себебі, чуваш мынадай екен – ау қырғыз мынадай болады екен –ау деп ойлайсың.
Ана халық анадай дәстүрін қадірлейді, мына халық мынадай дәстүрін қастерлейді екен –ау деп толғанасың. Мен осы 25 жыл ішінде қарамағымда болған, үстеріне шинель киген солдаттар арқылы барлық халықтардың жанын ұқтым деп ойлаймын » деп толғайды .

Бауыржан соғыс кезінде «Красная Звезда » газетіне « Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам – опасыз , оңбаған адам » деп жазады. Осы арқылы батыр әр солдатты ,әр офицерді , әр адамды өз халқын , өз Отанын , өз елін- жерін сүюге ,оны сыртқы жаудан қорғауға шақырады. Соғыс кезінде мұндай үндеулерді , қанатты сөздерді тыңдап , оқып жүрген әр азаматтың ,әрине , жүрегінде – туған жерге, елге деген үлкен сезім ұялап ,олар басын өлімге тіге отырып өз елін – жерін қорғауға бел буған. Олар біздердің ата – бабаларымыз.
Бауыржан Момышұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен
біздің ата- бабаларымызды алға ұмтылдырумен қатар , оларды өзінің сан алуан қанатты сөздері арқылы жігерлендіріп отырды.

Ол : « Отан үшін отқа түс күймейсің », « Ел үмітін ер ақтар – Ер намысын ел сақтар » деген сөздер арқылы жаужүрек сарбаздарымызды ерлікке бастады.
Ол « Жарымның опсыздығына сенбеймін » деп айтады да « Ее могут сломать, но не гнуть» , – «Иілмейді адалым , сынса сынар » деп өзінің жан- жүрегінен шыққан сөзі арқылы жауынгерлерді батырлыққа ер жүректілікке, тылда қалған жауынгерлердің жарларын адалдыққа, төзімділікке,шыдамдылыққа үндейді, жеңіске жігерлендіреді.

Өзінің өлең жолдары мен қанатты сөздері арқылы өз Отандастарын ел бірлігін сақтауға, кең байтақ туған жерді сыртқы жаудан ада етуге шақырды .
Бауыржан өз қанатының астындағы сабаздарын өзінің адуынды қанатты сөздерімен, туған елге – жерге деген адал, патриоттық сезімімен осы соғыста жеңуге жетелей отырып, шабуылдарда « Жаным – арымның садағасы »,
«Ерлік – батырлықтан туады » деп ұрандатып ,алдыңғы сапта жүрді . Мұндай рухты, қанатты сөздер мен әрекеттер жауынгерлерді тек қана алға ұмтылдыр ды. Осындай сөздермен қанаттанған олар өздерінің суықта тоңғандары мен бораған оқ астында жүргендерін ұмыта отырып ,жеңіс күнін жақындата түсті. Біз үшін олардың ерлік істері мәңгілік , ұмытылмас мұра .Келешек ұрпаққа өнеге , үлгі боларлық іс .

Қазіргі күні тек қана, компьютерленген, техналогияланған заманда адамға адамның игі сезімі, Отанға адамның игі сезімі өте тапшы. Сондықтан, жастар арасында, жас өспірімдер арасында Отанға , туған жерге , туған елге ,
жан –жағындағы ортаға деген сүйіспеншілік кемде – кем .
Міне, осыларға деген сүйіспеншілікті арттыруда біздің атақты адамдарымыз – жазушыларымыз бен ақындардың,қоғам қайраткерлерінің , ардагер батырлардың қанатты рухты сөздері үлгі болмақ .
Мұндай сөздердің бірі және бірегейі – Бауыржан батырдың сөздері .Бұл сөз- дер ұрпақтан –ұрпаққа тарап, ғасырлар бойы өз құндылығын жоймақ емес. Қазақ халқы бар кезде, оның жанкешті батырлары мен олардың ұран сөздері өлмек емес .

Батыр сөзін ұрпақтары жаттап өсіп ,оның қанатты сөздері мен ерлік істері туралы ашық сабақтар, түрлі шығармашылық кештер, ғылыми конфе ренциялар өткізіп жатса , батырларымыздың ұрпақтары – патриоттық сезімі мен туған жерге деген сүйіспеншілігін ешқашан жоғалтпақ емес .
Бауыржан Момышұлының адам баласының ой -өрісін, ерік – жігерін рухтандыратын, қанатты ұран сөздері бүгінгі ұрпаққа үлгі, келешекке даңғыл жол болып мәңгілік жасай бермек .

Өзінің бітім-болмысымен ерекшеленген Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы тек ел басына күн туғанда «етігімен су кешен» батыр ғана емес, кең тынысты суреткер де болды. Батырдың аузынан шыққан нақыл сөздері бүгінде ел аузында жатталып та қалды. Атаның қоғамдық-әлеуметтік көзқарасын сөз еткенде, елді надандық пен қатыгездік, ұсақтық пен қанағатсыздық, маскүнемдік пен әділетсіздік, опасыздық пен өсек-өтірік қара түнектей қаптап алған заманда оның адамгершілік, әділет, қанағат, мейірімділік, оқу-білім, ақыл-парасат, салт-дәстүр сынды асыл дүниелер жөнінде сөз қозғауының өзі програссивті құбылыс. Ол мұраларында оқырманды дұшпанмен аянбай шайқасуға үндейді. Ол үшін қайратыңа ептілікті, ептілікке қырағылықты, қырағылыққа әдісті, әдіске ақылыңды жолдас ет дейді. Сонымен қатар, ол кісінің оймен өрнектеп, сөзбен кестелеген отанды сүюге, ізеттілікке, батылдыққа, адамгершілікке, өнегелілікке тәрбиелейтін өмірлік мәні зор нақыл сөздері келер ұрпақты қазақ мемлекетінің өр тұлғалы, ер мінезді қайсар азаматтары болуға насихаттайды. Атап айтқанда:

Бақаның бағынан сұңқардың соры артық.

Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу — сатқындықтың белгісі.

Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткін!.

Отан үшін отқа түс – күймейсің.

Опасызда Отан жоқ.

Елсіз ер болмайды, жұртсыз жігіт болмайды

Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық!.

Ерлік – табиғат сыйы емес, саналы әскери тәрбиенің жемісі, Отан алдындағы қасиетті парызыңды орындау үшін адамзаттың ең асыл сезімімен жігерленіп, өзіңді саналы түрде қауіп-қатерге бас тігуге мәжбүр етудің нәтижесі.

Ана үшін аянба – ант ұрады, бала үшін аянба – бетің күйеді.

Ел үшін аянба – ерлігіңе сын, жұрт үшін аянба – жігіттігіңе сын.

Қайратыңа әдісіңді жолдас ет, әдісіңе ақылыңды жолдас ет.

Қырағының өзі де, көзі де батыр.

Ел дегенде езіліп, жұрт дегенде жұмылып қызмет ет.

Жерге тер төгіп, халыққа қан төгіп қызмет ет.

Сабырлық алдында дұшпан сасады, сабырсыздан береке қашады.

Сын ерді шыңдайды, қорқақты қинайды.

Маған деген атақты міндет етсең, өзің ал.

Әділдікке бас ұрып, У берсең де маған бал.

Ежелден ел тілегі – ер тілегі, адал ұл ер боп туса – ел тірегі.

Қорқақ қаққа шөгіп өледі.

Тексізден тезек артық, арсыздан айуан артық.

Көп тұрған су сасиды, ойламаған ми сасиды.

Намысты нанға сатпа.

Арпалысып жүріп алған абырой – өмірдің ең шырын рақаты.

Өмір үшін өлгенше күрес.

Тәртіп – тән үшін, ынтымақ – жан үшін керек.

Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз – ер болмайды.

Елсіз ер бола ма? Жұртсыз жігіт бола ма? Ерлік – елдің қасиеті.

Жүректілік – жігіттің қасиеті.

Тәрбиелі – тәртіптің құлы, Тәртіпті – елдің ұлы.

Тізе бүгіп тірі жүргеннен, тіке тұрып өлген артық.

Именіп жүріп көрген игіліктен, қарсыласып жүріп көрген қорлық артық.

Ұлттық мақтаныш – сол ұлттың адамы үшін қасиетті әрі бұзылмас заң.

Ерлік елдің қасиеті, жүректілік жігіттің қасиеті.

Ерлік елеусіз қалмасын.

Үміт өрге тартады, үмітсіздік көрге тартады.

Әділдік пен адалдық – адамның ең қымбат қасиеті.

Шегініп серке болғанша, секіріп теке болғын.

Жанын аяған тәніне жау.

Өлтірсең өлімнен құтыласың, өлтірмесең өлімге тұтыласың.

Таяқтан тайсалмасаң, семсерден сескенбесең, жеңдім дей бер.

Бұқсаң – сұқты, тығылсаң – тықты, именсең – езді, өлдім дей бер.

Айқаймен ала алмайсың, ақылмен, айламен алғын.

Намысты адам намысы барды қадірлейді және намысы жоқты сыйламайтыны – заңдылық.

Елдікті, ұлттық намысты бәрінен жоғары қою — отансүйгіштіктің ең басты белгісі.

Әдіссіздік – әлсіздік, ептілік те – ерлік.

Елдік қасиеттер аспаннан түспейді, жоқтан жаралмайды. Өзі туған топырақ тозаңы және ана сүтімен ұйыған ұлтжандылық сыртында, өскен ортасы мен азамат ретінде қалыптастырған қоғамы дарытар терең де текті дүниетаным негізінде ғана түзіледі.

Міне, бұл атаның жастарды отансүйгіштікке тәрбиелейтін ғажайып нақыл сөздерінің бір парасы ғана.Ал, Қазақ тілін құрметтеу бағытында айтқан қанатты сөздерінің өзі бөлек дүние. Алдағы уақытта «Бауыржантанушы» ғалымдарымыз атаның мол мұрасын ғылыми тұрғыдан зерттеп-зерделеп, қазақ жастарының бойына сіңіре беретініне сенеміз. Алайда, бұл нақыл сөздерді бесіктен бастап бала санасына құю, әрбір ата-ананың ұрпақ алдындағы басты парызына айналуы тиіс. Сонда ғана Бауыржан атадай өр тұлғалы, елім дегенде өзегін жұлып беретін, өжет те намысты азаматтарды тәрбиелейтінімізге кәміл сенемін.

Орынды зіркілдеу - сабақ, орынсыз зіркілдеу – азап. Орынды зіркілдеу жастарды дұрыс жолға, орынсыз зіркілдеу бұрыс жолға салады.

Алтын басты болсаң да, ардан артық емессің.

Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған ана тілімізді ұмыту – бүкіл ата - бабамызды, тарихымызды ұмыту.

Тізе бүгіп, тірі жүргеннен, тіке тұрып, өлген артық.

Ана үшін аянба – ант ұрады, бала үшін аянба – бетін күйеді, елің үшін аянба – ерлігіңе сын, жұртың үшін аянба – жігіттігіңе сын.

Ел дегенде езіліп, жұрт дегенде жұмылып істе.

Азаматқа өмірден де ар қымбат, өлімнен де ұят күшті.

Тексізден тезек артық

Арсыздан айуан артық.

Қайратыңа әдісіңді жолдас ет, әдісіңе ақылыңды жолдас ет.

Отанда опасызға орын жоқ.

Ақылды кісінің сөзі де, өзі де сүйкімді.

Сын ерді шыңдайды, қорқақты қинайды.

Ашуыңа ақылыңды жеңдірме, өз сабаңнан шығып кетпе.

Кішіпейілдік – адамгершілік көркі.

Таяқтан тайсалмасаң, семсерден сескенбесең, жеңдім дей бер.

Тәрбиелі – тәртіптің құлы, тәртіпті – елдің ұлы.

Жерге тер төгіп, халыққа қан төгіп, қызмет етуден аянба

Ежелден ер тілегі - ел тілегі, адал ұл ер боп туса – ел тірегі.

Ерлік – тәрбие жемісі.

Айқаймен ала алмайсың, ақылмен, айламен басқар.

Мақтау қауіпті нәрсе.

Мақтаудың екі түрі бар: біріншісі – қара ниетті мақтау, екіншісі – ақ ниетті мақтау.

Баукеңнің өмірі - қаһармандық үлгісі, ұлттық намыстың қайрағы. Баукең мұрасы - ұлт рухының ұлы оқулығы. Баукең университетінен өткен әрбір адам халқына, ұлтына неғұрлым жақындай түседі, еліне деген перзенттік махаббаты арта түседі. Сөнген жұлдыздардың жарығы миллиондаған жылдарға жетеді екен. Туған халқы үшін, кейінгі толқын ұрпақтары үшін қазақтың бас батыры Бауыржан өнегесі таусылмақ емес. Ендеше, Баукеңнің алдағы жүз жылдық асуы да Алаш айбынын, мәртебесін асыра түсері сөзсіз.

Эксперименттік бөлім

Анықтау кезеңінде жүргізілген жұмыстың түрлері:

- эксперименттік жұмыстың жоспары, мақсаты мен міндеті, алғы шарты жасалды;

- тест, сауалнама, пікірлесу жұмыстары жүргізілді, нәтижелері талданып, сараланды;

- оқу үрдісінде қажетті қосымша дидактикалық материалдар іріктелді;

- сынақ нәтижелеріне сүйене отырып, жұмыс оқу бағдарламасының мазмұнына толықтырулар енгізіліп, оқыту үрдісін ұйымдастыруға бағыт-бағдар берілді, әдістемелік үлгі жасалды;

- жұмыс жасаудың жолдары көрсетілді.

-кітапша жасалды

-оқушылардың қазақ тілі дәптерлерінің сыртын жасадым

Б.Момышұлы және оның нақыл сөздерінің білу деңгейлерін анықтағанда:

- экспериментке дейін оқушылардың 40 пайызы жазушы өмірі мен нақыл сөздері туралы аз білетіндерін көрсетті. Жазушы өмірі мен нақыл сөздерін, мақал-мәтелдерін білу деңгейлері;

- оқушылардың 15 пайызы оқулық көлеміндегі материалды білетіні анықталды;

- оқушылардың 60 пайызы нақыл сөздері туралы білмейтіндерін айтты.

Эксперименттік тәжірибе жүргізу үшін ең алдымен оқушылардан тест,

сауалнама пікірлесу, әңгімелесу арқылы Бауыржан Момышұлы өмірі мен нақыл сөздерін білу деңгейі анықталады. Арнайы дайындалған сауалнама сұрақтары төмендегідей мазмұнда болады:

1) Б.Момышұлы туралы білесің бе?

2) Жазушы қай жерде туып, өскен?

3) Жазушының өмірі мен нақыл сөздері, жазған кітаптары ұнайды ма?

Оқыту эксперименті

Эксперимент жұмыстарының қорытындысын төмендегідей көрсетуге болады:

1.Б.Момышұлы өмірі мен нақылсөздерін оқуда қолданылған тапсырмалар мен әдеби жаттығулар, талдаулар оқушылардың әдеби шығармаларды оқуға деген қызығушылығын арттырып, өздігінен ізденулеріне мүмкіндік тудырды;

2. Оқушылардың көркем мәтінді талдауда белсенділіктері артты

3. Сөйлеу мәдениетіне төселіп, эстетикалық, танымдық деңгейлері артып, сөз өнеріне деген өз көзқарастарын қалыптастырды

Мұнымен қатар оқушылармен де сауалнамалар өткізілді. 9 сынып оқушыларына «Бауыржан Момышұлының нақыл сөздерін білесің бе?» деген сұрақ қойылды.

Диаграмалар

Сауалнама нәтижелері көрсеткендей оқушылар толықтай оқыған. Яғни, Б.Момышұлының өмірі мен нақыл сөздерімен таныс.

ҚОРЫТЫНДЫ

Бұл ғылыми жұмыста Бауыржан Момышұлы афоризмдеріндегі тілдік логика мен ұлттық ойлау мәдениеті жан-жақты қарастырылды. Зерттеу барысында қойылған мақсат толық орындалды, ал міндеттер жүйелі түрде жүзеге асырылды.

1. Зерттеу мақсатының орындалуы туралы тұжырым

Зерттеу мақсаты — Б.Момышұлы афоризмдеріндегі тілдік құрылым, логикалық жүйе және ұлттық дүниетанымдық мазмұнды анықтау — толық орындалды. Афоризмдер тілдік және мағыналық тұрғыдан талданып, олардың қазақтың ұлттық ойлау мәдениетін танытатын құнды рухани мәтін екені дәлелденді.

2. Алынған негізгі нәтижелердің қысқаша баяндалуы

Зерттеу барысында төмендегі нәтижелерге қол жеткізілді:

Б. Момышұлы афоризмдерінің түбірінде ұлттық мінез, ерлік, намыс, тәртіп, адамгершілік мәселелері тұрғаны анықталды.

Афоризмдерде антонимдік қарама-қарсылық, параллелизм, симметрия, метафора, гипербола сияқты көркемдік тәсілдердің жиі қолданылатыны дәлелденді.

Жазушының тілі қысқа, нақты, логикалық дәлдігі жоғары екендігі айқындалды.

Афоризмдердің тәрбиелік маңызы зор: олар жасөспірімдерді дәл ойлауға, мәдени сөйлеуге, ұлттық рухты сезінуге баулиды.

Афоризмдердің қазіргі жастар тілімен, ойлау стилімен үндестігі көрсетілді.

3. Ғылыми болжамның расталуы

Жұмыс басында қойылған болжам:

«Егер Бауыржан Момышұлы афоризмдері ғылыми тұрғыдан талданса, онда олар оқушылардың логикалық ойлауын, сөз мәдениетін және ұлттық сана-сезімін дамытуға ықпал етеді»

Жасалған талдаулар бұл афоризмдердің тек әдеби құндылық емес, сонымен бірге тіл дамыту мен тәрбие беруде тиімді құрал екенін дәлелдеді.

4. Тақырыпты одан әрі зерттеу бойынша ұсыныстар

Момышұлының афоризмдерін мектеп бағдарламасында сөйлеу мәдениеті сабағында пайдалану;

Афоризмдер негізінде жастарға арналған мотивациялық сөздік немесе шағын кітапша дайындау;

Афоризмдерді қазіргі медиа (TikTok, подкаст, атқарымдық бейнеролик) арқылы заманауи форматта насихаттау;

Батыр афоризмдері бойынша көркемсөз оқу немесе дебат сабақтарын өткізу.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Момышұлы, Б. Жүрекпен жырлап толғаймын. – Алматы: Өнер, 2010.

2. Момышұлы, Б. Екі томдық жинағы. – Алматы: Жазушы, 2004.

3. Момышұлы, Б. Ұшқан ұя. – Алматы: Жазушы, 1974.

4. Қирабаев, С. Батырлық және рух мәселелері. – Алматы: Білім, 2001.

5. Шаймерденұлы. Е. Қазақ афоризмдері.- Алматы: Фолиант, 2017

6. Сыздықова, Р. Абай және қазақтың тіл мәдениеті. – Алматы: Ана тілі, 1995.

7. bilimland.kz — Қазақ тілі мен әдебиеті пәніне арналған оқу платформасы.

Шиелі ауданының «Г.Н.Ковтунов атындағы №252 мектеп-гимназиясы» КММ-нің 9 "В" сынып оқушысы Жанболатұлы Рамазанның

«Бауыржан Момышұлының афоризмдеріндегі

тілдік логика мен ұлттық ойлау мәдениеті»

атты ғылыми жобасына берілген

П І К І Р

Рамазанның «Қазіргі жастар тәрбиесіндегі Бауыржан Момышұлы мұрасының рөлі» атты жұмысы мазмұн тереңдігімен, тақырыпты жан-жақты талдаумен ерекшеленеді. Зерттеу барысында Рамазан Бауыржан Момышұлының өмір жолын, шығармашылық мұрасын, нақыл сөздерінің тәрбиелік мәнін жүйелі түрде қарастырып, қазіргі жас ұрпақ тәрбиесімен байланыстыра білген.

Жұмыста батырдың ұлттық рухты қалыптастырудағы орны, оның патриотизм, тәртіп, ар-намыс, еңбекқорлық туралы ойлары нақты мысалдармен дәлелденген. Әсіресе Момышұлының афоризмдерін қазіргі жастардың тұлғалық қалыптасуымен байланыстырып беруі – жұмыстың құндылығын арттыра түседі.

Рамазан өз ойын сауатты, көркем тілмен жеткізе білген. Тақырыпты терең түсіну, деректерді дұрыс пайдалану, талдау жасауы – Рамазанның ізденімпаздығын көрсетеді. Зерттеу жұмысы тәрбиелік мәні жоғары, мазмұны толық, ғылыми талаптарға сай орындалған.

Жалпы, бұл жұмыс Рамазанның ұлттық құндылықтарды құрметтейтінін, тарихи тұлғалардан өнеге ала білетінін, рухани дүниесінің бай екендігін айқын көрсетеді. Жоба жоғары бағаға лайық деп есептеймін.

Пікір беруші: жетекші қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі Усенбекова Ш.В.

Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/631363-nauchnaja-rabota

Свидетельство участника экспертной комиссии
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и закажите рецензию на методическую разработку.
Также вас может заинтересовать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ
БЕСПЛАТНО!
У вас недостаточно прав для добавления комментариев.

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

 

Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)

Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.

Рекомендуем Вам курсы повышения квалификации и переподготовки