Охрана труда:
нормативно-правовые основы и особенности организации
Обучение по оказанию первой помощи пострадавшим
Аккредитация Минтруда (№ 10348)
Подготовьтесь к внеочередной проверке знаний по охране труда и оказанию первой помощи.
Допуск сотрудника к работе без обучения или нарушение порядка его проведения
грозит организации штрафом до 130 000 ₽ (ч. 3 статьи 5.27.1 КоАП РФ).

Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014

Почему стоит размещать разработки у нас?
  • Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
  • Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
  • Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
Свидетельство о публикации
в СМИ
свидетельство о публикации в СМИ
Дождитесь публикации материала и скачайте свидетельство о публикации в СМИ бесплатно.
Диплом за инновационную
профессиональную
деятельность
Диплом за инновационную профессиональную деятельность
Опубликует не менее 15 материалов в методической библиотеке портала и скачайте документ бесплатно.
28.01.2016

Нан дастарханға қалай келеді?» (тәрбие сағаты)

Нан қалай пайда болады және дастарханға қалай жетеді? Бұл тәрбие сағатында балалар нанның құндылығын, оның жолын және қазақ халқының дәстүрлі тағамы – бауырсақтың қайдан келетінін үйренеді. Материал бидайдың орылуынан бастап, диірменде ұн тартылуына, наубайханада нан пісірілуіне дейінгі үдерісті қарастырады. Стихтар мен әңгімелер арқылы балалар нанды қорғау, оны қоқым ретінде шашпау керектігі туралы тәрбие алады. Сабақ соңындағы сұрақтар оқушылардың білімін бекітуге және нанның құндылығы туралы ойлануға мүмкіндік береді.

Содержимое разработки

Тақырыбы: "Нан дастарханға қалай келеді?» (тәрбие сағаты)
Мақсаты: "Нан қайдан шығады" деген ертегіні оқып беріп балаларға түсіндіру барысында сөздік қорларын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін дамыту. Нан туралы түсініктерін тереңдету. Еңбекті бағалап, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Көрнекіліктер: суреттер.
Әдіс - тәсілдері: түсірдіру, әңгімелеу, көрсету.
Тәрбие жұмысының барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлеметсіңдер ме балалар?
- (Балалар жауабы) Сәлеметпіз.
- Қазір бізде көркем әдебиет сабағы. Сабаққа қажетті құрал – жабдықтарды алып оқушы ережеге сай отырамыз.
Психологиялық сәт.
Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
Дастарханға нан қайдан келеді?
Күзде бидай орылып, жиналып, машинаға тиеліп, ұн тартатын заводқа әкеледі. Онан соң наубайхана неше түрлі нан пісіреді.
Қайдан келдің, бауырсақ
Дастарханда шашылып,
Жатты аппақ бауырсақ.
Бауырсаққа қызығып,
Қарап тұрып көзін сап:
- Қайдан келдің, бауырсақ? – деп сұрады қуыршақ.
- Дүкеннен келдім нан сатқан, деді оған бауырсақ.
- Дүкенге келдің қай жақтан?
- Наубайдан келдім нан жапқан.
- Наубайға келдің қай жақтан?
- Диірменнен келдім ұн тартқан.
- Диірменге келдің қай жақтан?
- Даладан келдім кең жатқан.
Жер анам менің көсілген,
Диқандар мені өсірген.
Сұрақтар бойынша жұмыс.
- Нан туралы не білесіңдер?
- Нан қайдан пайда болады екен?
- Нан қандай тағам?
- Нанмен ойнап, аяқ астына басуға бола ма?
Нан қайдан шығады? (Ертегі)
Бір күні Тышқан нан дүкеніне кіреді. Сөреде жаңа піскен сап – сары бөлкелер үйіліп тұр екен. Піскен нан исіне қызыққан Тышқан тұмсығын жыбыр – жыбыр тартты. Төмендегі бір бөлкені кеміре бастады. Осы кезде күзетші келіп қалды. Тышқан зып беріп, тысқа атып шықты. Бірақ алысқа ұзамады. «Апырай, қайдан шықты екен осыншама нан. Біліп алып, шыққан жеріне кірсем, ә!» - деп қызығып кетті. Тышқан тесіктен сақтана сығалады.
- Нан, нан сен қайдан шықтың? – деді сыбырлады.
- Сатушыдан сұра, - деді Нан
- Сатушы, сатушы, нан қайдан шығады?
- Наубайшыдан сұра, - деді.
Тышқан тымпыңдап наубайханаға келді. Диірмен тасы тынымсыз шыр көбелек айналды.
Екі адам ұн тартып тұр. Ұн төгіліп аққан бұлақша құйылып жатыр. Көзді ашып жұмғанша қап – қап ұн дайын болады. Тышқан иненің көзіндей танауын тыржитып, таңдана қарап тұрды да:
- Диірменші, диірменші, нан қайдан шығады? – деп сұрады.
- Комбайыншыдан сұра, - деді қырманшы қарт.
Тышқан далада егін орып жатқан комбайыншыға келеді. Қалың егін теңіздей толқиды. Комбайн тоқтар емес, ілгерілеп барады. Сабанын бір бөлек, топанын бір бөлек шығарып тастады. Торсықтай ақ бидайды астауына құйып алып барады. Тышқан шіңкілдеп:
- Комбайыншы, комбайншы, нан қайдан шығады? – деп сұрады.
- Көктемде тракторшы жер жыртып, сеялкашы тұқым себеді. Егіншілер оны күтіп баптайды. Көп еңбек сіңіреді. Міне, мынау қалың астық – сол көп еңбектің жемісі. Нан еңбек арқылы табылады, - дейді комбайыншы.
- Ой, мұның - азап қой. Мен шалқайып жатып – ақ нан таба беремін, - деп қутың – қутың етті Тышқан.
- Әне мысық келе жатыр, - деді комбайыншы. Сол – ақ екен Тышқан бір ескі інге зып берді.
- Ертегі не туралы айтылған?
- Тышқан нанның шыққан жерін неге іздемекші болды?
- Ол қайда барды?
- Тышқан кімнен қорықты?
- Неге қорықты?
Өлең оқып жаттау.
Нанда өмірдің иісі мен дәмі бар,
Нанда адамның еңбегі мен ары бар.
Нан өмірдің ана сүті, арқауы,
Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар.
Мақал – мәтелдер.
"Ас атасы — нан".
"Нан бар жерде ән бар".
"Нан — тіршілік көзі".
Нан туралы тыйым сөздер.
Нанды бір қолмен үзбе.
Нанды жерге тастама.
Қорытындылау.

Свидетельство участника экспертной комиссии
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и закажите рецензию на методическую разработку.
Также вас может заинтересовать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ
БЕСПЛАТНО!
У вас недостаточно прав для добавления комментариев.

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

 

Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)

Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.

Рекомендуем Вам курсы повышения квалификации и переподготовки