- «Реализация проекта «Добрые игры» в системе дошкольного образования»
- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- «Оказание первой помощи в образовательных учреждениях»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
- «Специфика работы с детьми-мигрантами дошкольного возраста»
- «Организация и реализация курса внеурочной деятельности «Обучение служением. Первые» в рамках среднего общего образования (ФГОС СОО)»
- «Нарушения чтения, письма и счета у детей: содержание работы по коррекции проявлений дислексии, дисграфии и дискалькулии»
- «Дислексия и дисграфия: диагностика и коррекция нарушений чтения и письма у детей»
- «Дискалькулия: профилактика и коррекция нарушений в овладении счетными операциями у детей»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
Әсем көбелектер
Тақырыбы: «Әсем көбелектер»
Мақсаты: а)Балалардың табиғат әлеміне деген әдемілігіне қызығушылығын арттыру, көбелектер туралы білім беру. Түстерді дұрыс пайдалануға,бейнелеу құралдарының түрлерін пайдалана отырып сурет салуға үйрету;
ә) Балалардың жүйелі ойлау,сөйлеу,есте сақтау қабілеттерін, қиялын,шығармашылығын,ұсақ қол моторикасын дамыту;
б) Балаларды табиғатқа қамқор болуға және тапсырманы ұқыпты орындауға тәрбиелеу;
Сабақтың әдісі: Түсіндіру,сұрақ-жауап,көрсету,ойын;
Көрнекілігі: Слайд (тақырыпқа байланысты суреттер),үлгі сурет;
Сабақтың барысы:
I .Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу;
б)Балаларды психологиялық сабаққа дайындау;
Шаттық шеңбері:
Отбасының гүліміз,
Көңілді өтер күніміз.
Қайырлы таң, Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз,
Қонақтарды көргенде,
Сәлеметсіздер ме! – деп
Сәлемдесіп аламыз, Сабақты біз бастаймыз!
IIКіріспе:
Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар,көктем мезгілінде ауа-райы қандай болады?
Көктем мезгілінде неше ай бар?
Қазір көктем мезгілің қай айы?
Көктем мезгілінде ағаштарда қандай өзгерістер болады?
Балалар мына суретте не бейнеленген?
Балалар көбелек қуып ойнап жүр.
Өте жақсы, балалар!
III. Жаңа сабақ:
Көбелектер дос болайық,
Көңілдірек қанекей.
Бақта бізде гүлдер бар,
Қане, ұшамыз бәріміз.
Егер жаңбыр жауа қалса,
Тығыламыз бәріміз.
Балалар,мына өлең жолында не туралы айтылған?
Балалар,сендер көбелек туралы қандай тақпақтар білесіңдер?
Балалар,көбелектер қайда мекендейді?
Балалар,сендер білесіңдер ме? Көбелек жылдың қай мезгілін жақсы көреді?
Дидактикалық ойын: « Көбелек қандай ауа- райын ұнатады?»
Көбелектің неше қанаты бар?
Көбелектің төрт қанаты бар,екеуі алдыңғы,екеуі артқы.
Көбелекті қолға ұстауға болады ма?
Болмайды.Себебі,көбелекті жауып тұрған ұнтақты қабатын тез зақымдап,әдемілігін бұзып,ұша алмайтын болады екен.
Көбелектің қандай пайдасы бар?
Көбелектер табиғатты әсемдейді,оның әдемі бояу түстері бізді қуантады.Көбелектерді әдемілік үшін ғана емес,көбелектің қуыршағынан,өте жіңішке жіптерінен жібек мата пайда болады,гүлдерді тозаңдандырады.
Көбелектің түсі қандай болады?
Балалар,бүгінгі сабақта көбелек бейнесін қылқалам бояуымен бояп үйренеміз! Балаларға жұмысты орындалу ретімен көрсете отырып таныстыру.
Сурет салу әдісі.
1. Қылқаламды таза суға батырып, онымен бояудың үстіне су тамызу. Бояудың жарты бөлігі су болады. Енді бояуды сумен араластырамыз.
2. Араластырған бояуға қылқаламды батырамыз. Қылқаламмен көбелектің оң жақ қанатына дақ түсіреміз. Алдымен сары, одан кейін қызыл түс, содан кейін көк түсті кезекпен тамызамыз. Әрбір бояу түсін пайдаланған соң, қылқаламның ұшын тазалап жуып отырамыз.
3. Қағазды дәл ортасынан бүктеп, көбелектің сол жақ қанаты мен оң жақ қанатын беттестіреміз де оны қолымызбен үстінен сипаймыз. 1-5 дейін санаймыз.
4. Көбелектің қанатын ашамыз.Міне біздің көбелегіміз дайын.
Жарайсыңдар,балалар!
IV. Сергіту сәті:
«Көбелек» көз жаттығуы
Көбелекке ұқсап ал,
Ұшайықшы бәріміз.
Оңға қарай бір ұшып, солға қарай бір ұшып
Шарлайықшы жер шарын
1,2,3 көбелекше ұш.
V. Бекіту:
Дидактикалық ойын: «Өз орнын тап»
Шарты: Берілген көбелектерді өз орнына қою.
VI.Бағалау:
Балаларды мадақтау сөздер арқылы,тапсырманы ұқыпты орындаған балаға көбелектер беру арқылы бағалау.
VII.Қорытынды:Тақырыпқа сай сұрақтар қою арқылы сабақты қорытындылау. Дидактикалық ойын: « Машаға көбелек аулауға көмектес»
Шарты: Сұрақтарға дұрыс жауап-берген баланың көбелегі машаның корзинасына түседі.
Жарайсыңдар балалар!
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды соғайық.
Көріскенде күн жақсы,
Сау-саламат болайық!
Облыстық балалар оңалту орталығы
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Әсем көбелектер»
Тәрбиеші: Қаниева Л
Қызылорда
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/206146-sem-kbelekter
БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- «Профилактика и устранение буллинга в СПО в соответствии с современными требованиями»
- «Формирование основ финансовой грамотности детей дошкольного возраста в условиях реализации ФГОС ДО»
- «Организация социально-педагогического сопровождения обучающихся в системе СПО»
- «Особенности реализации технологии «Социальная няня» в рамках социального обслуживания населения»
- «Развитие профессиональной компетентности учителя начальных классов в контексте ФГОС НОО и профессионального стандарта»
- «Познавательное развитие детей дошкольного возраста в условиях реализации ФГОС ДО»
- Технологии оказания социальной помощи гражданам и семьям с детьми
- Управление в социальной сфере: обеспечение эффективной деятельности организации социального обслуживания
- Теоретические и практические аспекты оказания экскурсионных услуг
- Педагогическое образование. Содержание и организация профессиональной деятельности учителя
- Русский язык и литература: теория и методика преподавания в образовательной организации
- Предшкольная подготовка в условиях преемственности дошкольного и начального общего образования

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.