- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
- «Специфика работы с детьми-мигрантами дошкольного возраста»
- «Учебный курс «Вероятность и статистика»: содержание и специфика преподавания в условиях реализации ФГОС ООО и ФГОС СОО»
- «Центр «Точка роста»: создание современного образовательного пространства в общеобразовательной организации»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
Қуан сәби!Қазақстан балалары нұрлы жолмен
Тқырыбы: «Қуан сәби!Қазақстан балалары нұрлы жолмен»
IЖүргізуші: Сәлеметсіздер ме, мерекеге жиналған қонақтар,
ата - аналар, балалар!
Баршамызды бала тілмен баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын
Ата - ананың арманы мен тілегін,
Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын
Сүйкімді періштелер сендерсің
Қандай бейне өздеріңе тең келсін! 1- маусым мерекелеріңіз құтты болсын бүлдіршіндер!
II Жүргізуші: Қазақстан тәуелсіз ел екенбіз,
Жоғалмасын ешқашан берекеміз.
Қазақстан балалары-нұрлы жол мен деп,
Шын ниетпен сендерді құттықтаймыз,
Құтты болсын,балалар мерекеміз!
I Жүргізуші: - Балаларды қорғау дегеніміз - әрбір сәбидің тыныштығын қорғау,тәтті ұйқысын бұзбау,алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз.
Бұлтсыз күн,ашық аспандай ,нұрын шашқан күн сәулесіндей біздің балаларымыз бейбіт өмір сүрсе екен,олардың жүректерін қайғы мұң шалмаса екен!
II Жүргізуші: Балаларға қамқор болып жүретін
Бала десе бар байлығын төгетін
Жас бөбектер болашағым көркейтер
Тыңдайықшы орталық директорының тілегін-деп Облыстық балалар оңалту орталығының директоры: Ахметов Жамбыл Тұрсынбайұлына сөз береміз.
I Жүргізуші: Балалар аман болсын әр үйдегі
Таусылмасын ананың әлдилері
--------биін билейді томпаң қағып
«Орталықтың» шуақты сәбилері
II Жүргізуші: - Арманы бір,үні бір,
Аға ардақты ,іні бір,
Бақыт туын көтерген,
Балалардың күні бұл.
Бала бағы бар елдің,
Гүлмен келсін келер күн,
Балалардың күлкісі,
Көркі ,сәні әлемнің.
Келесі кезекті тақпақтарын айтуға балаларға береміз.
1-бала Күлеміз,ойнаймыз,
Демалып алаңсыз.
Ризамыз саған біз,
Ұлы Отан анамыз.
2-балаӘлемге асқақтаған өлеңіміз,
Бақытты байтақ елдің бөбегіміз.
Жорыққа тауларына жиі шықсақ,
Сол таудай асқар болсақ дегеніміз.
3- бала Барлық елдің бөбегі
Бір- бірімен туысқан
Бәрімізге төгеді
Өз шуағын күміс таң.
4-бала Жүзімізге қараңыз
Бал күлкілі баламыз
Бізге қымбат күншуақ
Бізге қымбат анамыз
5- бала Әлемге асқақтаған өлеңіміз,
Бақытты байтақ елдің бөбегіміз.
Жорыққа тауларына жиі шықсақ,
Сол таудай асқар болсақ дегеніміз.
IЖүргізуші:Балдаурен балалар, құрметті ата-аналар,ұстаздар!
Бал-балалық,балалық шақ сан арман,
Барлық бала армандауға жаралған.
Кел, достарым , әндетіңдер билендер,
Гүлденсін деп атамекен-қара орман!
(Ән қосылады сайқымазақ кіріді)
Сайқымазақ: Қымбатты балалар! Бүгінгі мерекелерің құтты болсын! Сендерді мерекелерің мен құттықтап,көңілдеріңді көтеруге көтеруге келдім.
-Балалар,бүгінгі көңіл-күйлерің қалай ?
-Менімен ойын ойнағыларың келе ме?
Ойын:
Сайқымазақ: Балалар мені басқада балалар күтіп жатыр.Үнемі күліп жүріңдер,ешқашан мұңаймаңдар! Сау болыңдар балалар!
II Жүргізуші: Сайқымазақ саған көп рахмет.(Рахмет деп хор мен айтады)
I Жүргізуші: Талайлардың шырқалады жыр әні,
Талайлардың жүрегі нұр құшады.
Бүгінгі күн туған жер аспанында,
Ән қалықтап күй мен жыр бірге ұшады, - дей отырып кезекті әнге береміз.
Ән:
II Жүргізуші: Қабыл алшы өнерлерін баланың,
Тілектері орындалсын ананың.
Кешегі өткен арамыздан жыр төгіп,
Өздеріңсің жалғастырар бабамның.
Біз өнерсіз баламыз ба?!
Көрсін аға апалар
Көрсін әке,анамыз
Ырза болсын балалар
Достарымыз бар қуанып,
Тамашалар кештерде
Талшыбықтай бұралып,
Биші боламыз өскенде.
Би:
I Жүргізуші: Жүрейік бүлдіршіндер күліп жиі,
Шарықтасын өнердің әсем күйі.
Көрермендер қошеметтеп қарсы алайық,
Ортада Сауранбай Абылай
Өзінің әсем әнімен.
II Жургізуші: Бейбітшілік әніміз
Бауырласпыз бәріміз
Қазақстан даласында
Жарасады сәніміз
Ұлы Отан аясында
Жадырайды жанымыз
Хор: «Әрқашан күн сөнбесін»
Құрметті ата-аналар,ұстаздар осымен «Қазақстан балалары нұрлы жолмен» атты ертеңгілігіміз аяқталды,көріп тамашалағандарыңызға рахмет! Қош сау болыңыздар!
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/206147-uan-sbiazastan-balalary-nrly-zholmen
БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- «Олигофренопедагогика: теория и технологии работы с обучающимися с ОВЗ»
- «Подготовка к ЕГЭ по биологии в условиях реализации ФГОС: содержание экзамена и технологии работы с обучающимися»
- «Содержание и методы преподавания учебного предмета «Кубановедение» по ФГОС НОО»
- «Особенности работы психолога в социальной сфере»
- «Нарушения опорно-двигательного аппарата: организация коррекционно-развивающей работы с обучающимися с НОДА по ФГОС»
- «Организация и анализ методической работы»
- Физическая культура и специфика организации адаптивной физической культуры для обучающихся с ОВЗ
- Основы менеджмента в образовательной организации
- Содержание профессиональной деятельности старшего вожатого образовательной организации
- Социальная педагогика: воспитание и социализация детей в образовательной организации
- Логопедическая работа при нарушениях речи у детей дошкольного возраста
- Содержание и организация профессиональной деятельности по присмотру и уходу за детьми

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.