- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
- «Специфика работы с детьми-мигрантами дошкольного возраста»
- «Учебный курс «Вероятность и статистика»: содержание и специфика преподавания в условиях реализации ФГОС ООО и ФГОС СОО»
- «Центр «Точка роста»: создание современного образовательного пространства в общеобразовательной организации»
- «Риторические аспекты профессиональной коммуникативной деятельности современного педагога»
- «Игровые пособия для работы с детьми дошкольного возраста (палочки Кюизенера, блоки Дьенеша, круги Луллия, ментальные карты Бьюзена)»
- «Обучение английскому языку детей дошкольного возраста»
- «ИКТ-компетентность современного педагога»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
Қоғамдық орындар
Сабақтың тақырыбы : Нәтиже сабақ «Қоғамдық орындар». Септік жалғауын қайталау.
Сабақтың мақсаты :
1.Септік жалғауы туралы алған білімдерін қорытындылау, сөйлеу кезінде септік жалғауларын дұрыс қолдана білуге үйрету.
2. Оқушылардың сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеу дағдысын одан әрі дамыту.
3. Оқушыларды тапқырлыққа, еңбекшілдікке, ана тілін қадірлеуге тәрбиелеу, қоғамдық орындардағы тәрбие туралы әңгіме жүргізу.
Сабақтың түрі: бекіту.
Сабақтың көрнекілігі : Сызбалар, кестелер, бағалау парағы, слайдтар.
Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі.
а) Амандасу.
ә)Психологиялық дайындық: Бүгінгі сабағымызға көптеген қонақтар келіп отыр.Осы қонақтарымыздың және өзіміздің көңіл күйімізді көтеру үшін, бір-бірімізге қарап, сәттілік тілейік.
-Ал,балалар,осы жақсы көңіл күйімізбен сабағымызды жалғастырайық.Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы : «Септік жалғауын қайталау». «Қоғамдық орындар»Слайд 1. Слайд 2.
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты септік жалғауы туралы алған білімдерімізді қорытындылау. Қоғамдық орындардағы тәрбие туралы әңгімелеу. Слайд 3.
Бүгін біз мынау жоспар кесте бойынша жұмыс жасаймыз :
Жоспар кесте
1 4
Жұптық жұмыс
Өзін-өзі бақылап, бағалау
2
Сауаттылық хаты
3 5
Зерттеу жұмысы
Тіл дамыту
Слайд 4
Әр оқушы «білім пердесі» атты бағалау парақшасы бойынша өздерін бағалайды.
Оқушының аты-жөні | Жұптық жұмыс | Сауаттылық хаты | Зерттеу жұмысы | Өзін-өзі бақылап, бағалау | Тіл дамыту | Қорытынды баға |
Слайд 5
Оқушылар өздерінің аты-жөнінін жазып шығады.
Жұмысты бастамас бұрын септік атауларын, олардың сұрақтарын есімізге түсірейік. Мен сіздерге ертегі қылып бастайын, сіздер әрі қарай жалғастырып отырыңыздар. «Ерте-ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде, қазақ тілі елінде Септік атты шал болыпты. Оның жеті ұлы болыпты. Ұлдарының аттары кім екен? Қайсымыз айтамыз? (Балалар айтып шығады).Слайд 6. Ал сол ұлдарының әкесіне қоятын сүйікті сұрақтары болыпты. Алдыңғы үш ұлының сұрақтарын кім айтады екен? (бір бала жауап береді).Слайд 7.Ал, соңғы ұлдарының сұрақтарын кім айтады? (екінші бала жауап береді). Слайд 8.Олар сол елдегі ең тату, бақытты отбасы болып өмір сүріпті.
Сөздерді дұрыс септікке орналастыр.
Атау септік Ілік септік Барыс септік Табыс септік
Жатыс септік Шығыс септік Көмектес септік
Театрда, көрерменге, цирктің, пойызбен, жолсерікте, әуежайдың, көрмеден, суретші, сахнада, вагонмен, жолсерікті, жолаушыдан, вагонның, станцияға, ұшақты, ұшқышпен, әртістен, тікұшақ, вокзалды, теміржолға, купеде, көрмеден, автобусқа, билеттің, аялдаманы, перрон, бағдаршам.
1.Жұптық жұмыс. Слайд 9.
Оқушыларға септік атаулары таратылып беріледі :атау ілік, барыс табыс, жатыс шығыс, көмектес атау, ілік барыс, табыс жатыс. Әр жұп берілген септік бойынша 3 сөзден жазады.
Әр жұп жазған сөздерін оқиды, білім парақшасына бағаларын қояды.
2.Сауаттылық хаты. Слайд 10.
І- қатар - «Вокзалда» ІІ - қатар – «Әуежайда» ІІІ қатар – «Циркте» тақырыбына мәтін құрастырады. Мәтінде септік жалғаулары болу керек.Слайд 11.
Білім парақшасына бағаларын қояды.
3. Зерттеу жұмысы.Слайд 12.
Әр балаға сөз беру, оқушылар септеп жазады, 2 оқушы тақтада орындайды.
Цирк, көрме, театр, автобус, стадион, вокзал, теміржол, жолаушы, жолсерік, ұшқыш, ұшақ, пойыз, вагон.
Білім парақшасына бағаларын қояды.
Сергіту сәті. «Қара жорға» Слайд 13.
4 .Өзін-өзі бақылап, бағалау ( тест сұрақтарына жауап беру )Слайд 14.
1.Әке"сөзі қай септікте тұрғанын тап
А) А.с. С) Б. с.
В) І.с. Д) Ж. с.
2.Ілік септегінде тұрған сөзді белгіле
А) Оқушы С) оқушының
В) Оқушыға Д) оқушыға
3.Барыс септігінің сұрағын белгіле
А) кімге?неге?қайда? С) кімге? кімді? нені?
В) кімдерге?кімді?нені? Д) кіммен? немен?
4.Табыс септігінің жалғауын белгіле
А) -ны,-ні,-қы,-кі,-ғы,-гі В) -ны,-ні,-ды,-ді,-ты,-ті
С) -ны,-ні,-шы,-ші,-ды,-ді Д) –нан,-нен, -дан,-ден, -тан, -тен
5.Жатыс септігінде тұрған сөзді белгіле
А) көктемде С) мектеппен
В) далаға Д) мектептен
6.Шығыс септігінде тұрған сөзді табыңыз
А) Сабаққа В) Сабақты
С) Сабақтан Д) Сабақпен
7.Көмектес септігінің сұрақтарын ата
А) кімде?неде? С) кімнен?неден?
В)кімге ? неге ? Д) кіммен?немен ?
Тест жауаптарын тексеріп, білім парақшасына бағаларын қояды.Слайд 15.
5.Тіл дамыту. Слайд 16.
«Ойымды жалғастыр» ойыны. Суретке қарап әңгіме құрау, оқушылар бір мәтінге бір сөйлемнен құрап, жалғастырып отырады.
Сабақты қорытындылау:
Септік жалғауын меңгерген баланың дағдысы ұштала түседі, тілі шұбарланбайды. Сөйлеу кезінде септік жалғауын дұрыс қолданады. Сөздік қорымызды молайтып, байланыстырып сөйлеуге дағдылануымыз керек. Ана тілімізді шұбарламай сөйлейік. Ана тіліміз біздің қазақ тіліміз.
Білім пердесіндегі бағаларды қорытындылап шығу.
№20 орта жалпы білім беру мектеп –лицейі
қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
Ашық сабақ
«Қоғамдық орындар»
«Септік жалғауын қайталау»
4 класс
Нұрманова Т.Б.
Ақтөбе қаласы
2016 жыл
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/226216-oamdy-oryndar
БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- «Создание единого образовательного пространства: федеральная образовательная программа начального общего образования (ФОП НОО)»
- «Единое образовательное пространство: содержание и особенности федеральной образовательной программы основного общего образования (ФОП ООО)»
- «Организация единого образовательного пространства: федеральная образовательная программа среднего общего образования (ФОП СОО)»
- «Воспитатель ГПД: содержание и технологии работы с младшими школьниками в соответствии с ФГОС НОО от 2021 года»
- «Творческая деятельность обучающихся»
- «Организационно-методические аспекты подготовки обучающихся к ВПР в соответствии с ФГОС ООО и ФГОС СОО»
- Менеджер в образовании: управленческая деятельность в образовательной организации
- Предшкольная подготовка в условиях преемственности дошкольного и начального общего образования
- Содержание деятельности по охране труда и обеспечению безопасности условий на рабочих местах
- Содержание и методы работы музыкального руководителя в дошкольной образовательной организации
- Методика организации учебно-производственного процесса
- Организационно-педагогическое обеспечение воспитательного процесса в образовательной организации

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.