- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
- «Специфика работы с детьми-мигрантами дошкольного возраста»
- «Учебный курс «Вероятность и статистика»: содержание и специфика преподавания в условиях реализации ФГОС ООО и ФГОС СОО»
- «Центр «Точка роста»: создание современного образовательного пространства в общеобразовательной организации»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
Менің Қазақстаным, сені жырлағым келеді!
СКО
Тайыншинский р-н
КГУ «Многоцветенская ОШ»
Учитель казахского языка
Асрандина А. Х.
«Менің Қазақстаным, сені жырлағым келеді!»
оқырмандар сайысы
Мақсаты: Қазақтың көрнекті ақын жазушыларының есімдері мен қазақ әдебиетіндегі белгілі жазушылар шығармаларын насихаттау,ұлт мәдениетін,әдебиетін зерттеуге қызығушылығын арттыру арқылы ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу.
Көрнекілігтері:Әуен, безендіру құралдары, қосымша әдебиеттер, карточкалар.
Барысы:
Жүргізуші: Армысыздар қадірменді ұстаздар, жас оқырмандар!
2016 жылдың 16 желтоқсанында - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы. Бұл мемлекетіміз бен халқымыз үшін ең басты әрі құнды мереке болмақ. Тәуелсіз еліміз ширек ғасырға жуық уақыт ішінде қаржы дағдарыстарының қиындықтарына қарсы тұра білді, тұрақты даму жолына түсіп, биік белестерді бағындырды, толағай жетістіктерге қол жеткізді, әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді.Осыған орай «Менің Қазақстаным, сені жырлағым келеді!» аттыбілім сайысына қош келдіңіздер! Бүгінгі сайысымыз сіздердің білімдеріңізді, ұшқыр ойларыңызды өрнектеп ортаға салу. Олай болса, «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» деген сөз бар, ендеше , «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды» анықтау үшін сайысымызды бастайық.Сайысқа әр сыныптан екі оқушыдан қатысады.
Білімменен сайысады сайыскерлер,
Алға озар ең мықтысы осы жолда.
Көпшілік өнерлерін қызықтамақ,
Сұрайық шығуларын жұрт алдына –дей келе сайыскерлерімізді ортаға шақырайық:
4 сынып оқушылары:Тупицын Вадим, Перова Виолетта;
6 сынып оқушылары: Селединская Валерия, Лавренчук Наталья;
7 сынып оқушылары: Попов Игорь, Ветряк Елена;
8 сынып оқушылары: Генрис Виктория, Ветряк Сергей;
9 сынып оқушылары: Бакшеева Алина, Кабачек Дарья.
Шын жүректен шабысынан танылады
Нақты білім,терең ой сыналады.
Шын жүйрікті танитын шабысынан,
Сайлайық әділқазы алқасын біз-бүгінгі әділқазы алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
1. Рудницкая Любовь Борисовна – Директордың оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
2. Суворкова Елена Владимировна - Директордыңтәрбиеісіжөніндегіорынбасары;
3. Зель Людмила Васильевна - Тарих пәні мұғалімі;
Жақсылық адамдардың тілегі екен,
Тілеген жақсылықтың жүрегі екен.
Дәстүрлі қазағымның сарқылмаған
Жобасын сайыскерлер біле ме екен?
Сіздерді«Менің Қазақстаным, сені жырлағым келеді!»сайысының шарттарымен таныстыра кетейін:
1-бөлім: Өздерін таныстыру.Әр оқырман өздерін таныстырып өтеді, жаттаған өлеңдерің айтады.
2-бөлім: «Мықты болсаң тауып көр» тапқырлар мен жүйріктер сайысы;
3-бөлім:«Сөз асылы - мақал» берілген мақал-мәтелдерді жалғастыру ;
4-бөлім:«Бір-бірімізбенсырласайық»берілген карточкалардағы сұрақтарға жауап беру.
Ақыл көрік бойларына жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді
Мына отырған баршаңызды өзімен
Сайыскерлер таныстырып өтеді, - дей келе үздік оқырмандарымызбен танысайық. 1-бөлім: Өздерін таныстыру. Әр қатысушы өздерін таныстырады және жаттаған өлеңдерін оқиды.
Жүргізуші: Ал,үздіктер қалайсыздар,
Сіздер өтер әлі талай сын бар.
Келесі сайыс жоспарында
Түседі бәсекеге білімділік, -деп келесі сайысымыздың 2 бөлімі «Мықты болсаң тауып көр»атты тапқырлар мен жүйріктер сайысын бастаймыз.
4 сыныпқа арналған сұрақтар:
1.Қазақстан Республикасыныңастанасы? (Астана)
2. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы? (Теңге)
3.22 қыркүйек қандай күн?(Тілдер күні)
4. Қазақ тілінде неше әріп бар?(42)
6 сыныпқа арналған сұрақтар:
1.Елтаңбамыздың ортасында не бейнеленген? (Шаңырақ)
2.Затесімдегеніміз не? (Заттыңатынбілдіретінсөзтабы)
3.Ең алғашқы теңгеміз қай елдің фабрикасында басылып шықты? (Англияда)
4. «Кел ,балалароқылық» кітабының авторы?(Ы.Алтынсарин)
7 сыныпқа арналған сұрақтар:
1.Атау септігі қандай сұрақтарға жауап береді?(Кім? Не?)
2.Тудың авторы кім?(Ш. Ниязбеков)
3. ҚР –да ұлттық валюта теңге нешінші жылы айналымға енген? (1993жылы 15 қараша)
4. Сан есімнің сұрақтарын ата? (Қанша? Неше?)
8 сыныпқа арналған сұрақтар:
1. Ұлттық валюта-теңгеде не бейнеленген?(Елтаңба)
2. Елтаңба қашан қабылданды? (1992 жылы 4 маусымда)
3. Қазақтың тұңғыш ғарышкері? (Тоқтар Әубәкіров)
4. Адамдардың бір-бірімен түсінісу құралы?(Тіл)
9 сыныпқа арналған сұрақтар:
1.«Абай жолы» роман-эпопеясын жазған кім?(М.Әуезов)
2. Исламның қасиетті кітабы?(Құран)
3. Н.Ә. Назарбаев қайжылы Президент болыпсайланды? (1 желтоқсан 1991жыл)
4. Мемлекеттік рәміздер қашан қабылданды?(1992 жылы 4 маусымда)
3-бөлім: «Сөз асылы - мақал»- демекші келесі кезекті мақал-мәтел сайысына береміз.
... оттан да ыстық.(Отан)
... үшін отқа түс, күймейсің. (Отан)
Ананың сүті - тәтті, баланың тілі - ... (тәтті)
... инемен құдық қазғандай. (Білім)
Мектеп-кеме,білім-...(теңіз)
4-бөлім:«Бір-бірімізбен сырласайық» Бұл бөлімде сайыскерлеріміз карточкада берілген түрлі сұрақтарға жауап берулері керек.
Карточка№1 (9 сынып) Сұрақтар: Қарабай Сарыбаймен аңға шықты деп басталатын жырдың басты кейіпкерлері кімдер?(Қозы Көрпеш-Баян сұлу жырының) ҚР-ның жаңа Әнұраны қашан қабылданды?(2006 жылы 6 қаңтарда) |
Карточка №2(8 сынып) Сұрақтар: Қыз Жібек жырындағы Жібектің сүйгені?(Төлеген) Абайдың әжесінің аты кім?(Зере) |
Карточка №3 (7 сынып) Сұрақтар: Абай нешіншіжылыдүниегекелген?(1845) Қобыланды батырдың тұлпарының есімі?(Тайбурыл) |
Карточка №4 (6 сынып) Сұрақтар: Абайдыңшынаты?(Ибраһим) Саржан мен Айсұлу қандай әдеби ертегінің кейіпкерлері?(Толағай) |
Карточка №5 (4 сынып) Сұрақтар: ҚазақстанРеспубликасыныңрәміздеріната?(Ту, Елтаңба, Әнұран) 1 қыркүйекқандайкүн?(Білім күні) |
Тауды биік деме сен,
Талаптансаң, шығарсың.
Қарсылас мықты деме сен,
Білімді болсаң, шығарсың – дей отырып, сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сөз кезегінқазыларға береміз.
Қазақстан азаматтары білімді, мәдениетті өнерлі болуы керек.Ғылым жаңалықтарын, өткен тарихымызды, өнерімізді кітап арқылы танимыз.Ол үшін кітапты көп оқуымыз керек.
Жүргізуші:Кітап –жан айнасы. Оған қарап бойыңды да түзеуге болады.Айналадағы адамға мейіріммен қарауға үйренесің. Осы құндылығымыз ешқашан жоғалмай келешек ұрпақ асыл қазынамыздан нәр алып, сусындай берсін! –дей келе бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерей тойына арналған «Менің Қазақстаным, сені жырлағым келеді!» атты оқырмандар сайысын жабық деп жариялаймын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсың!
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/238691-meni-azastanym-seni-zhyrlaym-keledi
БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- «Дистанционное обучение в ДОУ: особенности работы с детьми дошкольного возраста»
- «Организация работы с одаренными детьми»
- «Особенности работы педагога с обучающимися с РАС»
- «Современные подходы к преподаванию русского языка и литературы в условиях реализации ФГОС ООО»
- «Особенности организации учебно-воспитательной среды при работе с дошкольниками с расстройствами аутистического спектра по ФГОС ДО»
- «Подготовка к ЕГЭ по химии в условиях реализации ФГОС: содержание экзамена и технологии работы с обучающимися»
- Библиотечно-педагогическая деятельность в образовательной организации
- Педагогика и методика преподавания физической культуры
- Социальное сопровождение и социальная поддержка семей с детьми
- Управление в социальной сфере: обеспечение эффективной деятельности организации социального обслуживания
- Теория и методика преподавания математики в образовательных организациях
- Педагогика и методика преподавания истории

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.