Охрана труда:
нормативно-правовые основы и особенности организации
Обучение по оказанию первой помощи пострадавшим
Аккредитация Минтруда (№ 10348)
Подготовьтесь к внеочередной проверке знаний по охране труда и оказанию первой помощи.
Допуск сотрудника к работе без обучения или нарушение порядка его проведения
грозит организации штрафом до 130 000 ₽ (ч. 3 статьи 5.27.1 КоАП РФ).

Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014

Почему стоит размещать разработки у нас?
  • Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
  • Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
  • Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
Свидетельство о публикации
в СМИ
свидетельство о публикации в СМИ
Дождитесь публикации материала и скачайте свидетельство о публикации в СМИ бесплатно.
Диплом за инновационную
профессиональную
деятельность
Диплом за инновационную профессиональную деятельность
Опубликует не менее 15 материалов в методической библиотеке портала и скачайте документ бесплатно.
13.01.2017

Көңіл-күйімізді басқара білейік

Ходжаева Аксана
Өзін -өзі тану пәні мұғалімі
**Открытый урок для 2 класса «Көңіл-күйімізді басқара білейік»** — это готовый образовательный материал, который помогает младшим школьникам понять и научиться управлять своими эмоциями. На уроке дети в игровой форме изучат основные чувства: радость, грусть, удивление, злость. Они узнают, как распознавать эмоции у себя и окружающих, а также освоят простые и безопасные способы выражения своих переживаний. Практические упражнения и наглядные примеры урока направлены на развитие эмоционального интеллекта, формирование навыков самоконтроля и создание доброжелательной атмосферы в коллективе. Материал соответствует требованиям НОО и предназначен для учителей начальных классов, ищущих эффективные методики для социально-эмоционального развития учеников.

Содержимое разработки

2 «е» - 20.09.2016 жыл

2 «г» - 17.09.2016 жыл

2«и» - 15.09.2016 жыл

2 «м» - 15.09.2016 жыл

Мектеп:№6

Мұғалім:Кабакова Жайна.

Тақырып:Көңіл күімізді басқара білейік (1 сағат)

Құндылық:сүйіспеншілік, дұрыс әрекет.

Қасиеттер:мейірімділік, достық, ақылдылық.

Сабақ мақсаты: «Махаббат», «бақыт» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

Білімділік:жағымды қарым – қатынастар туралы түсінік беру;

Дамытушылық:өзін – өзі ұстай білу іскерліктерін дамыту;

Тәрбиелік:ұстамдылыққа, сабырлылыққа, ризащылдыққа тәрбиелеу;

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) Оқулық, дәптер, А4 форматты қағаздармен түрлі – түсті карандаштар.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. «Амандасу» тренингі

Оқушылар бір бірлерімен мұғалімнің амандасу ережесі арқылы амандасады (мысалы: арқамен, баспен, қолмен, аяқпен, тіземен, құлақпен, иықпен, т.б.).

Сабақ барысын талдау. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын сұрау

Үй тапсырмасы оқушылардан сұралады.

Әңгімелесу.

- Ренжіген немесе қуанған кездеріңде өздеріңді қалай ұстайсыңдар?

- Адамдардың көңіл - күйі сендерге қалай әсер етеді?

Оқушылар сұрақтар бойынша өз ойларын білдіреді.

Мәтінмен жұмыс

Бос қайық

Бір данышпан өз оқушыларына былай дейді:

- Мен жас кезімде қайықпен жалғыз өзім жиі серуенге шығатынмын. Онда мен керемет рақатқа бөленетін едім. Мен ұзақ уақыт өзенде жүзіп жүретінмін.

Бір күні мен көзімді жұмып, қайық үстінде терең ойға шомып кеткен екенмін. Кенеттен ағыспен жүзіп келе жатқан бір қайық қайығымды соғып кетті. Мен ызаға булығып кеттім. Көзімді ашып, мазамды алған адаммен ұрыспақ болып, басымды көтеріп едім, қайық бос екен. Өшімді алар ешкім болмаған соң, қайта көзімді жұмып, өз ашуыммен бетпе - бет жалғыз қалдым. Оны көрген сәттен бастап, мен өзімді өзім тануға бірінші қадам жасадым. Бос қайық маған өмірлік сабақ болды. Содан бері мен біреуге ренжіп, ашу - ыза қыса бастаса, өзімнен - өзім күлемін де: "Бұл да бос қайық!" деп, сабама түсемін.

Мәтінді оқушыларға оқыту арқылы түсіндіріп беру.

Шығармашылық жұмыс және топпен жұмыс

Менің көңіл күйім...

Оқушыларға бос шеңберлер таратылады. Оқушылар шеңберлерге өздірінің көңіл күйін сипаттап көрсетеді.

Оқушылар өздерінің көңіл күйлеріне сипаттама береді.

Тыныштық сәті: "Ғажайып табиғат"

Ыңғайланып, терең тыныс алып жайланып отырыңыздар. Көздеріңізді жұмсаңдарда болады.

Көз алдымызға сондай керемет табиғат көрінісін елестетейік. Хош иісті гүлдер, сылдырап аққан бұлақ, әнші құстар. Осынау ғажайып бақтың ортасымен бір өзің ғана табиғаттың әсем көрінісіне көзің тоймай жүріп келесің. Кенет, бір талдың түбінде жатқан жаралы киікті көрдің, ол жаныңа қатты батты. Қуанышқа толы көңіл - күйің су сепкендей басылды. Осы кезде сенің айналаңа өмірдегі ең жақын жандарың келіп, біз біріксек қандай қиыншылық болса да жеңеміз деп, демеу көрсетті. Осылайша сен жаралы киікті бірнеше күнде емдеп жаздың. Бәрінің көңіл - күйлері өте тамаша. Сенде табиғат анаға қамқорлық жасағаның үшін, өз - өзіңе ризасың. Осылайша сен әсем табиғат аясында өзіңе жақын жандарыңмен тату әрі әдемі ғұмыр кешіп жатырсың.

Ендеше көзімізді ашып, бұрынғы қалпымызға енейік. Рахмет!

Оқушылар ыңғайланып отырады.

Дәптермен жұмыс. Дәптердегі тапсырмаларды орындау. Ребус шешу арқылы мақалды табу.

Оқушылар тапсырмаларды орындайды. Дәптердегі тапсырмаларды орындған соң тексеріледі.

Жаңа ақпарат

Адамның көңіл күйі әр түрлі жағдайларға байланысты болады. Жақсы іс, ізгі ниет, жылы сөз, жақсылық хабар, қуаныш адамның көңіл күйінің көтерілуіне әсер етеді.

Оқушылар жаңа ақпаратпен танысады.

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы өлең шумақтарын жаттау.

Үй тапсырмаларын күнделіктеріне жазып алады.

Қорытынды:- Балалар, көңілді, қуанышты, адамның жүзі де әдемі. Ал ашулы адамның жүзі адамды өзіне тартпайды. Сондықтан қолдан келгенше ашулы сезімдерімізді ақылмен іштей жеңіп, көңілді жүргеніміз дұрыс. Ол біздің адамдарға, айналаға, деген сүйіспеншілігімізді оятады және бақытты өмір сүруімізге көмектеседі.

Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/238781-kil-kjimizdi-basara-bilejik

Свидетельство участника экспертной комиссии
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и закажите рецензию на методическую разработку.
Также вас может заинтересовать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ
БЕСПЛАТНО!
У вас недостаточно прав для добавления комментариев.

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

 

Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)

Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.

Рекомендуем Вам курсы повышения квалификации и переподготовки
Курсы повышения квалификации