Охрана труда:
нормативно-правовые основы и особенности организации
Обучение по оказанию первой помощи пострадавшим
Аккредитация Минтруда (№ 10348)
Подготовьтесь к внеочередной проверке знаний по охране труда и оказанию первой помощи.
Допуск сотрудника к работе без обучения или нарушение порядка его проведения
грозит организации штрафом до 130 000 ₽ (ч. 3 статьи 5.27.1 КоАП РФ).
Повышение квалификации

Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014

Почему стоит размещать разработки у нас?
  • Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
  • Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
  • Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
Свидетельство о публикации
в СМИ
свидетельство о публикации в СМИ
Дождитесь публикации материала и скачайте свидетельство о публикации в СМИ бесплатно.
Диплом за инновационную
профессиональную
деятельность
Диплом за инновационную профессиональную деятельность
Опубликует не менее 15 материалов в методической библиотеке портала и скачайте документ бесплатно.
16.01.2017

Қоштасу кеші

Еслямова Уазипа Пазылбековна
бастауыш сынып мұғалімі
«Қоштасу кеші» – бұл балабақшадағы мерекелік іс-шаралар мен ертегі әлеміне арналған әдістемелік материал. Оқыту мақсаты – балалардың әлеуметтік дағдыларын (ұйымшылдық, көпшілдік, шыдамдылық) дамыту және ойын шарттарын сақтауға тәрбиелеу. Материал «Бауырсақ» ертегісінің сюжетіне негізделген. Балалар кейіпкерлерді бейнелеу, әртүрлі тапсырмаларды орындау, суреттер мен слайдтарды қолдану арқылы тілдік қорларын байытады, мінез-құлық айырмашылықтарын таниды. Сабақ сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету әдістерімен өтеді, бұл оқушылардың көркем шығармашылыққа деген қызығушылығын арттырады. Мерекелік кеш балалардың белсенді қатысуына арналған, оларды шапшаңдыққа, сабырлылыққа үйрететін практикалық іс-шара.

Содержимое разработки

Білім беру саласы: Қатынас, Шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Математика,
жапсыру
Тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат.

Мақсаты: Білімділік: Баланың қарапайым математикалық түсініктерден алған білімін тиянақтау,көмек көрсету, сыйластықты қалыптастыруСандарды тура және кері санау,. Балалардың тілін дамыту жұмыстарын жалғастыру, іс - әрекет дағдыларын меңгерту, әлемнің тұтас бейнесін түсініп, ойлауға ауызша қосып - алу және геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын тиянақтап, түстерді ажыратуға, қарым - қатынас

Дамытушылық: Сандарды тура, кері санауға үйрету, логикалық ойын арқылы баланың қиялын, ой - өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Ойынның шартын сақтап ойнауға, ұйымшыл, көпшіл, шыдамды, сабырлы, шапшаң болуға тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс: математика, жапсыру

Көрнекілігі: Геометриялық пішіндер, тура, кері санауға арналған сандар, санауға арналған қонжық маскалары, алма ағашының макеті, шығармашылық ойынға арналған пішіндер салынған кілемшелер, алманың муляжы, үйшік макеті, ертегі кейіпкерлері, слайд.
Балалрдың көркем шығармаға деген қызығушылықтарын арттыру. Ертегіні кейіпкерлендіре отырып тіл байлықтарын арттыру, әр-түрлі мінез-құлықтарды ажырыта білуге үйрету. Әр түрлі тапсырмсалар арқылы сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекілік: Ертегі суреттері, слайд тақта.
Әдіс-тәсілдер:түсіндіру, көрсету, көрнекілік, сұрақ-жауап.

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы -Ой, балалар біздерге қонақтар келіп қалған екен, кәнеки амандасайық.
-Жарайсыңдар,енді шаттық шеңберіне тұрайық.
Шаттық шеңбері:
Балалар, енді орнымызға жайғасып отыра қояйық.

Балалар, бүгін күн ерекше! Біздің сабағымызға қатысу үшін қонақтар келіп отыр
Балалар, ертегілер еліне саяхат жасауға дайынсыздар ма?! (Оқушылар: иә!) – Бүгін біз ертегілер еліне саяхат жасаймыз. Ертегінің аты «Бауырсақ». Бұл ертегінің ішінде сендерге арналған көптеген тапсырмалар бар. Тапсырмаларды орындауға дайынсыңдар ма? Ендеше ертегімізді бастайық.

Ғажайып сәт:

Есікті қағып,хат тасыушы келіп Тәрбиеші қорапты алып, ашып, хат алады және сиқырлы таяқша алады. Тәрбиеші хатты ашып оқиды.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Мен сендерді ертегілер еліне қонаққа шақырамын. Ертегілер еліне келу үшін менің жұмбақтарымның шешуін тапсаңдар, мен сендерді өзім күтіп аламын.

1-ші: Жұмбақтар.

Үйін жинап ертеңмен,

Миіз тауып алыпты.

Мысығы келмеген соң,

Ол өкпелеп қалыпты.

Бұл қай ертегі?

2-ші:

Атай өзі салғанын,

Көрді өсіп қалғанын.

Ары тартты, бері тартты,

Тарта аламады.

Бұл қай ертегі?

3-ші:

Апасынан қашып кетті,

Атасынан қашып кетті.

Кездестіріп біраз аңды,

Біраз жолдан асып кетті.

Бұл қай ертегі?

Міне балалар, бұл ертегіде түлкі бауырсақты жеп қояды, бауырсақ сәтсіздікке ұшырайды. Түлкі қандай?
Бауырсақты жеп қойғаны аянышты ма? Әрине.
Ал енді бүгінгі «Бауырсақ» ертегісінің жаңа нұсқасында бауырсақ сәтсіздікке ұшырамайды, керісінше жақсылыққа кенеледі. Олай болса, «Бауырсақ» ертегісінің жаңа нұсқасын құрастырайық.
 -Сол ертегідегі басты кейіпкеріміз, бізге бүгін көмек сұрай келіпті. Ал біздің көмегіміз ол –математика және жапсыру 

2. Қоян
- Атасына, әжесіне қашып жолға шыққан Бауырсақтың алдынан кенет қоян шығыпты.
Қоян аш екен, Бауырсақты жемекші, егер біз қоянның шартын орындасақ, ол Бауырсақты босатады.

 10 көлеміндегі сандарды тура, кері бағытта санап шық

10көлемінде санамақ біледі.

- Жақсы, балалар, қоянның тапсырмасын тамаша орындадыңдар, ол Бауырсақты босатты. Бауырсақ әрі қарай жүре бергенде алдынан аю кездесті. Аюдың шарты:

-Ойын«Көршілерін ата»...... 5......., 2...... 4,..... 8......,....... 6........

Логикалық тапсырмалар. Ауызша

Екі балапан тұр,
Екі балапан отыр.
Шатаспай тез ойлансаң,
Барлығы қанша балапан?
(төрт)
- Бес алманың үшеуін,
Досың сұрап алды.
Айтшы, сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалды?
(2)

Сергіту сәті: 

Қасқыр

Топтық жұмыс

1-топ

Геометриялық пішіндерден автобус құрастыру

2-топ

Геометриялық пішіндерден «Үй» бейнесін құрастыр.Ол пішіндерді ата

Пішіндерді жапсыруды бастаймыз

- Жарайсыңдар, балалар, аю бізге риза болып Бауырсақты жемей босатып жіберді. Бауырсақ әрі қарай домалады, бірақ алдынан қатігез қасқыр шықты. - Қасқырдың шарты .

«Жоғалған сандар» ойыны.
Қалдырып еткен сандарды тауып орнына қою.
0... 2... ... ... 6 ... 8 ... 10

Түлкі:
- Балалар, қасқыр да бізге риза болып Бауырсақты босатты. Бауырсақ қуанып әрі қарай кетті. Кенет оның алдынан түлкі шықты. Түлкінің шарты:

«Тез есепте» ойыны. Ауызша.
3+1; 2+2; 6+2; 7+3; 10 - 5; 6 - 3; 7 - 4; 8 - 5; 9 - 4; 9 - 2; 10 - 7; 8 – 3; 6 – 4; 5 – 3.

Ертегілер бойынша әңгімелеу.Балалар салған суреті бойынша әңгімелеп береді.

Қорыту.

- Бүгін сабақта сендер не істедіңдер?
- Оқушылардың жауаптары.
- Міне, балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетіміз аяқталды. Сендер білімдеріңнің, мейірімділіктеріңнің, достықтарыңның арқасында Бауырсақты құтқардыңдар. Бауырсаққа ақылды бол, ата - анаңнан енді қашпа дейміз.


Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Балалар геометриялық пішіндерді атап, ертегі кейіпкерлерін дұрыс атай білді,
Игеру керек: Дамытушы ойындар арқылы ой қабілеттерін дамыту. Сандарды ажыратуды, кері тура санауды, сұрақтарға дұрыс жауап берудіигеру керек.
Меңгеру керек: Геометриялық пішіндерді ажыратуды, ертегі кейіпкерлерін шатаспай меңгергендері байқалады.

Свидетельство участника экспертной комиссии
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и закажите рецензию на методическую разработку.
Также вас может заинтересовать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ
БЕСПЛАТНО!
У вас недостаточно прав для добавления комментариев.

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

 

Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)

Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.

Рекомендуем Вам курсы повышения квалификации и переподготовки