- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
- «Специфика работы с детьми-мигрантами дошкольного возраста»
- «Учебный курс «Вероятность и статистика»: содержание и специфика преподавания в условиях реализации ФГОС ООО и ФГОС СОО»
- «Центр «Точка роста»: создание современного образовательного пространства в общеобразовательной организации»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
Қош, сүйікті әліппем!
Сабақтың мақсаты:1.Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тияақтау,өздерінің сауатын ашқан әліппеге деген сүйіспеншілігін арттыру,
әліппеге байланысты өлең тақпақтарын мәнерлеп айтуға үйрету.
2.Үлкенді сыйлауға ,ұйымшылдыққа,достыққа баулу.
3.Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Оку,білім туралы жазылған қанатты сөздер,плакаттар, шарлар,буклеттер,суреттер т.б.
Сабақтың жүрісі:
1.Ұйымдастырылуы:
2.Әнұранның орындалуы:
3.Мұғалімнің сөзі:
-Құрметті қонақтар, шәкірттер,ұстаздар!
Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн болмақ.Өйткені, осыда
4 ай бұрын мектеп табалдырығын жүркесіне аттаған жас бүлдіршіндер,бүгін өздерінің сауатын ашқан сүйікті әліппесін бітіріп,қоштасқалы тұр. Бүгін , сіздердің алдарыңызда төрт ай бойы алған білімдерін ортаға салып,сүйікті Әліппемізге рахметімізді айтамыз.
Ендеше,мерекемізді бастайық.
1-ж:Ассалаумағалейкум алтын халқым!
2-ж:Амансызба,ақ жаулықты аналарым!
1-ж:Сәлем,замандастар,асыл-достар!
Екеуі:Бүгінгі жиналған қауымға , баршаңызға мың салем!
2-ж:Қымбатты ата-аналар, ұстаздар,біз кітап пен журналды оқи алатын болдық.Бұл өнерді біз –мектептен,ұстаздан және әліппе досымыздан үйрендік.
1-ж:Бұл күндері еліміздің біз сияқты мыңдаған балалары Әліппе оқулығын бітіріп мерекелеуде.
Олай болса,мерекеге арналған тартуларды тыңдайық:
Бақтыбек:
Қыркүйекте келдім де,
Есігін аштым мектептің.
Қарсы алды ұстаз мейіріммен,
Қадамымды құп алып.
Яна:
Оқуды көп ойладық,
Қызығына тоймадық.
Әріптерді үйреніп,
Сауат аштық тойладық.
Бауыржан:
Өмірімнің көктемін,
Сенде өткізсем деп келдім.
Армандарым көп менің,
Атқарамын деп келдім.
Алтын ұя мектебім!
Алижан:
Мектебің мынау сыныбың,
Осында он бір жыл тұрасың.
Тарыдай болып кіресің,
Таудай болып шығасың.
Нұрдаулет:
Сипап қойып басымнан,
Кетпей жүрген қасымнан.
Құрбы-кұрдастарыммен,
Достастырған асыл жан
Аяулы менің ұстазым!
Мұғалім:
-Рахмет, балалар сендерге!
-Менің бір сұрағыма жауап айтыңдаршы!
-Іші толған әріпке,білімдіге жарық не?
Бәрі:
Болашаққа жол бастар,
Ол –сүйікті ӘЛІППЕ!
-Олай болса, балалар, бәріміз- Әліппе досымызды ортамызға шақырайық.
Бәрі:ӘЛІППЕ,ӘЛІППЕ,ӘЛІППЕ!!!
Әліппе:
Армысыңдар,жас достар!
Армысыңдар, ата-аналар,ұстаздар!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
1-ж;Еркебұлан:
Армысыңдар,аналар,
Бармысыңдар балалар.
2-ж.Інжу:
Сөзіме құлақ салыңыз,
Бір серпіліп қалыңыз.
1-ж.Еркебұлан:
Әліппеге арналмақ,
Бүгінгі жыр әніміз.
Іңкар:
Мынау менің әліппем,
Көк туымның түсіндей.
Ақылшы жақын досымдай,
Қымбатты маған кісідей.
Дана:
Әліппем,менің әліппем,
Сені қолға алып мен,
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
Рахман:
Әліппем,менің әліппем,
Өмірді келдім танып мен.
Қайталап айтам мың рет,
Өзіңе көк-көп рахмет!
Еркебұлан:
Бар кітапқа бас болған,
Әліппе ғылым анасы.
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы.
Інжу:
Әліппем, менің Әліппем,
А деген бастап әріптен.
Сөз құрап жаза бастадым,
Тақылдап таңба танып мен.
Айгерім:
Бар білімнің бастауын,
Әліппеден бастадым.
Үйренуге талпындым,
Құлшынып балғын, жас жаным!
Санжар:
Әсем ою өрнектеп,
Көмкерілген әліппем.
Сен болмасаң білімге,
Бастар жолды біліп не ем?
Аида:
Әліппе деген алтын жол!
Апарар сені алысқа.
Ауыр емес,жеңіл жол,
Тырысып бақ намысқа.
Аяна:
Бұрқыраған білімнің,
Қайнар көзін көріп пең?
Том-томқалың кітаптың,
Басы болған Әліппем!
Ақарыс:
Білімге жолды бастаған,
Әліппем саған мың алғыс!
Оқы деп ұран тастаған,
Әліппем саған мың алғыс.
Ән:Әліппе.(Рахмет саган Әліппе, хош, сау бол)
Дана:
Әріптерді жаттаймыз,
Есте мықты сақтаймыз.
Ұмытпаймыз бәрін де,
Есте мықты сақтаймыз.
Айгерім:
Алфавиттің А тұрады басында,
Әрқашан да Ә тұрады қасында.
Байқадың ба,Б тұрады қасында,
Ал осының сыры неде түсінші:
А деген ол –аналар ғой ардақты,
Ә деген ол-әкелер ғой салмақты,
Б-деген ол-балалар ғой әдемі.
Біздің елде үшеуі де кәделі
Нұрдаулет;
Алфавиттер шығыңдар,
Орындарыңа тұрыңдар!
Бастайық қане, айтысты
Жібермейік намысты.
1
А-ға й-ді қоссаңыз,
Көкте туған ай болар.
Т-ны алдына тоссаңыз,
Шауып келер тай болар.
2
Ә-әрпімен табамыз,
Әжемізді ақылды.
Б-дегенің бабамыз,
Бауыржандай батыр ғой.
3
В-дегенің вольт деңіз,
Толқын күшін шамалар.
М-дегенің мал деңіз,
Қадір тұтқан бабалар.
4
Г-әрпімен гүлденер,
Қызғалдақты қырат, тау
Ғ-әрпімен бір келер,
Ғылым атты ұлы атау.
5
Д-әрпінен бастасаң,
Дарқан,дария далам бар.
Е-ні ұмытпас ешқашан
Елін сүйген жарандар.
6
Ж-дегенің жөргегің
Туған,өскен жерлерің.
З-әрпімен зерледім
Зергерлердің зергерін.
7
И-дегенің иманың,
Адалдықтың астары.
К-дегенің Күн дарын,
Күнсіз аспан күлмейді.
8
Қ-әрпінен құралған
Бас- аяғы қазақтың
Жарылқасын бір Аллам!
Жасай берсін-Азат күн!
9
О-дегенің –отбасы,
Отан деген ұғымдар.
Ө-әрпінен өрістер,
Өмір атты дүниең.
10
Ұ-дегенің – ұлысың
Ағайының,өз елің.
Ы-дегенің –ырысың,
Орман,тоғай, өзенің.
11
Ү-әрпі-үкідей
Үлпілдеген үмітің.
І-дегенің-інідей
Ізбасардың бірі-тін.
12
Ш-дегенің –шапағат
Тие берсін баршаға.
Э-дегенің- электр
Онсыз жоқ қой , жарық –нұр!
Мұғалім:
Жарайсыңдар,балалар,сендерге осындай жарық күн сыйлаған, өлең-тақпақтарды үйден оқытып,жаттатып тәрбиелейтін ата- ана емес пе,олай болса, ата-анамызға рахмет айтайық.
Бәрі:Ата-анаға мың алғыс!
Дана:
Дүниенің жарық көзі-анамыз,
Дана балсақ анаменен-данамыз.
Алдыменен тыңдаңыздар ағайын,
Аналарға арнап бір ән саламыз
1-ж.Еркебұлан:
Хор:Ай дидарлы-Анашым!
Әліппе:
Жарайсыңдар,балалар,мен сендерге риза болдым,сендер менен көп нәрсе үйренген екенсіңдер.
Ұстаздар мен балалар,
Аталар мен аналар.
Танысыңдар досыммен,
Достасыңдар осымен.
Аттанғанда бүгін мен,
Оқып ана тілінен,
Ақыл ,білім алыңдар!
2-ж.Інжу: -Олай болса, достарым ортамызға ана –тілін шақырайық!
Бәрі: -Қош келдіңіз,Ана тілі,төрлетіңіз!
АНА ТІЛІ:
Сәлем ойшыл достарым,
Терең білім,ой –саналы.
Әрбір сөзім ой салады,
Ғылым,тәлім ,өнерім көп.
Достасқанға берерім көп!
1-ж.Еркебұлан:
Жақсы білім көрімдік,
Болсын бізге халайық.
Не үйреніп, небілдік,
Кәне ортаға салайық.
Мұғалім:
Балалар,әліппеден жаттаган өлеңдеріңді қол көтеріп айтып берейік, ана тілі досымызға.
Дана:-Сұр қоян
Бауыржан:-Ақ көгершін
Бақтыбек;-Жақсы көрем
Аяна:-Бөпешім
Рахман-Щеткалар
Акарыс-Футбол т.б.
Әліппе;
Жарадыңдар ,балғындар!
Кәрі –жасқа ой сала,
Үйрететін ой сана.
Ана тілін сүйіңдер,
Осыған бас иіңдер!
Қош болыңдар!
2-ж.-Інжу:
Қош бол құтты әліппем,
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің
Бәрі :Қош, сүйікті әліппеміз,
Ана тілді дәріптейміз!
1-ж.-Еркебұлан:
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға басқа кітап аламыз.
2-ж.Інжу:
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!
Ана тілі:
Ал,балалар, сауатты екенсіңдер ,Білім мен тәрбие- егіз деген дана халқым,әдептілік -әліппесін қалай үйредік ,ортаға салайық.Мұқият тыңдап жауап берейік.
-Сыйлап үлкен ағаны,Сәлем берген баланы-Кім дейміз?
Бәрі:- Әдепті екен бұл дейміз!
Кітап дәптер қаламын,
Кір шалмаған баланы
Кім дейміз?
Бәрі:--Ұқыпты екен бұл дейміз.
Таудай биік талабы,
Жақсы оқитын баланы
Кім дейміз?
Бәрі:--Үлгілі екен бұл дейміз.
Өтірік сөз айтпаса,
Уәдесінен қайтпаса
Кім дейміз?
Бәрі:Шыншыл екен бұл дейміз.
--Талаптарың нұр жаусын балалар, қош ,сау болыңдар!
1-ж.Еркеб :
Әліппе даңғыл жол ашты,
Жаңадан пәндер жалғасты.
Әліппе сырын ұқтырған,
Рахмет,ұстаз алғашқы!
-Дей отырып , мерекеге арналған 1-б сынып окушыларының концерттік нөмерлерін тамашалаңыздар:
Хор:Алғашқы ұстазым.
2-ж.-Інжу:
Ән:Әліппе-Орындайтын сыныбымыздың әнші қызы-Аяна.
1-ж.Еркеб:
-Келесі кезекте көрініс:Саңырауқұлақ саясында.
1-ж-Еркеб:
Би:Домбыра( орындайтын-конактар)
1-ж-Еркеб:
Келесі кезекте- Үнбі биі: орындайтын сыныбымыздың биші кызы-Інжу Асхатқызы.
1-ж-Еркеб:Ұлдар биі .1-б сынып- ұлдары.
1-ж-Еркеб:Келесі тамашалайтыныңыз-Балапан биі. Орындайтын –биші қыздар!
Қорытынды сөз:
Соңы.
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/240468-osh-sjikti-lippem
БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- «Цифровая грамотность педагога и основы безопасности в информационной среде»
- «Организация образовательного процесса для обучающихся с нарушениями опорно-двигательного аппарата: особенности разработки и реализации АООП по ФГОС»
- «Содержание деятельности специалиста по работе с семьей»
- «Психологическое сопровождение семей, воспитывающих детей с ОВЗ и детей-инвалидов»
- «Экологическое воспитание в школе: содержание и методы организации образовательного процесса по ФГОС»
- «Специфика профессиональной деятельности педагога-психолога в организации СПО»
- Логопедия. Коррекционно-педагогическая работа по преодолению речевых нарушений у обучающихся младшего школьного возраста
- Содержание и организация тьюторского сопровождения в образовании
- Деятельность няни в рамках социального обслуживания населения: теоретические и практические основы
- Менеджмент в образовании
- Теория и методика преподавания географии в образовательной организации
- Педагог-психолог дошкольной образовательной организации. Содержание и организация профессиональной деятельности

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.