Охрана труда:
нормативно-правовые основы и особенности организации
Обучение по оказанию первой помощи пострадавшим
Аккредитация Минтруда (№ 10348)
Подготовьтесь к внеочередной проверке знаний по охране труда и оказанию первой помощи.
Допуск сотрудника к работе без обучения или нарушение порядка его проведения
грозит организации штрафом до 130 000 ₽ (ч. 3 статьи 5.27.1 КоАП РФ).

Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014

Почему стоит размещать разработки у нас?
  • Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
  • Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
  • Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
Свидетельство о публикации
в СМИ
свидетельство о публикации в СМИ
Дождитесь публикации материала и скачайте свидетельство о публикации в СМИ бесплатно.
Диплом за инновационную
профессиональную
деятельность
Диплом за инновационную профессиональную деятельность
Опубликует не менее 15 материалов в методической библиотеке портала и скачайте документ бесплатно.
03.04.2018

Ою ойғанның ойы ұшқыр

Ахтанова Айнура Саньевна
учитель казахского языка
Балалардың еңбекке деген құштарлығын арттыру және ұқыптылыққа тәрбиелеуге арналған бұл әдістемелік материал. Ою-өрнек салу, қию, желімдеу, қағаз және матамен жұмыс сияқты практикалық тапсырмалар арқылы іnce motorлық дағдыларды дамытады. Сабақ барысында жаңа сөздік ұғымдармен танысып, сөйлем құру, мақал-мәтелдерді талқылау, сұрақ-жауап әдістері қолданылады. Бұл балалардың сөйлеу тілін байытуға, ойлау қабілетін кеңейтуге және шығармашылық қызығушылығын арттыруға бағытталған. «Ою ойғанның ойы ұшқыр» тақырыбы астындағы жұмыс балабақша тәрбиешілеріне арналған.

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы: « Ою ойғанның ойы ұшқыр»

Сабақтың мақсаты:Балалардың еңбекке деген құштарлығын арттырып, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Жаңа сөздік ұғымдар арқылы тілдерін дамытып, ой өрістерін кеңейту. Сабаққа сұрақ-жауап, мақал-мәтел айтқызып, сөйлем құрау, ою-өрнек салу, қию, желімдеу, қағаз, матамен жұмыс.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: Қажетті қүралдар үшін үлгі, сызба, суреттер, қарандаш, түрлі-түсті қағаз, мата, қайшы, желім пайдаланылады.

Сабақтың барысы:

Сабақты топтың ішінде балаларды саяхат жасатудан бастаймыз. Олардан айналаға зер салып,некеріп тұрғандарын сұрайды.

Балалар топтағы кілем, көрпешеге, шапан, тақия, сандық. шымылдық, алаша, жастықшаны, домбыра, ұлттық киімді көріп тұрғандарын айтады.

Мұғалім: Өздерің көріп тұрған киімдер, киіз үй жиһаздары неменәшекейленгенін білесіндер ме?

Балалар: Оюлармен әшекейленген.

Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар, ою-өрнектермен, өрнектелген. Қазақ қалқының бұйымдары басқа халықтардан осыою-өрнегімен ерекшеленеді. Сендер орыс, қытай, түрік сияқты тағы басқа ұлттардан осындай ою-өрнек көрдіндер ме?

Балалар:Жоқ.

Мұғалім: Ендеше біздің ұлттық киімдерімізде, үй іші жиһаздарында, зергерлік бұйымдарында ою-өрнек салынатынын естеріңдеұстаңдар. Өздерің көздеріңді жұмып, топтағы күнде көріп жүрген жаңағы заттарды ою-өрнексіз елестетіп көріңдерші, қандай болады екен. Жақсы ма? Жаман ба?

Балалар:Жақсы емес.

Жаңа сабақ:

Мұғалім: Мен сендерге қазір ою - өрнек туралы айтып беремін мұқият тыңдаңдар. Ертеде біздің әжелеріміз тұрмыс бұйымдары: көрпе, шымылдық, киімдерге ою-өрнек салып,кестелеп, құрақ құрып, ал аталарымыз, ұсталарымыз,ағаштан сандық, күбі, келі, ат әбзілдерін, жасаған. Зергерлер, күмістен ыдыс аяқтарға зергерлік бұйымдар: сақина, білезік, шолпы, шашбау, алқа, жүзікке ою мен өрнек салған. Ою-өрнектің түрлері көп, өзіндік шығу тегі бар,оюдың бұйымдарға сән беретін өзіндік орны болады. Мен сендерге ою-өрнектің адамның тіршілігіне, айналадағы құбылыстарға байланысты түрлерін айтып берейін. Атап айтқанда: көк әлеміне, малдарға, аңдарға, құстарға, құрт- құмырсқаға, жер, су, өсімдік, жұлдыз, жапырақ, бұтаққа, қару-құралдарғабайланысты,сондай-ақ геометриялық фигура-лар тектес өрнектердің түрлері бар. Балалар, осы танысып жатқан ұлттық бұйымдар, оларға жасалған ою-өрнектеріміз дүниеге еңбек арқылы келеді.

Мұғалім: Ендеше еңбек туралы мақал-мәтелдер айталық. Кім қандай макал-мәтел біледі?

Илья: Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

Степа: Еңбек етсең емерсің.

Настя:Еңбек түбі -береке,

Көптің түбі -мереке.

Мұғалім: Өте жақсы балалар,ал енді мен сендерге ою-өрнектің түрлерін көрсетейін, ал сендер сол оюлардың атын хормен қайталаңдар. Міне, мына оюымыз «Ботагөз» -деп аталады екен,

Неүшін олай аталады кім біледі? (Балалардан жауап) «Тарақ»,«Сынықмүйіз», «Қошқар мүйіз», «Ирек су», «Қолтық», «Жұлдыз» «Тышқан із»

Мұғалім:Мен сендерге арнап, осы айтылған ою – өрнекті пайдаланып кілем мен сырмақ әзірлеп келдім. Бұны тек көрсету үшін емес.

« Қай топ жылдам», - деген ойын ойнайық. Тез екі топқа бөлініп, « Қай топ жылдам» - деген ойын ойнайық. Екі топқа бірдей 9 оюдан парта үстіне қойдым, тақтадағы кілем мен сырмақта қандай ою бар сол оюды тез тауып атын атаған топ жеңіске жетеді. Ал балалар мен дауыстап онға дейін санаймын, ойын басталды.

«Сырмақ» «Кілем»

Қошқар мүйіз 1. Қаз мойын

Ирек. 2. Тоғыз төбе

Тышқан із 3. Жұлдыз

Қолтық

Мұғалім: Енді мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр, шешуін тауып, бір-бірлеп айтасыңдар.

Дөңгелек өзі, төртеу көзі,

Ұстайды мықтап,

Тұрмайды сырттап.

(Түйме.)

Танауында арқаны,

Бір батып, бір шығып,

Алға қарай тартады.

(Ине.)

Мұғалім: Енді балалар, сурет бойынша сөйлем құраймыз. (іскер әже, кілем тоқып отырған қыздар, ұста.)

Мұғалім:Балаларбіз үлкейгенде шебер болғымыз келе ме?

Балалар:Иә.

Мұғалім: Ендеше үлкен шеңбер жасап бойымызды сергітіп алып, «Шебер көп жерде өнер көп» -дегендей шеберханада еңбек етейік.

Бойсергіту: «Өрнек»

Әжем өрнек құрады,

Өрнектоқукұралы.

Бұл құралмен тамаша

Тоқылады алаша.

Тәрбиеші балаларға -«Алаша» дегеніміз не? Алаша неден тоқылады? Оны қайда пайдаланады? -деген сұрақтар қойып балалардың ой-өрісін дамытуға көңіл бөледі. Жауабын тыңдап, толықтыру арқылы сабақтың соңына қарайбалаларкөрген ою-өрнектің біреуін өз қалауы бойынша таңдап алып, матамен көрпеше, ал ұлдар сандықтың сыртын түрлі-түсті қағазпайдаланыпәшекелейді.

Мұғалім:Балаларістеріңе сәттілік тілеймін! Ұқыпты тазаістеуге тырысамыз, қазақта мақал бар«онрет өлшеп, бір рет кес»-деген, сондықтан матаны қимастан бұрын оюымызды қарындашпен түзу, әрі әдемі етіп сызамыз. Сызып алыңдар (Бәрі жұмыла іске кіріседі.) Тәрбиеші балалардың еңбегін бағалап, сабақты қортындылайды.

Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/259927--oju-ojanny-ojy-shyr

Свидетельство участника экспертной комиссии
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и закажите рецензию на методическую разработку.
Также вас может заинтересовать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ
БЕСПЛАТНО!
У вас недостаточно прав для добавления комментариев.

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

 

Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)

Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.

Рекомендуем Вам курсы повышения квалификации и переподготовки