Охрана труда:
нормативно-правовые основы и особенности организации
Обучение по оказанию первой помощи пострадавшим
Аккредитация Минтруда (№ 10348)
Подготовьтесь к внеочередной проверке знаний по охране труда и оказанию первой помощи.
Допуск сотрудника к работе без обучения или нарушение порядка его проведения
грозит организации штрафом до 130 000 ₽ (ч. 3 статьи 5.27.1 КоАП РФ).
×

Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014

Почему стоит размещать разработки у нас?
  • Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
  • Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
  • Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
Свидетельство о публикации
в СМИ
свидетельство о публикации в СМИ
Дождитесь публикации материала и скачайте свидетельство о публикации в СМИ бесплатно.
Диплом за инновационную
профессиональную
деятельность
Диплом за инновационную профессиональную деятельность
Опубликует не менее 15 материалов в методической библиотеке портала и скачайте документ бесплатно.
31.05.2017

Шет тілін оқытуда тыңдап түсіну дағдысын қалыптастыру

Балтабекова Кельбет Маратовна
преподаватель английского языка
Шет тілін оқытуда тыңдап түсіну дағдысын қалыптастыру – бұл сөйлеу қабілетінің негізі. Бұл әдістемелік материал балаларға ағылшын тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді тануға, мағынасын түсінуге және дұрыс жауап беруге үйретеді. Тыңдау дағдысын дамыту арқылы оқушылар тілдік құрылымдарды іштей меңгереді, сөздік қорларын байытады және өздік сөйлеуге дайындалады. Материалда тиімді жаттығулар, тақырыптық аудио тапсырмалар мен оқытушыларға арналған әдістемелік ұсыныстар бар. Бастауыш сынып оқушыларының тыңдау сауаттылығын дамытуға арналған осы нұсқаулық тіл үйренудің келесі кезеңдері үшін мықты негіз қалайды.

Содержимое разработки

Балтабекова Кельбет Маратовна

Казахский гуманитарно- технический колледж

Преподаватель иностранного языка

Шет тілін оқытуда тыңдап – түсіну дағдысын қалыптастыру 

Шетел тілін ана және орыс тілімен қатар оқыту арқылы мұғалім оқушылардың тыңдап түсіну, сөйлеу, оқу және жазу іскерліктері мен дағдыларын жетілдіріп қана қоймайды, оларды өзін қоршаған айналасындағы адамдармен карым-қатынас мәдениетіне де үйретеді. Оқушылардың шетел тілінде сөйлеу қабілеттерін жетілдіру мектепте берілетін бүкіл білім мазмұнының негізгі мақсаты болып табылады. Шетел тілі арқылы оқушылар әлемді таниды, тілін окып жатқан елдің мәдениетімен, өмірімен танысады.

Шетел тілінде оқушылар дұрыс қарым-қатынас жасай алу үшін, олар ауызша айтылған сөзді тыңдап түсінулері тиіс. Ағылшын тілін оқытуда ең маңызды рольді тыңдау атқарады. Тыңдау – есітіп жатқан сөйлеушінің сөзін түсіну. Тыңдау қарым-қатынастың негізін құрайды. Қарым қатынаста екі адам бір –бірін түсіну, бір-біріне жауап қайтару.

Тыңдау шет тілін оқытуда өте жақсы құрал болып табылады. Ол оқылып жатқан шет тілінің дыбысталу жағын үйренуге, яғни әуен, екпінді дұрыс қоюды үйренуге мүмкіндік береді. Тыңдалым арқылы тілдің лексикалық құрамы мен грамматикалық құрылымы үйреніледі. Және де тыңдалым оқу мен жазуды меңгеруді жеңілдетеді. Тыңдау қабілетінсіз адам оқып жатқан тілде қарым — қатынас жасай алмайды. Тыңдалым оқушылардың айтылып жатқан сөзді назар сала тыңдауға үйретеді. Тыңдалыммен бірге балада  есте сақтау қабілетін дамыйды. Оқушы шет тіліндегі сөзді тыңдай отырып, сөздердің дұрыс оқылуына жаттығады, және кейінгі кезде өзі сол сөзді айтқан кезде дұрыс айтатын болады.

Оқушылардың тыңдау қабілетін дамыту үшін мұғалім оқушылармен тығыз, жоспарлы жұмыс жасау керек. Оқушылар тыңдап қана қоймай, лексика мен грамматиканы жақсы меңгеру керек. Сондықтанда оқу, жазу, есту үшеуі бір-бірмен тығыз байланысты. Тыңдауға үйрету сөйлеу әрекетінің екі функционалды түрлерімен жұмыс істеуін болжайды: тікелей қарым-қатынас процесіндегі аудирование (диологтік) және қарым-қатынас тікелей емес жағдайларындағы байланыс мәтіндер аудированиясы. Оқу процесіндегі рецептивтік әрекетінің 1-ші түрі көбінесе оқушылардың бір-бірімен және мұғалім арасындағы қарым-қатынасымен шектеледі. Бірақ кейбір жағдайда осы әрекетті табиғи қасиет бар. Себебі аудированиенің осы түрін үйрету оқушыларды диологтік режимде сөйлеу мен үйретумен бірге байланысты.

Оқушыларға берілетін аудиомәтіннің тақырыбын тыңғылықты, оқушылардың қызығушылықтары мен жас ерекшеліктеріне сай таңдалуы керек. Жасөспірім жастағы оқушыларға саясатпен, техникалармен, бүгінгі таңда ойлап табылып жатқан технологиялар мен жаңалықтармен байланысты мәтіндер жақсы болады. Сонымен қатар, махаббат, достық, басқа мемлекеттер туралы, сол мемлекеттің өмірі мен халқы,салт-дәстүрлері туралы мәтіндер оқушылар үшін үлкен қызығушылықпен тыңдалады. Базалық курс бағдармаларында қысқа міндеттер қойылады. Оқушыларды қысқа және қиын емес аутентикалық тексттердің негізгі мазмұның түсінуге уйрету. Мысалға ауа райы, жарнама, радио және теледидар бағдарламалары және өздеріне керек ақпараттарды теріп алу.

Бүгінгі шетел тілін оқу бағдарламаларында негізгі мақсат ретінде оқушылардың меңгеру қабілетін дамуы болып табылады:

- тікелей қарым-қатынастағы әр түрлі жағдайларда сөйлеушінің айтқан сөзін түсіну; сонымен бірге таныс емес тілдік құралдар болатын жағдайда;

- мазмұнына әр түрлі дәрежеде және тереңділігінде кіруімен аудио текстерді түсіну негізгі мазмұнын түсінуі толық түсіну және фактілерін табу (осы текстке енгізу деңгейлері коммуникативті мақсатпен аудиомәтін типімн және тану жағдайлармен анықталады).

Осы тыңдау кезіндегі міндеттерді ескерсек оқушылар шетел тілін оқу процесінде қолайлы меңгеріле алады.

Тыңдап-түсінуге үйрету барысында оқушылар көптеген қиындықтарға кездеседі. Тыңдап-түсінуге уйретуді дұрыс ұйымдастыру үшін мұғалім бұл қиындықтарды және оларды жеңу жолдорын жақсы білуге тиіс.

Мысалға, белгілі бір ойды, мазмұнды айтып жеткізу үшін сөйлеушінің қолданған тіл материалы мен оқушылар меңгерген тіл материалының арасьшдағы алшақтық. Тіл материалын таңдауда, оны қолдануда сөйлеуші оқушының меңгерген тіл материалын ескермейді. Ол өзі айтып жеткізгісі келген мазмұнды неғұрлым жан-жақты ашатын тіл материалын қолданады. Сондықтан сөйлеуші қолданған кейбір лексикалық және грамматикалық материал оқушыға таныс емес болуы мүмкін. Тыңдап отырған мәтінде кездескен таныс емес сездер, оқылмаған грамматикалық құбылыстар оқушыға тыңдаған мәтінінің мазмұнын түсінуді қиындатады. Бұл қиындықты жеңудің жолы — оқушылардьң пассивтік және потенциалдық сөздік қорын байыту. Мәтінде таныс емес сөздер шамадан тыс көпдеген жалған әсер жиі кездесіп отырады. Оған себеп — жеке айтылғанда аудитор (тьшдаушы) сөздерді оп-оңай танығанмен, дәл сол сөздерді тұтас сөз құрамында кездестіргенде, сол аудитор тани алмай қалады. Сондықтан таныс сөздердің өзі таныс емес сөз болып көрінеді де, оқушыға тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінуді қиындатады. Қиындықты жеңу үшін оқушылырдың пассивтік және потенциалдық сөздік қорын байытумен қатар мәтінде кездесетін таныс емес сөздердің мағынасын болжауға ұсақ текстерде өткен лексиканы тануға дағдыландыратын жаттығуларды орындау қажет, сондықтан окушыларды кейбір таныс емес сөздері бар мәтіннің мазмұнын түсінуге де дағдыландыру керек.

Тағы көп оқушылар үшін кездесетін қиындық ол әр адамның дыбыстарды айту ерекшеліктері мен интонациялық ерекшеліктері әр түрлі болуы. Олай болса, ағылшын тілі мұғалімінін де өз ерекшеліктері мен интонациясы бар. Оқушылар мұғалімнің сөйлеу ерекшеліктеріне әбден дағдыланып алады да, басқа адам айтқан сөзді түсінбеуі мүмкін. Осыған байланысты шетел тілі муғалімдері мен методистері ,мынадай сұрақ қояды: неге алты жыл бойы шетел тілін оқыған оқушы мұғалімнің қойған сұрақтарын тусінеді де, дәл сол сұрақтарды шетелдік адам қойса, түсінбейді? Бұл жерде сөйлеушінің дауыс ерекшеліктері де түсінуге ықпал етеді. Мысалы, ер адамның жұмсақ қоңыр даусын тусіну жеңілірек те, әйел адамның дауысы, әсіресе жіңішке, ащы дауысты түсіну қиындық келтіреді. Бұл қиындықты жеңудің жолы — сабақта техникалық құралдарды, әсіресе магнитофонды жиі қолдану. Магнитофонға ер адамның да, әйел адамның да, баланың да сөзін жазып алып, оны оқушыларға тыңдату керек. Сонда әр түрлі тембрлі дауыстарды тыңдап, дағдыланған оқушы өз муғалімінен басқа сөйлеушілердің де сөзін тыңдап-түсіне алады.

Сонымен қатар сабақ үстінде мұғалім өте баяу ырғақпен сөйлейді. Себебі, мәтінді шет тілінде тез, жеңіл түсінуі үшін. Бірақ мұндай тәсілдін де кемшілігі бар үстінде келтірілген мысал сияқты, оқушылар баяу ырғаққа дағдыланып қалады. Оқушылар үшін мұндай жағдайда қалыпты ырғақпен айтылған сөз тым тез көрінеді де, ілесе алмай қалады. Соның салдарынан олар қалыпты ырғақпен айтылған сөзді түсіне алмайды. Мұғалім сабақта аѓылшынша сөйлегенде, тағы мынадай бір қателік жасайды. Айтқанымды оқушылар түгел түсінсін деген мақсатпен ол аѓылшынша бір айтқанын бірнеше рет қайталап айтады (әдетте 3-4 рет). Осыған әбден дағдыланып алған оқушылар мұғалім сөйлей бастағанда ауелде оның сөзіне, мүлдем құлақ аспайды. Айтканын екінші, үшінші рет қайталауын күтіп отырады. Шынайы коммуникацияда сөйлеуші айтқанын қайталамайды, тек бір-ақ рет айтады. Қайталап тыңдауға дағдыланған оқушылар алғашқыда айтылған сөзді тыңдамай, оны естімей қалады да, түсінбейді. Мұндай жағдай оқушылардың тыңдап-түсінуіне үлкен қиындық келтіреді.

Тыңдаған мәтінінің мазмұнын түсіну үшін оны оқушыларға бір-ақ рет тыңдату керек. Ал сол түсінген мазмұнды қайталап айтып беру керек болған жағдайда оны екінші рет тыңдатуға болады. Олай болса, аѓылшын тілін оқыта бастағаннан ақ мұғалім өз сөзін қайталамауға тырысуы тиіс, сөйтіп оқушыларды бір айт-қаннан тусінуге дағдыландыру керек.

Қандай да болмасын тексерудің мақсаты — сөз іскерлігінің қалыптасу деңгейін анықтау және оқушылардың мәтінді қаншалықты толық және дәл түсінгенін анықтау. Қазіргі методикада аудиомәтінді түсінудің мынадай деңгейлерін ажыратады:

1) фрагментарлы түрде (үстіртін) түсіну деңгейі;

2) глобалды түрде (жалпы түрде) түсінү деңгейі;

3) детальды түрде (толық) түсіну деңгейі;

4)сын көзбен қарау деңгейінде түсіну.

Үстіртін түсіну деңгейі тыңдап-түсіну қабілетін қалыптаспағандығының куәсі. Оқушылардың мәтінді қалай, қаншалықты толық түсінгенін тексеру үшін соңғы үш деңгейін тексеру керек.

Оқушылардың мәтінді жалпы түрде түсінгенін тексеру үшін мынадай жаттығулар жасаған жөн:

а) мұғалім мәтіннің мазмұнына сұрақтар кояды да, әр сұрақка өзі екі жауап ұсынады. Олардың бірі дұрыс жауап, екіншісі қате жауап. Оқушы дұрыс жауапты табуы керек;

ә) мәтінді тыңдағаннан кейін мұғалім үш-төрт сөйлем айтады. Соның біреуі ғана тыңдаған мәтіннің мазмұнына сәйкес келеді. Оқушылар осы сөйлемді табуға тиіс.

Аудиомәтінді толық түсінгенін тексеру үшін мынадай жаттығулар жасалады:

а)мәтінді тыңдап болған соң, оқушыларға оның мазмұнын жазбаша түрде қайталайтын мәтін береміз. Мұнда бірнеше сәздер қалып қойған (2—3 сөзден 8—10 сөзге дейін). Оқушылар осы жазбаша мәтінді оқып отырып, қалып қойған сөздерді қосып, толықтырады;

ә) мұғалім мәтіннің мазмұнына сұрақтар қойып, оқушылар сол сүрактарға жауап береді;

б)оқушылар мәтіннің мазмұнын неміс тілінде немесе қазақ тілінде айтып береді;

в)тыңдаған мәтінді мағыналық үзінділерге бөліп, оларға тақырып табады;

г)мәтінге толық жоспар жасайды.

Аудиомәтінді сын көзімен түсіну деңгейін тексеру үшін мынадай жаттығулар жасау керек:

а)тыңдаған мәтіндегі оқиғаға баға беру;

ә) мәтіннің негізгі ойларын табу;

б)мәтіннің мазмұнын реферат түрінде қайта айтып беру;

в)мәтінге түсініктеме жасау т. б.

Міне,   осындай   жаттығуларды   орындау   нәтижесінде оќушылардың тыңдап-түсіну қабілетін дамытып, оны одан әрі жетілдіруге болады.

Мәтіндерді   тыңдаудағы   оқушылардың   бірінші   және басты міндеті — сол мәтіннің мазмұнын түсіну. Оқушылар мәтіннің     мазмұнын     қалай,     қаншалықты     түсінгенін мұғалім тексеріп  отыруға тиіс.

Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/259942-shet-tilin-oytuda-tydap--tsinu-dadysyn-

Свидетельство участника экспертной комиссии
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и закажите рецензию на методическую разработку.
Также вас может заинтересовать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ
БЕСПЛАТНО!
У вас недостаточно прав для добавления комментариев.

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

 

Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)

Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.

Рекомендуем Вам курсы повышения квалификации и переподготовки