- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
- «Специфика работы с детьми-мигрантами дошкольного возраста»
- «Учебный курс «Вероятность и статистика»: содержание и специфика преподавания в условиях реализации ФГОС ООО и ФГОС СОО»
- «Центр «Точка роста»: создание современного образовательного пространства в общеобразовательной организации»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы ұлттық байлықтың түпнегізі
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы»
«Орал «Сервис» технологиялық колледжі»МКҚК
Баяндама
Тақырыбы: «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы - ұлттық байлықтың түпнегізі».
Дайындаған: №2 топ студенті
Аязбаева Г.С.
Жетекшісі: физика-информатика
пәнінің оқытушысы Бапенова Ж.О.
Орал - 2016 ж.
Тақырыбы: «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы - ұлттық байлықтың түпнегізі».
Барша арманымыздың асқары, бақытымыздың бастауы болған ұлық мереке - Тәуелсіздік күні құтты болсын!
25 жыл бұрын біз Мәңгілік Ел болудың бірегей қадамын жасадық. Дүйім дүниеге тәуелсіздігімізді жария еттік. Бұл - ата-бабаларымыздың арманы ақиқатқа айналып, азаттыққа қолымыз жеткен аса қасиетті күн. Бүгінде Мәңгілік Еліміздің жаңа ғасырдағы жаңғыру жолы - «Қазақстан 2050» стратегиясы дүниеге келген күн. Тәуелсіз Қазақстан дүниеге келген сәттегінің бәрі бүгін Мәңгілікке алыстап бара жатқан Тарих. Сол кездегі уақыт туралы біз қазіргі ұлы жетістіктерді салыстырып пікір айтамыз. Жиырма бес жыл бұрын біз тек экономикамызды көтере аламыз ба деп армандаған едік. Ал қазір Қазақстан әлемдегі бәсекеге аса қабілетті елуліктің қатарына ендік.Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінде сол кезде шегі жоқ болып көрінген аса ауыр әлеуметтік проблемаларды біздің қашан және қалай шеше алатынымызды, көп адамның көзіне елестетуінің өзі қиын еді. Бүгінде Қазақстанда халықтың әл-ауқатының сапасы артып келеді, адамдардың табыстары да ондаған есе өсті.
Бүгінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша қазақстандықтар әлемнің 33 еліндегі үздік ЖОО-ларда оқиды. Болашақтықтар қазірдің өзінде 10 мың адамнан асып отыр. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) деректері бойынша, 2012 жылы 65 мың қазақстандық түрлі әлемдік университеттерде білім алды. Бұл болашақтықтардан басқа оқуын ата-аналары төлеген ондаған мың жас қазақстандықтар. Осының барлығы қазақстандықтардың әл-ауқаты мен мүмкіндігінің артуы нәтижесінде мүмкін болды.
Халқымыз үшін қашанда Жеті санының орны бөлек. Жеті ырыс, жеті қабат көк, жеті қазына: айта берсек жеті санына байланысты қасиетті ұғымдар өте көп. Еліміздің жаңа ғасырдағы басты бағдары - «Қазақстан-2050» Стратегиясы да жеті басымдықтан тұрады. Тәуелсіздіктің тартуы ретінде халқымыз құн жетпес Жеті қазынаға ие болды.
Бірінші қазына - Мәңгілік Еліміз. Біздің мұратымыз - Мәңгілік Еліміздің асқақ болмысын аялап, 21 ғасырдың төріне оздыру.
Екінші қазына - Ел бірлігі. Тұғырымыз - тыныштық, тірегіміз - тұрақтылық, тілегіміз - татулық болса еліміз тарих төрінен табылады.
Үшінші қазына - төл мәдениетіміз бен туған тіліміз.
Төртінші қазына: индустриялық-инновациялық экономика.
Бесінші қазына: Ұлттық байлығымыздың, әл-ауқатымыз бен әлеуетіміздің түп негізі - Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.
Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы - ұлттық байлықтың түпнегізі. Қазақстан мен қазақстандықтардың қолындағы қазіргі бар нәрсеге біз тер төге еңбек етудің нәтижесінде жеттік. Еңбек әр адамды мейірбан, ал елді ұлы етеді. Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы - Тәуелсіздікті нығайту жолындағы күрделі жұмыс кезінде туған біздің қазақстандық идея.
Алтыншы қазына: еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің бойтұмары, әсем қаламыз - Астана.
Жетінші қазына: Қазақ елінің абыройын асқақтатып, бүкіл әлемді мойындатқан жаһандық жауапкершілігі мен барша адамзаттық бастамалары.
Қай қоғамда да еңбектің маңызы ерекше. Сол үшін қоғамның басқару тізгінін ұстағандар, үкімет пен мемлекет басшылары ең алдымен елде еңбекті қалай ұйымдастыру жайын да ойластырады. Осыған орай Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламасын ұсынды. Біздің әлеуметтік саясат бәсекеге қабілетті және күшті ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ЕҢБЕК ҚОҒАМЫН құруға бағытталуы тиіс,-деді Елбасы.
Тәуелсіздік шежіресі халқымыздың сан ғасырлық тарихының жаңа, жарқын беттерін ашты, елімізде түбегейлі бетбұрыс басталды. Тарыдай шашылған қандастарымызбен байланыс орнатып, Дүниежүзі қазақтарының Қауымдастығы құрылды.Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылып, ұлтаралық және дінаралық татулық нығая түсті.Астанамызды ару Алматыдан арқадағы Ақмолаға көшірдік. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының тізгінін ТМД және Азия елдерінің ішінен алғаш рет қолға алдық.2011 жылы Астана мен Алматы қалаларында қысқы Азиада ойындарын өткізу мүмкіндігіне ие болдық.
Күні кешегі Лондон Олимпиадасына қатысушы әлемдегі 200-ден астам мемлекеттің ішінен Қазақстанның 12-ші орынды иеленуі де – тарихқа жазылған жұлдызды сәттеріміздің бірі.
Тәуелсіздік алған 25 жылда шағын және орта бизнес нысандарының саны 35 есеге көбейді. Соңғы 10 жылда экономиканың осы секторында өнім өндіру көлемі 20 есеге өсіп, 7 триллион теңгені құрады.2011 жылы Дүниежүзілік Банктің бизнесті жүргізу жөніндегі рейтингінде Қазақстан ТМД елдерінің барлығын артқа тастап, 47-ші орынға көтерілді.
Егер 1993 жылы елде жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім небәрі 700 долларды құраса, қазір 11 мың доллардан асып, 16 есеге көтерілген. Сол 90-жылдардың басында өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі бар болғаны 0,2 млрд. теңге болса, 2011 жылы 12 трлн. теңгеге жеткен. Қазақстанда жалпы ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі соңғы 10 жылда 4 есе өсті.
Осылайша, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жасампаз да жаңашыл, сындарлы да сұңғыла саясатының, өлшеусіз күш-жігерінің, халықтың бірлігінің, келісті тірлігінің, ерен еңбегінің арқасында жас мемлекетіміз аяғынан тік тұрды, қанат жайды, іргелі елге айналды. Жаңа заман жаңаша ойлап, еңбек етуді талап етіп отыр. Осы талаптарға бейімделіп, табысты қоғам болу үшін не істеуіміз керек – бұның барлығы Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында анық көрсетілген. Бұл тапсырмаларды орындау – барлығымызға міндет, біздің табысты дамуымыздың кепілі. «Күшке күш қосылса – құп, елге ел қосылса – құт» деген үлкендерден қалған нақылдың астарында Елбасы мақаласының тәуелсіз Қазақ Елінің ең ұлы мұраттарының бірі екенін дәлелдейтін шындық жатыр. Өйткені, әлеуметтік мәселелерді «кейінге» қалдыруға болмайды. Әлеуметтік жаңғырту үдерісі азаматтарды «аз жұмыс істеп, көп табыс табу», «ауадан ақша жасау» тәрізді алдамшы формулалардан арылтуға көп септігін тигізетін болады.
Жұмыспен қамту саласын дамытуға ерекше көңіл бөлген жөн. Бір ғана мысал –Ел экономикасының ең маңызды локомотиві – шағын және орта бизнес саласы. Елбасының бастамасымен «Бизнестің Жол картасы-2020», «Жұмыспен қамту-2020» сияқты бағдарламалар қабылданды. Оның жүзеге асуына өздеріңіз куәсіздер.Соның ішінде «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының 2-ші бағыты бойынша, яғни ауылдық жерлердегі кәсіпкерлікті дамытуға көп көңіл бөлінуі тиіс. Біз мемлекеттік бағдарламаны халыққа жете түсіндіріп, оның игілігін көрсете түсуіміз қажет. Жұмыссыздық деңгейін азайту үшін жаңа жұмыс орындарын ашуды қолға алынуда. Ол үшін экономикалық белсенді жастағы жұмыссыз азаматтарды қажетті мамандықтарға оқытудың барлық шаралары алынуы тиіс. Әлеуметтік-еңбек қатынастарының тиімді модельдерін құру және өзін-өзі еңбекпен қамтығандар тобындағы еңбекке қабілетті халықты нақты жағдайда жұмыспен қамту үшін арнайы әдістемелік механизмді дайындауға аса көңіл бөлген жөн. Шынын айту керек, қазіргі қоғамда мемлекеттің келешегіне қажетті кәсіпке барғаннан гөрі, күнделікті қарын тойғызудың қамын ойлайтын «бір күндік» психология қалыптасқан.Осыдан арылуымыз керек» -деді, Елбасы.
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алға жылжытқан Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясы ұлттық трендке айналуы тиіс. «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласында ҚР Президенті Н.Назарбаев ХХІ ғасырдағы Қазақстанды дамытудың міндеттерін айқындайды. Әлеуметтік қорғаудан әлеуметтік ілгерілік бағытындағы жаңғырту стратегиясы оның тренді болып табылады. Мемлекет басшысы жалпыға ортақ еңбек қоғамы идеясын тірек ете отырып, Қазақстанды дамытуда еңбек әлеуметтік жаңғырту мен ғаламдық бәсекеге қабілеттіліктің шешуші ұлттық факторы ретінде бірінші орынға жылжытылуы тиіс түпкі тұжырымдаманы алға қойып отыр. Елбасымыз Отанымыздың өркені жолындағы еңбекке шақыруда. Тұңғыш Прездидентіміз халқының жасампаз қуаттарына сеніп отыр. Сондықтан, «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам»- әр қазақстандыққа қамқорлық көрсету, кез келген отбасыға ұрпағының болашағы үшін еңбекке белсене араласуға шақыру болып табылады. Елбасымыз әлеуметтік жаңғыртулардың мақсаттары мен міндеттерін, негізі қағидаттарын даналықпен ашып көрсетіп беріп отыр. Елбасымыз айтқандай, индустриялық-инновациялық дамудың аясында қоғамды жаңғыртуға аянбай ат салысыуымыз керек. Президенттің бұл тапсырмасы негізінде және халықтың белсене еңбек жасауының арнасында Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясы тәуелсіз еліміздің осыған дейінгі жеткен жетістіктер секілді жүзеге асарына сеніміміз мол. Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құру туралы Президенттің идеясы әрбір қазақстандыққа және үкімет пен мемлекеттік мекемелердің іс-қимылына арналған ұлттық үрдісті жетілдіруші күш болып саналады.
Мемлекет басшысы халықты, әсіресе жастарды жұмыспен қамтуға үнемі көңіл бөледі. Әлемдік экономикадағы дағдарыс бірінен соң бірі кейін келіп, жаһандық тұрақсыздық болып жатқан кезеңде елдің орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін күшті әлеуметтік база қалыптастыру керек болды. Сөйтіп, 2012 жылдың шілдесінде Елбасы «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына жиырма қадам Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы» туралы ой қозғалды. Содан бері, бұл саясат тиісті деңгейде орындалып, бүгінгі күнде жақсы нәтижелер көрсетуде.
Аталған құжат еңбек, білім, жастардың әлеуметтік бағдары, денсаулық сақтау, тұрғын үй мәселелері секілді барлық маңызды сұрақтарды қамтиды. Сондықтан да қазіргі кезде елімізде жаңа мектептер, ауруханалар, мәдени орталықтар көптеп ашылуда.
Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі бұрынғы Кеңес Одағы елдерімен салыстырғанда ең төменгі қатарда екенін атап өткен жөн. Кейбір бұрынғы кеңестік республикалардың елдерінен айырмашылығы, Қазақстан халқы жұмыс іздеп, елден кетуге мәжүр болып жатқандардың қатарында емес. Керісінше, Қазақстанда еңбек етем деген азаматқа жұмыс табылады. Мемлекет басшысы елдің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етіп, әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру үшін жұмыспен қамту туралы міндет қойды. Тұрақты өнеркәсіпті дамыту бойынша Қазақстан үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының алғашқы бес жылдық жоспарын құрды. «2020 Жол картасы» шеңберінде біршама жұмыс орындары ашылды. Бұған дейінгі «Жол карталарымен» салыстырсақ, бұл бағдарлама тұрақты түрде жұмыспен қамтуға, кәсіпкерлікті дамытуға, және халықтың өмір сүру жағдайы деңгейін жақсартуға бағытталған.
Сондай-ақ, соңғы жылдарда мемлекет «Жастар тәжірибесіне» көңіл бөлуде. Бұл бойынша жас мамандар оқу бітіре салып, өз саласы бойынша қызметтік тәжірибе жинақтауға зор мүмкіндік алды. Және ол мемлекет тарапынан арнайы қаржыландырылып келеді.
«Сайып келгенде, әлемдік өркениет және мәдени байлықтың барлық мәндері, виртуалды қаржы институттарымен емес, адамзат еңбегімен келеді. Сондықтан біздің әлеуметтік модернизациямыздың түп тамыры нағыз еңбектен құрылуы тиіс, - деді Мемлекет басшысы.
2017 жылдан бастап жалпыға бірдей тегін кәсіптік білім беру жобасы жүзеге асады.
Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан халқына Жолдауын жариялау барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді. «Бұл деген не? Бұл - ең алдымен қабылданған бағдарламалар аясында білім беру, денсаулық сақтау саласын жаңғыртуды жалғастыру дегенді білдіреді. Біз дәл осы салалардан ешқандай да үнемдемейтін боламыз. Өйткені, білім беру де, денсаулық сақтау салалары да - бұл біздің болашағымыз, бұл - біздің азаматтар. Сондықтан да, қазір, осы мінберде тұрып 2017 жылдан бастап «Жалпыға бірдей тегін кәсіби-техникалық білім беру» жаңа жобасы басталатынын жариялаймын», - деді Н. Назарбаев. Елбасының айтуынша, жобаға сәйкес, мемлекет әрбір адамға жеке мамандық беруді қолға алатын болады. «Мектепті бітірген жас азамат бірінші мамандығын тегін алатын болады. Біз осыдан бастайтын боламыз. Үкімет осыған кірісуі керек. Қазақстанның жас азаматтары білімді, еңбекқор, бастамашыл болуы тиіс. Жұмыс пен сұранысы бар өңірге батылдықпен барулары керек. Егер шеберліктің шыңына жете білсеңіздер - мамандықтың бәрі жақсы. Қазір техникалық мамандықтардың, ғылым мен инновацияның күні туған заман. Ерінбей еңбек еткен адамның өмір сапасы озады, тұрмысы жақсы болады. Ең ақыры бүгінгі жасап жатқан жақсылықтарымыздың барлығы-жастар болашағы үшін», - дедіН.Назарбаев.
Біздің қаламызда жалпыхалықтық сенбілік кезінде ағаш отырғызу мен санитарлық тазалау жұмыстарына 11 мыңдай тұрғын қатысты. Олардың арасында қала кәсіпорын-мекемелері мен мемлекеттік органдар қызметкерлері, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері бар. Облыс әкімі Алтай Көлгінов, қала басшысы Нариман Төреғалиев, облыстық және қалалық мәслихат депутаттарымен, ардагерлер мен жастар бірлестіктері көшбасшыларымен және халықаралық «Көршілер-Соседи-2016» Қазақстан-Ресей жастары лагері делегаттарымен бірге 7-інші және 9-шағынаудан аралығындағы жаңа алаң маңындағы көшеге 400 түптей ағаш отырғызуға қатысты. Сондай-ақ студент жастар Сарайшық көшесінде 1500 шаршы метр көгорайда жұмыстанды. Бір айта кетерлігі, бұл жолы бұрын отырғызылмаған жаңа ағаш түрлеріне басымдылық берілді. Жыл соңына дейін облыс орталығында 50 мың түп ағаш отырғызу көзделсе, соның 10 мыңы жаңа алаңда орын теппек.
Сонымен бірге біздің колледжіміздің оқушылары қаламызда өткен түрлі қоғамдық шараларға қатысып, Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына өздерінің үлестерін қосты. Атап айтсақ, 2011 жылы мамыр айында өткен сенбілік кезінде ағаш отырғызу мен санитарлық тазалау жұмыстарына колледжіміздің оқушылары ат салысты. Қаламыздың маңындағы Потстепное ауылының маңына жүздеген түп ағаштары отырғызылды. Оған қатысқан оқушылар І,ІІ курс студенттері.№9 топ оқушылары «Қала күні» мерекесіне байланысты өткен сенбілікке, «Асық ойнау», «Өлкетану» мұражайында өткен «Қыш ыдыс» жасау қолөнеріне қатысып, өздерінің еңбек сүйгіштіктерін көрсетті. Колледжіміздің №8, 9 топ оқушылары 2014 жылы 11 қазанда өткен «Таза жағалау» акциясына қатысып, «Жайық» өзенінің жағасындағы қоқыстарды тазалап, қаламыздың көркеюіне өз үлестерін қосты.
«Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі –ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар тәннің құмары. Біреуі білсем екен деп туады. Не көрсе соған талаптанып. Білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген. Мұның бәрі-жанның құмары», - деген екен Ұлы Абай атамыз. Сабақ оқу да – еңбек. Колледжімізде үздік оқып, қазір ЖОО-да озат студент болып жүрген оқушыларымыз қаншама. Олай болса, болмасаң да ұқсап бақ демекші бәріміз де жақсы оқып, еңбектеніп мемлекетіміздің гүлденуіне, көркеюіне үлесімізді қосайық демекпін. Шын мықтыға тұсау жоқ дегім келеді. Еңбек қана бар қиындықты жеңбек. Барлық байлық еңбекпен келеді. Еңбексіз бос жүру адамды моральдық жағынан құлдыраушылыққа, жұрт еңбегінің есебінен күн көруге әкеліп соғады.Еңбек етпесең не қорлыққа, не ұрлыққа барасың. Еңбек қана адамның жанын жарастыққа, ризалық сезіміне бөлеп бақытты етеді. Еңбек етсең ешкімге тәуелді болмайсың. Атыңды да, атағыңды да шығаратын - Еңбек.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Назарбаев Н. Ә.Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам / Н. Ә. Назарбаев // Егемен Қазақстан. - 2012. - 10 шілде.
2.Назарбаев Н. А. Социальная модернизация Казахстана: Двадцать шагов к Обществу Всеобщего Труда / Н. А. Назарбаев // Казахстанская правда. – 2012. – 10 июля.
3.Аймагамбетов Е. Шаг за шагом, ступень за ступенью / Е. Аймагамбетов // Казахстанская правда. - 2012. - 16 августа ( № 271-273). - С. 3.
4.Алтынбасов Б. Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына жол / Б. Алтынбасов // Егемен Қазақстан. - 2012. - 27 қыркүйек.
5.Ахметов С. Национальная идея – построение Общества Всеобщего Труда / С. Ахметов // Казахстанская правда. – 2012. – 15 августа.
6.Аязбеков К. Общество труда : в стране полным ходом реализовывается программа занятости населения / К. Аязбеков // Литер. - 2012. - 16 ноября.
7.Әбдіқалықова Г. Әлеуметтік қамсыздандыру және оның даму саясаты / Г. Әбдіқалықова ; С. Шайынғазы // Егемен Қазақстан. - 2012. - 31 тамыз. - Б. 4.
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/261222-zhalpya-orta-ebek-oamyltty-bajlyty-
БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- «Основы менеджмента в образовании»
- «Современные методы, средства и технологии обучения в учреждениях СПО»
- «Преподавание физической культуры в контексте реализации ФГОС НОО и ФГОС ООО от 2021 года»
- «Особенности психолого-педагогической работы по сопровождению семей, воспитывающих детей с ОВЗ»
- «Нормативно-правовое обеспечение деятельности школьного учителя-логопеда»
- «Преподавание химии по ФГОС ООО и ФГОС СОО: содержание, методы и технологии»
- Информатика: теория и методика преподавания в образовательной организации
- Педагогика и методика преподавания информатики
- Педагогика и методика преподавания физики и астрономии
- Менеджмент в сфере образования. Организация работы специальной (коррекционной) школы
- История и обществознание: теория и методика преподавания в образовательной организации
- Организационно-методическое сопровождение педагогов. Наставническая деятельность в образовательной организации

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.