Охрана труда:
нормативно-правовые основы и особенности организации
Обучение по оказанию первой помощи пострадавшим
Аккредитация Минтруда (№ 10348)
Подготовьтесь к внеочередной проверке знаний по охране труда и оказанию первой помощи.
Допуск сотрудника к работе без обучения или нарушение порядка его проведения
грозит организации штрафом до 130 000 ₽ (ч. 3 статьи 5.27.1 КоАП РФ).

Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014

Почему стоит размещать разработки у нас?
  • Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
  • Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
  • Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
Свидетельство о публикации
в СМИ
свидетельство о публикации в СМИ
Дождитесь публикации материала и скачайте свидетельство о публикации в СМИ бесплатно.
Диплом за инновационную
профессиональную
деятельность
Диплом за инновационную профессиональную деятельность
Опубликует не менее 15 материалов в методической библиотеке портала и скачайте документ бесплатно.
15.10.2017

Қаздар қайтып барады «ҚМЖ»

Курантаева Эльвира Магауевна
учитель казахского языка и литературы
Ресурс адресуется учителям казахского языка и литературы в национальной школе. Материал содержит краткосрочный план урока казахской литературы для 8-класса

Содержимое разработки

Бекітемін: оқу ісінің меңгерушісі:А. Ж. Достанова

Сабақ:№ 51

Класы:8 «А»

Күні: 16.03.2017

Мұғалімнің есімі: Э. М. Курантаева

Сабақтың тақырыбы:«Қаздар қайтып барады» әңгімесі. Тақырыбы мен идеялық мазмұны

Сабақ мақсаттары

Қ. Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» әңгімесінің тақырыбы мен идеялық мазмұнын талқылату арқылы оқушылардыңшығармашылық қабілеттерін дамытуға, ойларын нақты, дәл жеткізіп, өз пікірлерін қорғай білуге дағдыландыру, дүниетанымын кеңейтіп, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншілігін ояту, отансүйгіштікке тәрбиелеу;

Барлық оқушылар:

Ынтымақтастық атмосферасын құрады. Өз пікірлерін еркін айтуға бейімделеді.Өз-өзін бағалау жүйесі қалыптасады

Оқушылардың басым бөлігі:

Сұрақтарға нақты жауап беріп, әңгімеден дәексөздерді келтіріп, ойын мазмұнды, еркін жеткізеді.

Кейбір оқушылар:

Сыни тұрғыдан ойлайтын сұрақтарға жауап беріп, жауабын өмірмен ұштастыра біледі

Тілдік мақсат

Негізгі сөздер мен тіркестер: идея, тақырып,дәйексөздер

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:сөздікпен жұмыс, сұрақтар, тест тапсырмалары

Талқылауға арналған сұрақтар:

Немересімен үйрек атуға барғанда қаздар туралы айтқан әңгімесінің түйіні не, қарт күрсінісі нені аңғартады? Туған жер топырағын аттаған қарттың сезім күйін, сағынышын, қуанышын автор қалай суреттеген? Байтас қарт неліктен туған жерге оралуды аңсады?

Неліктен әңгіме «Қаздар қайтып барады» деп аталады? Неліктен жолаушы қиын да болса төте жолды таңдады?Қуғыншыдан қауіптенбей, жолаушының көкжалдан қорқуы неліктен?

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

ресурстар,

бағалау

Сабақтың басы:

«Мозайка»

(8 минут)

Ортасы:

«ДЖИГСО»

(10 минут)

Ынтымақтастық ахуал:

Мейірімді жүрекпен, ақ пейілді тілекпен,

Амандасып алайық, бір жадырап қалайық!

Оқушыларға аңшы, қасқыр, топырақ суреттерінің бөлшектері үлестіріледі. Суреттер құрастыру арқылы топтасады. Суреттердің тақырыбын анықтап «Қаздар қайтып барады» әңгімесінен сол суретке сай үзіндіні оқиды.

Аңшы - Бұл жаққа келгелі қарттың кәсібі аңшылық болатын...(209-б.)

Қасқыр- Түс кезінде бұған бір көкжал қасқыр кезігіп соңынан қалмай қойды... (206-б.)

Топырақ – 214-б. ...осыдан 40 жыл бұрын жат өлкеге аттанарда тұған жерден түйіп алған топырақ еді.

Қаздар қайда қайтуы мүмкін?(өзенге,жылы жаққа, балапанына, ұясына)

Оқулық 215-б.Тақырып – әдеби шығармада сөз болатын басты мәселе, шығарма мазмұнының негізгі арқауы, айтылатын жайлардың бағыт-бағдары.

Идея – әдебиет шығармасында өмірдегі жай-жағдайлар, адам тағдыры баяндалғанда, суреттелгенде жазушының сөз болып отырған мәселелерге қатынасы, көзқарасы да аңғарылады. Ол автордың өмір құбылыстарынан, жекелеген оқиға, жағдайларды қалай іріктеп, реттеп көрсетуінен кейіпкерлердің халық қалай сезінуден, соларды бейнелеу қалпынан-ақ белгі беріп тұрады. Идея дайын күйінде, өзінен-өзі бадырайып көрініп тұрған қорытынды пікір деп түсінуге болмайды.

( 5 минут) №1. 204-207-бб. №2. 208-211-бб. №3. 211-214-бб.

Тобында айтуға 5 минут

слайд №1,2

суреттер, оқулық

слайд №3

слайд №4

«Әдебиет-тану тер-миндері-нің сөзді-гі»,

З.Ахметова

слайд №5

«Конверттегі сұрақтар» (8минут)

1-конверт. Жолға шыққан қарт қайда сапар шегіп келеді? Оның сапар шеккеніне неше күн өтті? Асудың ұшар басының табиғаты қандай екен? Қарттың жол азығы қандай? Неліктен жолаушы қиын да болса төте жолды таңдады?

2-конверт. Қуғыншыдан қауіптенбей, жолаушының көкжалдан қорқуы неліктен? Қарт көкжалдан қалай құтылды? Өзеннен өтіп демалып отырғанда адамның қу басын көрген ол құдайға не деп жалбарынды?«Өрттен қалған қу томардай болып жалғыз қалдым» деуінің мәнісі не? Қарттың басты өкініші неде деп ойлайсың?

3- конверт.Немересімен үйрек атуға барғанда қаздар туралы айтқан әңгімесінің түйіні не, қарт күрсінісі нені аңғартады? Неліктен жолаушы шекара сызығын қыл көпірдей сезінді? Туған жер топырағын аттаған қарттың сезім күйін, сағынышын, қуанышын автор қалай суреттеген? Байтас қартты туған жерге жетелеген қандай құдірет, қандай күш

«Сыңарын тап» (4 минут) (слайд №6)

Кестедегі екі бағандағы сөздер қиылып үлестіріледі. Оқушылар сөздердің мағынасын сәйкестендіреді

Қоржын

жолаушы жүргенде әр түрлі нәрсе салу үшін иірген жүннен тоқылған екі басты қап

Торсық

Сусын құю үшін ысталған теріден жасалған ыдыс

Саптыаяқ

Ағаштан шауып жасалған ыдыс

Шіліңгір ыстық

Өте ыстық

Қапсағай

Зор денелі, ұзын бойлы, сүйегі ірі адам

Төрттағандап

Екі аяқ, екі қолын тіреп тұра қалу

Сірі шоқай

Көн теріден тiгiлген жеңiл аяқкиiм, шәркей

Малта

Сүзбеден сығып дайындалған құрт

Аңысын аңдып

Істiң бет алысын, ыңғайын байқады

Шөкесінен

Екi тiзесiн бүгiп, аяғын бауырына алып, етпеттеп жату

Әккі

Тiс қаққан, ысқаяқ, жырынды, тәжiрибелi, айлакер, қу

Жалама тас

Жылмағай, жып-жылтыр, жалтыр тас

Қаталау

Ыстықтан таңдайы кеуіп, қатты шөлдеу

Қойтас

Қойдың үлкендігіндей ірі тас

Ұшқат, мойыл

Ұсақ жапырақты бұта өсімдігі

Қу томардай

Томар сияқты, дөңбектей, үлкен

Мұқым

Бүкiл, күллi, түгел

Бердеңке

Мылтықтың бір түрі

Тырнағын жібітіп

Тамағын асырап отыр, аш қалмау

Көнек ауру

Ісiп-кеуiп кететiн ауру

Бурыл

Ақ пен көк, аздап қара араласқан түс

Әңғімеде қандай жер-су атаулары кездеседі?Етікші, Тарбағатай, Күйгентас, Тентек-Халдай, Айнабұлақ, Арғанаты, Нұра

(слайд №7, 8)

Нұра өзені, Арғанаты таулары туралы А деңгейлі оқушылар қосымша мәлімет әкеледі. (3 минут)

«Білім тексеру сәті» (6 минут) (слайд №9)

Тест тапсырмаларын орындап, бірін-бірі бағалайды.

1. Байтас қарттың осы сапарға қанша жыл дайындалғанын

көрсетіңіз.

A) 30 жыл B) 40 жыл C) 50 жыл D) 60 жыл

2. Қарттың туған жерге жету үшін тілеген тілеуін белгілеңіз.

A) үш күндік ғұмыр B) мықты денсаулық C) сәтті сапар D) жақсы жолдас

3. Сусыны таусылған қарттың жолдағы азығын белгілеңіз.

A) тары B) ірімшік C) жент D) малта

4. Қарттың жалғыз немересінің атын белгілеңіз.

A) Аян B) Тортай C) Төлеутай D) Құрмаш

5. Қытай үкіметінің қартқа таққан айыптарының бірін көрсетіңіз.

A) үйде қару ұстайды B) астыртын ұйыммен байланысы бар

C) заң бұзушылық D) ұсақ мал ұрлау

6. Қарттың орны толмас өкінішін белгілеңіз.

A) досының сатқындығы B) отбасынан айырылуы

C) немересінен қапыда айырылуы D) туған жерден айырылуы

7. Қарт қырық жыл бойы сақтап жүрген зат –

A) сүйгенінің хаты B) туған жердің топырағы C) кестелі орамал D) әкесінің шақшасы

8. Байтас қарттың сапарға шыққандағы жасын белгілеңіз.

A) 50 B) 60 C) 70 D) 80

9. Әңгіменің түйінді ойын белгілеңіз.

A) шет ел қазақтарының өмірі B) туған жерге оралу C) Байтас қарттың өмірі D) өмір – күрес

10. Байтас қарт туған жерге алғаш қадам басқанда қай елді мекенге келді?

A) «Көкөзек» колхозы

B) Шыңжаң өлкесі C) Мыңбұлақ ауылы D) Сасықкөл мекені

«Атамекенге неге келдім?» https://www.youtube.com/watch?v=4zFYq9XHqIk (2 минут)

Соңы:

Бағалау

Кері байланыс:

20-22 балл – 100% - «5»

17-19 балл – 77 - 86% -«4»

11-16 балл – 50-73% - «3»

«Бағдарнама»(слайд №10) (2 минут)

Слайд № 10

Бағалау парағы

Слайд №11

Үйге тапсырма:

Композициялық жоспарға сүйеніп, дәйексөзді жоспар құру

Қосымша ақпарат:

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Сөзбен мадақтау, төмен дәрежелі сұрақ қою, ойлануға уақыт беру, қайта бағыттау сұрақтарын қою.

Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Сыни тұрғыдан ойлайтын сұрақ және жоғары дәрежелі сұрақ қою,қосымша тапсырмалар

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Бірін бірі бағалау, стразбен бағалау, өзін-өзі бағалау

Пәнаралық байланыс:

Өзін-өзі тану, география

Денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. (инт. тақтаны орынды қолдану

Құндылықтармен байланыс

(тәрбие элементі) дүниетанымын кеңейтіп, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншілігін ояту, отансүйгіштікке тәрбиелеу;

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды. Оқушылар сабақ барысында Қ. Жұмаділовтың «Қаздар қайтып барады» әңгімесін «Джигсо» әдісі арқылы талқылап, тақырып пен идеясын анықтады. Сабақ жоғары деңгейде өтті. Жоспарланған тапсырмаларым тақырыпқа сай болды, оқушылардың барлығы сабаққа белсенді қатысты. Уақытты тиімді пайдаландым. Жоспарыма ешқандай өзгеріс енгізген жоқпын, себебі дайындаған әдіс-тәсілдерім, тапсырмаларым тақырыпқа сай болды.

Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/272646-azdar-ajtyp-barady-mzh

Свидетельство участника экспертной комиссии
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и закажите рецензию на методическую разработку.
Также вас может заинтересовать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ
БЕСПЛАТНО!
У вас недостаточно прав для добавления комментариев.

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

 

Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)

Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.

Рекомендуем Вам курсы повышения квалификации и переподготовки