Охрана труда:
нормативно-правовые основы и особенности организации
Обучение по оказанию первой помощи пострадавшим
Аккредитация Минтруда (№ 10348)
Подготовьтесь к внеочередной проверке знаний по охране труда и оказанию первой помощи.
Допуск сотрудника к работе без обучения или нарушение порядка его проведения
грозит организации штрафом до 130 000 ₽ (ч. 3 статьи 5.27.1 КоАП РФ).

Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014

Почему стоит размещать разработки у нас?
  • Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
  • Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
  • Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
Свидетельство о публикации
в СМИ
свидетельство о публикации в СМИ
Дождитесь публикации материала и скачайте свидетельство о публикации в СМИ бесплатно.
Диплом за инновационную
профессиональную
деятельность
Диплом за инновационную профессиональную деятельность
Опубликует не менее 15 материалов в методической библиотеке портала и скачайте документ бесплатно.
16.11.2017

Мұғалімнің кәсіби білімін жетілдіру

Шунканова
Биология пән мұғалімі
Мұғалімнің кәсіби білімін жетілдіру — бұл педагогикалық шеберлікке жетудің негізгі жолы. Білім беру саласындағы үздіксіз өзгерістер мен инновациялардың жаңа талаптарына сай, мұғалім өз білімін үнемі жаңартып, дағдыларын кеңейтуі тиіс. Бұл процестің мақсаты — оқу-тәрбие жұмысының сапасын арттыру, заманауи әдіс-тәсілдерді меңгеру және оқушылардың ынтасын ояту. Педагогикалық шеберлікке жету үшін мұғалімнің өзін-өзі дамытуы, тәжірибе алмасуы, білімін тереңдетуі қажет. Бұл материалда кәсіби өсу стратегиялары, тиімді әдістемелер мен практикалық ұсыныстар ұсынылады.

Содержимое разработки

Шымкент қаласы

Саттар Ерубаев атындағы

24 мектеп -лицей

Биология пәні мұғалімі

Жарасова Күлжан Спандияровна

«Мұғалімнің кәсіби өз білімін жетілдіруі және өзін-өзі дамытуы-педагогикалық шеберлікке бастар жол»

«Мектеп жұмысын өрістетудегі

негізгі тұлға-мұғалім» Стронг

ХХІ ғасыр-жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Қазақстан -2030 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігіне кіріктірумен сипатталады.Сондықтан да қазіргі таңда білім саласында өзгерістер орын алуда.

Өзгеріс...! Жаңа енгізулер...!

Бұл не қылған өзгерулер? Не деген өзгерістер? Неге бұл өзгертулер мектеп жүйесінде іске асырылып жатыр? Иә, дәл осындай сансыз сұрақтар алғашында әрқайсысымыздың көкірегімізден орын алғаны рас. Өзіміз білетіндей білім саласы үнемі ізденіс үстінде алға қарай жылжып, өзгеріп отыруды қажет ететіндігін айтпасақ та түсінікті. Демек, «Ғылым мен техниканың күн санап өсуіне байланысты педагогика ғылымының теориясы мен оқыту үрдісі де түбегейлі өзгерістерге ұшырауда.Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты.Сондықтан бүгінгі таңда білім саласына үш тілді сабақ беруді енгізу, сонымен қатар мемлекеттік тілді оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану-заман талабы.

Өскелең елдің айбынды болашағы үшін – ең әуелі сапалы білім қажет. Білім берудің негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.Сол себепті қазіргі уақытта жаңашылдыққа қарай қадамның дамуы барлық салада үздіксіз болуы тиіс. Ұстаздардың білімді, құзыретті, кәсіби дайындалған  маман болуы бүгінгі күннің басты талабы деп ойлаймын. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан ұстаздарының алдына қойған мақсаты да осы деп түсінемін.

Ұстаз-үнемі ізденіс үстінде жаңашылдыққа ұмтылып, өзінің педагогикалық білімін шыңдап отыруы тиіс. Ушинскийдің «Мұғалім үйренуді тоқтатқан кезде өледі»-деп айтуы өте орынды деп санаймын. Себебі ұстаз–білім берудегі негізгі тұлға, оқу үдерісінің темірқазығы. Демек қазіргі кезде өтіп жатқан барлық реформаның жемісті болуы, сонымен қатар еліміздің болашағының жарқын болуы - ұстаздың қолында. Бүгінгі таңдағы адами капиталдың өсіп, қалыптасуындағы мектептің рөлі ерекше. Сондықтан да өзгерістердің мектептен бастау алатындығы белгілі.

Нақты қандай өзгерістер? Иә, бұл өте орынды сұрақ. Біз нені өзгертуіміз керек? Қалай өзгеруіміз керек? Біз бұл сұрақтардың жауабын білмей тұрып жаңартылған бағдарламаға қадам баса алмаймыз.

Орта білім берудегі реформаларға тоқталар болсақ, 12 жылдық білім беруге көшу үдерісіне байланысты білім беру стандарты да өзгеріп жатыр.Жоғарыда айтып өткендей бұл-үш тілділікті дамыту.Сонымен қатар ұлттық бірыңғай тестілеуге байланысты күтіліп отырған трансформациялық өзгерістер.Аталып отырған өзгерістерді жүзеге асыруда табысты болуы үшін оқушының қызығушылығы, білім сапасы жоғары болуы қажет.Демек, бұл өзгерістерді жүзеге асыруда мұғалімдерге қойылатын талап жоғары.Мұғалімнің шеберлігінің жоғары болуын талап етеді.Сондықтан да ұстаздардың біліктілігін арттыру-орта білімді реформалаудың басым бағыттарының бірі болып отыр. Осыған орай соңғы үш жылда ұстаздар жаңартылған білім мазмұны бойынша түрлі біліктілікті арттыру курстарынан өтіп отыр.Дегенмен курстан өту барлық мәселенің шешімі деп айта алмаймыз. Бұл мәселеде ұстаздың өзінің мамандығына деген сүйіспеншілігі, өзін-өзі жетілдіруі, дамытуы үлкен рөл атқарады.

Өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі дамыту дегеніміз не? Әрине бұл сұрақтың жауабы біреу-ақ. Мұғалімнің үнемі ізденіс үстінде болып, қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларынан білімді болуы.

Осы тұста өзін-өзі жетілдірудің төрт формасын атап өту өте маңызды.Олар: тікелей оқу; мектепішілік оқу; мектептен тыс оқу; сыныпта оқу. Яғни, түрлі халықаралық, республикалық онлайн семинарлар, конференциялар, қоғамдық бірлестіктер, жоғарғы оқу орындарымен байланыс, әріптестермен тәжірибе алмасу, тіпті оқушылардың берген кері байланыстары мен өзіңнің рефлексиялық есептерің де өзін-өзі жетілдірудің маңызды бөліктері болып табылады. Аталған формаларды жетілдіргенде ғана мұғалім білімінің шыңдала түсетіні даусыз. Алайда бұған жету жолында ұстаздар көптеген сыннан өтіп, түрлі қиыншылықтармен кездесіп жатады. Ал сол қиындықтардың бәрін жеңе білген адам ғана нағыз мұғалім бола алады.

Мұғалім. Жалпы осы мұғалім сөзіне толталып көрейікші. Мұғалім деген кім? Мұғалім- ең алдымен алдыңда отырған оқушының жан дүниесін көзіне қарап түсінетін психолог. Мұғалім ол – әр баланың қабылдау деңгейінде білімді бере алатын әртіс. Мұғалім ол-болашағын болжаудан қорқатын балалардың жүрегіне мейірімділікпен шуағын төгетін дәрігер. Мұғалім- жазу, сызу білмей келген балдырған балалардан білімді, ұлы тұлға жасап шығатын мүсінші.Мұғалім-білім берумен бірге болашақ мамандығын дұрыс таңдауына жол сілтейтін бағыттаушы.Әрине мұның бәрі бойынан табылу үшін мұғалім-қажырлы, қайратты, шабытты болуы қажет. Ал, мұғалім күнделікті шабытты қайдан алмақ?

Әрине тек өзіңнен. Сені кіршіксіз, риясыз сезіммен жақсы көретін оқушыларың екендігін ұғынғанда, мектепке кіріп келгенде алдыңнан жүгіріп шыққан балақайларды көргенде, жалпы өзің жасап жатқан жұмысыңның ұлылығын сезінгенде ғана «Ұстаз» деген ұлы мамандықтың иесі болуға лайықты екендігіңе көзің жетеді.

Мен өз сөзімді ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының мына бір керемет сөзімен тұжырымдағым келеді. «Мұғалім қандай болса, мектеп һәм сондай болмақшы. Яғни мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі-білімді, педагогика, әдістемеден хабардар ете отырып оқыта білетін мұғалім-нағыз мұғалім». Сондықтан да бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын біздер үшін үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп.

Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/280398-malimni-ksibi-bilimin-zhetildiru

Свидетельство участника экспертной комиссии
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и закажите рецензию на методическую разработку.
Также вас может заинтересовать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ
БЕСПЛАТНО!
У вас недостаточно прав для добавления комментариев.

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

 

Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)

Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.

Рекомендуем Вам курсы повышения квалификации и переподготовки