Охрана труда:
нормативно-правовые основы и особенности организации
Обучение по оказанию первой помощи пострадавшим
Аккредитация Минтруда (№ 10348)
Подготовьтесь к внеочередной проверке знаний по охране труда и оказанию первой помощи.
Допуск сотрудника к работе без обучения или нарушение порядка его проведения
грозит организации штрафом до 130 000 ₽ (ч. 3 статьи 5.27.1 КоАП РФ).

Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014

Почему стоит размещать разработки у нас?
  • Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
  • Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
  • Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
Свидетельство о публикации
в СМИ
свидетельство о публикации в СМИ
Дождитесь публикации материала и скачайте свидетельство о публикации в СМИ бесплатно.
Диплом за инновационную
профессиональную
деятельность
Диплом за инновационную профессиональную деятельность
Опубликует не менее 15 материалов в методической библиотеке портала и скачайте документ бесплатно.
04.12.2017

Сабақ тақырыбы: 9 мамыр Жеңіс күні!

Открытый урок для дошкольников «9 мая – День Победы» посвящен патриотическому воспитанию. Цель занятия — рассказать детям о Великой Отечественной войне, героизме казахстанцев, таких как Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова и Мәншүк Мәметова. Материал включает стихи, беседу о Вечном огне и традиции возложения цветов. Конспект помогает воспитать уважение к истории, любовь к Родине и почтить память предков. Подходит для проведения тематического занятия в детском саду ко Дню Победы.

Содержимое разработки

Сабақ тақырыбы: 9 мамыр – Жеңіс күні!

Сабақ мақсаты:Жас ұрпақты бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, өз Отанын сүюге, Отанымыздың саясатын қолдауға, ерлікке, адал, батыл болуға тәрбиелеу, өзін-өзі басқаруға, еркін сөйлеуге ерік беру

Сәлеметсіңдер ме балалар, сәлеметсіздер ме ата-аналар мен ұстаздар. Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ яғни ашық сабақ. Сабағымыздың тақырыбы: «Жеңіс күніне» арналады.

Міне, Ұлы Жеңіс мерекесі кезекті көктемнің шуақты күнімен сәйкес келіп отыр. Бұл күнді барлық қазақ елі атап өтуде. Себебі: аға-әпкелеріміздің осындай ерлігінің бірі – Ұлы Отан соғысындағы жеңісі.

Балалар, сабағымызды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен бастаймыз.

Ұлы Отан соғысының аяқталғанына биыл 71 жыл толып отыр. Жеңіс күні – адамзат аңсап өткен күн, жеңістің туын тіккен күн– 1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні.

(Жеңіс күніне арналған тақпақтарын Жансая мен Нүриля айтып береді)

Жансая

Жас ұрпақ тілегі,
Бейбіт күн асқары.
Ашық боп тұрсын де,
Әлемнің аспаны!

Нүриля

Арылтып жаудан жеріңді,

Табанға жаншып өлімді

Жеңіспен желпіп өмірді

Оралды ерлер көңілді.

Ұлы Отан соғысы 1941 жылы басталып 1945 жылы аяқталды, яғни 4 жылға созылған соғыста елімізді, жерімізді, келешек ұрпақты қорғау үшін біздің қаншама аға-әпкелеріміз соғысты, шайқасты.

Солардың бірі Кеңес одағының батыры, әскери қолбасшы Бауыржан Момышұлы атамыз.

Қазір ол кісінің ескерткіші біздің Көкшетау қаласында бар.

Кеңес одағының батыры, әскери қолбасшы кім?

(Енді батыр бабаларымыздың ерлігі туралы Ерасыл мен Нурайым тақпақтарын айтып береді)

Ерасыл

Батыр бопты бабамыз
Біздер әлі баламыз
Күзетте тұр тұрағы
Әскердегі ағамыз.

Нурайым

Он сегізде соғыс атты от кешкен,

Жараланып жас денесін оқ тескен,

Аталарым, ардагерлер,  болшы аман,

Зейнетін көр бейнетіңнен мол кешкен.

Сонымен қатар қазақтың батыр қыздары да осы қан майданда біз үшін шайқасты. Олар пулеметші қыз - Мәншүк Мәметова және мерген қыз - Әлия Молдағұлова.

Әлия мен Мәншүк батыр қыздардың ескерткіштері Алматы қаласында орналасқан.

Қазақтың батыр қыздары кімдер?

Балалар, осы Ұлы Отан соғысына біздің топтағы Жансая мен Адияның үлкен аталары Байдалы Уразалин атамыз да қатысқан, біз үшін жаумен соғысқан. Міне, қараңдаршы біздің мектебіміз осы Байдалы Уразалин атында, яғни күнде көріп жүргендеріңдей мектеп алдында ескерткіші бар және кіре берісте де. Біз жыл сайын 9 мамыр Жеңіс күні осы ескерткіш алдына жиналып, 1 минут еске алып, гүл шоқтарын қоямыз.

Сергіту сәті

Мәңгілік алау - соғыста қаза болған аға-әпкелерімізді мәңгі есте сақтау мақсатында қойылған лаулап жанып тұратын от. Осы кезде жыл сайын адамдар мәңгілік алауға келіп өздерінің гүл шоқтарын қояды.

Мәңгілік алау не үшін жанып тұрады?

Қазақстанда мамыр айының 9-ы мемлекеттік мереке болып саналады. Яғни 9 мамыр Жеңіс күні. Жыл сайын біз осы Жеңіс күні мерекесін атап өтіп, елі, жері үшін қаза тапқан аға-әпкелерімізді, аталарымызды еске аламыз.

9 мамыр қандай күн?

(Жеңіс күніне арнап Адия мен Нұрайым тақпақтарын айтып береді)

Адия

Ардагерлер, ұзақ өмір сүріңдерші,

Арамызда ардақ болып жүріңдерші!

Құрметтейік жеңісті мамырдағы,

Бақыттан рахаттанып күліңдерші!

Нұрайым

Жасасын Жеңіс, бақытты елім күле бер!

Тәуелсіз ел боп мәңгі бірге жасай бер!

Болмасын соғыс, болмасын соғыс, болмасын

Осы тілекпен қазақ елі жүре бер!

Балалар, енді елімізде соғыс мүлдем болмасын деп тілейміз. Сол себепті де қазір біз сабағымыздың соңында елімізде бейбіт өмір, тыныштық болсын деген мақсатпен Ақ көгершін құсын өз қолымызбен жасаймыз.

Ол үшін мына заттар керек........

Енді барлығымыз ортаға шығып ақ көгершін әнін орындаймыз.

Балалар енді келген қонақтарымызға бүгінгі күннің белгісі ретінде қалампыр яғни гвоздика гүлін сыйға тартайық.

Бүгінгі сабағымыз аяғына жетті, Отанын сүйетін, әрқашанда қорғай білетін нағыз азамат болып өсе беріңдер. Халқымыздың ерлігімен, батырлығымен, қайсарлығымен келген тәуелсіздігіміздің туы мәңгілік желбірей берсін.

Сабаққа жақсы, белсенді қатысқандарың үшін үлкен рахмет, ал ата-аналар, ұстаздар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге сіздерге де мың алғыс.

Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/283791-saba-tayryby-9-mamyr--zheis-kni

Свидетельство участника экспертной комиссии
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и закажите рецензию на методическую разработку.
Также вас может заинтересовать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ
БЕСПЛАТНО!
У вас недостаточно прав для добавления комментариев.

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

 

Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)

Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.

Рекомендуем Вам курсы повышения квалификации и переподготовки