Охрана труда:
нормативно-правовые основы и особенности организации
Обучение по оказанию первой помощи пострадавшим
Аккредитация Минтруда (№ 10348)
Подготовьтесь к внеочередной проверке знаний по охране труда и оказанию первой помощи.
Допуск сотрудника к работе без обучения или нарушение порядка его проведения
грозит организации штрафом до 130 000 ₽ (ч. 3 статьи 5.27.1 КоАП РФ).
Повышение квалификации

Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014

Почему стоит размещать разработки у нас?
  • Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
  • Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
  • Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
Свидетельство о публикации
в СМИ
свидетельство о публикации в СМИ
Дождитесь публикации материала и скачайте свидетельство о публикации в СМИ бесплатно.
Диплом за инновационную
профессиональную
деятельность
Диплом за инновационную профессиональную деятельность
Опубликует не менее 15 материалов в методической библиотеке портала и скачайте документ бесплатно.
25.12.2017

Технологиялық карта. Құрастыру. Тақырыбы: «Аққу» (табиғи материалдан)

В данном материале предоставлен конспект занятия по конструированию для старшей группы, на тему «Аққу» («Лебедь»). На занятии были использованы подручный материал (шишки) и пластилин. Конспект составлен на казахском языке.

Содержимое разработки

Ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы

Өткізген: Бустанова Г.И.

Топтың жас ерекшелігі: № 14 ересектер тобы

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Құрастыру

Тақырыбы: «Аққу» (табиғи материалдан).

Мақсаты: Табиғи және құнсыз материалдардан берілген тақырып бойынша құрылыс салуға үйретуді жалғастыру.

Міндеттері:

БМ: Аққулар жайлы түсініктерін кеңейту.Үлгі жұмыспен салыстырып аққудың бейнесін дұрыс құрастыруға үйрету.

ДМ: Негізгі пішінге бөлшектерді жапсыруды, шығармашылық көзқарасты, қиялдауды дамыту. Қол қимылын жетілдіру. Қиялын,шығармашылығын,ойлау дамыту.

ТМ: Ұйымшылдықпен жұмыс істеу ықыластарын, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қолданатынкөрнекі құралдар: сиқырлы қапшық; аққу бейнеленген суреттер; бала санына қарай: шырша бүршіктері, ермексаз.

Сөздік жұмыс: шырша бүршігі, аққу.

Қостілділік компонент: аққу – лебедь – swan.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

Мотивациялық-қозғаушылық кезең:

Кіріспе әңгіме: -Балалар, менің қолымда не көріп тұрсыңдар? (сиқырлы қапшық)

-Оның ішінде не бар ойлайсыңдар? (Ойыншық, машина, жеміс, т.б.)

Ұйымдастырушылық – ізденістік кезең:

Баланы шақырып, қапшыққа қолын салуға, содан соң қолына түскен затты сипаттап беруге ұсынады. Бала қиындалса, сұрақтар қойып көмектесуге болады.

-Еркежан, сенің қолына қандай зат түсті? Ол қатты ма, жұмсақ па?

-Пішіні қандай?

-Енді шығарып балаларға көрсет.

-Балалар, бұл не? (Бұл бүршік («шишка» деп жауап беруі мүмкін)

-Бұл шырша бүршігі. Бүгін біз шырша бүршіктерінен аққуды мүсіндеп жасаймыз.

Аққу бейнеленген суретті көрсетеді

-Ақ жылы жаққа ұшып кететін құс. Мойыны оның ұзын, иілген. Аққулар жұптасып жүреді.

-Аққудың түсі қандай? (Аққу ақ түсті)

Үлгі жұмысқа назар аудартады.

-Бүгін біз аққуды жасаймыз.

-Оның денесі неден жасалған? (Денесі шырша бүршіктен жасалған)

-Ал басы, мойыны, қанаттары неден жасалған? (Басы, мойыны, қанаттары ермексаздан жасалған.

Жұмыстың жолдарың көрсету және түсіндіру:

- Алдымен ақ түсті ермексазды үш бөлікке бөлеміз. Содан соң бір бөлікті алып, таяқша ретінде есеміз (көрсету).

-Бұл мойыны.Содан кейін оның бір жағын, басын шығарып, біраз үшкірлетіп бүгеміз. Ал, екінші жағын бүршіктің жуан жағынан бекітеміз (көрсету).

-Үшкірлеткен жағына біраз қызыл түсті ермексазды жағамыз (көрсету). Бұл тұмсығы.

-Кішкентай екі қара бөліктен көздерін жасаймыз (көрсету).

Сергіту сәті: «Жаңбыр өлең айта-ды...»

- Енді екі қалған бөлікті алып, қанат-тарын жасайық. Ол үшін бөліктерді алақанның арасына салып сопақша пішінде есеміз (көрсету).

-Содан соң саусақтармен басып, бір жағын үшкілетеміз (көрсету).

-Оларды жалпақ жағымен бүршіктің екі жағынан орналастырып бекіте-міз (көрсету).

-Аққу құсымыз дайын. Қандай әдемі болып шықты. Солай ма?

Балаларға жұмысқа кірісуге ұсыныс береді.Балалардың жұмыстарың қарастырып, үнемі қадағалап отырады.

Рефлексиялық – түзетушілік кезең:

-Балалар, біз бүгін нені құрастырып жасадық?(Аққуды жасадық)

-Құрастыру кезінде қандай жадығаттарды пайдаландық?Бүршіктер мен ермексазды)

-Енді аққуларды мына көк түсті қағаздың бетіне орналастырып қояйық Бұл өзең деп ойлаңдар.

Күтілген нәтиже:

Біледі: аққу құстың сыртқы түрі бойынша таниды, сипаттайды;

Игереді: затты дұрыс тақырып бойынша құрастыру дағдылары; табиғи және құнсыз материалдардан затты құрастыру дағдылары.

Меңгереді: шығармашылық ынта білдіруді, берілген тақырып бойынша құрастыруды; өз жұмысынан жағымды әсер алуды.

Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/289007-tehnologijaly-karta-rastyru-tayryby-au-

Свидетельство участника экспертной комиссии
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и закажите рецензию на методическую разработку.
Также вас может заинтересовать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ
БЕСПЛАТНО!
У вас недостаточно прав для добавления комментариев.

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

 

Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)

Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.

Рекомендуем Вам курсы повышения квалификации и переподготовки