Охрана труда:
нормативно-правовые основы и особенности организации
Обучение по оказанию первой помощи пострадавшим
Аккредитация Минтруда (№ 10348)
Подготовьтесь к внеочередной проверке знаний по охране труда и оказанию первой помощи.
Допуск сотрудника к работе без обучения или нарушение порядка его проведения
грозит организации штрафом до 130 000 ₽ (ч. 3 статьи 5.27.1 КоАП РФ).

Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014

Почему стоит размещать разработки у нас?
  • Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
  • Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
  • Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
Свидетельство о публикации
в СМИ
свидетельство о публикации в СМИ
Дождитесь публикации материала и скачайте свидетельство о публикации в СМИ бесплатно.
Диплом за инновационную
профессиональную
деятельность
Диплом за инновационную профессиональную деятельность
Опубликует не менее 15 материалов в методической библиотеке портала и скачайте документ бесплатно.
08.01.2018

Тәуелсіздік тұғырым

16 - желтоқсан тәуелсіздік күніне арналған ертеңгілік

Содержимое разработки

Бекітемін:

МКҚК «Гаухар» б/б меңгерушісі:

____________ А.Б.Пангереева

«Тәуелсіздік – тұғырым»

Дайындаған: «Ақ көгершін» тобының тәрбиешісі:

А.Сисенбаева

Темір қаласы 2017 жыл

Күні: 14.12.2017

Тақырыбы: «Тәуелсіздік – тұғырым»

Мақсаты:Балаларға қазақ елі,тәуелсіз мемлекет сөздерінің мағынасын түсіндіру, түсініктерін терең және жан-жақты қалыптастыру, ана тілі мен ақыл ой дамыуының негізі барлық білімдердің қазынасы екендігін ұғындыру. Ана тілін қадірлеп, құрметтеуге тәрбиелеу. Туған жері, ұлты табиғатының ерекшелігі туралы білімдерін жетілдіру. Өз ойын жеткізе білуге үйрету.

Көрнекіліктер:Еліміздің рәміздері,ту,суреттер,буклеттер,Әнұран фанограммасы.

Топ мерекеге сай безендірілген.

Музыка әуенінде.

Тәрбиеші: Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,

Таулы орман,жасыл жайлау жерім менің.

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,

Тәуелсіз Қазақстан - елім менің! -дей отырып ,құрметті қонақтар және балалар«Тәуелсіздік-тұғырым» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

Әнұран орындалады.

Тәрбиеші: Балалар, біздің еліміз тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген жоқ.Өз тілін, мәдениетін, елінің болашағын дамытамын деген қазақ халқы тәуелсіздіктің туын алғаш көтеріп , 1986 жылы 16 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 10-дар шамасында алаңға бейбіт шеруге шыққан. Оның себебі,26 жыл бойы республиканы үздіксіз басқарып келе жатқан Д.А.Қонаев орнынан түсіріліп,оның орнына Колбин ешкімнің пікірінсіз ұсынылған еді.Осы қайшылықтар ел намысын жаншығаны соншалық,қаладағы студент жастар мен жұмысшы жастар: «Қазақ елінің көсемі сайлансын», «Өз ұлтымызды өзіміздің қазақ басқарсын» деген ұранмен алаңға шықты.Бұл қарсылыққа шыдамаған үкімет басшылары жастарға қақаған аязды боранда мұздай су шашып,иттермен қуып,қыздарды шашынан сүйреп,ер-азаматтарды күрекпен ұрып күш көрсетеді.Ендеше көтерілістен кейінгі Қайрат Рысқұлбековтың басынан өткенін көріністен көрейік.

Көрініс: /Қайраттың тұтқындалуы/

Осы көтерілісте қаншама қазақ қыздары мен ұлдарын арамыздан алып кетті атап өтсек Қ.Рысқұлбеков,Л.Асанова,Е.Спатаев,С.Мұхамеджанова.Соларды 1 минут үнсіздікпен еске алайық.

Құрбандарды еске алу/1 минут үнсіздік/

Тәрбиеші:Әр қазақтың есінде сақталады,

Желтоқсандық өрендер ақталады.

Ел намысын қорғаған сарбаздарым,

Ерліктерің мәңгілік сақталады.

Зере:Алып дүлей күштің зәре ұшқынын

Алаулатып жылатты бір қыс күнін

Сабирадай қайран қара көздерім

Тастағанын елге ерлік ұшқынын.

Еркеназ:Жасасын азат ерлік күн

Жасасын бейбіт елмен жер

Бостандық алған қазақтың

Мәртебесін көрсін ел.

Мирас:Бостандығым тұңғыш рет,

Аққанатын қаққан күн

Әже әлдилеп немересін

Басы айналған бақтан күн.

Тәрбиеші:Балалар,осыЖелтоқсаноқиғасынанкейінбіздіңеліміз 1991 жылы 16 желтоқсандаөзтәуелсіздігінеқолжеткізді.

Би: /Тәуелсіз ел/

Тәрбиеші: Сен неткен Отан-анам,ғажап едің,

Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.

Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін,

Жайнай бер,Ұлы Отан-Қазақ елім.

Сабина:Аласармас аспанымда

Күнмен гүлдеп ел өседі

Қазақстан аспанында

Бостандықтың желі еседі.

Медина:Тәуелсіздік таңын сүйем

Таңмен бірге келді ме өлең

Көк туына басымды ием,

Көгімізде желбіреген.

Артур:Әнді алысқа жетелейміз

Көкке елдің туы ілінді.

Жылда той қып өткіземіз,

Тәуелсіздік ұлы күнді.

Санжар: Маған қымбат ұлы елімнің,

Шешек атқан әр гүлі.

Аялайды бәрімізді,

Азаттықтың тың нұры.

Айат:Сарыарқаның даласында,

Күн шуағын төккен күн.

Елім менің,жерім менің,

Баққа қолы жеткен күн.

Тәрбиеші:Данасы мен батыры көп қазақпын,

Көрген талай қияметін азаптың.

Аршындаймын көк туымды шалқытып,

Жасай берсін,тәуелсіздік азат күн!

Ән: «Болашағы елімнің»

Тәрбиеші:Сен неткен Отан-анам,ғажап едің ,

Әспеттеп есіміңді жазар едің .

Есіміңді жазар едім.

Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін,

Жайнай бер,Ұлы Отан – қазақ елім.

Нұрхат:Тәуелсіздік ұлы күнім,

Тұрсын жайнап төбемде.

Сен,жасай бер мәңгі бақи,

Қуанышқа бөленде.

Ақтұрған:Тәуелсіздік-

Бақ туын.

Қолға ұсатаған сәт бүгін

Болсын дәйім шат күнің.

Нұрай:Балабақша серпін нық,

Көкке атады бөркін жұрт.

Тәуелсіздік – ынтымақ,

Тәулсіздік-еркіндік.

Сезім:Тәуелсіздік-ел болу

Ынтымақпен өрге озу.

Еркін және өзге елмен,

Терезені тең бөлу.

Данияр:Мереке бүгін ұлы күн,

Бабалар рухын көксеген.

Азатты елдің ұлымын,

Теңескен төбем көкпенен.

Бағдаулет:Өзіңдікі- еліңде ,

Өзіңдікі -жеріңде.

Өзіңді-өзің еткен бақ-

Тәуелсіздік төрінде.

Мәди:Өзіңдікі – туың да,

От пен ауа, суың да.

Жаса,Қазақстаным,

Белді бекем буын да!

Тәрбиеші:Кең байтақ,туған өлкем-Қазақстан,

Мен сені әрқашанда мақтан етем.

Төбеңде көк байрақты желбіретіп,

Жасашы,жасай берші Қазақстан!-деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/291639-tuelsizdiktyrym

Свидетельство участника экспертной комиссии
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и закажите рецензию на методическую разработку.
Также вас может заинтересовать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ
БЕСПЛАТНО!
У вас недостаточно прав для добавления комментариев.

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

 

Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)

Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.

Рекомендуем Вам курсы повышения квалификации и переподготовки