Охрана труда:
нормативно-правовые основы и особенности организации
Обучение по оказанию первой помощи пострадавшим
Аккредитация Минтруда (№ 10348)
Подготовьтесь к внеочередной проверке знаний по охране труда и оказанию первой помощи.
Допуск сотрудника к работе без обучения или нарушение порядка его проведения
грозит организации штрафом до 130 000 ₽ (ч. 3 статьи 5.27.1 КоАП РФ).

Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014

Почему стоит размещать разработки у нас?
  • Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
  • Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
  • Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
Свидетельство о публикации
в СМИ
свидетельство о публикации в СМИ
Дождитесь публикации материала и скачайте свидетельство о публикации в СМИ бесплатно.
Диплом за инновационную
профессиональную
деятельность
Диплом за инновационную профессиональную деятельность
Опубликует не менее 15 материалов в методической библиотеке портала и скачайте документ бесплатно.
28.03.2018

Табысты адамдардың әдеті

Бектурған Айнур Бақытжанқызы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сабақтың мақсаты:
1. Әр оқушының жеке қабілеттерін ашып, дамытуына қажетті жағдай жасау. Тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді меңгерту.
2. Үйренген сөздерін дұрыс қолдана білу дағдысын дамыту. Оқығанын түсініп, өз ойын дұрыс жеткізе білуге жаттықтыру. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Содержимое разработки

Бектурған Айнур Бақытжанқызы

«Мектепке дейінгі шағын орталығы және Түменбай бастауыш мектебі бар» С. Серкебаев атындағы орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Күні: 09.03.2017

Сыныбы: 8 «а»

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Табысты адамдардың әдеті

Сабақтың мақсаты:

1. Әр оқушының жеке қабілеттерін ашып, дамытуына қажетті жағдай жасау. Тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді меңгерту.
2. Үйренген сөздерін дұрыс қолдана білу дағдысын дамыту. Оқығанын түсініп, өз ойын дұрыс жеткізе білуге жаттықтыру. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ-жауап, пікірлесу.

Сабақтың жұмыс формалары: ұжымдық, жеке.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу;

Сыныпты түгелдеу.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

3–тапсырма. Етістіктің мақсатты келер шақ түрін қолданып, сурет бойынша «Жайлаудағы демалыс» тақырыбына әңгіме жазыңдар.

ІІІ. Жаңа сабақ

Табысты адамдардың әдеті

Кезінде Ахмет Байтұрсынұлы «Бай болу үшін-кәсіп керек» деген екен. Өз орныңды, өз ісіңді тауып, сүйікті кәсібіңмен айналысу маңызды. Себебі ол әрі табыс көзі, әрі сүйікті ісің.

Табысты адам мен қарапайым адамның қандай айырмашылығы бар екенін білеміз бе? Ең басты айырмашылық-қарапайым адамның өз өмірін ұйымдастыра алмауында екен. Ал табысқа жеткісі келетін адам бәрін жоспарлайды, алдын ала не істейтінін біледі, алған жолынан қайтпайды. Кейбір адамдардың құпиясы мынадай бір қарапайым ережелерді ұстанудан тұрады.

Табысты, ұйымшыл адамдардың әдеті:

1. Оларда әрбір заттың өз орны бар. Олар ұқыптылықты, жинақтылықты, іскерлікті ұнатады.

2. Олар алған затты қайта орнына қояды. Әрбір зат өз орнынан алынғаннан кейін, пайдаланылып болғаннан соң дәл сол орынға қайта қойылуы тиіс.

3. Олар бәрін жазып жүреді. Табысты және ұйымшыл адамдар тізім жасайды, белгілейді, күн тәртібін жазады және мұның бәрін бір жерде-электронды жоспарлаушы немесе қағаз күнделікте сақтайды.

4. Олар ісқағаздары мен пошталарын күнделікті оқиды, қағаздардың бос кеңістікте шашылып жатуына жол бермейді. Қандай да бір маңызды мәселелер тезірек қол қойылып, тиісті жерге жіберіледі.

5. Олар еш нәрсені кейінге қалдырмайды. Табысты адамдар істі өздері жоспарлаған уақытта жасайды.

6. Олар алға мақсат қояды және оған арнайы мерзім тағайындайды. Орындалғаннан кейін талдау жасайды, қорытындылайды.

Әр адам табысты әрі жетістіктерге қол жеткізген тұлға бола алады. Әрине, ол мүмкін, тек қана кәсібіңді тауып, ерінбей жұмыс істеп, алға ұмтыла бергейсің!

ІV. Мәтінмен жұмыс

Мәтінді оқып, түсінгендеріңді айтып беріңдер.

V. Сөздікпен жұмыс

Төмендегі жаңа сөздерді жазып, жаттау.

алған жолынан қайтпайды – не сворачивает с путей

бос кеңістікте – в свободном пространстве

VI. Жаттығу жұмыстары

4–тапсырма. Берілген сөздердің мағынасын түсіндіріңдер. Етістікті тіркеспен сөйлем құраңдар.

уайымдау – мазасыздану – қайғыру

мұң – көңілсіздік – қайғы

ашу қысу – ашулану – қаһарлану

сабырсыздық – қорқыныш – үрейлену

Анам әскерге кеткен ағамды қатты уайымдап жүр.

Жақын құрбым қалаға көшіп кеткелі мені көңілсіздік билеп жүр.

Анам менің айтылған тапсырманы орындамағаныма ашуланды.

Үйде өзім жалғыз қалған кезде менің бойымды қорқыныш билейді.

5-тапсырма. Етістіктермен қандай сөз тіркестерін құрауға болады?Мысалдарыңды жазыңдар. Кейбір етістіктердің мағынасын синонимдер арқылы түсіндіріңдер.

Аяу – Кімді? Нені?

Адамды, баланы, қарттарды, жастарды аяу.

Есіркеу – Кімді? Нені?

Қорғансыз жандарды, панасыз қалған жануарларды есіркеу.

Сену – Кімге? Неге?

Досқа, құрбыға, жолдасқа, сыныптасқа сену.

Қамқорлық көрсету – Кімге? Неге?

Әке-шешеге, ата-анаға, бауырларға қамқорлық көрсету.

Ақтау – Кімді? Нені?

Бейкүнә адамды, жазықсыз жанды ақтау.

Кінәраттау – Кімді? Нені?

Күнәлі адамды, жазықты жанды, ерсі қылықты кінәраттау.

VI. Сабақты қорыту.

- Табысты адамдар деп кімдерді айта аламыз?

- Қандай табысты тұлғаларды білесіңдер?

- Табысты болудың құпиясы неде деп ойлайсыңдар?

VII. Үйге тапсырма: 2-тапсырма. Сұрақтарға мәтін бойынша жауап беріңдер.

1. Ахмет Байтұрсынұлы бай болу туралы не деген?

2. Табысты адам мен қарапайым адамның қандай айырмашылықтары бар?

3. Табысқа жеткісі келетін адамның қандай әдеті бар?

4. Жетістіктерге, табысқа қол жеткізу үшін не істеу керек?

VIII. Бағалау.

Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/296657-tabysty-adamdardy-deti

Свидетельство участника экспертной комиссии
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и закажите рецензию на методическую разработку.
Также вас может заинтересовать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ
БЕСПЛАТНО!
У вас недостаточно прав для добавления комментариев.

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

 

Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)

Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.

Рекомендуем Вам курсы повышения квалификации и переподготовки