Охрана труда:
нормативно-правовые основы и особенности организации
Обучение по оказанию первой помощи пострадавшим
Аккредитация Минтруда (№ 10348)
Подготовьтесь к внеочередной проверке знаний по охране труда и оказанию первой помощи.
Допуск сотрудника к работе без обучения или нарушение порядка его проведения
грозит организации штрафом до 130 000 ₽ (ч. 3 статьи 5.27.1 КоАП РФ).
Повышение квалификации

Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014

Почему стоит размещать разработки у нас?
  • Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
  • Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
  • Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
Свидетельство о публикации
в СМИ
свидетельство о публикации в СМИ
Дождитесь публикации материала и скачайте свидетельство о публикации в СМИ бесплатно.
Диплом за инновационную
профессиональную
деятельность
Диплом за инновационную профессиональную деятельность
Опубликует не менее 15 материалов в методической библиотеке портала и скачайте документ бесплатно.
01.02.2018

Сәт-сапар, саған, жас түлек!

Түлектерге диплом табыс ету және оларды үлкен өмір жолына шығарып салу, елін, жерін сүюге, Отан-анасын, жакын жандарды құрметтей білуге, өткенін ұмытпауға шақыру.

Содержимое разработки

Қостанай гуманитарлық колледжі

2017-жылғы түлектердің қоштасу кешіне

арналған концерттік бағдарламаның

ә з і р л е м е с і

Тақырыбы:Сәт-сапар, саған, жас түлек!

Мақсаты: Түлектерге диплом табыс ету және оларды үлкен өмір жолына шығарып салу, елін, жерін сүюге, Отан-анасын, жакын жандарды құрметтей білуге, өткенін ұмытпауға шақыру.

Көрнекілік: Нақыл сөздер, шарлар, гүлдер, мультемедиялық тақта, т.б.

Нақыл сөздер:

«Отанның болашағы мемлекеттің келешегі жастардың қолында, олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді.» Н.Ә. Назарбаев

Айқын мақсат жол ашар,

Уақытпен тұрсақ тыныстап,

Ертеңгі күнге сол барар,

Бүгіннен тұрса жол ұсап С.С. Сартаев

Бағдарламаның барысы:

1-жүргізуші:

Қайырлы күн, қайырлы күн бәріңе!

Шаттық сезім ұялатар көңілге,

Түлектерге табыс етіп диплом

Қуаныштар жарылатын күн міне.

2-жүргізуші:

Армысыздар ата-ана, ұстаз, түлектер,

Арналады бүгінгі сан мың тілектер.

Тек сәттілік тілейміз біз сіздерге,

Қуаныштан дүрсіл қаққан жүректер!

1-жүргізуші:

Уақыттың шіркін зымырап жатқаны-ай,

Бізді алда тосатындай бақ талай.

Таусылмайтын қызығы мол тамаша,

Студенттік, студенттік шақтар-ай!

2-жүргізуші:

Сөз маржанын көкейімнен төккенімде,

Есейіп, білім қуып кеткенім бе?

Жаңаша жанымызды жадырата,

Қош келдіңіз, көрермен, кешімізге. Ендеше, құрметті ханымдармен мырзалар, Қостанай гуманитарлық колледжінің 2012 жылғы бітіруші түлектеріне арналған кешті ашық деп жариялаймыз.

ҚР мемлекеттік туы ортаға әкелінсін!

(ҚР әнұраны орындалады)

ҚР мемлекеттік туы шығарылсын!

2-жүргізуші:

Ән ұраным шарықталды бүгін де,

Ел таңбамыз ілулі тұр төрімде

Теңгеміз бар мемлекет келбеті

Көк байрағым желбіреуде көгімде- дей отырып Ата-заңымыздың авторларының бірі

1-жүргізуші:

заңгер, қоғам қайраткері, заң ғылымдарының докторы,

2-жүргізуші:

Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі,

1-жүргізуші:

Абзал жанды, биік тұлға байсалды,

Құшақ жая шәкірттерің қарсы алды.

Қимастықпен салтанатты шақта бір,

Құттықтайды колледж құрылтайшысы баршаңды,-деп құттықтау сөз арнап, үздік дипломдарды түлектерімізге табыс ету үшін ортаға

Бірге:

Біздің колледжіміздің құрылтайшысы, Сартаев Сұлтан Сартайұлын шақырамыз.

2-жүргізуші:

Мамандық бізге өмірде жол ашады,

Жастардың азамат боп толар шағы.

Бүгінгі бітіруші түлектерім,

Ертеңгі еліміздің болашағы.

1-жүргізуші:

Біраз жыл бұл дәстүрді бастағалы,

Асулар алдымызда асқаралы,

Арнайы осы күнге даярланған

Ән-сауық бағдарлама басталады.

(Ән орындалады)

2-жүргізуші:

Тарқамасын қызықтың шағы қызған,

Жана берсін бақ артып, бағыңыздан.

Құрметпенен ұсындық сіздерге сөз,

Ақтарылып көріңіздер ағыңыздан,- деп бүгінгі бітіруші түлектерге ақ тілегін білдіру үшін сөз кезегін «Қырықтың бірін қыдырға санап» құрметті қонақтарға сөз береміз.

(Қонақтар сөйлейді)

1-жүргізуші:

Қандай ғажап қараңызшы жан-жағыңа,

Күміс күлкі сыймай тұр қара мұнда.

Ата-анадан бақытты бар ма екен жан?

Қол жеткізген аңсаған арманына,- деп құттықтау сөзді куаныш иелеріне береміз.

(Ата-аналар сөйлейді)

2-жүргізуші:

Былқылдап бұраң белдер би билейді,

Жүрекке жаз орнатып, ән гүлдейді

Күй тартыс, әзіл-қалжың жанды өрлейді,

Оларсыз той думанға сән кірмейді.

(Би биленеді)

1-жүргізуші:

Сөз кезегін тағы сөзбен жалғаймыз,

Өзіңізге тек қана алғыс арнаймыз.

Сізге және сіздің ұжымыңызға

Бас иуден біз ешқашан танбаймыз.

2-жүргізуші:

Диплом беру рәсімі жалғасады,

Түлектер асулардан әлі асады.

Қошеметпен ортаға шақырайық

Кең пейілді тілектес әз жандарды,- деп дипломдар мен алғыс хат, мадақтамалар табыс ету үшін ортаға колледж директоры Байешов Әбдімәулен Байешұлын шақырамыз.

(Диплом беріліп, алғыс хаттар тапсырылады)

2-жүргізуші:

Қалықтаған қыран құсы қияда,

Көзін салар өзі ұшқан ұяға.

Көкке ұмтылып ән салайық бүгін біз,

Шаттық сезім жүректерге сия ма?

(Ән орындалады)

1-жүргізуші:

Бірге өткізген күндерін қыс-жазына

Жазып шықты қаншама іс-қазына.

Балапанын ұшырған ұясынан

Сөз берейік жетекші ұстазына,- деп түлектерді құттықтау үшін кураторлары сөз кезегін береміз

(Кураторлар сөйлейді)

«Ұстазым» әні орындалады

2-жүргізуші:

Колледжді бітірер уақыт кепті,

Ұстаздар білім беріп, уақыт септі.

Осындай аз ғана уақыт арасында,

Көңілдерге жақсылықтың гүлін екті.

1-жүргізуші:

Қайда менің студенттік күндерім,

Жалындаған жастық шағым, күн керім.

Дауылдатып, думандатып жүретін,

Бақытты сәт, шалқып шығар күндерім.

2-жүргізуші:

Қайда сол бір асыл жанды достарым?

Аңқылдаған, жарқылдаған от жалын.

Сұңқар жігіт аққу қыздар қайдасың?

Жүректерің толқу да ма от жанып?!

1-жүргізуші:

Қадам басар үлкен өмір белесіне,

Елінің көтерер еңсесін де,

Құттықтау сөз кезегі берілсінші,

Бүгінгі бас кейіпкер үлесіне, - дей отыра сөз кезегін беру үшін және білім кілтін із басарларына тапсыру үшін ортаға түлектерді шақырамыз.

2-жүргізуші:

Колледжіміздің 2 курс оқушысы Нүрсейтова Эльмираның орындауында «Қоштасу кеші» әнін тыңдаңыздар

(Ән орындалады, әр бітіруші топ қолдарындағы шарларын үшырады)

1-жүргізуші:

Құтты болсын мерекең, түлектерім,

Әрқашан орындалсын тілектерің.

Өзгенің қадірін біл, құрметтей біл,

Елім деп лүпілдесін жүректерің.

2-жүргізуші:

Балауса мәрт көңілді, түлектерім,

Әлсізге тие берсін көмектерің,

Биікке көтерілсең тасымаңдар,

Қиналатын күн туса жасымаңдар.

1-жүргізуші:

Қош түлектер, сыңғырлары сезімнің

2-жүргізуші:

Қош түлектер қорғандары жерімнің

Бірге:

Ұландарын көк тәңірі қолдасын,

Көтеріңдер көк байрағын елімнің!!!

1-жүргізуші: Ал, құрметті қауым, баршамыз болып қазақтың ұлттық биі «Қара жорғаны»билейік!

Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/296878-st-sapar-saan-zhas-tlek

Свидетельство участника экспертной комиссии
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и закажите рецензию на методическую разработку.
Также вас может заинтересовать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ
БЕСПЛАТНО!
У вас недостаточно прав для добавления комментариев.

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

 

Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)

Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.

Рекомендуем Вам курсы повышения квалификации и переподготовки