Охрана труда:
нормативно-правовые основы и особенности организации
Обучение по оказанию первой помощи пострадавшим
Аккредитация Минтруда (№ 10348)
Подготовьтесь к внеочередной проверке знаний по охране труда и оказанию первой помощи.
Допуск сотрудника к работе без обучения или нарушение порядка его проведения
грозит организации штрафом до 130 000 ₽ (ч. 3 статьи 5.27.1 КоАП РФ).

Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014

Почему стоит размещать разработки у нас?
  • Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
  • Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
  • Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
Свидетельство о публикации
в СМИ
свидетельство о публикации в СМИ
Дождитесь публикации материала и скачайте свидетельство о публикации в СМИ бесплатно.
Диплом за инновационную
профессиональную
деятельность
Диплом за инновационную профессиональную деятельность
Опубликует не менее 15 материалов в методической библиотеке портала и скачайте документ бесплатно.
07.02.2018

Рухани жаңғыру-өскелең ұрпақтың дара жолы

Әр ұлттың қай кезеңде болмасын алдында тұратын ұлы міндеттерінің еңбасытысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты саналы ұрпақ тәрбиелеу. Болащақ қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл парасатты мол, мәдени, ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу аға буынның қоғам алдындағы зор борышы.
Түйінді сөздер: тәрбие, рухани жаңғыру, ұлттық, өскелең ұрпақ, білім.

Содержимое разработки

Жукеева Динара Болатбековна

«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»

маманыдығының оқытушысы

«Қостанай гуманитарлық колледж» мекемесі

E-mail:dinulya_190586@mail.ru

Рухани жаңғыру-өскелең ұрпақтың дара жолы

Аннотация

Әр ұлттың қай кезеңде болмасын алдында тұратын ұлы міндеттерінің еңбасытысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты саналы ұрпақ тәрбиелеу. Болащақ қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл парасатты мол, мәдени, ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу аға буынның қоғам алдындағы зор борышы.

Түйінді сөздер: тәрбие, рухани жаңғыру, ұлттық, өскелең ұрпақ, білім.

Аннотация

Шаг за шагом, начиная с самого рождения: в семье, детском саду, школе мы воспитываем любовь к Родине, а в более широком понятии-казахстанский патриотизм. Поэтому, чтобы воспитать истинных патриотов, необходимо создать в тране условия для жизнедеятельности граждан, воспитания детей, для псотроения достойного будущего.

Ключевые слова: воспитание, взгляд в будущее, национальность, знание,растущее поколение

ABSTRACT

Step by step, starting with the birth in the family6 at school, in the kindergarten, we bring up love to our homeland. And in broader sense, Kazakhstan’s patriotism. Therefore, in order to educate the patriots of the East it necessary to create conditions in the country for the life of the citizens of the upbringing of children to build a worthy future.

Key words:knowledge, nationality, the growing generation, the into future, to bring up

«Қазақстан Республикасының жастарына үздіксіз тәлім –тәрбие беру тұжырымдамасында» тәрбиенің негізгі мақсаты дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, иманды, ақылды, парасатты, рухани ойлау дәрежесі биік, ар –ожданы мол, еңбекқор, іскер, талғамы жоғары және бойында тағы да басқа ізгі қасиеттері бар азаматты тәрбиелеу деп белігіленген. Адам бір жылын ойласа – дән себеді, бар ғұмырын ойласа – ағаш отырғызады, ал ғасырлық болашағын ойласа – ұрпақ тәрбиелейді.Иә, расымен ақылдың кені болған бабалар сөзі тегін айтылмаған болса керек. Бірақ не дегенмен, қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы қатар жүретін білім саласының қазіргі ұстанымы – үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр мұғалімнің бойынан жақсылық тауып, бұлақтың көзін ашу арқылы биік мақсаттарға жетелеу. Өйткені, заман да, қоғам да бір орында тұрмайды. Бір сәт жан- жағымызға көз жүгіртіп қарасақ, сәт сайын өзгерген, тың идеялар мен жаңа инновациялық технологиялардың қарыштап, ақпараттың әр секунд сайын өзгергенінің куәсі боламыз. Әлемнің көз ілестірмес даму қарқынына орай, көш бастап келе жатқан дамыған елдер қатарынан көріну үшін білім беру жүйесі мен экономикалық, әлеуметтік мәдениетімізге мейлінше өзгерістер енгізу талабы туындайды. Өйткені әлем қазіргі күні "білім қоғамынан" "білім экономикасы" қоғамын құру бағытына қарай көш түзеуде. Олай болса, өзгеру, алдымен, өзім үшін қажет. Нарыққа төтеп беріп, қоғам сұранысына ие болу үшін қажет.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты 24 мақаласын оқи отырып, оның әрбір сөйлемінде бүгініміз бен болашағы жарқын Қазақстанға апаратын нақты жоспар, мақсат көрсетілгендігін түсіндім. Президенттің жолдауындағы алты бағытты талдау, оның бесеуінің сана-сезім, білім, ақыл, зияткерлік сияқты ұғымдарға негізделетінін көрсетті. Бұдан қазақстандықтарды әлемге, өзіне жаңаша қараудың жаңа формасына өтетін, өзінің тұлғасын және кәсіби өсуді ұйымдастырудың прагматикалық қатынасы қалыптасатын кезеңнің туып келе жатқанын байқауға болады. Адам санасы «Бұл әлем маған не береді?» деген тұтынушы ойлау моделінен «Мен әлем үшін не істей аламын?» деген прогрессивті ойлау моделіне көшеді. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдарға бағытталған латын әріптеріне көшу, аударма әдебиеттерді дайындау, әлеуметтік- гуманитарлық мамандықтарды дайындауға көңіл бөлу жаңа зерделі мамандардың, Қазақстанның технологиялық ресурстарын дамытудың қажет екенін білдіреді. Бүгінгі өмір талабы сапалы, әрі терең білім беру жолдарын әлемдік дәрежеде ұйымдастыруды қажет ететіні баршаға белгілі. Бұл қажеттілікке жетудегі басты стратегиялық мақсат – адамзат жинақтаған білімді жай игеріп қана қою жеткіліксіз, соған сәйкес ақпарат негізінің артуы мен оның өсу модернизациясына ілесу болып табылады. Оған білім, ғылым арқылы ғана жетеміз. Рухани жаңғыру – әрбір жеке тұлға үшін оның тәрбиесі, ұлттық сана-сезімі, ұлттық рухани тамырынан нәр алған құндылықтары мен оның жаһандық өзгерістерді дұрыс бойына сіңіруі. Елбасының руханиятқа, білімге, ғылымға мән беруі – үлкен көрегендік. Еліміздің болшақтағы келбетін анықтайтын – бәсекеге қабілеттілік қоғамның білім деңгейі мен интеллектуалдық әлеуеті ұлттық байлықтың маңызды құрамы ретіндегі сипатқа ие болды, ал адамның білімділігі, кәсіби икемділігі, шығармашылыққа талпынысы және қалыптан тыс жағдайларда әрекет ете білуі қоғамның тұрақты дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шарт бола алады. Кезінде Абай атамыз «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселерімен озады» деген болатын. «Адами фактор мен капитал» феноменінің маңызы, адами капиталды дамыту концепциясы әлемдік деңгейде алдыңғы қатарға шықты. Демек, ХХІ ғасырда мемлекеттер тек өнім және технологиямен ғана емес, сонымен қатар сапалы адами капиталмен де бәсекеге түседі. Қазақ хаклқы –рухани зор байлықтың мұрагері.

Ежелгі ата-бабаларымыздың күмбірген күміс күйі, сыбызғы сырнайының үні, асқақтата салған әсем әні, ғашықтық жырлары мақал-мәтел, шешендік сөз, айтыс өлеңдерінің сан ғасыр бойы өз ұрпағын сегіз қырлы, бір сырлы, өнегелі де өнерлі адамгершілік ар-ожданы жоғары намысқой азамат етіп тәрбиелеп келген. Қазақ халқының тарихы дәстүрге өте бай. Отбасы үшін тән қасиеті балажандылық, балаларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, үлкенді құрметтеу, туысқандық кең байланыс, көршілермен және ұлты басқа халықтармен достық, ізгілік қатынастар-осының бәрі қазақ халқының тұрмыс қалпына байланысты болған. Қазақ қыз-келіншектері мен азаматтарының бойында өзге халық өкілдерінің бойынан көрінетін даралық қазақы болмысының жарқырай көрініп, жүрекке жылы әсер еткен. Әсемдік пен әдептілік үйлесімділік тапқан. Мәселен, ата-ана құқықтары қыз беріп, қыз алу құда түсіп құдалы болу қазақ некелерінің ерекшеліктері қалың мал мәселесі бата бұзу, ажырасу, бала асырау, әмеңгерлік мирас пен мұра ежелгі отбасы дәстүрлерімен соған қатысты қағида ерекшеліктері жайында мағлұматтардан қазақ халқының отбасына ерекше мән бергенін шаңырақ шайқалып босаға босамауына назар салғанын көреміз. Балалар-біздің болашағымыз, өміріміздің жалғасы. Олардың ойын арқылы алған тәлім-тәрбиесі болашақта балаға дұрыс жол көрсетеді. Бүгінгі таңда XXI ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім-тәрбие мен білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындап, педагогика ғылымында ұлттық сананы қалыптастыру көкейтесті мәселелердің бірі болып отырғаны анық. Сондықтан келешек ұрпақты ұлттық, халықтық тұрғыдан тәрбиелеу қажет.

Жас ұрпаққа тәрбие берудің негізі бағдарлы идеялары еліміздің президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан -2030» халыққа жолдауында былай деп жазылған: «Толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз мәдениетімізід. Өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн» Тәрбие қазір елімізде орын алып отырған көптеген мәселелерді: ана тілін, ата тарихын, ұлттық салт-дәстүрін білмейтін жастар, тастанды жетім балалар, қиын балалар, қарттар үйлеріндегі әжелер мен аталар, нашақорлыққа салынған жастар, тағы басқаларды бірте-бірте жоюдың және олардың алдын алып, болдырмаудың негізіг жолы. Тәрбие алған ұрпақ дені сау, білімді, ақылды, ұлтжанды, еңбекқор, сыпайы, кішіпейіл болып өседі. Сондықтан да тәрбие –ел болашағы.

Тәрбиелік білім жас ұрпақты әсемдікті игеруге, сұлулықты сезініп, қастерлей білуге, оны өз бойына дарыта білуге, яғни, эстетикалық тәрбие бере білуге, ең бастысы рухани даму сипатына жетелейді. Тәрбиелік білім беру арқылы, жас өскелең ұрпақты халықтың тұрмыс салты, әдет-ғұрпымен таныстырып, адамның ішкі сезімін, жан дүниесін түсіне білуге бағыттауға ұмтыламыз. Халқымыздың сан ғасырлардан келе жатқан ұлттық мұрасын оқу –тәрбие ісімен сабақтатыра отырып тәрбиелеу, ұмыт қалған салт-дәстүр, ұлттық ерекшелігімізді насихаттып, олардың бойына ұлттық психологияны қалыптастыру –әрбір ұстаздың міндеті.

Елбасы Жолдауында өмірдің баға жетпес құнылығы-балаға, бала тәрбиесіне, болашағына көп көңіл бөліп отыр. Отбасы, әке мен бала, бала мен ана мәселесіне –«бала тәрбиелеу-болашаққа үлкен инвестиция» деуінде үлкен мән жатыр. Бұның барлығы ұлттық құндылықтарды сақтап, дамытуға бағытталған әрекет. Адамзат өзінің байырғы құндылықтарынан ажырамауы үшін ат салысып, адамдарды ізгілік пен қамқорлыққа шақыруы көңілге қонымды. Білім-барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Осыны ескере отырып Елбасы Н.Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарда көздеп отыр. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ ежелгі шарттары: өзіне тән тілі, сенетін діні, салт-дәстүрі, жазуы, басқа ерекшеліктері болу. Тәрбиені қашанда құнды құнды байлыққа балаған халқымыз бала тәрбиесіне ешқашан жүрдім-бардым қарамаған. Ал оған ұлттық сипат беру, -ұлт болашағын ойлаудан туған даналық. Сондықтан да «Ұлт боламын десең, бесігіңді түзе», -деп айтты ұлы Мұхтар Әуезов. Тәрбие адамдардың пайда болуымен бірге туындаған. Мінез-құлық кемшіліктері –бұл тәрбиені дұрыс бермеу нәтижесі деп есептеген. Халық баланың жас ерекшеліктерін және психологиясы туралы білімді ғасырлар бойы зерттеп жинаған. Баланың болашақта қалыптасуы біріншіден үлкендермен қарым-қатынаста байланысты болады. Зерттеуші ғалым-педагогтар және психологтар жылдар бойы бақылаған баланың ойын іс-әрекетіне байланысты бірнеше қорытыныды жасады. Ата-ананың тәрбиелеу әсеріндегі маңызды ерекшелігі , баланың дидактикалық ойындар ойнауы, рухани және ақыл-ой тәрбиесіндегі маңызы көп және сол үрдісте баланың еңбек құралдары, мамандықтары туралы түрлі заттардың ерекшеліктері туралы біліп, білімде, жұмбақта және жаңылтпашта жарысады.

Халық педагогикасы өзіне баланың өмірінің түрлі жақтарын қосып алды, соған қоса олардың денсаулығы, мінез-құлқы, мінез ерекшеліктері және т.б. Қорыта айтқанда бүгінгі күнде болашақ ұрпағымызды әдепті де саналы етіп тәрбиелеу үшін ең алдымен тәрбие ережелеріне сүйене отырып, ұлттық дәстүрімізді, әдет –ғұрыптарымызды, дінімізді, ата-бабаларымыздан қалған насихат мұраларын жастардың санасына сіңріре білу.

Әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасының Президенті –Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік –экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. //Егемен Қазақстан.-28қаңтар,2012

2.Қазақстан мектебі-2003-№9

3.Егемен Қазақстан, 1998.10-қаңтар№6

4.Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан -2050» стратегиясы Қазақстан Республикасының Қазақстан халықына Жолдауы 14 желтоқсан 2012ж

Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/297826-ruhani-zhayru-skele-rpaty-dara-zholy

Свидетельство участника экспертной комиссии
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и закажите рецензию на методическую разработку.
Также вас может заинтересовать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ
БЕСПЛАТНО!
У вас недостаточно прав для добавления комментариев.

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

 

Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)

Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.

Рекомендуем Вам курсы повышения квалификации и переподготовки