Охрана труда:
нормативно-правовые основы и особенности организации
Обучение по оказанию первой помощи пострадавшим
Аккредитация Минтруда (№ 10348)
Подготовьтесь к внеочередной проверке знаний по охране труда и оказанию первой помощи.
Допуск сотрудника к работе без обучения или нарушение порядка его проведения
грозит организации штрафом до 130 000 ₽ (ч. 3 статьи 5.27.1 КоАП РФ).

Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014

Почему стоит размещать разработки у нас?
  • Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
  • Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
  • Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
Свидетельство о публикации
в СМИ
свидетельство о публикации в СМИ
Дождитесь публикации материала и скачайте свидетельство о публикации в СМИ бесплатно.
Диплом за инновационную
профессиональную
деятельность
Диплом за инновационную профессиональную деятельность
Опубликует не менее 15 материалов в методической библиотеке портала и скачайте документ бесплатно.
11.04.2018

Тәуелсіздігім тұғырымАйгөлек «Ересек тобының Тәуелсіздік күніне арнаған ертеңгілігі»

Ересек тобына арналған «Тәуелсіздігім тұғырым» ертеңгілігі балаларды Қазақстанның Тәуелсіздік күніне дайындауға арналған. Бұл әдістемелік материал балаларға тәуелсіздік ұғымын тереңірек түсіндіруді, ата-бабалардың ерлік жолын үлгі етуді мақсат етеді. Жоспарланған іс-шара ел тарихына шолу жасап, тәуелсіздік жолындағы күресті, сондай-ақ жылдар ішінде қол жеткен ірі жетістіктерді балаларға таныстырады. Оқытушыларға күнтізбелік мерекеге арналған сабақты қызықты және мазмұнды өткізуге көмектеседі. Материал балаларды Отанын сүюге, оның тарихын құрметтеуге және болашақта еліне пайдалы азамат болуға тәрбиелеуге бағытталған.

Содержимое разработки

Мақсаты: Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата - бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасау. Тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырып, білгендерін тереңдету.

КӨРІНІС:«ӘЖЕ МЕН НЕМЕРЕ»

Әжесі: Е-е-е-е...-тәуба! Бергеніне шүкір...

Немересі: Әже, әжетай! Далада керемет болып жатыр, аспанға жаркылдаған отшашу атып, адамдар қуанышқа бөленіп жатыр. Жүрiңіз, көрейік!

Әжесі: Е-е-е-е, жарығым бұл қуаныш. Тәуелсіздіктің мейрамына арналған керемет, той. Жақсылығымыз ұзағынан болсын!

Немересі: Әжетай, Тәуелсіз деген не?

Әжесі: Тәуелсіздік деген еркіндігің, бостандығың, бақытың, балам. Біздің кезімізде мұндай еркіндік болған жоқ.

Немересі: Сол өміріңіз туралы айтып беріңізші?

Әжесі: Әй, балам-ай, өткен өмірді көз алдыма елестетсем шуылдап, басым айналады. Аздап тынықпасам болмас. (Әжесі немересімен қисайып жата кетеді).

Немересі: (көзін уқалап тұрады) — Әже, жап-жарық күнді көрдім. Көп түс көрдім.

Әжесі: Е-е-е-е..., ол сенің бақытың, балам. Тәуелсіздігінің мәңгі жарық күні.

Немересі: Ендеше мен дастарымнан сүйінші сұраймын. Алақай, сүйінші! Тәуесіздіктің ақ таңы атып келді!

(Ән залын бір айналып балаларға қарай жүгіріп кетеді)

ӘН ҰРАН

Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік - ел бақыты, ертеңі,

О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,

Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.

Ата бабам аңсап өткен бақытым,

Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!

-Армысыздар, құрметті ұстаздар, бүлдіршіндер және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына арналған «Тәуелсіздік жаңғырығы» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!Тәуелсіздік ең басты құндылығымыз!Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 

-Good day, boys and girls. We are glad to see you. You are welcome, dear children and our guests.Today we are talking about our Republic – Kazakhstan.

 

- Сегодня у нас большой праздник – День независимости нашей Родины! Казахстан – наша родная земля, наше наследство. Красив, богат Казахстан – страна древнего народа.

На территории Казахстана проживают более 16 млн. населения, представителей более ста национальностей и народностей. Всех нас объединяет одно – мы народ Казахстана. Независимость нашего государства – это самое святое приобретение казахского народа. Сегодня каждый гражданин РК гордится своей независимостью.

-Тәуелсіздік қазақ алқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі, сондықтан да біз үшін тәуелсіздік күні-ең қастерлі күн.

Ал, балалар сендер осы Тәуелсіздігіміз жайында тақпақтар білесіңдерме?

Ән: (Күншуақ тобы)

ТАҚПАҚТАР:

Насраддин:Ата-бабам жанын қиып қорғаған,

Тәңірі қолдап, бақ-береке орнаған
Қазақстан, азат елсің сен бүгін,
Ақ тілегін болашаққа арнаған.

Айшат:Желтоқсаннан бастау алған теңдігі,
Қазағымның өркендеді елдігі.
Құрбан болған Тәуелсіздік жолында,
Ағалардың ұмытылмас ерлігі.

Ән: "Тәуелсіздік ел ұраны"(Айгөлек тобы)

-Тәуелсіз еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіз Республика болып сайланды. Осы күнге жету үшін талай қиыншылықты бастан кешірді. Иә, Тәуелсіздік шежіресіне бір сәт көз жүгіртіп көрейікші.Сонау дүбірлі батырлар заманынан бері ел мен жер үшін қаншама адам тер төкті.

-1986 жылы Алматы қаласында өткен Желтоқсан көтерілісінде де өрімдей жастар азаттық үшін жандарын пида етті. Сол жылдары 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды.

-1986 жылға Желтоқсан көтерілісінің қаһарманыҚайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков.

(13 наурыз 1966, Мойынқұм ауданы Бірлік ауылы)

-1973 – 81 жылы Шу ауданы Төле би ауылындағы мектеп-интернатта оқып, 8 жылдық білім алды.

-1981 – 83 жылы Бірлік ауылындағы орта мектепте оқып, он жылдықты бітіреді.

-1984 – 86 жылы Белогор қаласында әскери міндетін өтеді.

-1986 жылы тамыз айында әскери бөлімшенің жолдамасымен Алматыдағы Сәулет-құрылыс институтына келіп сынақтан сүрінбей өтіп, оқуға түсті. Осы жылы 16 – 18 желтоқсанда болған қазақ жастарының көтерілісіне белсене қатысты.

-21 мамыр 1988 жылы 22 жасында Семей түрмесіндеқұпия жағдайда оның өміріне қастандық жасалды.

-Асанова Ләззат Алтынайқызы 27.07.70 ж Алматы облысы Панфилов ауданы Ақжазық ауылында дүниеге келген.

-1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің құрбаны.

-1985 ж. Алматыда П.Чайковский атынд. муз. уч-щеге оқуға түскен.

Сол Желтоқсан көтерілісінің алғашқыереуілшілер қатарында “Қазақтар! Кіріптарлық құлдықта өмір сүргеніміз жетеді! Біз еліміздің тәуелсіздігін жеңіп алған кезде ғана азат бола аламыз!” деген ұранмен шықты.

-25.12.86 жылы Алматыда қаза тапқан.

-Ербол Сыпатаев  Талдықорған облысының Көктал ауылында 1964 жылы дүниеге келген. Желтоқсан көтерілісіне қатысып, алаңда қазақ қарындастарын құтқару барысында алған соққыдан қайтыс болған жас қазақ жігіті.  Желтоқсан көтерілісі уақытында Алматы қаласында энергетика институтының 2 курс студенті болған.

-Қайрат, Ләззат, Ербол сынды аға-апаларымыздың есімдері ешқашан ұмытылмайды. 1986 жылдың Желтоқсан құрбандарына тағзым етіп бір минут үнсіздікпен еске алайық.

Осы Қайрат, Ербол, Ләззат сияқты аға-апаларына арнаған біздің бүлдіршіндердің тақпақтары бар екен.

ТАҚПАҚТАР:

Аділ: Қайраттай қайсар ұлдардың 
Жанымен келген еркіндік 
Жазира мен Ляззаттың 
Арымен келген еркіндік 
Қасірет пен қайғының 
Бәрімен келген еркіндік

Санжар: Ерлігіңе қуанам да, сүйінем, 
Қайрат аға рухыңа мен иілем. 
Бәйшешектің солғанына ах ұрсам, 
Әділ жанның қазасына күйінем. 

Айәділ: Кетпес мәңгі көңілден,
Қырдың гүлі қырмызы.
Ағып түскен көгінен,
Желтоқсанның жұлдызы.

Ләззат пен Сәбира
Қайсар туған қыздары.

Ернұр:Булықтың да бұлқындың,
Жанды мұздатып ызғары.
Қара ормандай жұртымның,

Қайрат пен Ербол –
Қайсар туған ұлдары.

 ОЙЫН:

Жүгізуші:Міне, балалар біздің Қазақстанымыз, туған еліміздің, туған жеріміздің егеменді ел болып, тәуелсіздік алғанына биыл 24 жыл болыпты. Қазақстан тәуелсіз егеменді мемлекет.

-Біздің еліміз,Отанымыз қалай аталады?

Балалар: Қазақстан Републикасы.

Жүргізуші: Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?

Балалар: Астана

Жүргізуші: Елбасымыз кім?

Балалар: Елбасымыз Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев.

Жүргізуші: Біздің еліміздің рәміздеріне нелер жатады.

Балалар. Қ.Р. Әнұраны, Қ.Р. Туы. Қ,Р. Елтаңбасы.

Жүргізуші: Қазақстан Републикасының Туына сипаттма берейік.

Балалар: Қазақстанның туы көгілдір түсті. Ол ашық аспанды, тыныштықты білдіреді. Тудың ортасында алтын күн, баршаға ортақ нұр сәулесін төгіп тұр. Қалықтап ұшқан құс ерліктің белгісі.Ою-өрнек қазақ халқының салт-дәстүрлері.

Жүргізуші: Қазақстан Републикасының Елтаңбасына сипаттма беріп авторларын атайық.

Жүргізуші: Біздің балалардың Елбасымызбен рәміздеріміз жайлы тақпақтары бар екен.

ТАҚПАҚТАР:

Аружан: Тоқсан бірде Президентті сайладық,
Еркіндікке белді бекем байладық.
Ақ киізге Нұр атаны көтеріп,
Тілек айтып, шаттық тойын тойладық.

Сабина:Тәуелсіздік алып берген біздерге,
Нұр атадай Президент бар біздерде.
Бейбітшілік ынтымақты сақтаған,
Мақтан тұтып, жар саламын сіздерге!

Ән: «Қазақ елі»

 –Dear children. I am glad to see that you were very active at our discussion. Thank you for your attention. Good luck and good-buy!

-Дорогие ребята, у казахского народа путь к Независимости и свободе был тернистым и долгим. Много веков понадобилось нашим предкам, чтобы заселить, освоить и защитить казахскую землю от врагов и передать её в наследство нам - ныне живущим! Вы - дети, самое дорогое богатство нашей страны, это от вас зависит в дальнейшем, чтоб наш Казахстан был сильным, свободным и счастливым!

-Міне, балалар, құрметті қонақтар, мыңдаған жылдық тарихы бар Қазақстан өз тәуелсіздігін алып, бүгінде әлемге танылды. Қазақстан Республикасы қазірге кезде байда, бақытты болашағы зор тәуелсіз,егеменді ел. Олай болса осындай мемлекетте тұратын бізде бақыттымыз. Елімізде әрдайым тыныштық болып,аспанымыз ашық,деніміз сау болсын! Қазақстанымыз көркейіп жайнай берсін! Тәуелсіздік жасасын! Осымен «Тәуелсіз елімнің бақытты ұрпағымын» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет!

 

Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/307480-tuelsizdigim-tyrym-ajglek-eresek-tobyny-

Свидетельство участника экспертной комиссии
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и закажите рецензию на методическую разработку.
Также вас может заинтересовать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ
БЕСПЛАТНО!
У вас недостаточно прав для добавления комментариев.

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

 

Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)

Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.

Рекомендуем Вам курсы повышения квалификации и переподготовки