Охрана труда:
нормативно-правовые основы и особенности организации
Обучение по оказанию первой помощи пострадавшим
Аккредитация Минтруда (№ 10348)
Подготовьтесь к внеочередной проверке знаний по охране труда и оказанию первой помощи.
Допуск сотрудника к работе без обучения или нарушение порядка его проведения
грозит организации штрафом до 130 000 ₽ (ч. 3 статьи 5.27.1 КоАП РФ).

Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014

Почему стоит размещать разработки у нас?
  • Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
  • Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
  • Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
Свидетельство о публикации
в СМИ
свидетельство о публикации в СМИ
Дождитесь публикации материала и скачайте свидетельство о публикации в СМИ бесплатно.
Диплом за инновационную
профессиональную
деятельность
Диплом за инновационную профессиональную деятельность
Опубликует не менее 15 материалов в методической библиотеке портала и скачайте документ бесплатно.
03.05.2018

Саттар Ерубаев

Бектурған Айнур Бақытжанқызы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
1. Әр оқушының жеке қабілеттерін ашып, дамытуына қажетті жағдай жасау. Тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді меңгерту.
2. Үйренген сөздерін дұрыс қолдана білу дағдысын дамыту. Оқығанын түсініп, өз ойын дұрыс жеткізе білуге жаттықтыру. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларды көркем әдебиетті сүюге тәрбиелеу.

Содержимое разработки

Күні:02.03. 2017

Сыныбы:8 «а»

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы:Cаттар Ерубаев

Сабақтың мақсаты:

1. Әр оқушының жеке қабілеттерін ашып, дамытуына қажетті жағдай жасау. Тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді меңгерту.
2. Үйренген сөздерін дұрыс қолдана білу дағдысын дамыту. Оқығанын түсініп, өз ойын дұрыс жеткізе білуге жаттықтыру. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларды көркем әдебиетті сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ-жауап, пікірлесу.

Сабақтың жұмыс формалары: ұжымдық, жеке.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу;

Сыныпты түгелдеу.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

3–тапсырма. Сұрақтар бойынша диалог құраңдар.

- Қазақ балалар әдебиетінің атасы кім?

- … .

- Ол қайда білім алған?

- ... .

- Одан әрі Ыбырай қалай оқиды?

- … .

- Ол нені армандайды?

- … .

- Ы. Алтынсарин қай жерлерде мектептер ашады?

- … .

- Мектептер үшін не дайындады?

- … .

- Балалар үшін не жазды?

- … .

ІІІ. Жаңа сабақ

Саттар Ерубаев

(1914 - 1937)

Бар болғаны 23 жас өмір сүрген Саттар Ерубаев – тамаша шығармалар жазған жазушы. Ол «Бақыт», «Өмір көркемдігі» сияқты новеллаларында жастарды өмірді сүюге шақырады. Ешқандай қиындыққа мойымау керек екенін айтады. «Менің құрдастарым» романында өзіңнің бақытыңды өз қолыңмен жасауың керек деген қорытындыны береді.

Бақыт

Мен бақытты көрсем деуші едім.

Біздің қақпаның алдындағы үлкен жолмен күнде бір қайыршы шал өтетін еді.

Шал ұзын асасын жоғары көтеріп:

Е, азаматтар, бақытты болыңдар! – дейтін еді. Менің бақытты көргім келді...

Біздің үй Түркістан қаласының оңтүстік жақ шетінде болатын еді. Бізбен бірге Жақсыбайдың үйі тұратын. Жақсыбайдың шешесі Күнтүлім жасау жамап отырушы еді. Кішкене Барлыбай:

Апа, қарным ашты, - дейтін.

Ей, бақытсыз, бақытың жоқ қой, маған не дейсің? – деуші еді Күнтүлім.

Осы уақытта Жақсыбай келуші еді. Жақсыбай қалада қыш құятын. Жақсыбайдың қолында шүберекке түйілген бір нәрсе көрінсе, Күнтүлім кішкене Барлыбайға:

Бақытың бар екен, қарағым, - деп күлімсірейтін еді. Мен бақыт деген нан ба деуші едім...

С. Ерубаев

ІV. Сөздікпен жұмыс

Төмендегі жаңа сөздерді жазып, жаттау.

қайыршы – нищий

қыш құятын – делал саманный кирпич

қарағым – милый

күлімсіреу – улыбаться

өтетін – проходил

күнде – каждый день

білім алды – здесь: учился

туған – родился

тәрбиеленді – воспитывался

аударды – перевел

құрастырды – составил

жинақ – сборник

бейнетін көріп – трудиться честно

терлеп жанды қинасам – здесь: до изнурения, честным трудом

жұпар – благоухание

ақ сүт – материнское молоко

өтер ме? – воздастся ли?

аялы – заботливый

саялы – тенистый, здесь: создать все условия для матери

ізетті – уважительный, почтительный

игі – благое, доброе

VI. Жаттығу жұмыстары

2–тапсырма. Сұрақтарға мәтін бойынша жауап беріңдер.

1. Мен нені көрсем деуші едім?

2. Үлкен жолмен күнде өтетін кім еді?

3. Шал не дейтін еді?

4. Біздің үй қайда еді?

5. Бізбен бірге кім тұратын?

6. Күнтүлім не істеуші еді?

7. Барлыбай не дейтін?

8. Күнтүлім не деуші еді?

9. Осы уақытта кім келетін?

10. Жақсыбай не істейтін?

11. Жақсыбайдың қолынан не көрінетін?

12. Сонда Күнтүлім қалай қуанатын?

13. Мен бақыт деген не екен деп ойладым?

V. Мәтінмен жұмыс

3-тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгендеріңді айтып беріңдер.

Өтебай Тұрманжанов

Өтебай Тұрманжанов 1905 жылы 15 желтоқсанда қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданындағы Жалғызағаш ауылында туған. Ташкентте №14 балалар үйінде тәрбиеленді. Мәскеуде университетте білім алды.

Тұңғыш жинағы «Таң өлеңдері» (1925 ж.) Мәскеуде жарық көрді.

Ол– 40-тан аса кітаптың авторы. Балаларға арналған «Парадта», «Сыйлық», «Не деу керек?», «Қызғалдақ» атты қызықты кітаптары бар. Л.Н.Толстойдың балаларға арналған шығармаларын аударды. «Қазақтың мақал-мәтелдері», «Асыл сөздер» атты жинақтарын құрастырды. Ауыз әдебиетінің белгілі зерттеушісі, көрнекті ақын Ө. Тұрманжанов 1978 жылы Алматы қаласында дүние салды.

6-тапсырма. Берілген синоним сөздерді есте сақтаңдар. Мағыналарын түсініп, сөйлем құрап жазыңдар.

парыз, қарыз аялы, саялы

ізетті, әдепті жақсы, игі

VI. Сабақты қорыту.

Саттар Ерубаев кім?

Оның қандай туындылары бар?

Өтебай Тұрманжанов кім?

Оның қандай шығармаларымен таныссыңдар?

VII. Үйге тапсырма:4-тапсырма. Диалогті толықтырыңдар.

- Өтебай Тұрманжанов қашан дүниеге келген?

- ... .

- Жазушы қашан дүние салған?

- ... .

- Өтебай Тұрманжановтың балаларға арналған қандай кітаптары бар?

- … .
- Ол құрастырған кітаптар қалай аталады?

- … .

VIII. Бағалау.

Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/310394-sattar-erubaev

Свидетельство участника экспертной комиссии
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и закажите рецензию на методическую разработку.
Также вас может заинтересовать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ
БЕСПЛАТНО!
У вас недостаточно прав для добавления комментариев.

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

 

Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)

Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.

Рекомендуем Вам курсы повышения квалификации и переподготовки