- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
- «Специфика работы с детьми-мигрантами дошкольного возраста»
- «Учебный курс «Вероятность и статистика»: содержание и специфика преподавания в условиях реализации ФГОС ООО и ФГОС СОО»
- «Центр «Точка роста»: создание современного образовательного пространства в общеобразовательной организации»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
Әр оқушының қабілетін ашу және тақырыптық сөздік қорын дамыту әдістемесі
Күні:21.02.2017
Сыныбы:8 «а»
Пәні: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Алматы
Сабақтың мақсаты:
1. Әр оқушының жеке қабілеттерін ашып, дамытуына қажетті жағдай жасау. Тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді меңгерту.
2. Үйренген сөздерін дұрыс қолдана білу дағдысын дамыту. Оқығанын түсініп, өз ойын дұрыс жеткізе білуге жаттықтыру. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Отанын мақтаныш етуге, сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ-жауап, пікірлесу.
Сабақтың жұмыс формалары: ұжымдық, жеке.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
•Сәлемдесу;
• Сыныпты түгелдеу.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
3-тапсырма. Жас, көрікті, таза, ерекше эпитеттерімен Астана сөзін тіркестіріп, сөйлем құрап жазу.
ІІІ. Жаңа сабақ
Алматы
Алматы – Қазақстанның ең үлкен қаласы. Ол Іле Алатауының баурайында, теңіз деңгейінен 3599 метр биіктікте орналасқан. Қаланың аумағы 170 шаршы километрден астам.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Алматы – тәуелсіздігіміздің алтын бесігі» деп жоғары баға берген. Алматы қаласы жыл өткен сайын көркейіп келеді.
Алматының тарихы – Қазақстанның тарихы. Алматы 70 жыл еліміздің астанасы болып, ірі мегаполис ретінде қалыптасты.
Алматы тарихын үш кезеңге бөлуге болады. Алғашқы кезең – қола дәуіріндегі Алматы. Б.з.д Х-ХІ ғасырларда Алматы аумағында отырықшы елді мекендер мен қалалар болғанын археологиялық зерттеулер дәлелдеуде.
Біздің дәуіріміздің VIII-XIII ғасырлардағы Алматы үшін екінші тарихи кезең болып табылады. Бұл уақыттарда қазіргі Алматы қаласының орнында үш қала өмір сүрді. Шыңғыс хан шапқыншылығы Алматыны қиратты, бірақ қала қайта өркендеген.
Алматының үшінші кезеңі 1854 жылдан басталады. Ол Ресей империясының қазақ елін отарлаумен байланысты. 1854 жылы Кіші Алматы өзенінің сол жағалауында «Заилийск» деп аталған әскери бекініс салына бастайды. Ол 1857 жылы Верный болып өзгертіледі. 1929 жылы қаланың аты Алма-Ата болып өзгертілді.
ІV. Мәтінмен жұмыс
2 – тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру
1. Елбасы Алматы қаласына қандай баға берді?
2. Алматы қаласы еліміздің астанасы болды ма?
3. Қала тарихы қай дәуірден бастау алады?
4. Алматы тарихын неше кезеңге бөлуге болады?
5. Алғашқы кезеңде қандай өзгерістер болды?
6. Екінші кезеңде қандай тарихи оқиғалар болды?
7. Үшінші кезеңде Алматының тарихы қалай өрбіді?
V. Сөздікпен жұмыс
көркейіп келеді – расцветает
қола дәуірі – бронзовая эпоха
шапқыншылық – нашествие
қиратты – разрушили
отарлау – колонизация
VI. Жаттығу жұмыстары
3–тапсырма.Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, көшіріп жазыңдар.
1. Алматы – тәуелсіздігіміздің алтын бесігі. 2. Алматының тарихы – Қазақстанның тарихы. 3. Алматы жетпіс жыл еліміздің астанасы болған. 4. Алматы – Алатаудың баурайында табиғаты ғажап жерге орналасқан. 5. Алматы тарихын үш кезеңге бөлуге болады. 6. Қола дәуірде Алматы аумағында отырықшы елді мекендер мен қалалар болғанын археологиялық зерттеулер дәлелдеуде. 7. Шыңғыс хан шапқыншылығы қаланы қиратты, бірақ қала қайта өркендеген. 8. Кіші Алматы өзенінің сол жағалауында «Заилийск» деп аталған әскери бекініс салына бастайды.
4–тапсырма. Берілген етістіктерді болжалды келер шақ жасап, оларды қатыстырып сөйлем құрап жазыңдар.
Әкем ертең жайлауға барар.
Айжан өзіне қажетті кітапты кітап дүкенінен алар.
Құрбым маған қоңырау шалуды ұмытқан болар.
Бәрі менің айтқанымдай болмас.
Інімді өзіммен ертіп алмасам, ол бәрібір соңымнан қалмас.
5-тапсырма. «Қалай баруға болады?» атты сұхбаттың мазмұнымен танысыңдар.
- Кешіріңіз, айтып жібермейсіз бе? Бұл қай көше?
- Бұл – Абылайхан даңғылы. Сізге қайда бару керек еді?
- Маған «Сайран» автобекетіне бару керек.
- Ой, ол қиын емес. Сіз қазір осы даңғылмен қиылысып тұрған Төле би көшесіне өтіңіз. Міне, анау бағдаршамнан арғы бетке өтесіз. Алға қарай тура жүре берсеңіз, автобус аялдамасы бар. Сол жерден №126 немесе №16 автобусқа отырыңыз.
- Рақмет сізге. Ал «Сайран» автобекеті жақын ба? Қанша аялдама жүремін?
- Ұзақтау, мүмкін 8-9 аялдама бар шығар. Автобустағы кісілерден тағы да анықтапсұрарсыз. Мен нақты білмей тұрмын, айып етпеңіз.
- Түсіндім, тағы да рақмет сізге, сұрапалармын. Сау болыңыз!
- Қош болыңыз! Жолыңыз болсын!
VI. Сабақты қорыту.
Сендер Алматы қаласына барып көрдіңдер ме?
Алматы қаласындағы қандай көрікті жерлерді араладыңдар?
Алматы қаласына саяхаттарың сендерге қандай әсер қалдырды?
VII. Үйге тапсырма: Алматы қаласының көрікті орындары туралы мәлімет тауып келу.
VIII. Бағалау.
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/310393-almaty
БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- «Профессиональный стандарт педагога (учителя основной и средней школы)»
- «Организация единого образовательного пространства: федеральная образовательная программа среднего общего образования (ФОП СОО)»
- «Содержание деятельности помощника воспитателя ДОУ в соответствии с ФГОС ДО»
- «Особенности работы специалистов службы сопровождения с обучающимися с расстройствами аутистического спектра в соответствии с ФГОС»
- «Тифлопедагогика: теоретические и практические аспекты работы с детьми с нарушениями зрения»
- «Содержательные и методические основы преподавания курса «Семьеведение»
- Педагог-психолог дошкольной образовательной организации. Содержание и организация профессиональной деятельности
- Комплексное обеспечение социальной реабилитации и абилитации детей и взрослых
- Педагогическое образование: теория и методика преподавания информатики
- Урегулирование споров с помощью процедуры медиации
- Организация методической работы в образовательной организации
- Методическое сопровождение реализации общеобразовательных программ. Организация деятельности учителя-методиста

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.