- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
- «Специфика работы с детьми-мигрантами дошкольного возраста»
- «Учебный курс «Вероятность и статистика»: содержание и специфика преподавания в условиях реализации ФГОС ООО и ФГОС СОО»
- «Центр «Точка роста»: создание современного образовательного пространства в общеобразовательной организации»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
Баяндама: С. Мұқанов қазақ əдебиетінде ең көп еңбектенген, артына аса бай мұра қалдырған жазушы
Петропавл гуманитарлық-техникалық
колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пән оқытушысы,
ф.ғ.к. Қ.А. Шәймергенова
«ӨМІР МЕКТЕБІНІҢ ӨНЕГЕСІ»
С. Мұқанов – қазақ əдебиетінде ең көп еңбектенген, артына аса бай мұра қалдырған жазушы. С. Мұқановтың ”Өмір мектебі” трилогиясы қазақ əдебиетіндегі сирек мемуарлық шығармалардың бірі. Бұл шығарма автордың өзі туралы жан-жақты мағлұмат беруімен шектелмейді, бұл еңбекте, сонымен қатар, жиырмасыншы ғасырмен бірге дүниеге келген жазушының өзі көзімен көріп, куə болған Қазақстанның қалыптасу жолдары кеңестік дəуірдегі тарихи кезеңдер, халық басына түскен қилы-қилы ауыртпалықтар, сондай-ақ елге, қоғамға еңбегін сіңірген, қазақ халқының саяси-əлеуметтік ахуалының көтерілуіне, жаңа өмір салтына бейімділуіне, тұрмыстық-мəдени тұрғыдан өрлеуіне зор ықпалын тигізген айтулы қайраткерлер туралы көп мағлұматтар берілген. Шығарма көркем дүние саналғанымен, мемуарлық еңбектің тарихи- деректік қырлары басым. Шығармада жазушының көркемдік бояулары айқын танылғанымен, автор негізінен өмірде болған шындықтарды бұрмаламай, шынайы қалпында танытуға тырысқан. “Өмір мектебінің” алғашқы кітабы “Азапты жолда” деп аталады. Шығарманың қызықтылығы сонда, автор оқырманды бірден баурап, əлдекімдердің аузынан естіген өзінің дүниеге келу тарихынан бастап, байлардың есігінде жалшылықта болған əке-шешесі, апа-қарындастары, туыс-туғандары, ауылдастары туралы жан-жақты баяндайды. Солардың бейнесі арқылы, қоғамның сипатын ашады. Автордың əке-шешесінен кішкене кезінде-ақ жетім қалып, əркімге жаутаңдап, жетімнің күйін кешкені өз алдына бір тарау болып өріледі. Біз бұған болашақтағы классик жазушының балалық шағы өте ауыр болғанын, кітаптың атында тұрғандай небір азапты жолдардан өткендігін андаймыз. Бір жағынан, Сəбит Мұқановтың тағдыры-жиырмасыншы ғасырдың басындағы аласапыранды бастарынан кешірген, революция құқайын көрген, аштықта да, жалаңаштықты да, өткерген, қаны да көп төгілген, саясаттың қатал соққысына тым көп ұшыраған мандайының соры бес елі қазақ халқының да тағдыры секілді болып көрінеді. Шығармада қоғамдық өзгерістердің елге тигізген жері, қарапайым ел қазақтың өмірге, саяси құбылыстарға көзқарастары шынайы бейнеленген. Əке-шешесінен тым ерте жетім қалған жазушы əркімнің көзіне түрткі болып, балалық шағы жалшылықта өтеді. Зəуре атты ең үлкен апасы да, Ұлтуған атты тетелес апасы де кедей адамдарға ұзатылған, сондықтан апа-жезделерінің Сəбитке пана боларлықта жағдайлары бола қоймайды. Сəбит ең əуелі əкесі Мұқанның інісі Мұстафаның қамқорлығында болады, бірақ əкесінен қалған азғантай малды өздері иеленбек болған. Нұртаза атты алыстау ағайындары жас баланы азғырып шама-шарқынша қамқор болып жүрген Мұстафаға қарсы қояды. Жалған қамқор бола қалған Нұртаза болысқа Сəбиттің атымен арыз жазып, ақыры оны өз қолына алады, Мұстафадан малын да өндіртіп алады. Енді Сəбиттің нағыз жетімдік өмірі басталады. Мұстафа-қатты адам болғанымен, əкесінің туған бауыры, шын жанашыр адам еді. Жетім баланы Нұртазаның үй-іші жақтыра қоймай, ол енді əркімдердің есігін жағалауға көшеді, қарын тойып ас ішу мұңға айналады. Мұстафаның ықпалымен ауылдың дүмше, яғни, сауаты аз молдасынан аздап ескіше сауат ашқан Сəбит бірді-екілі аят оқыр шамасымен де күнін көріп жүреді. Осындай өмірдің оны қақпақылға салған ауыр сындары, буынын бекітіп, ширата бастайды. ”Жетім қызы басбауыр, маңырар да отығар” дегендей, ол бала болса да, тек өзіне ғана сенуі керектігін ерте сезінеді. Енді өз бетімен күн көрерлік талғажау іздей бастайды. Сəбиттің осы талабына бала жастан зеректігі, естігенді қағып алар ұғымталдығы да көмектеседі. Бала Сəбит зеректігінің арқасында Алпамыс батыр, “Көрұғлы” сияқты түрік халықтарының көпшілігіне ортақ жырларды үйреніп алып, домбыраға қосып жырлап, ел ішінде “Жыршы бала” атанады. Осылайша ауыз əдебиеті мұраларымен ерте ауызданған бала ептеп өзі де өлең шығарып, ақын атағы да ерте шығады. Дегенмен, оның нағыз өнерді тануы, Ақан-сері, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақтарды кездестіруден басталады. Азды-көпті жыршылығының, ақындығының арқасында елдің көзіне ерте түскен бала Сəбит енді үлкен жиын-тойларға да қатысып жүріп атақты сал-серілермен ұшырасудың да сəті түседі. Болашақ жазушы өзінің есейіп келе жатқан шағында көрген Ақан серідей, Үкілі Ыбырайдай, Балуан Шолақтай айтулы өнер тарландары туралы арнайы тарауларда қызықты етіп əңгімелейді. Сол жас бала шағындағы алған жерінің өзінен үш өнерпаздың жан-жақты сегіз қырлы, бір сырлы қасиеттері туралы өзінің алып тұрғысынан тартымда сипаттап ашып берген. Бұл арада жазушы сандаған өнерпаздар бейнелері өзге ешбір шығармаларға ұқсамайды. Олардың ақындық əншілік қырлары өте сəтті суреттелген. Жалпы алғашқы кітаптың ерекшелігіне тоқталатын болсақ, ең бастысы-автордың өсу, қалыптасу жолдары нанымды сипатталған. Талапты бала жетімдік зардабы жанына батса да, иығын жаныштаса да, соның бəріне шыдап бағады, жоқшылық қанаған сайын шындала талаптана түседі, өмір сынына төтеп берудің сан қырлы жолдарын іздеуден шаршамайды. Əуелгіде ауыл адамдарының өтінішімен өлең шығарып жүрген бала бірте-бірте өзінің əжептəуір шығармашылық икемі барын аңғарып енді соны ұштай түсудің жолдарын іздейді. Сөйтіп жүргенде, тағдыр оны Спандияр Көбеев, Баймағамбет Ізтөлин сияқты сол кезде атағы шығып қалған ақын, жазушыларымен жолықтырады. Сəбит олардың ақыл кеңесінен бойына нəр қуат алса, олар Сəбиттің бойынан ақындық ұшқырлықты өзгеше талап-талғамды аңғарады, жақынырақ тартып, оның оқып, білім алуына жөн сілтейді бағыт-бағдар береді. Олар арқылы Сəбит өзі бұрын естіп білмеген қазақтың үлкен ақындары Абай, Сұлтанмахмұттар туралы естіп біледі, ең алғаш рет жырларымен танысады, татар ақыны Ғабдолла Тоқаев шығармаларын алып оқиды. Мұның бəрі болашақтағы үлкен ақынның, қайраткер жазушының өсу, өрлеу баспалдақтары еді.
Жазушының балалық шағында зерек, талапшыл болып өскендігі тек қана оның əн-жырға, өлеңге құмартуымен ғана байқалмайды автордың бала жасынан бірге естіген-көргендерін көкейіне тоқи бергендігі таңдандырады. Оның балалық көңіліне жатталып қалған қызықты оқиғаларын, басынан өткізген түрлі қиыншылықтарын оқи тұрғанда болашақтағы үлкен жазушының дарындылық белгілері ерте шағынан қалыптаса бастағандығына көз жеткізе түскендей боласың. Ол өзі туып өскен, балалық шағын өткізген Жаманшұбар атты елді мекен, өзі жағасында асыр салып, суына сүңгіп өскен Дос көлі туралы өте қызықты сипаттайды, бала қиялына əсер еткен туған жері туралы тартымды мағлұматтар береді. Жазушы сол тұстардағы елдің тұрмыстық жағдайы, салт-дəстүрі, қоғамдық өмірге араласуы, саяси-əлеуметтік құбылыстардың ел өміріне ақырындап орныға бастауы, əуелгіде жатырқай қарсы алған жұрттың бірте-бірте заман өзгерістеріне бауыр баса бастағандығы шынайы баяндалып отырады. Сондай-ақ, бірінші кітапта заман жаңалықтарының, техникалық ауыл шаруашылық машиналардың, əртүрлі іс құралдарының тұрмысқа ене бастауы туралы əсерлі суреттеген. Əрине, бүгінгі жас ұрпақ үшін жазушының өзі көзі көріп, куə болған өмір, қоғамдық өзгерістер заманы, өзінің көзқарастары танымдық тұрғыдан өте қызғылықты, жан-жақты мағлұматтармен тартатындығы анық. Бірінші кітап автордың алыстағы арманы-Омбыға оқу-білім іздеп аттануымен, сонымен бірге қиындығымен қызығы аралас туған жерін қимастықпен қарайлай-қарайлай жолға шығумен аяқталады. Бірақ қалай болған күнде де жас боз бала Сəбиттің тура, түзу жолға түскендігі, алдынан нұрлы болашақ құшағын жайып тұрғандығы анық болатын. Оқырман аса талапты зерек, ұғымтал оқу-білімге жаны құштар жас жігіттің биік белестерді бағындыратынын, үлкен азамат атанып, сүйген ел-жұртына адал қызмет етеріне сеніп отырады. Шығарманың тілі өте бай, мазмұнды қызғылықты оқылады.
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/313565-bajandamas-manov--aza-debietinde-e-kp
БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- «Нарушения опорно-двигательного аппарата: организация коррекционно-развивающей работы с обучающимися с НОДА по ФГОС»
- «Адаптация детей-мигрантов к образовательной среде: особенности организации обучения школьников»
- «Делопроизводство в образовательной организации»
- «Активизация познавательной деятельности учащихся на уроках литературы»
- «Педагогика музыкального образования»
- «Основы профилактики коррупции»
- Английский язык: теория и методика преподавания в образовательной организации
- Психолого-педагогическое сопровождение образовательного процесса
- Руководитель специальной (коррекционной) школы. Менеджмент в образовании
- Физическая культура и специфика организации адаптивной физической культуры для обучающихся с ОВЗ
- Педагогика и методика преподавания географии
- Основы менеджмента в образовательной организации

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.