Охрана труда:
нормативно-правовые основы и особенности организации
Обучение по оказанию первой помощи пострадавшим
Аккредитация Минтруда (№ 10348)
Подготовьтесь к внеочередной проверке знаний по охране труда и оказанию первой помощи.
Допуск сотрудника к работе без обучения или нарушение порядка его проведения
грозит организации штрафом до 130 000 ₽ (ч. 3 статьи 5.27.1 КоАП РФ).

Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014

Почему стоит размещать разработки у нас?
  • Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
  • Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
  • Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
Свидетельство о публикации
в СМИ
свидетельство о публикации в СМИ
Дождитесь публикации материала и скачайте свидетельство о публикации в СМИ бесплатно.
Диплом за инновационную
профессиональную
деятельность
Диплом за инновационную профессиональную деятельность
Опубликует не менее 15 материалов в методической библиотеке портала и скачайте документ бесплатно.
30.08.2018

Коснспект урока

Шолпанбаева Айгуль Кадировна
учитель казахского языка и литературы
конспект урока по предмету казахский язык и литература. Тема «Ауыл мен қала тіршілігі» Конспект урока разработан по обновленной программе. Для учителей 6-класса.

Содержимое разработки

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Қaзiргi қaзaқ aуылы мен қaлaның тыныс тiршiлiгi

Мектеп: «Қостанай қаласы әкімдігі білім беру бөлімінің негізгі жалпы білім беретін №14 мектебі» ММ

Күні: 22.06.2018

Мұғалімнің аты-жөні: Шолпанбаева Айгүл Қадырқызы

Сынып: 6

Қатысқандар: 10

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Ауыл менқала тіршілігі

Осысабақтақолжеткізілетіноқумақсаттары (оқубағдарламасынасілтеме)

Т.2. Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну,негізгі және қосымша ақпараттарды анықтау.

А.3Ауызша мәтіндер құрауда сұраулы,хабарлы, лепті және бұйрықты сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін ескеріп айту.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады: Мәтін мазмұнын түсінеді, ауызша мәтіндер құрай алады

Көптеген оқушылар: Ақпаратарды түсінеді, анықтайды, ауызша мәтіндер құрауда хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты сөйлемдерді айта алады

Кейбір оқушылар: Мәтін мазмұнынынан негізгі, қосымша ақпараттарды анықтайды. Сұраулы,хабарлы,лепті және бұйрықты сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін ескеріп айта алады. Сөйлем түрлерін қатыстырып, ауызша мәтін құрайды.

Бағалау критерийі

- мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді;

- негізгі, қосымша ақпаратты анықтай алады;

- сұраулы, хабарлы, лепті және бұйрықты сөйлемдерді интонациялық ерекшелігін ескеріп айта алады;

- ауызша мәтіндер құрай алады.

Тілдік мақсаттар

Тыныс белгілерін орынды қолдану, сөйлемдердің интонациясын сақтай отырып сөйлеу.

Тыңдалым мен айтылым

Құндылықтарға баулу

Жaс жеткiншектердi

ауылын, қаласын, туған өлкесін сүюге баулу.

Қaзaқстaндық пaтриoтизмге тәрбиелеу

Жауапкершілікке баулу

Осы құндылықтар арқылы сабақ барысында оқушы туған еліне болсын, қандай да бір елді мекен болсын құрметпен қарау керек екенін түсінуі мүмкін.

Ең бастысы баланың бойында жауапкершілік сезімі болуы керек. Жауапкершілік биік құндылықтардың бірі екенін өскелең ұрпақ түсінуі керек.

Денсаулық басты екенін ұға отырып, тазалықты сақтауды біледі. Қоршаған ортаға қамқорлық жасау адам мен табиғаттың достығын білдіреді.

Оқушыларды құндылықтарға баулу арқылы жауапкершілік қасиет пен жерге қамқорлық көрсету сияқты қасиеттер іске асырылады.

«Рухани жаңғыру»

Пәнаралық байланыс

Биология, география, бейнелеу өнері

Сабақта пәнаралық байланыс тұрғылықты мекен сияқты құндылықтар арқылы жүзеге асырылатынын көріп отырмыз.

Бұл арада қала болсын, ауыл болсын,қастерлеп, қорғауымыз керек.Себебі біздің Жер Анамызды қорғау өз қолымызда.

Алдыңғы білім

Ана мейірімі

«Миға шабуыл» әдісі арқылы оқушылардың алдыңғы білімін бүгінгі алынатын білімімен байланыстыру мақсатында еске түсіреміз, қайталаймыз.

Осы тақырып бойынша оқушылар алған лексикалық қорын жаңа сабақта пайдаланады.

Оқушылар нені біледі және осы сабақтың алдында нені білулері керек?

Ауыл мен қала жайлы негізгі ұғымдарды біліп, түсінулері керек.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

«Сурет пен тілек» тренингі арқылы сыныпта психологиялық ахуал туғызу. Оқушылар арнайы дайындалған суретті(қаланың, ауылдың суреті) алақандарына салып тұрып, бір-біріне тілек тілейді және суреттің астына жазылған (қала, ауыл) сөздер бойынша топқа біріктіріледі

https://i.onthe.io/pogudx2qpb0641sd1.r600x315.d5750565.jpg

https://pp.userapi.com/c841021/v841021782/65e9d/ji3ejajkqfg.jpg

Сабақтың ортасы

3 минут

2 минут

3 минут

Тыңдалым

3-минут

3 минут

5 минут

Айтылым

2 минут

3-минут

3 минут

5 минут

«Әріптер сөйлейді» әдісінің көмегімен, ребусты шешу арқылы бүгінгі тақырыппен танысамыз.

Көктем келсе, ериді 1. қар

Мен берейін, сен.... 2. ал

Ешкінің төлі 3. лақ

Бал жинайды 4. ара

шешуі: «қала» сөзі

мейірімді жан 1. ана

Киіз үйдің бөлшегі 2. уық

Ашу (синоним) 3. ыза

Таза (антоним) 4. лас

шешуі: «ауыл» сөзі

Қалай ойлайсыңдар сабақтың тақырыбы қандай?

Біз бүгін не туралы сөйлесеміз?

Сонымен, cабағымыздың тақырыбы: «Ауыл мен қала»

Сабақ мaқсaты мен бaғaлaу критерийiмен тaныстырылaды.

Тыңдалым алды жұмыс:

Алдын-ала тақтаға ілінген ауыл мен қаланың суретін көрсетіп, сұрақтар қойылады:

1. Суреттерде не бейнеленген?

2. Ауыл мен қала туралы не білесің?

3. Қaндaй елдi мекендерді қaлa немесе ауыл деп aтaймыз?

Дескриптор:

- Мәтінді мұқият тыңдайды

- Мәтіннен сурет сала отырып, негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды.

1-тапсырма:Мәтіннің мазмұнын түсініп тыңдаймыз, негізгі және қосымша ақпаратарды табамыз

Тыңдалым ортасы:

(интербелсенді тақта арқылы аудиомәтін қойылып, тыңдатылады.)

Ауыл мен қала

Менің ауылым шағын. Ауылымда мектеп, аурухана, кітапхана, азық-түлік дүкені бар. Көшелері таза, ағаштар мен әдемі гүлдер отырғызылған. Ауылым маған өте ыстық, өйткені мен осы ауылда туып өстім. Ауылда менің атам мен әжем де тұрады. Мен оларға күнде барамын. Көмектесіп тұрамын. Олар мені жақсы көреді. Әке-шешем де атам мен әжеме үнемі қарайласып жүруім керектігін айтып отырады.

Осы жазда қалаға барып қыдырып келдім. Қаланың әсемдігі мен әдемілігіне қайран қалдым. Зәулім ғимараттар, ұзын да жалпақ көшелер, демалыс орындары маған қатты ұнады. Қалада демалыс орындары көп екен. Қала маған қатты ұнады. Келесі жолы, атам мен әжем менімен бірге барады. Мен олармен бірге драмтеатрға, кинотеатрға барамын. Бірге суретке түсеміз. Саябақты аралаймыз. Менің арманым, туып өскен ауылым мен әсем де көрікті қалаларымыз одан әрі әдеміленіп, көркейе берсе екен деймін.

«Қабырғадағы рөл» әдісіарқылы мәтінненнегізгі және жанама ақпаратты анықтайды.

Әр топ өз тобының тақырыбына сай (ауылдың, қаланың) сурет салады. Мысалы, «ауыл» тобы қазақ үйдің суретін салады. Суреттің ішіне мәтін бойынша негізгі ақпаратты жазады да сыртына қосымша ақпараттарды жазады. Жазған жұмыстарына сүйене отырып, әр топ өз жұмысын ашып, айтып береді. Қойылатын сұрақтар:

1. Ауылда болып көрдің бе?

2. Ауыл мен қала туралы қандай ақпараттарды айттық?

3. Ауыл мен қаланың тыныс тіршілігі жайлы не білдік ? (функционалды сауаттылығын ашатын сұрақтар қойылады)

Тыңдалым соңы:

Қалыптастырушы бағалау

«Медаль мен миссия» әдісінің

мақсаты оқушының мәтінді түсінген түсінбегенін анықтау.

"Медаль мен миссия" бағалау түрін қолдану

Медаль: мәтіннің негізгі, ақпараттарын жақсы аша білдіңіз.

Миссия: Әлі де қосымша ақпараттарды толықтырсаңыз, ізденсеңіз.

Мұнда "Медаль" жұмыстың жақсы жағын айқындап, "Миссия" келешекте нені жақсартып, неге назар аудару керек екенін білдіреді. Осы жерде Миссияның атқаратын рөлі зор. Себебі, осы "Миссия" арқылы оқушы алға қарай жылжиды.

Жұппен жұмыс

Ауыл мен қаланың суретін таратып беремін, суреттердің артында «Сен ақылдысың!», «Сен тапқырсың!» жазулары жазылған. Жазулар арқылы ақылдылар бір жұпқа, тапқырлар бір жұпқа бөлініп отырады. (жұптарға тапсырма бергенде оқушылар бір-біріне қолдау көрсетеді)

Айтылым алды жұмыс:

«Атаулар туралы үш сұрақ» әдісі

Сөйлемнің айтылуына қарай түрлері: Хабарлы сөйлем, сұраулы сөйлем, лепті сөйлем және бұйрықты сөйлем.

Терминдер тақтада жазылып тұрады. оқушыларға осы атауларға қатысты мынандай сұрақтарға ауызша жауап берулерін сұраймын:

Қайда?Бұл терминдерді бұрынырақта қайда кездестірдің, естідің?

Қалай?Өз тәжірибеңізбен осы сөйлемдерді қолданудың мысалдарын келтіре аласыз ба?

Қандай?Осы сабақта бұл атаулар қандай қолданыста болады деп ойлайсың?

Содан кейін бірнеше оқушының пікірін тыңдаймын.

Айтылым ортасы:

«Сыныпқа жеделхат» әдісі арқылы оқушылар тапсырманы орындайды. Конверт ашылып, хатта 2 топқа 3 сөйлемнен жазылған хабарлы сөйлемдер оқылады.

Әр топ берілген хабарлы сөйлемдердісұраулы,лепті, бұйрықты сөйлемдерге айналдырып және интонациясын сақтап айтуы қажет.

Дескриптор

1. Хабарлы сөйлемдерді сұраулы,лепті және бұйрықты сөйлемдерге ауызша айналдыра алады.

2. Сұраулы, хабарлы лепті және бұйрықты сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін сақтай отырып, айта алады.

2-тапсырма

Берілген хабарлы сөйлемдерді сұраулы,лепті, бұйрықты сөйлемдерге айналдырып,диалог құрыңдар, интонациясын сақтап айтыңдар.

Айтылым соңы:

ҚБ Жапондық бағалау

Дұрыс болса «оооо» дейді, бұрыс болса «мммм»

дейді.

Қабырғадағы рөл әдісіарқылы тапсырманы орындаймыз

"Медаль мен миссия" әдісі арқылы бағалаймын

https://egemen.kz/article_photo/1503889721_article_b.jpeg

https://yandex.kz/images/search?source=wiz&img_url=https%3A%2F%2Fwww.a

«Сыныпқа жеделхат» әдісі

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс

-Балалар,желкенді бояймыз.Егер тапсырманы сәтті орындасаңдар,желкенді жасыл түспен,қиындық туған болса,сары түспен,мұғалімнің көмегі қажет болса сары түспен бояңдар.

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Қабырғадағы рөл әдісі арқылы басқаларға қарағанда жылдам жұмыс жасайтын блумның жоғары деңгейіндегі балалар тақырып бойынша негізгі ақпараттарды жинақтайды, ауыл өміріне баға береді, өз ойларын дәлелдейді.

«Ауыл мен қала» мәтінін құрады.

«Сыныпқа хат» әдісінің көмегімен тыңдалған мәтін негізінде ақпараттарды талдайды. Реттейді. «Ауыл мен қала» тақырыбында диалог құрастырады.

«Әріптер сөйлейді» әдісі көмегімен ақпараттарды қолданады. Кеспе карточкалардағы берлген сызба арқылы сөз, сөз тіркестері, сөйлем құрастырады.

Сынып оқушылары міндетті түрде мақсатына жетулері керек. Сол тарапта мен мұғалім ретінде оқушыларға жағдай туғызуым керек. Сол себепті сабақта қолдауды қажет ететін оқушыларға түрлі дерекөздер арқылы, тапсырмалар арқылы, сұрақтар қою, нұсқаулық беру арқылы жұмыс жасауына жағдай туғызамын. Сынып алдында сөйлеуге ұялатындары жазып немесе суретін салып ат салысып отырады.Бір сөзбен атқанда жай отырмай жұмыс жасаулары үшін жағдай туғызу мұғалім міндеті деп санаймын.

1-тапсырманы «Қабырғадағы рөл» әдісі арқылы тексеремін. Бұл арада негізгі және қосымша ақпаратты табады. Осылай оқушылар ұтымды жұмыстарды бағалай біледі. Дұрыс таңдап алу мүмкіндігіне үйренеді. Өз шама -шарқын білуге мүмкіндік туындайды. Кейбіреулер табысқа қол жеткізеді.

Басқалардың тапқан ақпараттарын тыңдай отырып, өзі де солай істеуге тырысады. Өз-өзіне сенімділік пайда болады.

1-тапсырманы

"Медаль мен миссия" әдісі арқылы бағалаймын.

Медаль жағы жақсы жағын айтады. Келесі жағы ұсыныс.

Бұл бағалау түрі жақсы жағымен қатар кемшіліктерін де ескереді.Ол оқушының қателіктерін жоюына түрткі болады. Бұл әдіс түрі осы тапсырманы бағалауда ұтымды деп ойлаймын.

2-тапсырма.

Бұл тапсырманы «Сыныпқа хат» әдісі арқылы бердім. Бұл әдістің пайдасы зор деп ойлаймын. Себебі ұялшақ оқушылар осындай жұптық жұмыс барысында өз белсенділігін көрсетеді. Жұпта өзара ақылдаса отырып, жұмыс жасайды. Сондықтан өзіне сенімділігі артады тапсырманы қызығушылықпен орындайды.

2-тапсырма.

Бұл тапсырманы оқушылар жапон әдісі әдісі арқылы бағалайды. Бұл бағалау түрі жылдам әрі ыңғайлы деп ойлаймын. Жұмысты өз көздерімен көре отырып әділ бағалау мүмкіндігіне ие болады. Бұл жұмыс түрінде топ жұмысы бағаланады.Жапон әдісінің тиімділігі топтағы әр оқушы түсінеді.Әрқайсысы бағалай алады.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолдану.

Интерактивті тақта сабақ

материалдарын демонстрациялау

мақсатында қолданылады.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Сабақ мақсаттары оқу мақсаттарынан туындады. Смарт форматында құрастырылған.Нақты, өлшеулі, қолжетімді.Оқушылардың барлығы да оқу мақсатына қол жеткізді. Сабақта саралау жүргізілді. Тапсырмалар арқылы, дереккөздер арқылы саралау жүргізілді. Тапсырманы орындауда қиналған балаларға нұсқаулық беріп немесе жетекші сұрақтар қойып, қолдадым. Сабақ мақсатына жетпеген оқушылар болмады. Өйткені, сабақта оқушылардың жеке ерекшеліктері ескерілді. Сабақ кезеңдерінде уақыт тиімді болды. Мақсатқа жету жолында тапсырмалар орындауда, кері байланыс жасауда уақыт тиімді болды.Сабақ жоспарында ауытқулар болмады.

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1: Сабағымда ең жақсы өткені қалыптастырушы бағалау

2: Сабақ соңында сабаққа өткізілген кері байланыс.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне белсенді әдіс тәсілдерді тағы да қосуға болар еді.

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

Сабақ барысында жақсы әсерде болдым. Сыныптағы қабілеті төмен оқушылар блумның жоғары деңгейіне жете білді.

Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/320859-kosnspekt-uroka

Свидетельство участника экспертной комиссии
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и закажите рецензию на методическую разработку.
Также вас может заинтересовать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ
БЕСПЛАТНО!
У вас недостаточно прав для добавления комментариев.

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

 

Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)

Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.

Рекомендуем Вам курсы повышения квалификации и переподготовки