- «Формирование основ финансовой грамотности дошкольников в соответствии с ФГОС ДО»
- «Патриотическое воспитание в детском саду»
- «Федеральная образовательная программа начального общего образования»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
- «Специфика работы с детьми-мигрантами дошкольного возраста»
- «Нормативно-правовое обеспечение работы социального педагога образовательного учреждения»
- «Организационные аспекты работы педагога-психолога ДОУ»
- «Ранний детский аутизм»
- «Специальная психология»
- «Психолого-педагогическое сопровождение процесса адаптации детей-мигрантов в образовательной организации»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
Салауатты өмір салтын дәріптейік
Көрнекілігі: мультимедиялық қондырғылар
Тәрбиелік мәні: зиянды заттардан аулақ болуға,денсаулық және дене тәрбиесін дұрыс сақтауға тәрбиелеу.
Салауатты өмір салтын дәріптейік
Мақсаты: «Қазақстан-2050» бағдарламасында көрсетілгендей өркениетті елдің әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болу үшін зиянды әдеттен ішімдік, нашақорлық, шылым шегушіліктен сақтандыру,олардың денсаулыққа,болашақ ұрпаққа жау екендігін түсіндіру.
Көрнекілігі: мультимедиялық қондырғылар
Тәрбиелік мәні: зиянды заттардан аулақ болуға,денсаулық және дене тәрбиесін дұрыс сақтауға тәрбиелеу.
Түрі: сайыс.
Барысы.
1-жүргізуші:Халқымыздың алаулап оттай жаны,
Қанымызда қаншама кек қайнады.
Еркін елміз,біз бүгін ерікті елміз,
Көтерілген көгінде көк байрағы,-деп ақындар жырлағандай еліміз еркіндік алып,өз алдына отау тігіп,ерікті ел,тәуелсіз мемлекет болдық.
Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болуы тиіс» деп атап көрсеткен.
Сол бағдарламаға орай бүгінгі орталығымызда өткізілгелі отырған «Салауатты өмір салтын дәріптейік» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
2-жүргізуші:Бүгінгі сайысымыздың мақсаты- «Бірінші байлық-денсаулық» деп дана халқымыз айтқандай болашақ еліміздің әрбір азаматын зиянды әдетішімдік,нашақорлық,шылым шегушіліктен сақтандыру,олардың денсаулыққа,болашақ ұрпаққа жау екендігін түсіндіру, өркениетті елімізге лайықты зиянды әдеттерге қарсы күресетін білімді тұлға тәрбиелеу.олай болса, егеменді еліміздің тұтқасы болар болашақ жас ұрпақты қол соғып қошеметтеп ортаға шақырайық.
«Болашақ» тобы мен «Денсаулық сақшылары» тобы ортаға шақырылып,әділқазылар алқасы таныстырылады.
Сайыс шарттары:
1.Таныстыру. Әр топ өздерін таныстырып,төс белгілерін қорғайды.
2. «Бірінші байлық-денсаулық». Зиянды әдеттер тақырыбына байланысты мақал-мәтелдерден жарыс ұйымдастыру.
3. «Денсаулық-зор байлық». Денсаулыққа зиянды нәрселер туралы әзіл өлеңдер айту.
4. «Тәні саудың - жаны сау». Зиянды әдеттер тақырыбындағы сұрақтарға жауап беру.
5.Уланбасын өмірің. Зиянды әдеттердің алдын-алу шараларын дәріптейтін көрініс көрсету.
6.Ситуациялық жағдайлардан шығу.
7. Сұрақ-жауап. Конверттің ішінде СПИД-ке байланысты 22 сұрақ берілген, онда 11 сұрақ дұрыс, 11 сұрақ дұрыс емес болуы керек.
Ендеше сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
1-жүргізуші: Көк түтінге жас өкпеңді ыстама,
Ащы суға өзіңді-өзің қыстама.
Ер жетудің белгісі деп бұл да бір,
Әуес көріп ұстамасты ұстама!-деп жас жеткіншектерді салауаттылыққа үндейтін «Болашақ» тобын сайысымыздың алғашқы шарты «Таныстыру» кезегіне шақырамыз.
Әр топ өздерін таныстырып өтеді.
2-жүргізуші: Иманыңды, дидарыңды,
Тазалап ал,қазағым.
Ұрпақтарың,ұл-қыздарың,
Түзу бассын қадамын!-деп келешекке келелі азамат ретінде баруды көздеген «Денсаулық сақшылары» тобын ортаға шақырайық.
Топтың таныстырулары тыңдалады.
1-жүргізуші: Жігерің бар,талабың бар,қайратың,
Мақсат тұтсаң қанатың бар талмайтын.
Өз-өзіңді ұстай білсең тартынып,
Өмірің бар алда әлі солмайтын,-дей отырып, жаман әдеттерден жирендіретін,денсаулыққа зиянды әдеттерге байланысты мақал-мәтелдер мен ұлағатты сөздер айтуға екі топ мүшелерін ортаға шақырайық.
1-білім алушы: Сақ жүрсең,сау жүресің.
2-білім алушы: Ұйқы тынықтырады,
Жұмыс шынықтырады.
3- білім алушы: Денің сау болса,
Жарлымын деме,
Жолдасың көп болса,
Жалғызбын деме.
4- білім алушы: Тыста ұзақ жүргенің-ұзақ өмір сүргенің.
5-оқушы: О.Б.Лепешинская: «Дене шынықтыру мен спорт ағзаның жалпы іс қабілеттілігін көтереді, адамның шат көңілді болуына жәрдемдеседі, ал бұл ұзақ жыл өмір сүрудің міндетті шарттарының бірі».
6- білім алушы: М.Я.Мудеров: «Денсаулықты сақтау үшін,ал онан да абзалы жиі ауыра берудің алдын алу үшін дене жаттығуларын жасаған немесе қозғалыста болған жақсы».
7- білім алушы: А.Шопенгауэр: «Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты».
8- білім алушы: Ибн Сина: «Дене құрылысының үйлесімін бірқалыпты ұстау дегеніміз-тағам мен сусынды талғау, дәрет тәртібін мұқияттау,киім мен ауа тазалығын сақтау,дене мен рух бірлестігін естен шығармау,ұйқы тәртібін бұзбау».
9- білім алушы: Т.К.Карлейль: «Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі».
10- білім алушы: Елемеген ауру жаман,
Ескермеген дау жаман.
11- білім алушы: Іздеп алған аурудың емі табылмас.
12- білім алушы: Демі бардың-емі бар.
13- білім алушы: Сырқат-тән жарасы,
Қайғы-жан жарасы.
2-жүргізуші: Жағымсыз иістен аулақ бол,
Жақсы іске жақын бол.
Темекімен жау болып,
Адамдыққа асық бол,-дей отырып, «Денсаулық –зор байлық» айдарымен сайыскерлерді әзіл өлеңдер айту шарты кезегіне береміз.
Ал,шәкірттер алды-артын оңдасын,
Шешілмеген сұрақтары қалмасын.
«Ол кім? Бұл не?» бөлімінде,
Танымдықпен,білгірлікпен
Жауаптары тыңдалсын,-деп келесі «Тәні саудың-жаны сау» бөліміне тоқталайық.
Шарты: Зиянды әдеттер тақырыбындағы сұрақтарға жауап беру.
«Болашақ» тобына сұрақ:
1. Сара Назарбаеваның салауатты өмір салты туралы қандай кітабы бар? («Ұстаздан ұлағат»).
2. Есірткінің әлеуметтік салдары қандай? (Отбасының бұзылуы,қылмыстың артуы).
3. Құрамында этил спирті бар.ол не? (Ішімдік).
4. Темекі құрамындағы улы зат? (Никотин).
5. Туберкулезге қарсы күрес күні? (24 наурыз)
6. СПИД неліктен қорқынышты? (Ауырғаннан кейін ең көбі 5-7 жыл өмір сүреді, ең жаманы емі жоқ).
«Денсаулық сақшылары» тобына сұрақ:
1.Салауаттылық сөзінің негізгі мағынасы?
(Парасатты,байыпты,ақылды,ойлы,зерделі,сабырлы).
2.СПИД нашақорларға қалай жұғады? (Ортақ пайдаланған ине арқылы).
3. «Пассивті темекі шегу» деген термин нені білдіреді? (Темекі шегетін адамның айналасындағы темекі шекпейтін адамның темекінің түтінін жұтуы.Темекі шегетін адамның кесірінен басқа адам жап шегеді).
4. Дүниежүзілік СПИД-пен күрес күні? (1-желтоқсан).
5.Шылымның зияны тиетін мүше? (Өкпе).
6. Есірткінің ең көп тараған түрі?
(Анаша,кокаин, апиын, ең көп тараған түрі-героин).
1-жүргізуші:Салауатты өмір салтын қорғайық,
Әдеттен жаман әманда аулақ болайық.
Өз өмірің өз қолыңда,ей жастар,
Су ішпеген гүлдей болып солмайық!
«Уланбасын өмірің» бөліміне өтеміз.
Көріністер көрсетіледі.
2-жүргізуші: Дүниеде дерт боп әркез жетеді,
Әдет болып жаман нәрсе кетеді.
Жаман әдетке жақ болсаң,
Өмірің қор боп өтеді.
Шарты: Ситуациялық жағдайлардан шыға білу.
«Болашақ» тобына тапсырма:
Бір спортшы өзі әйгілі,жақсы,жұртқа танымал,бірақ табыс көзі онша болмайды.Енді ол отбасын асырау үшін арақ зауытына жұмысқа тұрады.алғашқы кезде жақсы табыс тауып жүреді.Кейіннен ол аз-аздап ішіп,араққа бойы үйреніп кетеді.Енді жұмысты тастайын десе,ақша керек, тастамайын десе, ішіп қоя береді.Ситуациядан қалай шығуға болады?
«Денсаулық сақшылары» тобына тапсырма:
Темекі тартпайтын планетадан келген қонаққа темекі деген не және оны адамдар не үшін тартатыны жайлы түсіндіру қажет.
Қонақтардың рөлін бір оқушы ғана орындайды,қалған оқушылар темекі туралы түсіндіреді.
«Болашақ» тобына тапсырма:
Сенің достарыңның бәрі темекі шегеді.Ал сенің темекі шеккің келмейді,сол үшін олар сені шеттете бастайды.сен лоардан бөлініп кете алмайсың.не істер едің,әлде қойдырудың жолын іздестірер ма едің?
«Денсаулық сақшылары» тобына тапсырма:
Сіздің қол астыңыздағы жұмысшыңыз күнде спирттік ішімдік ішетіндіктен өз жұмысын орындай алмайды, себебі ол түскі үзіліс кезінде де ішеді.Ол жаңа ған түскі үзілістен ішіп келіп тұр.не істейсіз?
1-жүргізуші:
Басталады «Кім тапқыр?»
Деген сайысың,
Бұл сайыста озып шығар қайсысың?
Жылдамдығың,алғырлығың сыналар,
Қане шәкірт,көрінеді қай ісің?
СПИД-ке байланысты конверт ішінде 22 сұрақ берілген. Осы сұрақтың 11- і дұрыс, қалғаны дұрыс емес болуы қажет.
2-жүргізуші:
Шешілмейтін жұмбағы,сұрағы көп,
Бұл өмірге келген соң бір-ақ рет,
Қалу керек өмірдің бұлағы боп,
Қалу керек өмірдің шуағы боп.
Денсаулықты сақта түзу өсесің,
Күнәдан пәк,жаннат өмір кешесің,
Көрген күнің қараң ғой егер дерт шалса,
Харамменен тәніңді улап не етерсің?
Жаман әдет көп шектірер қасірет,
Сақта өзіңді жақсылыққа жетерсің!-деп сайысымызды аяқтай келе әділқазылар алқасына сөз береміз.
Әділқазылар сайыс шешімін шығарады.
1-жүргізуші: Ата-анамыз,ұстазымыз,
Бір тілек айтарымыз,
Берекелі заман болсын,
Балаларыңыз аман болсын,
Жиырма бірінші ғасырда,
Ашық аспан астында
Денім сау болсын десең....
Хормен: Арақ ішпесін!
Кімде-кім өз ұжымына қадірлі боламын десең....
Хормен: Арақ ішпесін!
Кімде-кім өз қоғамына пайдалы азамат боламын десе....
Кімде-кім сүйіті жар боламын десе....
Хормен: Арақ ішпесін!
Кімде-кім өз ұлына өнегелі әке боламын десе...
Кімде-кім өзіне өмір беріп,әлпештеп өсірген ата-анама қарыздармын деп білсе,соларға адал боламын десе.....
Хормен: Арақ ішпесін!
Денсаулықтарыңыз мықты,
Жанұяларыңыз қуанышқа толы болсын десеңіз......
Хормен: Темекі тартпа!
Әнші болғың келсе.....
Хормен: Темекі тарпта!
Ғалым болғың келсе....
Хормен: Темекі тартпа!
Білімді,ақылды азамат болғың келсе...
Хормен: Темекі тартпа!
2-жүргізуші: Қадірлі педагогтар және білім алушылар!Міне бүгінгі «Салауатты өмір салтын дәріптейік» атты сайысымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет. Баршаңыздың дендеріңізге саулық тілейміз. Жаман әдеттерден аулақ болыңдар,жас достар!
Қолданылған әдебиеттер:
1. Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар №5/ 2017 жыл
2. Мектептегі мерекелер № 4/2018 жыл
3. Тәрбие жұмысы № 9/2017 жыл
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/358856-salauatty-mir-saltyn-driptejik


БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- «Социально-коммуникативное развитие детей дошкольного возраста»
- «Управление организацией дополнительного образования детей: специфика деятельности руководителя организации ДОД»
- «Основная образовательная программа дошкольного образования: требования и особенности проектирования»
- «Структура и требования ФОП ДО: особенности организации учебно-воспитательного процесса в контексте ФГОС ДО»
- «Педагогические технологии в практике учителя начальных классов»
- «Адаптация детей к дошкольной образовательной организации»
- Менеджер в образовании: управленческая деятельность в образовательной организации
- Английский язык: теория и методика преподавания в образовательной организации
- Управленческая деятельность в системе социального обслуживания
- Социальная педагогика: воспитание и социализация детей в образовательной организации
- Теория и методика обучения и воспитания
- Педагогическое образование: теория и методика преподавания основ духовно-нравственной культуры народов России
Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.