- «Формирование основ финансовой грамотности дошкольников в соответствии с ФГОС ДО»
- «Патриотическое воспитание в детском саду»
- «Федеральная образовательная программа начального общего образования»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
- «Специфика работы с детьми-мигрантами дошкольного возраста»
- «Нормативно-правовое обеспечение работы социального педагога образовательного учреждения»
- «Организационные аспекты работы педагога-психолога ДОУ»
- «Ранний детский аутизм»
- «Специальная психология»
- «Психолого-педагогическое сопровождение процесса адаптации детей-мигрантов в образовательной организации»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
Салт пен дәстүр – діннің тірегі.
Салт пен дәстүр – діннің тірегі.
Мақсаты: сатл-дәстүр мен әдет-ғұрыптың адам бойына жақсы қасиеттерді ұялататынын, адамгершілікке, имандылыққа бастайтынын түсіндіру; тазалыққа, сенімге, қайрымдылыққа тәрбиелейтін қасиетті Құран кітабының негізгі қағидалары туралы түсінік беру.
Көрнекілігі:сахна (киіз үйдің ішкі көрінісі), слайд көрсетілімдері, даналық сөздер.
Күтілетін нәтиже: салт-дәстүрін сақтауды, ардақтауды үйренеді; тән сұлулығы мен жан сұлулығының мәнін ұғынып түсінеді.
Барысы
Құрметті қонақтар, білім алушылар!
Бүгінгі тәрбие жұмысымыздың мақсаты халқымыздың салт-дәстүрінің тәрбиелік мәні туралы айтып, бойларына сіңіру болып табылады. Бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасаған – өзіміздің қазақ халқы. Халқымыз дәстүр-салтын сақтай отырып жасөспірімдерге тазалық, адамдық жолындағы игі қасиеттерді бойына сіңіріп отыруды ұмытпаған. Осы негізде білім алушылармен бірге дайындаған қойылымдармыз бен ән-жырларымызды қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші:
Туған соң адам боп,
Білімсізден жаман жоқ.
Ел дәстүрін білмесең,
Жұрт айтады «Надан» деп.
Ата-бабаң ардақты,
Жамандыққа бармапты.
Ардақ тұтып үлкенді,
Ата жолын жалғапты.
2-жүргізуші:
Бауырласқан тәніміз,
Бұзылмаған салтымыз –
Кең даланың ежелгі
Қазақ деген халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз.
Енді келесі бөлімдерге кезек берейік.
І бөлім: «Салтым – асыл қазынам» сахналық көріністер.
Көрініс «Балаға ат қою»
Сұлтан ақсақалдың үйінде дүниеге сәби келеді. Ауыл-аймақты жинап, балаға ат қою рәсімін өткізеді. Ат қоюшы баланың құлағына: «Сенің атың - Әбдірахман» деп үш рет қайталайды.
1-жүргізуші:Қазіргі кезде балаға Рамазан, Рахым, Хадиша, Ислам, Мұхаммед, Ибраһим, Рәзия т.б.есімдер қойылып жүр. Бала есімінің қасиетті аттармен байланысты болуы сол атқа жауапкершілікпен қаруы керек екенін міндеттейді.
Көрініс: «Бесікке салу».
Жаңа туған баланы нағашылар немесе ауылдың бетке ұстар аналарының бірі бесікке салады.
2-жүргізуші: Баланы бесікке салу – ежелден келе жатқан сат-дәстүріміз. Ағаштан жасалған бесікті баланың нағашылары немесе жасы үлкен қадірлі аналардың бірі әкеліп сыйға тартады. Жын шайтандарды қуу үшін, түрлі иістерден арылту үшін отпен бесікті аластайды. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген мәтелдің маңызы зор, адам тазалықты, адалдықты осы бесіктен бастап бойына дарытады.
Көрініс: «Тұсау кесу»
Қаз басып жүрген сәбидің тұсауын ала жіппен кесіп, тұсаукесер тойын өткізеді.
1-жүргізуші:
«Жолын болсын» деселік,
Жолына нұр төселік.
Жарылқасын алдыңнан,
Күрмеуіңді шешейік,
Тұсауыңды кесейік, - деп сәбидің ала жіп тұсауын кеседі. Баланың қадамына «Адал бол, алдыңнан ақ күн тусын, Алла жарылқасын» деген тілектері, сәбидің болашақтағы жолы, аяқ алысы жақсы, нық болуы осы тұсау кусуге байланысты.
Ән: «Қазағымның дәстүрлері-ай».
ІІ бөлім: «Халық тәрбиесі – асыл қазына»
2-жүргізуші:
Ата салтым – асыл мұрам, ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманын.
Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,
Өткенімді бүгінменен жалғадым.
1-жүргізуші: Қазақ халқының әрбір тұжырымды ойы, мақал-мәтелі, тыйым сөздерді тәрбиенің мол мұрасы екендігін, оның күнделікті өмірде қажеттілігін көрдік. Кезекті оқушыларға берейік.
1-білім алушы: «Жеті ата»
Жеті атасын білмеген – жетесіз. Әр адам жеті атаға дейін жақын туыс саналады. Қазақ халқы жеті атаға дейін қыз алыспаған. Бұрынғы адамдар бір-бірімен танысқанда, жүздескенде руын, тегін сұрауы осыдан шыққан. Олай болса жеті ата: 1) бала 2) әке 3) ата 4) арғы ата 5) баба 6) түп ата 7) тек ата.
Ата тек деген сөз осыдан шыққан. Жеті атаны тарату осылай жүктеледі.
1-білім алушы: «Тыйым»
«Қызға қырық үйден тыйым, мың сан үйден сын» (мақал). Халқымыздың тәрбиелік құралдарының күнделікті үлгі, өнеге түрлерінің бірі – тыйым. Бұл – балалар мен жастарды жаман әдеттерден сақтандырып, жақсылыққа бейірдеуден шыққан педагогикалық ұғым. Осы арқылы олар әркімді теріс мінез, орынсыз қимылдардан сақтандырып отырған. Халық ұғымында тізені құшақтау – жалғыз қалудың, үлкеннің жолын кесу – әдепсіздіктің, қолды төбеге қою – ел жұрттан безінудің, асты төгу – ысыраптың белгісі және ондай істерге қатаң тыйым салған. Ел ішінде тыйым түрлеріне байланысты сөздер көптеп саналады.
ІІІ бөлім: «Қасиетті жеті саны»
5-білім алушы: «Жеті шәріп»
1. Мекке шәріп
2. Мәдени шәріп
3. Бұхар шәріп
Шам (Дамаск) шәріп
5. Қатым шәріп
6. Құддыс (Мысыр) шәріп
7. Кәләм шәріп (Құран)
6-білім алушы: «Жеті қазына»
1. Ер жігіт
2. Сұлу әйел
3. Ақыл, білім
4. Жүйрік ат
5. Қыран бүркіт
6. Берен мылтық
7. Жүйрік тазы
7-білім алушы: «Жеті жұт»
1. Құрғақшылық
2. Жұт (мал қырылуы)
3. Өрт
4. Оба (ауру)
5. Соғыс
6. Топан су
7. Зілзала (жер сілкінуі)
8-білім алушы: «Жеті жоқ»
1. Жерде өлшеуіш жоқ
2. Аспанда тіреуіш жоқ
3. Таста тамыр жоқ
4. тасбақада талақ жоқ
5. Аллада бауыр жоқ
6. Аққуда сүт жоқ
7. Жылқыда өт жоқ.
9-білім алушы: «Құрандағы жеті парыз»
1. Құранның басы - дәрет
2. Құранның анасы - бата
3. Құранның қорғаны – аятыл күрсі (дұға)
4. Құранның ділі – ясин (дұға)
5. Құранның кілті – ысытайыл ықылас
6. Құранның шырғы – тәсбі
7. Құранды оқу – сүннат, тыңдау – парыз
ІҮ бөлім «Сөздің көркі - мақал».
Білім алушылар тазалық, адамгершілік, имандылық туралы мақал-мәтел айтады.
Қорытынды.
Құрметті қонақтар, білім алушылар! Бүгін біз «Салт пен дәстүр – діннің тірегі» атты тәрбие шарамызда қазақ халқының дәстүрлері мен даналық сөздерінде жақсылыққа, адалдыққа, имандылыққа, қанағатшылыққа, ар тазалығына дәріптейтін ұлылықтың бар екенін сезініп отырмыз. Әрдайым отбасында қазақтың салт-дәстүрін, оның мағынасын ашып түсіндіріп отырсақ, ұл-қызымыз иманды, инабатты, ұятты, адал азамат болып өсіре сөзсіз. Сөзімнің соңын ұлы ойшыл ғалымдардың, тарихи тұлғалардың сөздерімен таныстырып, ой түйіндегім келіп тұр. Абайдың 14-сөзі: «... Қазақ та адам баласы ғой, көбі ақылсыздығынан азбайды, ақылдының сөзін ұғып алар жүрекке жігер, қайрат, байлаулықтың жоқтығынан азады. Жаманшылыққа беріліп кеткен соң бойын жиып алып кетерлік қайрат қазақта кем болады.»
Б. Момышұлы: «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім, енді қорқыныш көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Екінші, немересіне ертегі айтып беретін әженің азаюынан қорқамын. Үшінші, дәмін, дәстүрін сыйламайтын балалар өсіп келе жатыр. Мен солардан қорқамын.»
Н. Назарбаев: «Діни экстремизмді алатын болсақ, ол адамдар арасына іріткі салуға, өшпенділік отын тұтуға, қантөгістер ұйымдастыруға жол ашады. Пиғылы бөтен, қазақтың болымысына жат ағымдарға қазір тосқауыл қоймасақ, онда ертең бірлігімізге сызат түседі. Егер елімізде нағыз таза мұсылман, Құранның жолымен жүретін халық көп болса, елде береке, бірлік, тыныштық болады».
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар № 5/2017, № 10/2016 ж
2. Тәрбие жұмысы журналы № 12/2016 ж
3. Ғаламтор желісі
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/358857-salt-pen-dstr--dinni-tiregi


БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- «Заместитель директора по АХР: особенности управления административно-хозяйственной работой образовательной организации»
- «Социальная работа с военнослужащими и членами их семей»
- «Инклюзия в дополнительном образовании: особенности работы с детьми с нарушениями опорно-двигательного аппарата»
- «Организация процесса обучения английскому языку в начальной школе по ФГОС НОО»
- «Подготовка обучающихся к ЕГЭ 2025 по физике в условиях реализации ФГОС»
- «Основы психологии в профессиональной деятельности педагога»
- Дошкольное образование: обучение и воспитание детей дошкольного возраста
- Профессиональная деятельность методиста дошкольной образовательной организации
- Теория и методика преподавания русского языка и литературы в образовательных организациях
- Педагогическое образование: теория и методика преподавания мировой художественной культуры
- Организационно-методическое сопровождение педагогов. Наставническая деятельность в образовательной организации
- Теория и методика преподавания технологии в образовательных организациях
Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.