Охрана труда:
нормативно-правовые основы и особенности организации
Обучение по оказанию первой помощи пострадавшим
Аккредитация Минтруда (№ 10348)
Подготовьтесь к внеочередной проверке знаний по охране труда и оказанию первой помощи.
Допуск сотрудника к работе без обучения или нарушение порядка его проведения
грозит организации штрафом до 130 000 ₽ (ч. 3 статьи 5.27.1 КоАП РФ).

Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014

Почему стоит размещать разработки у нас?
  • Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
  • Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
  • Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
Свидетельство о публикации
в СМИ
свидетельство о публикации в СМИ
Дождитесь публикации материала и скачайте свидетельство о публикации в СМИ бесплатно.
Диплом за инновационную
профессиональную
деятельность
Диплом за инновационную профессиональную деятельность
Опубликует не менее 15 материалов в методической библиотеке портала и скачайте документ бесплатно.
13.12.2019

Жаһанша есімі Ұрпақ есінде

Мешелова Роза Жарасбаевна
студент 3 курса группы 3МДТ-17
Мен неге қазақтықтан сақтанамын?! – деп С.Торайғыров бекер айтып кетпесе керекті. Халқымыз жүріп өткен ұзақ жолдың шежірелі күндерін, ата жадына тоқыған, талай тағылымды істердіболашақ ұрпақ санасына сіңіріп, ұлтжандылыққы тәрбиелеп, өлкенің оқыған азаматтарын еске алып, насихаттау, қастерлеу – дәстүрімізге айналған деп ойлаймын.

Содержимое разработки

«Жаһанша есімі – Ұрпақ есінде »

Тұрсын Жібек, Мешелова Роза Жарасбаевна

Қостанай қаласы «Қостанай гумманитарлық колледжі»

Мен қазақ қазақпын деп мақтанамын,

Ұранға Алаш деген атты аламын,

Сүйгенім қазақ өмірі өзім қазақ,

Мен неге қазақтықтан сақтанамын?! – деп С.Торайғыров бекер айтып кетпесе керекті. Халқымыз жүріп өткен ұзақ жолдың шежірелі күндерін, ата жадына тоқыған, талай тағылымды істердіболашақ ұрпақ санасына сіңіріп, ұлтжандылыққы тәрбиелеп, өлкенің оқыған азаматтарын еске алып, насихаттау, қастерлеу – дәстүрімізге айналған деп ойлаймын.

Қазақ тарихының белесті асуларының бірі - Алаш қозғалысы Алаш қайраткері ұлтты ұлт ететін талай-талай шаруаны бастағаны, жолға салғаны бәріміхге аян. Бүгінгі егемендігіміздің, тәуелсіздігіміздің тарихында Алаш атын аспандатқан арыстарымыздың үлесі орасан және дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат. Олар ертеңгі ұрпаққа қиыннан қиып жол салып, еркіндіктің отын өшпестей етіп тұтатып кетті. Сол арыстарымыздың бірі әрі бірегейі , ұрпақ есінде мәңгі қалмақ – Жаһанша Досмұхамедов. Ол 1887 жылы Орал облысы Жымпиты 3 ші ауылында тұрып малшылықпен күнін көрген Досмұхамедов отбасында дүниеге келген. Өзі білімді, өзі шешен, өзі білікті заңгер, саясаткер Жаһаншаһ қазақ еліне ешбір елге ешқандай бөтен жүйеге бағынбай , өз алдына дербес мемлекет болғанын көксейді. Жаһаншаның әкесі Досмұхамед бүкіл саналы ғұмырын ұлтының азаттығы жолына бағыттаған. Жайық өңіріне аты мәлім. Осындай әулетте дүниеге келген Жаһанша жастайынан зерек, алғыр болып өскен. Кеудесіндегі Алаш үшін соққан жүрегі тек батылдық пен шыншылдыққы, әділдік пен білімге толған Жаһанша Досмұхамедовтың жылдар бойы есімі елеусіз болып, назардан тыс қалуы Алаш арыстарына тән емес деп ойлаймын. Біз өз ұрпағымызды қорғап, жанын берген, өзін көптің біріндей ұстамайғ қайта елім деа басын көтерген бұл Алаш арыстарын еске алмай біздің болашағымыз жарқын болмас. Өзіміздің текті тарихымызды ұмытпауға тиістіміз деп ойлаймын. Қайта елімізде сондай Алаш деп кеудесін соғып елінің келешегі үшін өмірін де қиюдан таймайтын арыстарымызды құрметтеуіміз керек Қазақ елі!

Қыр қазағының үміт еткен қорғанышы білім өнерді игерген азаматқа тірелгендіктен, баласын мектепке беруге ықыласы жаппай артты. Сөйтіп ол училище табалдырығын аттап, өзі сияқты білім өнерге құштар қаракөз құрбы – құрдастары Бақтығали Бисенұлы, Жұмағали Байышұлы, Ескендір Қомжасарұлы, Ғали Қалиұлы, Ғұбайдолла Бердіұлымен танысып, тонның ішкі бауырындай араласып кетті.Алашорда үкiметiнiң нақты қызметi Ж.Досмұхамедов, К.Жәленов, И.Қашқынбаев, Х.Досмұхамедовтердiң қол қойған «Алашорданың Батыс бөлiмшесiндегi қазақ үкiметiнiң қызметi туралы» баяндама хатта: «Бiз Алашорда өкiлдерi, өзiмiздiң қазақ өлкесiндегi саяси басшылық пен Уақытша үкiмет басшылығына халықтың өз таңдауымен, халықтың қалауымен келгенiмiздi мәлiмдеудi қажет деп есептеймiз. Қиын-қыстау кезеңде басшылықта болған бiз өз шама-шарқымыз мүмкiншiлiгiмiзге қарай өз халқымыздың еркiн қалауын жүзеге асыру жолында қызмет iстедiк. Сенiп тапсырған билiктi өз еркiмiзбен Кирвоенкомға бере отырып, бiз бұл әрекет қазақ халқының басты арманы –автономиялық басқару идеясына қызмет етедi немесе қызмет етуге тиiс. Әзiрге жалпы мемлекеттiк билiк жағдайында өз-өзiн сақтау мақсатымен қазақ халқының өз мемлекеттiк аппараты болуға тиiс деген саяси ойды жақтай отырып, бiз қазақ өлкесiн басқарушы жоғарғы ұйымдарға мiндеттi түрде қатысуымыз керек деген ниеттен аулақпыз. Сонымен бiрге өлкедегi автономиялық билiктi жүзеге асырушылардың қандай да болсын саяси сенiм, нанымдарына қарамастан, бiз өзiмiздiң барлық күш-жiгерiмiзбен билiгiмiздi, еңбегiмiздi қазақ өлкесiнiң гүлденуi үшiн жұмсауға әзiрмiз. Бiз тек тағы да «өңiн айналдырған» ұлы державалық үстемдiк пен құлдықтың орнауына, сондай-ақ, қазақтардың тағы да ұлы державалық ұлттың саяси қызметшiсi мен қолшоқпарына айналуына барлық жан-тәнiмiзбен қарсымыз», –деп көрсетiлдi. Бұл баяндама хатты В.И.Ленинге, И.В.Сталинге, Л.Д.Троцкийге Жаһанша өз қолымен табыстады. Қызыл армияның революциялық комитетi дала жұртын Кеңес өкiметiнiң тәртiбiне бағынуға шақырды.Алашорда Батыс бөлiмiнiң төрағасы Жаһанша да қазақ халқын Кеңес өкiметiн мойындау қажеттiгiн айтып, бiр тәртiпке бағынуға шақырған.

Халқымызда «өшкені жанып, өлгені тірілді» дейтін қанатты сөз бар, жетпіс жылдан астам уақыт аттарын атауға тыйым салынып, еңбектерін архивтің щаң басқан сөрелерінен шығартпай қойған солақай саясаттың заманы өтіп , бүгінгі тәуелсіздік тұсында Алаш қайраткері Жаһанша Досмұхамедов қазақ халқының оқу – білімге ұмтылуына жол ашып, білім алып жатқан қазақ балаларына шәкірт ақы бергізіп, қазақ тіліндегі оқу- құралдарының көптеп шығуына үлес қосқанын, тәуелді болудан құтылудың төте жолы оқу екенін жақсы түсініп, өз халқының алдыңғы қатарлы дамыған ұлттар тәрізді білімге ұмтылғанын қалаған болатын. Қазақ сахарасындағы ең құнды құжаты Тәуке ханның «Жеті жарғысын » қазақтың тұңғыш заңдар жинағы ретінде көрсетіп, түркі жұртшылығына дәлелдей білген.

Жаһанша саясаткер ретінде де Алашорданың Батыс бөлігін басқарып, қазақ сахарасында орныққан саяси және экономикалық ахуалды реттеп отыруға күш жігерін салды. “Менің қоғамдық-саяси қызметім тұңғыш рет 1910 жылы көрініс тапты", — деп жазыпты Жаhаншаh Досмұхамедұлы. Алаштың бірігуіне, Батыс өңіріндегі Алаш жұртын сақтап қалуға , дамытуға үлкен еңбек сіңірді. Орта Азияда, Қазақстанда түпкілікті ұлттар мен этностың мекендейтінін ескере отырып, осы халықтарды бір – бірімен өзара біріктіру саясатын қолдады. Сондай – ақ Алаш арысы мемлекет құру үшін ең әуелі мемлекеттің аппарат қалыптастырудың маңызды екеніне баса назар аударды. Мерекелік жиында Жаһанша Досмұхамедовтың дербес мемлекет құрудағы сіңірген еңбегі , 1918 жылы мамырда, «Ойын уәлаяты » деп аталатын тұңғыш аймақтық автономияны жариялағаны Үкімет төрағасына сайланып, Премьер – Министр және Әскери істері министрі қызметерінде болғаны аталып өтілді.

XX ғасырдың басында еліміздің барлық өңірінде жаппай орын алған белсенді ұлт- азаттық қозғалыс легіне араласқанға дейін, Жаһанша Досмұхамедов патшалық сот органдарында қызмет атқарып, маңызды мемлекеттік іспен шұғылданған. Жаһанша 1911 – 1917 жылдар аралығында әуелі адвокат ғ кейін Том округтік сотының Каинск уезі бойнша прокуроры болып қызмет атқарды. Осы өңірдегі және қазақ даласндағы сот істеріне қатысып, прокурор және адвокат ретінде күрделі істердің қиынынан шыға білді. Жаһанша – қазақ жұртынан шыққан тұңғыш прокурор болды.

Бұрынғы алаш қайраткерлерін 1928 жылдың соңына қарай абақтыға жауып, жауапқа тарта бастаған науқаннан шошынғаннан Досмұхамедұлы 1930 жылғы ақпанда Мәскеуге ауысып, “Скотовод” басқармасында экономист болып істейді. Алайда, бәрібір, қазақстандық чекистер құрған торға тұтылады: сол жылы күзде, алдағы қысқа әзірлік мәселесіне байланысты Қызылордаға іссапармен келгенінде, тұтқынға алынады. Заңгер басымен, жасанды айып тағумен айналысқан құпия полициядан заңсыздықпен жасалған қилы қысым көреді. Ол жолы бес жылға Воронежге жер аударылады. Сосын, 1937 жылғы “үлкен террор” кезінде, Мәскеудегі пәтерінде ауырып жатқан жерінен тағы да тұтқынға алынып, ұзамай атып тасталады.

Жаһанша атамыздың арманы болған – 1991жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы атты тәуелсіздік мемлекеттің егемендік алуымен, Отанымыздың көк туының көкке көтерілуімен орындалды. Жаһанша Досмұхамедов саналы өмірінде шындықты бетке айтатын турашыл адам болды. Ол кісі :«Біз еш уақытта кеңес үкіметін мойындамаймыз» деген. «Жақсының аты өлмейді, жаманның хаты өлмейді » дегенмен, өлгенді тірілтіп, өшкенді жағатын іздеуші болу керек. Жаһанша Досмұхамедовтың көптеген еңбектерінің зерттелмей, тарихтан өз орнын алуда кешігіп жатуының бір себебі осы. Еліміздің келешегі деп жан аямай тер төккен Жаһаншаның осынау бүкіл тағдыры Алаш жұртына арналғанын байқауға болады. Әрине сондай ірі тұлғаның жылдар бойы есімі сый-құрметке бөленбегені өкінішті. Біз бұл өкініштің орнын қайтсекте тортыруымыз керек деп санаймын. Өткенді дәріптемесек болашақты қалай жарқын етпекпіз? Кім білсін мүмкін онда өзіміздің тектілігімізді , тарихымызды, ата- бабаларымыздың ерлігін де ұмыт қалдырармыз. Сол себепті Алаш аяулыларын жиі насихаттап, артымыздан еріп келе жатқан ұрпағымызға ұқтырғанымыз жөн деп ойлаймын.

Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/387766-zhaansha-esimi--rpa-esinde-

Свидетельство участника экспертной комиссии
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и закажите рецензию на методическую разработку.
Также вас может заинтересовать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ
БЕСПЛАТНО!
У вас недостаточно прав для добавления комментариев.

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

 

Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)

Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.

Рекомендуем Вам курсы повышения квалификации и переподготовки