Охрана труда:
нормативно-правовые основы и особенности организации
Обучение по оказанию первой помощи пострадавшим
Аккредитация Минтруда (№ 10348)
Подготовьтесь к внеочередной проверке знаний по охране труда и оказанию первой помощи.
Допуск сотрудника к работе без обучения или нарушение порядка его проведения
грозит организации штрафом до 130 000 ₽ (ч. 3 статьи 5.27.1 КоАП РФ).

Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014

Почему стоит размещать разработки у нас?
  • Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
  • Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
  • Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
Свидетельство о публикации
в СМИ
свидетельство о публикации в СМИ
Дождитесь публикации материала и скачайте свидетельство о публикации в СМИ бесплатно.
Диплом за инновационную
профессиональную
деятельность
Диплом за инновационную профессиональную деятельность
Опубликует не менее 15 материалов в методической библиотеке портала и скачайте документ бесплатно.
31.03.2014

Методическая разработка урока о дружбе «Достық қымбат өмірде» для начальных классов

Оразалина Раиса Маратовна
бастауыш сынып мұғалімі
Методическая разработка урока на тему «Достық қымбат өмірде» для начальной школы. Цель занятия — раскрыть ценность дружбы и взаимного уважения как важных нравственных качеств. Включает задания для развития коммуникативных навыков, воспитания коллективизма и доброжелательности. Практические приемы: работа с иллюстрациями, текстом сказки «Қарлығаш пен дәуіт», игровые моменты и релаксационные паузы для эмоционального настроя учащихся. Готовые материалы для проведения урока в рамках педагогической мастерской НОО.

Содержимое разработки



Өзін – өзі тану пәнінің оқу бағдарламасы

1 сынып

Оразалина Раиса Маратқызы

2013 – 2014 оқу жылы



        



1 сынып

1-2 сабақ



«Шаттыққа толы жүрекпен»

Сабақтың тақырыбы: Шаттыққа толы жүрекпен
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері: 1. «Өзін-өзі тану» пәнә туралы түсінік беру;
2. Өзіне деген сенімділігін арттыру;
3 . Өзін және бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.
Мақсаты: Балалардың өзін-өзі тануына, адамгершілік құндылықтарын үйренуіне ықпал ету.
Көрнекі құралдар: Үнтаспа, «Өзін-өзі тану елінің» суреті,сюжетті суреттер,домбыра, «алтын сақа» (асық),сандықтың сұлбасы.
арқылы «Өзін-өзі тану» пәнімен танысуға шақыру.

-Қош келдіңдер, балалар!Мен сендерді көргеніме қуаныштымын. «Шаттық шеңбері» аясында бір-бірімізбен танысайық.
Танысу ойын түрінде ұйымдастырылуы мүмкін.
Шаттық шеңбкрінің мәнін түсіндіру үшін балаларға төмендегі өлең жолдарын бірге қайталап,қимылмен көрсетуді ұсынады және ол түйіндейді:
Қуанамын мен де,(Өзін көрсетеді.)
Қуанасың сен де,(Жанындағы досы көрсетеді.)
Қуанайық, достарым,(Бір-бірінің қолдарынан ұстайды.)
Арайлап атқан күнге!(Қолдарын жоғары көтереді.)
-Балалар, «Шаттық шеңберінде» бір-бірімізге өзіміздің жылы жақсы сөздерімізді шын көңілмен,мейіріммен жеткізейік.Қимылдарды көтеріңкі көңіл күймен,өз еркімізбен жасайық.

Әңгімелесу: Балаларды «Өзін-өзі тану» пәнімен таныстыру мақсатында «Өзін-өзі тану» пәні тақырыбында әңгімелесуге шақыру. Балаларға «Өзін-өзі тану»дегенді қалай түсінесіңдер? Деген сұрақ қойылып,олардың жауаптары тыңдалған соң қортынды жасалынады.

Тапсырма: Оқушыларға оқулықта берілген суретке қарай отырып, «Сәлем саған,мектебім» әңгіме құрастыру тапсырылады.

Назар аударыңдар: Балаларға өзін-өзі тану сабақтарында өздерімен бірге болатын

Данышпан ата,Алпамыс,Ақбота,Махаббат атты көмекшілермен таныстырылады.Олардың өздеріне арнаған түрлі сұрақтары,тапсырмалары,жұмбақтары,тіпті сыйлықтары болатыны айтылады.

Өзіммен-өзім Балаларға көмекшіледі жақынырақ таныстыру үшін «Өзіммен-өзім» тәсілі ұйымдастырылады.Үнтаспада баяу музыка қойылады.Мұғалімнің айтқан сөздерін балалар көз алдарына елестетеді және әңгіме барысын сезінуге тырысады.

Жаңа ақпарат Оқулықтағы жаңа ақпарат «Өзін-өзі тану еліне »саяхат жасау.Тақтаға «Өзін-өзі тану елінесаяхаттың » үлкейтілген суреті ілінеді.Оқушыларға үнтаспадан Асылбек Еңсеповтың орындауында Б.Будашкиннің «Қуаныш» күйін тыңдау ұсынылады.

Тыныштық сәті Баланың өзінің ішкі күйіне үңілуге,олардың саяхаттан алған әсерлерін сезінуге мүмкіндік беретін тыныштық сәті төмендегідей ұйымдастырылады.

-Балалар,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмыңдар.Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдыр .Өздеріңнің таныс ауылдарыңды бақылап, бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза,шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал енді көздеріңді ашсаңдар болады.

Дәптермен жұмыс — Табиғат аясын өздеріне ұнайтын түспен бояу.

Қортындылау: -Балалар,бүгінгі өзін-өзі тану сабағында кімдериен таныстық? (балалар өздері қортындылайды)

Жүректен жүрекке

Көк аспанда үн күлсін! Көк аспанда үн күлсін,

Бірге күлсін бүлдіршін. Жерге ұдайы нұр құйсын!

Үйге тапсырма: «Сәлем саған,мектебім» тақырыбына әңгіме құрастыру

3 – 4 сабақ

Сабақ жоспары Тақырыбы: «Арайлап атсын әр таңым!»

Тақырыбы: «Арайлап атсын әр таңым!»
Мақсаты:
1. Жас бүлдіршіндерге «Бақыт», «Махаббат» ұғымдарының адамгершілік құндылықтары ретіндегі мәнін ашу.
2. Әр атқан таңға, бейбіт күнге қуану, ризашылық білдіру. Айналадағы адамдардың бір-біріне қуаныш сыйлауы.
Міндеттері:
1. Бір-бірімен мәдениетті қарым-қатынас жасау.
2. Үлкендермен, достарымен, жақындарымен жағымды қарым-қатынаста болу.
3. Сыныптастары мен маңайындағыларды сыйлай білу, өзін сыйлата білу.
Сабақтың жабдығы: күннің суреті, жүректің суреті, интерактивті тақтадағы тапсырмалар, үнтаспа, салынған суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Шаттық шеңбері.
Балалар шаттық шеңберін құрып, бір-бірімен сәлемдеседі, тілектерін айтады.

Армысың,алтын күн!
Армысың, көк аспан!
Армысың, жер анам!
Армысың, достарым!
ІІ. Мәтінмен жұмыс.
Оқулықтағы суреттер бойынша «Таңғы сәулелер». Таңертең тұрғанда жанұя мүшелерінің бір-бірімен жылы тілек арқылы қарым-қатынасындағы жүрекжаржы сөздері.
а) «Таңғы сәулелер» К.Д.Ушинский.
ә) Мәтінді оқу.
б) Талдау: Телефон арқылы бір-біріменжылы, қуанышты сезімде сөйлесу.
- Сәлеметсіз бе? Мен Айнұрмын ғой.
- Кешіріңіз, Айшаны телефонға шақырасыз ба?
- Рахмет, сізге.
- Қайырлы таң, Айша!...
Әдепті сөзбен бір-бірімен қатынас жасау мәдениеттіліктің белгісі,балалар.
Интертақтада бірнеше жағдайға байланысты суреттер көрсетіліп, оған оқушылар көзқарастарын білдіреді.
ІІІ.Ойын-жаттығу
а) «Қандай сәлемдесу түрлерін білесіңдер?» сұрағына жауап алу.
ә) «Ізгі сөз» Ө.Тұрманжановтың өлеңін оқып сұрақтарға жауап айтылады.
б) Тапсырма: «Шаттық шеңбері», «Жүректен жүрекке» әдіс-тәсілдерінің маңызын ашуда оқушыларға тапсырма:
1. Оқушылардың бір-біріне.
2. Ұстазына.
3. Ата-анасына.
4. туыстарына тілек айту ұсынылады.
ІҮ.Қорытындылау.
Балалар, арайлап атқан әр таңға шатанып, арнап айтқан сөздерге қуанып, айналамызға үнемі жақсылық тілеп жүрейік. Сонда өзгенің де, өзіңнің де көңілің көтеріңкі болады. Әр күнің арайлы болады.
Күлімде, күн, күлімде,
Жер жасарып көгерсін!
Кешегідей бүгін де
Қанат қақсын көгершін!
Күлімде, күн, күлімде,
Бүлдіршіндер қуансын,
Қырдың көкшіл түгіндей
Қолдарына ту алсын!
Күлімде, күн, күлімде,
Күлсін барлық бала шат!
Берекелі бүгіндей
Бейбіт болсын болашақ!

Ү. Дәптермен жұмыс. (9-бет)
а) нүктемен берілгенді бастырып жазу.
ә) жыл мезгілдерін өзіне сәйкес түспен бояу.
Жүректен жүрекке. Үнтаспаға ілесіп «Бала тілегі» әнін орындау.

   

7 сабақ

Сабақ тақырыбы: Достық қымбат өмірде


Сабақ мақсаты: Достық, өзара сыйластық ұғымдарының адамгершілік құндылықтары ретіндегі мәнін ашу.
Міндеттері: Балаларды достарымен жағымды қарым – қатынас жасауға үйрету.
Өзара сыйластық, түсіністік, көмек қарым - қатынастарын дамыту.
Татулыққа, достыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: үнтаспа, суреттер.
Шаттық шеңбері: Балалар бір - біріне көргендеріне қуанышты екендерін білдіру үшін, бір - біріне жақсы тілек жылы сөз айтады.
- Сауле, сен мейірімдісің!
- Эльмира, сен сондай сүйкімдісің!
- Сулушаш, сен маған ұнайсың!
- Айнұр, сен ақылдысысың!
Мәтінмен жұмыс
Мұғалім оқушыларға достық, өзара сыйластық құндылықтарының мағынасын кеңірек түсіндіру мақсатында «Қарлығаш пен дәуіт» ертегісін әңгімелеп береді.
Тыныштық сәті:
- Балалар денелерінді түзу ұстап бастарыңды жоғары көтеріп отырыңдар. Көздеріңді жұмыңдар. Терең дем алыңдар. Өздерінің тыныс алуларыңды бақылап, махаббатпен тыныштыққа толы таза ауаның тұла бойларыңа сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.
Тапсырма:
Оқушыларға «Достық неден басталады» деген тапсырма беріледі.
Ойын. Мен қандай баламын?
Күн тәріздес дөңгелек сары қағаз ілінеді. Қағаздың ортасына «Мен» деген сөз жазылады. Әр бала досының бойындағы жақсы қасиеттерді айтып, шуақты тақтаға кезекпен іледі.
Тапсырманы қорытындылау.
Дәптермен жұмыс.
Мұғалім оқушыларға дәптерде берілген «Досыңмен кездескенде сөзді неден бастайсың?» деген тапсырма береді.
Қорытындылау
- Балалар, достарымызбен болған әрбір күн бізге қуаныш, жақсылық сыйлайды. Достар қашанда бір - біріне жақсы тілек білдіріп, жылы сөздерін арнайды. Біз де достарымызбен бірге қуанып тек жақсылық тілеп жүрейік.
Жүректен жүрекке
Балалар қол ұстасып шеңбер құрайық. Кәне, бір - бірімізге қарайық. Досының күлімдей қарағанын саған қуаныш сыйлап тұрғаны емес пе?
Ендеше мына өлеңді бірге айтайық.
«Біз - өмірдің гүліміз»

8 сабақ

Сабақ тақырыбы: Достық қымбат өмірде
Мақсаты:Оқушылардың  арасында  жағымды  қарым-қатынас  орнату, бір-бірін  сыйлауға, адал  дос  болуға және  қоршаған  ортамен  дос болуға  үйрету,  коммуникативті  өрісті  дамыту.

Міндеті:1.Адам қарым-қатынастағы  достық  ұғымы  туралы  түсінік  беру;

2. Оқушылардың  арасында  достық  сезімдерін  дамытуға  ықпал  ету;

3.Оқушыларды  сыйластыққа, әдептілікке, шынайлыққа, адалдыққа  тәрбиелеу.

Барысы:

II.Шаттық  шеңбері.

-Балалар ,бәріміз  шаттық  шеңберіне  жиналайық.Енді  бір-бірімізге  бүгінгі  күніміздің  тамаша  өтуіне  арнап айтайық.«Досболайық бәріміз » әнін  айтайық.

Тренинг ережелерімен  таныстыру.

1.Кешікпеу.

2.Өз уақытында  бастау.

3.Бір-бірін сыйлау.

4.Ұзақ уақыт сөйлемеу.

5.Көңілді  болу.

Танысу  тренингісі. Өз есіміңізге  сын есім  қосып  танысайық.

II.Жаңа сабақ./электрондық  оқулықпен/

 Достық  қымбат  өмірде

Достар  әрқашан да бірге  ойнап, бөлінбейді.Мүмкіндік болса  бірге сабаққа дайындалады.Бірін-бірі  түсінуге, кешіруге, қорғауға әзір  тұрады.Досыңның  көп  блуы өз қолдарыңда.Егер сен  барыңмен  бөліссең, ренжітпесең, қателеспесең, қуантуға  даяр  тұрсаң, сенімен бәрі де  достасқысы келеді.

III. Әңгімелесу

  -  Балалар, « достық»  деген  сөзді  қалай  түсінесіңдер?

  -  Достар  қандай  болу  керек?

  - Нағыз  достар  қандай  болады?

 - « Жалған  достық»  деген  сөзді  қалай  түсінесіңдер?

-Достары  көп  болу  үшін  адам  қандай  болу  қажет?

/ балалар  өз  ойларын  схема  арқылы  жеткізеді/

Адамдар  бір-біріне деген адал сенім, өзара тілеулес ортақ  көзқарасы  достыққа ұластырады.Достық дегеніміз адамдардың өзара жауапкершілігі, сыйластығы  мен бір-біріне қамқорлығы.Достық  қарым-қатынас  адамдарға  өз-ара сенім жүктейді.Достар бір-біріне қуанышта да қиыншылықта да  қамқор болады.Достық-сыйластықтың, мейірбандықтың  мөлдір көзі.

IV. Мәтінмен  жұмыс.

– Енді, балалар,  біз достық, өзара сыйластық  құндылықтарының  мағынасын кеңірек  түсіну  мақсатында « Қарлығаш  пен  дәуіт»   ертегісін  мұқият тыңдап ертегі бойынша  сұрақтарға жауап  береміз. 

Қарлығаш  пен  дәуіт./электрондық  оқулық  арқылы/.

Қарлығаш жардың қуысына  ұя салып, балапан  шығарыпты.Анасы азық әкелуге кеткенде, балапандары шыдамсыздана  күтумен болады екен.Бір күні қарлығаштың ұясына жылан өрмелеп бара жатады.Мұны көрген қарлығаш шыр-шыр  етіп,  балапандарына арашашы іздейді. Ұшып көкке барады.

Қарлығаш : «Көкек ,маған көмек бере гөр,балапандар-

ымызды жылан жейін деп жатыр!» - дейді.

- Бүркіт қонаққа шақырып еді, уақытым жоқ, -дейді көкек.Қарлығаш ұшып қарғаға келеді.

- Қарғажан , маған көмек бере гөр.Балапандарымды жыл-

ан жегелі жатыр, - дейді жылап тұрып .

Қарға қарлығашқа бұрылып қарамастан:

- Мен үйленейін деп жатырмын,   мазамды алма!- дейді маңғазданып.

Қарлығаштың амалы таусылып , шырылдап ұшып келеді.

Қарлығашқа дәуіт кездеседі.

- Достым ,неге жылайсың ? –деп сұрайды ол қарлығаштан.

- Улы жылан балапандарымды жұтпақшы болып , ұяма өрмелеп барады.

- Олай болса , мені тезірек жеткіз, -дейді дәуіт.Қарлығаш қанатын тосады.

Қарлығаш пен дәуіт көзді  ашып-жұмғанша ұяға жетеді.Дәуіт ұяға  жетіп қалған жыланға тап береді.Жылан сылқ  етіп жерге құлап түседі.Дәуіттің ерлігіне сүйінген қарлығаш онымен айнымас дос болады.

Содан бері талай заман өтсе де, қарлығаш пен дәуіт бір ұяда тұрып, бірге өмір сүретін  болған екен.

  - Балалар,  қарлығаш неге ренжіді?

- Не себепті көкек пен қарғаны достар деп атауға  болмайды?

- Дәуіт пен қарлығаш қалай достасты?

/Берілген сұрақтар бойынша  балалардың жауаптары тыңдалып,  осының негізінде олар адамгершілік  құндылықтарының  мәнін  ұғына  түседі./ 

  IV.Дәйек сөз.

-Енді  балалар, бүгінгі  тақырыбымызға  сай  мына  дәйек  сөзді жаттап, дәптерімізге  жазып  алайық. «Жүз  теңгең  болғанша, Жүз  досың  болсын »

VI. Тыныштық  сәті.

-Балалар, орындарыңызға  емін-еркін  жайғаса  отырыңыздар.Енді көзімізді  жұмып, әркім өзінің досы, оның  жалпы  қасиеттері  туралы  ойлаймыз. /2-3 секунд/

-Балалар , достарымызды  ойлап  болсақ, көзімізді  ашайық.Параққа  аты-жөнімізді  жазып, ойлаған  досымыздың есімін  жазайық.

V.« Достық .Бірлік » үйін салу.

-Балалар,біздің  адал  достарымыз  әлде  де көп болу  үшін,  үлкен  үй  салуымыз  керек.Сол  үлкен үйді  бәріміз  бірге  салып  көрейік.

Мақал – мәтелдер.

 1. Досы  көпті  жау  алмайды,

 2. Досың көзіңде  болғанша,

      көңіліңде  болсын

3. Жүз  теңгең  болғанша,    

Жүз  досың  болсын.

4.Шын дос үшін қалайда,

Тік  қатерге  басыңды.

Айыра біл  алайда,

Досыңменен қасыңды.

5.Досы көппен  сырлас.

Досы жоқпен  сыйлас.

6.Досың  мың  болса да-аз,

Дұшпаның  біреу  болса  да-көп.

7.Досыңмен  дос  болғанға  шаттан

Дұшпаныңмен  дос  болғаннан  сақтан.

 

8.Ақылсыз  достан,  ақылды  дұшпан артық.

9.Дос  басқа  қарайды,

Дұшпан аяққа  қарайды.

10.Өрге  жүзген өнегелі  ісіңмен,

Адал дос тап, тең  құрбыңның  ішінен.

11. Күлме  досқа, келер  басқа

VIII. Социметрия әдісі.

Мақсаты: Балалар ұжымдағы өзара қарым-қатынасты  анықтау,алынған  мәліметтерді  оқу-тәрбие  жұмыстарында қолдану, топ ішінде психологиялық қолайлы жағдайын орнату.

Нұсқау: Балалар, сіздерге  қазір  сұрақтар қойылады.Сол  сұраққа  осы өз  кластастарыңнан үш адам  есімдерін жазасыңдар.

1.Кіммен  дос болғың келеді?

2.Партада  кіммен  бірге  отырғың   келеді?

3.Мерекелерде  кімге сыйлық бергің   келеді?

Х.  Өміршеңдік ережесі.

Әр адамның  ережесі-өз жүрек қалауымен жүру және батыл әрекет  жасау.Сол сияқты иығыңды  тіктеп , жарқын көңілмен іштей  табысқа  жетуге талаптанып, өміршеңдік  ережлерін  айтайық.

1. ЖІГЕР  ДЕГЕН-  МЕН

2.КҮШ  ДЕГЕН- МЕН

3. МАХАББАТ  ДЕГЕН –МЕН

4.КЕШІРІМ  ДЕГЕН – МЕН

5.ҚҰДІРЕТ  ДЕГЕН –МЕН

6.ЖАСӨСПІРІМ  ДЕГЕН – МЕН

7.ЖАСТЫҚ ШАҚ ДЕГЕН-МЕН

8.ДЕНСАУЛЫҚ  ДЕГЕН-МЕН

9.АДАЛДЫҚ  ДЕГЕН-МЕН

10.ЖАРҚЫНДЫЛЫҚ  ДЕГЕН-МЕН

11. БАР  ҒАЖАЙЫП ДЕГЕН –МЕН.

ХОРМЕН: Бәрі  маған  байланысты,   Бәрі менің  қолымда.

Х. Қорытынды.

Оқушылар  бүгінгі  сабақтан алған әсерлерін жазып күнге  жабыстырады.Балалар, бәріміз  бірігіп  жақсы  сөздерге  толып жарқыраған, шуағы мейіріммен төгілген  күн  құрастырдық.Күн шуақтары бізге жылылық сыйлап тұр.Біз де сол сияқты  достарымызға және өзімізге  тек қана жақсылық  сыйлайық.

IХ. Жүректен-жүрекке жылы  лебіз білдіру.

Қанатты  сөз.

Құс қанатымен мықты,

адам  достарымен  мықты.

Мұғалімдерге  жүрекке  жылы сөздер  жазып  тарату.

 

9 сабақ

Сабақ тақырыбы: Сәлм берем ізетпен

АДАМДАРДЫҢ ӨМІРДЕГІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ

(Шаттық шеңбері)

Мұғалім:Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар мен ұстаздар!

Бүгінгі біздің тақырыбымыз – «Адамдардың өмірдегі ынтымақтастығы», «Как жить в мире с людьми»

Оқушылар:Сыйластықты іздеген,

Әдеп сақтар ізгі өрен.

Cыйластықтың белгісі

Бір-біріне «Сіз» деген.

Мұғалім:Адамдар бір-бірін сыйласа, қолынан келгенінше бір-біріне жақсылық жа­саса, бір-біріне қамқор болса, кішіпейіл, әдепті болса, өмірде ынтымақтастықта өмір сүреді.

1-оқушы:Көшелерден біз өткен,

Ата көрсем жақын кеп

Сәлем берем ізетпен.

Ассалаумағалейкум!–деп.

Атам қолын береді

Уағаллейкумассалам–деп.

2-оқушы:Алдан әже жолықса,

Бөгелем кеп әдейілеп.

Сәлем берем сол тұста,

Есенсіз бе әжей – деп.

3-оқушы:Мектебімізге барғанда,

Жолыққан бар жандарға.

Ертемен, ақ пейілмен.

Сәлеметсіз бе!–деймін мен.

4-оқушы:Сыныбыма кіргенде,

Сәлемімді беремін.

Құрбыларды көргенде,

Сәлем достар!–деймін мен.

5-оқушы:Үйге кешке келемін,

Мен апамды көремін.

Аман-есенсіз бе?–деймін,

Жадыраған пейілмен.

2 сынып 1 сабақ

Сабақтың тақырыбы:Біз осындай баламыз
Сыныбы : 2
Мақсаты: «Өзін-өзі тану»адамгершілік құндылығы туралы  түсініктерін кеңейту;
Міндеттері:
-2 сыныпқа арналған «Өзін-өзі тану»пәнінің мазмұнымен таныстыру;
-өзін және айналасын тануға деген қызығушылығын арттыру;
-ізгілікке тәрбиелеу;
Көрнекі құралдар;үнтаспа,сюжетті суреттер;
Шаттық шеңбері.
-Қош келдіңіздер,балалар!Міне жазғы демалысымыз аяқталып,жаңа оқу жыды басталды.Балалар,енді сендер екінші сынып оқушысыңсыңдар.Ер жетіп,ақылдарыңа ақыл қостыңдар.Сендерді алда қызығы мен шаттығына,жақсылығы мен жаңалығына толы «Өзін-өзі тану»сабақтары күтіп тұр.Ол сабақтарда өз бойларыңдағы жақсы қасиеттерің мен жаңа мүмкіншілікиеріңді білетін боласыңдар,сондай-ақ адами қарым-қатынаста шыншылдықпен танылып,адамгершілік құндылықтар мен денсаулықты бағалай білесіңдер.Табиғат перзенті,Отан ұланы екендеріңді мақтан тұтасыңдар.

-Қанеки ,дәстүрлі «Шаттық шеңберін»құрып,қол ұстасайық.Бір-бірімізге зор денсаулық,оқуда табыс,сенімді дос тілейік.Осындай жылы тілектерге толы шеңбер аясында бәріміз бірге қуанышпен ән салайық.

«Жас дәуірдің түлегіміз»

Тапсырма. Оқушыларға суреттерге қарап «Менің жазғы демалысым» тақырыбына әңгіме құрастыру.

Әңгімелесу.
Оқушылардың өзін-өзі тану сабақтарына қызығушылықтарын арттырып,оларды танып білуге баулу мақсатында әңгімелесу әдісі қолданылады.

-Өзін-өзі тану сабақтарында не үйрендіңдер?
-Өзіңе,өзгеге ,табиғатқа құрмет дегенді қалай түсінесіңдер?
-Өз бойыңда қандай қасиеттер болғанын қалайсың?
Жаңа ақпарат. «Өзін-өзі тану сабақтары арқылы өзін,басқа адамдарды және қоршаған ортаны тани алады.Сүйіспеншілік,отбасы,жақсылық ,достық,бақыт,білім сияқты ең асыл құндылықтармен танысады»
Мәтінмен жұмыс.«Өзіңді тану »
Тапсырма.Оқушылар суреттегі алма ағашында көрсетілген өзін-өзі танудан үйренген құндылықтары туралы түсіәніктерін айтып береді.Олар  әдептілік,білім,қайырымдылық т.б.
Дәптермен жұмыс.
Жүректен жүрекке.
«Біз бақытты балдырған»

Келісілген:

Ак.Е.Бөкетов атындағы мектеп – гимназиясының

Директоры___________Н.Ж.Біләлова

1-сынып

(барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат)


Сабақтың тақырыбы

Сабақтың мазмұны

Сағат саны

мерзімі

І ТАРАУ. ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ БАҚЫТЫ


1-2


Шаттыққа толы жүрекпен


«Өзін-өзі тану» пәні нені үйрететінін ұғыну; «Өзін-өзі тану» пәнін оқып-үйренуге қызығушылық.


2


3-4


Арайлап атсын әр таңым


Әрбір атқан таңға, бейбіт күнге қуану, ризашылық білдіру; айналасындағы адамдардың бір-біріне қуаныш сыйлауы.


2


5-6


Бәрін білгім келеді


Білім, еңбек, құндылықтары, оқушы, оқу, білім туралы түсінік беру: ұстазбен өзара сыйластық , қарым – қатынастарын дамыту, оқушы мәртебесі, жақсы оқушы болуға тәрбиелеу


2


7-8

Достық қымбат өмірде

Достары (балабақша, аула, ауыл, сынып), достық қарым-қатынастың өмірде алатын орны, достыққа негіз болатын адами қасиеттер туралы жалпы түсінік.

2

ІІ ТАРАУ. АДАМИ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСҚА ҮЙРЕНЕЙІК


9-10


Сәлем берем ізетпен


Үлкендермен амандасуға, бірі-бірімен сәлемдесуге үйрену, бір-біріне ізет, сый-құрмет көрсете білу. Әдептілік,сыпайылық, ізеттілік ұғымдарын түсіну, әдеп талаптарын орындай білу, ізетті, сыпайы, тәртіпті болуға үйрену.


2


11-12


Тіл табыса білейік


Бір-бірін түсіне білуге, тыңдауға үйрену, кешірімді болу, өзара сыйластық, өзара түсіністік пен татулықты бағалай білу.


2


13-14


Көмектесе білейік


Айналасындағы адамдарға көмек көрсету, өзара көмек жасауға үйрену. Өзіне жақын, ниеттес адамғасенім білдіру, өзара жауапкершілікті түсіну, қамқорлық жасай білу, бір-біріне адал болуға үйрену.


2

15-16


Сыйласаң – сыйлы боласың

Дос, жақын, туыс адамдармен өзара сыйластық, адамдарға шын ниетпен құрмет көрсете білу.

2


ІІІ ТАРАУ. АДАМ БОЛАМ ДЕСЕҢІЗ...


17-18


Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен


Жақсы мен жаманды ажырата білу, жақсыны бойға сіңіру, жаманнан аулақ болу. Жақсылық жасауға үйрену, жақсылықты өнеге ету, жақсылықты риясыз жасау.


2


19-20


Қамқор болып өсемін


Сүйіспеншілікті, қайырымдылықты, мейірімділікті сезіне білу, айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегі, адамдарды жақсы көру, қайырымды, мейірімді болу. Қамқорлық сезімдерін дамыту, адамға, табиғатқа, жан-жануарларға қамқорлық жасай білу.


2


21-22


Шыншылдық – адамдықтың белгісі


Шындық пен өтірікті айыра білу, шындықты айта білу, өтірік айтпау, шыншыл, турашыл болуға үйрену.


2


23-24

Жауапкершілік пен жауапсыздық

Жауапкершілік ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу, жауапкершілік туралы түсініктерін кеңейту, балалардың жауапкершілігін арттыру, өз сөзіне ісіне жауапкершілікті сезіндіру


2

25-26

Адам деген – ардақты ат

Адам құндылығының маңызы. Адамгершілік қасиеттер туралы білімдерін кеңейту. Әр адамның ерекшелігін көрсететін табиғи дарыны, қабілеттері туралы түсінік беру. Өзін-өзі танудың өмір, қарым-қатынас, ата-ана, бауырмалдық және т.б. негізгі ұғымдарын меңгерту.

2

IV ТАРАУ. ӘСЕМДІК ӘЛЕМІНДЕ

27-28

Табиғатқа құштарлық

Табиғаттың сұлулығы мен әсемдігін сезіне білу, табиғаттан үйлесімділік, жарасымдылық табу, әсемдікке, сұлулықққа талпыну. Табиғатқа қамқорлық жасау, аяушылық, жанашырлық таныту, күтіп-баптау, өсіп-өнуіне көмектесу.

2


29-30


Денсаулық құпиялары


Денсаулықтың маңызын түсіну, денсаулық құпияларын білу, денсаулықты күту, бағалау, нығайту.


2


31-32

Отанымды сүйемін

Отанды сүю, құрметтеу, мақтан тұту, қызмет ету. Туған өлкенің табиғаты, байлығы


2

33-34

«Өзін-өзі тану» пәнінен үйренгенім


1-сыныпта «Өзін-өзі тану» пәнінен үйренгендерін жинақтап, қорыту.


2

Барлығы:

34



Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/41397-metodicheskaja-razrabotka

Свидетельство участника экспертной комиссии
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и закажите рецензию на методическую разработку.
Также вас может заинтересовать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ
БЕСПЛАТНО!
У вас недостаточно прав для добавления комментариев.

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

 

Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)

Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.

Рекомендуем Вам курсы повышения квалификации и переподготовки