- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- «Формирование основ финансовой грамотности дошкольников в соответствии с ФГОС ДО»
- «Патриотическое воспитание в детском саду»
- «Федеральная образовательная программа начального общего образования»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
- Курс-практикум «Цифровой арсенал учителя»
- Курс-практикум «Мастерская вовлечения: геймификация и инновации в обучении»
- «Обеспечение безопасности экскурсионного обслуживания»
- «ОГЭ 2026 по русскому языку: содержание экзамена и технологии подготовки обучающихся»
- «ОГЭ 2026 по литературе: содержание экзамена и технологии подготовки обучающихся»
- «ОГЭ 2026 по информатике: содержание экзамена и технологии подготовки обучающихся»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
Балабақша балаларына арналған қимылды ойындар
Орамал тастау
Ойын шарты: ойынға қатысушылар екі топқа бөлініп, арақашықтығы 5-15 метрдей жерге барып, бір-біріне қарама-қарсы қатарға тұрады. Ойынның әділ қазысы кез-келген жақтың ойыншысының біріне орамал (әлде сүлгі) ұсынады, Ол өз кезегінде екінші топтағы ойыншылар жаққа барып, орамалды елеусіздеу етіп, бір ойыншының аяғына тастауға тырысады. Сөйтеді де өзі дереу орнына жетуге асығады. Аяқ астына орамал (сүлгі) тасталған кісі, сол бойда ананы қуып жетіп, орамалмен ұруға тырысады. Сүлгі тастаған ойыншыны ұрып үлгерсе, оны өз тобына әкеліп қосады. Үлгіре алмаса өзі сол жақта қалып қояды.
БАЛАБАҚША БАЛАЛАРЫНА АРНАЛҒАН ҚИМЫЛДЫОЙЫНДАР
Орамал тастау
Ойын шарты: ойынға қатысушылар екі топқа бөлініп, арақашықтығы5-15 метрдей жерге барып, бір-біріне қарама-қарсы қатарға тұрады. Ойынның әділ қазысы кез-келген жақтың ойыншысының біріне орамал (әлде сүлгі) ұсынады, Ол өз кезегінде екінші топтағы ойыншылар жаққа барып, орамалды елеусіздеу етіп, бір ойыншының аяғына тастауға тырысады. Сөйтеді де өзі дереу орнына жетуге асығады. Аяқ астына орамал(сүлгі)тасталған кісі, сол бойда ананы қуып жетіп, орамалмен ұруғатырысады. Сүлгі тастаған ойыншыны ұрып үлгерсе, оны өз тобынаәкеліп қосады. Үлгіре алмаса өзі сол жақта қалып қояды.
Доп кімде?
Ойнаушылар шеңбер жасап тұрады. Ойын бастаушы тағайындалады.
Ол шеңбердің ортасында тұрады, қолдарын арқасына ұстап бір-біріментығыздалып тұрады.
Тәрбиеші допты (диаметрі 15 см-ден аспайтын) кімге болса да біреуінебереді, балалар оныарттарымен шеңбер жасай бір-біріне береді. Бастаушы доптың кімде екенін табуға тырысады. Ол: «Қолыңды» деп кімге айтса, сол екі қолын алға шығарып, алақанын
жайып, жоғары көтеруге тиіс, онда ол оның қолында доптың
жоқ екенін көрсетеді, Егер басқарушы добы бар екенін тапса, ол допты алады да шеңберге тұрады, ал доп табылған бала ойынды басқара бастайды. Ойынға балалардың ықыласы болмағанға дейін ойын қайталана береді.
Тракторшылар
Ойынға әр уақытта 5 адам қатысады. Төртеуі екі-екіден, бірінен соңбірі тұрады. Бірінші екеу бір-бірінің қолын ұстап тұрады да, бос қолынартында тұрған екеуге созады, екінші екеу де қолдарын сондай етіпұстасады, ал бос қолдарын бірінші екеудің созған қолдарыменұштастырылады. Бесінші қатысушы — тракторшы. Ол екі-екіден тұрғандар арасындағы қолына картоннан жасалған руль ұстап тұрады.Бесеудің бәрі алаңда
араласып, жайлап жүре бастайды. Әрбір жолға 8 қадымнан келеді.
Тара-тара-тара-ра,
Біздің бұл қораға.
Кіріп келді трактор:
«Бұл бос келді демеңіз,
Егінді жерге егеміз,
Нанға толып қырат-қыр,
Тойғызып біз балаларды
Береміз қалаш нандарды!»
Балалар ырғақпен басуды үйренген кезде, өте күшті дауыспен «жер»,«егін», «балалар» деген сөздерді ерекше айта алатындай болуы керек.
Кім заттарды көбірек жинайды?
Еденге немесе тегіс алаңға көлемі шағын заттарды шашып тастайды: бүршіктер, текшелер, кішкентай шарлар және басқалар. Ойнаушылардың ішінен екі-үш бала таңдап алынады оларға кәрзеңке немесе кішкене шелек беріледі. «Бір, екі, үш» деген белгі бойынша олар бүршіктерді (кішкентай шарларды, текшелерді) жинай бастайды. Мұнда қолдарына тек бір ғана заттан ғана алуға рұқсат етіледі. «Тоқта!» деген белгі бойынша заттарды жинау тоқтатылады да, кім көбірек жинағанын санайды. Содан соң қалған жұп балалар жарысады.
Ойынға қатысқысы келгендердің саны қанша болса, сонша рет ойын қайталана беруіне болады.
Тез орындарыңа
Балалар екі жағына қолдарын созып, бір-бірінен біраз қашықтапшеңберде тұрады. Әрбір ойнаушының орнын қандай болса да бірзатпен белгілеп қояды, мысалы еденге қойылатын текшемен белгілепқояды. Тәрбиешінің «жүгіріңдер» деген сөзі немесе дабыл қағуы бойынша балалар шеңберден шығады да, жүреді, жүгіреді немесе бүкіл алаң (бөлме) бойынша секіреді. Осы кезде тәрбиеші заттың ішінен біреуіналып қояды, сонда бір баланың орны болмай қалады. Дабыл қаққанданемесе«орындарыңа» деген сөзден кейін барлық балалар шеңбергежүгіреді де, кез-келген орынды алады. Орынсыз қалған балалархормен:Орал, Орал, Айша,
Тез орын ал, тұр былай.-дейді. Ойын соңғы рет жүргізілген кезде барлық баланың орны болуы үшін тәрбиеші текшені қайта орнына қояды.
Құрлар
Ойнаушының екеуі құрды бейнелейді. Олар бөлме бұрыштарының бірінде тұрады. Балалардың қалғаны (6-8 адам) бөлменің ортасында,бірінің қолынан бірі ұстап шеңбер құрып тұрады. Бұл — шыныаяқтағы ірімшік. Мәтінді хормен дауыстап айтады, жаңылтпашырғағымен жүресінен аздап отырады.
Біздің жерде, көгалда,Сүзбе тұрса тек алда. Ұшып келді Екі құр,
Шоқып кетті, Қайта кетті
Үшінші және төртінші шумақты айтқанда құрлар бұрыштан ұшып шығып, секіріп-секіріп шыны ірімшікке қарай жақындайды. Бесінші және алтыншы шумақты құрлар, шыны аяқтың қасына екі аяғымен секіреді, шеңбердің ішіне басын жайлап еңкейтеді (шоқиды). Жаңылтпаштың соңында шыны аяқтар бейнелеуші балалар қолын жоғары көтеріп: «Шу-у» деп құрларды қорқытқан болып дауыстайды, құрлар да өз бұрыштарына ұшып кетеді, балалар оларды ұстайды. Құрлар өзін ұстаған баламен орындарын ауыстырады. Ойынды қайталап жүргізе береді.
Ойын бастаушылар (тура шын ойлану)
Балалар шеңберде тұрады. Тәрбиеші ойыншылардың біреуін ойынбастаушы етіп белгілейді. Ол шеңбердің ортасында тұрады. Балалартәрбиешінің көрсетуі бойынша мына мәтін сөзін айтып, оңға немесесолға жүреді.
Әдемі шеңберде,
Билейік кең жерде.
Қолдармен ұстасып,
Бәріміз жұптасып.
Бірігіп достасып,
Бір орында ұстасып,
Осылай етіп істейік.
Мәтінді айтып бітер кезде балалар қол созым қашықтықта тұрады. Ойын бастаушы қандай да болмасын бір қимыл көрсетеді, шеңбер жасап тұрғандардың бәрі оны қайталайды. Содан соң тәрбиеші ойын бастаушыны ауыстырады немесе ойын бастаушы өзінің орнына біреуді таңдайды және ойынды жалғастыра береді. Әрбір ойын бастаушы өз қимылдарын ойлауға тиіс және өзіне дейін көрсетілген қимылдарды қайталамауы керек.
Қалпақ және кішкене таяқша
Ойнаушылар шеңбер жасай тұрады. Ойын бастаушы белгіленеді, олкішкене таяқшаны алады да шеңбердің ортасында тұрады. Тәрбиеші оның басына ашық түсті шашағы бар қалпақ кигізеді. Қалпақ баланың мұрнына дейін кигізіледі, көздеріне тимей-ақ, оның көзін жабады. Балалар қолдарын ұстасып, шеңбер бойымен жүгіредіде: «Бір, екі, үш, төрт бес — кішкене таяқша тықылдайтын болады» -дейді. Бұл уақытта ойын басқарушы жүресінен отырып кішкенетаяқшамен еденді тақылдатады. Балалар соңғы сөзбен тоқталады, ал ойын басқарушы кішкене таяқшасын балалар жаққа сілтейді. Кішкене таяқша кімді нұсқаса, сол кішкене таяқшаның ұшынан ұстайды да, ойын басқарушының атын атайды, ал ойын басқарушы кім оны атады, соны табуы керек. Жаңаойын бастаушымен ойын қайталанады.
Айгөлек ойыны
Ойынға қатысушылардың саны 10-15 балаға дейін. Ойынды көгалда,аулада, алаңқайда ойнай беруге болады.
Ойын шарты:Қатысушылар саны бірдей екі топқа (А және Ә) бөлініп,бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Екі топтың арақашықтығы — 15-20метрдей жер.
Ойынның мақсаты— қарсы жақтың құрсауын үзіп, өз жағына көбірекойыншы алып қайту. Жеребе салудың нәтижесінде ойынды біріншіболып бастауға тиісті жақ (айталық А тобы) екінші (Ә тобына)жақтағы қарсыластарына қарап, хормен қосыла ән айтады:
Айгөлек-ау, айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек.
Теміршіден дем шығар,
Үзеңгіден тер шығар.
Ақ терек пен көк терек,
Мұнда сізге кім керек?
Қарсы,,топ (Ә) жауап қатады:
Айгөлек-ау, айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек.
Теміршіден дем шығар,
Үзеңгіден тер шығар.
Ақ терек пен көк терек,
Бізге тек Қамбар керек.
Немесе:
А тобы: — Құрсауды үзіңдер!
Ә тобы: — Кім керек?
А тобы қарсы жақтағы керек ойыншының атын атайды, Есімі аталғанойыншы қарсы жақтың тобына қарай екпіндей жүгіріп келіп,қарсыластардың құрсауын үзуге тиіс. Егер ол құрсауды үзсе, біройыншы алып өз тобына қайтады, Ал, егер үзе алмаса, сол жақта
қалады. Ойын соңында кісіні көп жинаған топ жеңіске ие болады.
Ормандағы ақ тиіндер
Ойын гимнастикалық қабырғасы бар алаңда немесе бөлмеде өткізіледі. Оған өрмелеу үшін қосымша тасымалданатын аспаптар қойылады: қос саты, тіркемелі тақтай мен кішкене сатысы бар пирамида, скамейкалар, үлкен текшелер етіп қойылған тақтайлар және басқалар. Басқарушы — аңшы таңдап алынады. Ол адамның немесе бөлменің қарама-қарсы бөлігінде сызылған дөңгелекте — үйде тұрады. Қалған ойнаушылар — ақ тиіндер, ағаштар — аспаптарға орналастырылады. «Сақтан!» деген тәрбиешінің белгісі бойынша дабыл қағылғанда , барлық ақ тиіндер орындарын ауыстырады: орындарынан тездетіп
түседі, аспаптардан ырғиды басқаларға барып орналасады. Аңшы осыкезде оларды ұстайды — оларға қолын тигізед. Ақ тиіндер еденде жүргенде басқарушы қолымен сипаған олар ұсталған болып есептеледі, сондай-ақ бұрынғы орнында қалғандар да ұсталған болып есептеледі.Олар аңшының үйіне қарай кетеді де, біройынға қатыспайды.
Ойын 5-6 рет жүргізіледі. Жаңа аңшы 1-2 ойыннан кейін таңдалыпалынады. Тәрбиеші ойын қорытындысында батыл да епті ақ тиіндердіатап көрсетеді. Тәрбиеші ойын барысында балалардың әртүрліаспаптармен пайдалануын және олардың рұқсат етілмейтін биіктіктенсекірмеулерін қадағалайды.
Табан балық және шортан ойыны
Бір баланы шортан етіп белгілейді. Ойнаушылардың қалғаны екігебөлінеді: олардың бір тобы — ұсақ тастар, олардан шеңбер жасалады,екінші тобы — табан балық олар шеңбердің ішінде жүзеді. Шортаншеңбердің сыртында жүреді.Тәрбиешінің «Шортан!» деген белгісі бойынша ол тездетіп, табанбалықты ұстау үшін шеңберге жүгіреді. Ал, табан балық орын алуға, ойнаушылардың біреуінің артынан тұруға және отыруға асығады (табан, балық шортаннан қашып, ұсақ тастарға барып тығылады). Шортан әлі тығылып үлгермеген табан балықтардыұстайды. Ұсталғандар шеңбердің сыртына кетеді. Ойын 3-4 рет жүргізіледі де, содан кейін ұсталғандардың саны есептеледі Кейін шортанды жаңадан белгілейді. Шеңбер жасап тұрған және шеңбердің ішінде жүрген балалар орындарын ауыстырады да, ойын қайталанады.
Секіріп жүріп доп ұстау
Балабақшада ересек балалар топтарында сюжетті, сондай-ақ сюжетсізсақина кигізу ойындарын пайдалануға болады: әртүрлі формадағытағандардың үстіне қазықша орнатылады. Балалар қашықтығы (1,5-2,5м.) жерден сақина тастайды. Ойынды балалар тобымен (4-6 адаммен)өткізуге болады. Балалар үш сақинадан алып, оны кезекпен лақырыпкез-келген қазықшаға кигізуге тырысады. Тәрбиеші балалардың ішінен кімнің сан жағынан сақинаны көбірек лақтырғанын белгілеп алады.
Ойын варианты: Балалар шартты түрде келіскен ұпайлар санына (6-10)ие болғанша, кезекпен екі-үш сақинадан лақтыра береді. Дәлкигізілгенін дауыстапсанауға немесе тастар, бүршіктер және басқа дазаттар арқылы белгілеп қоюға болады.
Жүгіріп өту
Алаңның бір жағында үй сызықпен бөлінеді, қашықтығы 5-6 мсызылады, оның ар жағында екінші үй тұрады. Бір жақты бойлайүйлерге перпендикуляртағы бір сызық жүргізіледі.
Ойнаушылар екі топқа — екі отрядқа (әрқайсысында 6-8 адамнанартық емес) бөлінеді. Бір отрядтың балалары кез-келген үйдіңжанындағы сызыққа сапқатұрады. Екінші отряд жанындағы сызықбойына орналасады. Әрбір баланың аяғы аяғы жанында екі-екіден қаркесегі жатады. Тәрбиешінің белгісі бойынша бірінші отряд бір үйденекінші үйге жүгіріп өтеді.
Екінші отряд балалары бір-бірден қар кесегін алып, оны
жүгірушілерге лақтырады.Кесек қар кімге тисе, сол шетке шығыптұрады. Жаңа белгі берілгенде, жүгіріп өтукері қарай болады: бүйіржақтағы сызықта тұрған балалар жүгіріп бара жатқандарға екінші реетқар кесегін лақтырады. Сондай-ақ, бұл ретте кесек қар тигендер біржағына шығыптұрады.
Тәрбиеші бірінші және екінші отряд балаларының ішінен кім ептірек,батылдырақ мерген екенін белгілеп алады. Бұдан кейін ойыннануақытша шығып қалғандар өзінің отрядына қайта оралады. Отрядтарорындарын ауыстырады да, ойын қайталанады.
Ескерту:
1. Ойынға қажетті кесек қарды алдын ала даярлауға, оны бір жергеүйіп қоюға болады, осы жерден балалар оны алады, ал олардан ойынбасталар алдында бірден шиыршықтап алуға болады.
2. Кезекпен қар лақтыруды тағайындау үшін отрядтар ( қай отрядқабірінші жүгіру, ал қайсысына кесек қарды лақтыру) санамақтардыпайдалана алады.
Қойшы мен табын ойыны
Алаңның бір жағында гимнастикалық орындықтың немесетекшеленген жіңішке тақтайшаның көмегімен қой қора қоршалады.Ойнаушылардың ішінен қойшы таңдалып алынады. Қалғандары –қойлар. Қойшының көзін байлайды. Ол қой қорадан қашық емес жердетұрады да: «Қойшы,қойшы, маған қанша қадам бересің?» деп сұрайды. Қойшы әрқашан қандай болса да (10-ға дейін) бір санды айтады. Қой сондай санға сәйкес келетін қадамды санайды да тоқтайды. Барлық қой тарап кеткен кезде қойшы: «Менің табыным қайда?» деп сұрайды Барлық қой: «Мә-мә-мә..,» деп дауыстайды. Содан соң үндемей қалады. Қойшы оларды іздей бастайды. Олардың тек даусы шығады да, ал қойлар өз орындарында тұрады.Қойшы орнынан тұрып,
біреуін түртіп: «Қойым, қойым, сен кімсің?» дейді. Ал қой «Мә мә мә»деп жауап қайтарады. Қойшы оның, кім екенін шешуі керек. Егерқойшы қателессе барлық қойлар маңырайды да, олардың біреуіқойшыны қой қораға қарай алып барады ал өзі орнына қайта оралады. Қойшы: «Менің табыным қайда?» деп қайтадан сұрайды, ұсталған қойды ол танығанша, ойын жүргізіле береді. Содан кейін ол байланған көзін шешеді де, қой болып шыға келеді, ал қой қойшы болады.
Қу түлкі ойыны
Ойнаушылар бір-бірінен бір қадам қашықтықта шеңбер жасап тұрады.Тәрбиеші бәрінің көз жұмуларын сұрайды. Балалар көздерін жұмады,ал тәрбиеші шеңберді айналып (балалардың артымен) шығады да,ойнаушылардың біреуін түртіп қалады да,сол балақу түлкі болыпсаналады. Тәрбиеші содан соң балаларға көздерін аштырады да, жан-жақтарына ұқыпты қарауды, кімнің осылардың ішінде қу түлкіекендігін білдіріп қояр дейді. Ойнаушылар (аздаған саябыр дауыспен) үш рет дауыстап, алдымен жайлап, содан соң даусын көтеріп: «Қу түлкі, сен қайдасың?» деп сұрайды. Бұл кезде бәрі бір-біріне қарайды.
Ойнаушылардың бәрі (оның ішінде қу түлкі де) үшінші рет сұрайды. «Қу түлкі сен қайдасың?» деп сұрағанда қу түлкі шеңбердің ортасына тез шығып, қолын жоғары көтеріп: «Мен мұндамын!» деп дауыстайды. Ойнаушылардың бәрі алаң бойына жүгіріп жүреді, ал түлкі оларды ұстайды ұсталған, яғни түлкі кімге қолын тигізсе, сол шетке шығады. Мұнан кейін түлкі ек үш баланы ұстаған соң, тәрбиеші «Шеңберге» деп дауыстайды. Балалар қайтадан шеңбер жасап тұрады да, ойынқайталанады.
Доп мектебі
Ойын үшін кішкене доп беріледі. Балалар біреуден, екеуден жәнешағын топ болып ойнайды. Ойын барысында бала қате жібере қалса,допты басқа балаға береді. Ойынды жалғастырған кезде ол қатежіберген қимылдан бастайды.
Қимыл түрлері:1. Допты жоғары лақтырып, оны екі қолымен ұстап алу. Доптыжоғары лақтырып, ол ерлеп бара жатқан кезде қолдарын алдына ұстап,алақанын соғу. 2. Допты жерге соғып, оны екі қолымен қағып алу. Допты жерге соғып, бірден қолдарын алға созып, алақанын соғу және допты екі қолымен қағып алу. 3. Екі-үш қадам алыс жерден қабырғаға қарап тұру, оған допты соғу және оны екі қолымен ұстап алу. 4. Допты қабырғаға лақтыру, оның жерге соғылуына мүмкіндік беру, қабырғадан алыстап барып, одан соң допты қағып алу.
Топ болып ойнайтын ойын түрлері:
Жүгіріп өтуге үлгер
Тәрбиеші балалардың біреуімен жіптің екі ұшын (оның ұзындығы 3-4 м.) ұстап оны жүгіріп келе жатқан балалардың бағытына қарайжайлап айналдырады.Балалар бірінен соң бірі, жіп жоғары көтерілген кезде, жіптің астынан жүгіріп өтуге үлгеруі қажет.Тәрбиеші балалар қимылын реттеп отырады, ол әрбір жүргізушіге «Жүр» деген белгі береді.
Әрі қарай жіптің қимылын балалардың өздері бақылап, жіп жоғары көтерілгенде жүгіріп өтуге тырысулары керек.
Кімнің тобы тез жинақталады?
Балалар ойнаушыларының саны бірдей 3-4 топқа бір қандай даболмасын түсті жалаушалар беріледі. Алаңның ең шетінен немесе біржақ шетінен таған үстіне сондай түсті 3-4 жалаушалар қойылады. Әрбір топ өз түстеріне сай кішкене жалаушаның алдына барып колоннаға тұрады.
Ойнаушылар сапқа тұрған кезде, тәрбиеші дабыл қағады, содан соң балалар алаңмен әртүрлі бағытта жүреді, жүгіреді, секіреді.
Тәрбиешінің берген ырғағына, темпіне байланысты қимыл өзгеріп отырады, «Орныңа тұр!» деген белгі бойынша балалар өздерінің жалауына қарай жүгіреді де (бетін жалауға қаратып) тізбектеле тұрады.Тәрбиешіқай топтың бірінші болып тұрғанын белгілейді... Ойынды 2-3 қайталаған соң, балалар жүгіріп, секіріп жүрген сәттетәрбиеші «Тоқта!» дейді. Осы белгі бойынша барлық ойнаушылартоқтайды да, көзін жұмады. Осы кезде тәрбиеші жалаулардың орнынөзгертеді де: «Орындарыңа тұрыңдар!»-дейді. Балалар көзін ашады да,өз жалауларының алдына тізбекте тұруға асығады. Қай колоннаныңбірінші тұрғанын атап өтеді.
Кім тезірек жалаушаға жүгіреді?
Ойнаушылардың бәрі орындықта отырады. Алаңның шетінен 5-6қадам қашықтықта 4-5 бала тұратын сызық жүргізіледі. Алаңның қарама-қарсы жағында сызықтан 18-20 қадам қашықтықтағы әрқайсысының қарсысына жалауша қоятын орындық қояды. Орындықтар бір сызық бойына қойылады. Тәрбиешінің белгісі бойынша (дабыл қағуы немесе қолын шапалақтау, немесе «Бір екі, үш-жүгір!» деген кезде) балалар жалаушаларға қарай жүгіреді, оларды алып, жоғары көтереді, одан соң қайтадан орнына қояды.Тәрбиеші қандай балалардың жалаушаны басқалардан бүрын көтергенін белгілеп қояды, содан соң жүгіргендердің бәрі орындыққа отырады, ал олардың орнына сызықтың арғы жағына келесі 4-5 адам тұрады. Барлық бала жалаушаларға бір реттен жүгіріп өткенде ғанаойын бітеді.
Ескерту. Балалар ойынның осы вариантын жақсы меңгерген уақытта,ойынды күрделендіру үсынылады: жалаушаға баратын жолға 60 см.Биіктікке жіп тартылған тіреу қойылады. Балалар жерге (еденге)қолдарын тигізбей, оның астына кіреді, денесін түзеп, әрі қарайжалаушаға жүгіреді.
Қарлы шеңбер ойыны
Балалар әрқайсысы 4-5 адамнан тең екі топқа бөлінеді. Дуалғабекітілген екі жалпақ фанердің бетіне дөңгелектер диаметрі 50-60 см.нысаналар сызылады. Нысанадан 3 м. қашықтыққа сызық жүргізіледі. Әр топ сызықтың арғы жағында өзінің нысанасына қарсы сап түзеп тұрады, сызықтан аттауға болмайды. Әр ойнаушыда 6-3-тен кесек қар бар. Тәрбиешінің «бастаңдар!» деген белгісі бойынша әрбір топ қолындағы кесек қарды лақтырып, өз шеңберлеріне, мүмкіндігінше тезірек жабыстыруға тырысады. Егер балаларда кесек қарлар таусылып қалса, олар оны сол жерде-ақ сығымдап жабыстырып алады. Дөңгелекті кесек қарлармен қай топ бұрын толтырса, сол топ жеңіп шығады.
Тышқан ұстаушы ойыны
Ойнаушылар тең емес екі топқа бөлінеді. Азы (мәселен
ойнаушылардың үштен бірі) тышқан ұстаушылар тобын құрайды. Қалғандары тышқандарды бейнелейді. Олар шеңберден тыс тұрады. Тышқан ұстаушыны бейнелейтін балалар бір-бірінің қолын ұстап, шеңбер бойымен біресе солға, біресе оңға жүре бастап, мына мәтінді айтады:
Әй, тышқандар, мазаны алып,
Кеттіңдір ғой көбейіп.
Кемірумен жазаладың,
Сазайыңды берейік.
Сақтаныңдар, сақ болыңдар,
Сендерге де жетеміз.
Құрған торға тап болыңдар,
Сендерді қор етерміз!
Балалар тақпақты айтып болған соң тоқтайды да, ұстасқан қолдарынжоғары көтереді. Тышқан ұстаушыға жүгіріп барады да бірден екіншіжағына асып шығып кетеді. Тәрбиеші «шарт» деп қол соққандашеңберде тұрған балалар қолдарын түсіреді де отыра қалады, солкезде тышқан ұстаушы ұстап алған болып есептелінеді. Шеңберденшығып үлгере алмаған тышқандар ұсталған болып саналады. Оларқайтадан шеңбер құра дөңгелене тұрады (тышқан ұстайтын қақпанныңкөлемі үлкейтіледі).
Тышқандардың көбі ұсталған соң балалар рөлдерін ауыстырады да,ойын қайталанады. Тәрбиеші балалардың тақпақты айқын, айқайламайайтуын әрбір буынды мәнерлемей, сөзге түсетін логикалық екпінжасап айтуын қадағалайды. Ойын соңында тышқан ұстаушыныңқолына бір рет түспеген өте епті тышқандарды атап өткен жөн.
Әткеншек ойыны
Ойнаушылар шеңбер жасап тұрады. Тәрбиеші балаларға ұшы түйілгенжіп береді. Балалар оң қолдарымен жіптен ұстап, солға бұрылады да,мына тақпақты айтады:
Әрең-әрең әлдиледі,
Әткеншегім ән биледі.
Тербеткенде ойнадым ғой,
Жүгіруді қоймадым ғой.
Балалар мәтінге сәйкес шеңбер жасап жүреді: алдымен жайлап, содансоң тезірек, ал соңында жүгіреді. Тәрбиеші балалар жүгірген кезде«Жү-гі-ре-міз, жү-гі-ре-міз» деген сөзді айтады.
Балалар шеңбердің бойымен екі рет шыққаннан кейін тәрбиеші қимылбағытын өзгертіп: «Бұрылыңдар» дейді. Ойнаушылар шыр айналып,сол қолдарымен жіпті тез ұстайды да, екінші жаққа жүгіреді. Содан соң тәрбиеші балалармен бірге қарай жалғастырады: Жаймен ғана тербетіңдер,
Әткеншекпен ер жетіңдер!
Бір, екі, бір, екі,
Ойын бітті мінеки!
Әткеншек қимылды бірте-бірте жайлай бастайды. «Ойын бітті
мінеки!» деген сөздерді естігенде, балалар жіпті тастайды да, алаңменжүріп тарап кетеді. Балалар біраз тыныққаннан кейін тәрбиеші үш реетқоңырау соғады немесе үш рет дабыл қағады. Ойнаушыларәткеншектен орын алуға асығады, яғни шеңберге барып тұрады да,қолдарына жіп алады. Ойын қайтадан басталады. Үшінші қоңырауғадейін орын алуды үлгермесе, әткеншек теппейді, жаңа отырғызуғабасталғанға дейін күтіп тұра береді. Әткеншек ойынын ойнап біткен соң, құрсауды еденге жақсылап жалғастаруы керек, өйткені ойынды қайталағанда, құрсауды тез алып, қайтадан шеңбер жасауына оңай болады.
Мысық пен тышқан
Ойнаушылар дөңгелене тұрады. Мысық пен тышқанды тағайындапалады. Балалардың қалғаны бір-бірінің қолын ұстап, шеңбер жасайжүріп сөздерді айтады.
Васька әппақ қарасақ,
Құйрығы сұр тамаша-ақ,
Жебедей-ақ ұшады,
Көзін жаймен қысады.
Тырнақтарын үндемей,
Ашқан кезде инедей,
Тышқандардың тықырын,
Васька естісе ақырын,
Аңдып аулап алады,
Васька біздің жарады
«Аңдып, аулап алады» деген сөздерден кейін балалар тоқтайды,
шеңбердің уәделескен жерінде екі бала қолын түсіріп, есіктен өтетінжер қалдырады, Тышқан мысықтан қашып, есікке қарай жүгіреді де,шеңбер жасап тұрғандардың қолының астынан өтуі мүмкін. Мысықтышқанды ұстап алатын кезде, бұл рөлге басқа балалартағайындалады, сөйтіп ойын осылайша қайталана береді. Егер мысық тышқанды көпке дейін ұстай алмаса, онда тәрбиеші қосымша есік жасатады. Ойын варианты: Балалар шеңбер жасап тұрған кезде мысық шеңбер ортасында, ал тышқан шеңбердің сыртында жүруі мүмкін. Екінші шумақты айтқан кезде мысық тақырыпқа сай қимыл жасайды, көзін жұмады, тырнағын және т.б. түзетеді
Пятнашкалар (Доп ойынының бір турі)
Балалар алаңның (оның шекаралары жалаушалармен белгіленген) әржерінде тұрады. Тәрбиеші тағайындаған немесе балалар таңдап алғанпятнашка түрлі байлағыштарды (лентаны) алып, алаңның ортасындатұрады. Тәрбиешінің: «Ұста!» деген белгісінен кейін барлық бала алаңмен жан-жаққа жүгіреді, ал басқарушы ойнаушылардың ішінен қайсысын болса да қуып жетіп, оған қолын тигізуге тырысады. Басқарушы қолынтигізген бала бір жаққа шығып тұрады. Пятнашка 3-4 ойыншыныұстанғанда ғана ойын аяқталады.Ойынды қайталаған кезде жаңа пятнашка таңдалып алынады. Егерпятнашка 30-40 секунд ішінде ойнаушылардан ешкімді ұстай алмаса,онда тәрбиеші басқа , басқарушыны тағайындайды.
ДОП
Мақсаты: Балаларды ұжымшылдыққа, адамгершілікке баулу.
Ойын шарты: Балалар қатарға тұрады екі команда болып межегедопты қай команда бірінші апарады сол топ бірінші орынға, марапатқаие болады. Ал ұтылған топ таппақ не өлең айтып өз өнерін көрсетеді.
АЮ
Ойын мақсаты:Балаларды ұйымшылдыққа, алғырлыққа баулу.
Ойын шарты:Бір бала аю болып сайланады, Қалған балалар қоянболады. Қояндар орманда ойнап жүріп ұйықтап жатқан аюды оятыпжібереді. Аю ашуланып қуа жөнеледі.Ойын 2-3рет қайталанып, аюжаңадан сайланып отырады.
Аққу-қаздар
Ойнаушылардың ішінен қасқыр мен бақташы таңдалып алынады.Балалардың қалғаны қаз болады. Алаңның бір жағы бойына сызықсызылады, оның сыртында қаздар жүреді. Ол олардың жататын орны. Алаңның шетінен орын сызып белгіленеді, ол — қасқырдың үңгірі. Бақташы қаздарды жайылуға шалғынға айдап шығады. Қаздаршалғында жүреді, ұшады. Содан кейін бақташы былай дейді:
— Қаздар, қаздар!
Қаздар тоқтайды да жауап береді:
— Га, га, га
Бақташы — Қаздар, қаздар, қаңқылдап,
Барасыңдар қай жаққа?
Қаздар: Айна көлі жалтылдап,
Жатқан жасыл аймаққа.
Бақташы: Біздің жерге түсе кет,
Түсіп суын іше кет.
Қаздар: Сіздің жерге түсеміз,
Түсіп суын ішеміз.
Бақташы: — Болсын онда жол жайлы!
Қаздар: — Бізге ол жаққа болмайды,
Жолды тосып сұр қасқыр,
Тау бөктерлеп жүр қасқыр!
Бақташы: — Олай болса қалаған,
Жақтарыңа бар аман!
Қаздар қанаттарын қағып, (қолдарын жан-жағына сермеп, көк шалғынүстімен үйлеріне қарай ұшады, ал қасқыр қаздардың даусын естіп,жүгіріп шығады да, олардың жолын кескестейді, оларды ұстап алуға(қолын тигізуге) тырысады, ұстаған қаздарды қасқыр үңгірге алыпкетеді. Үш-төрт жүгірістен кейін (келісім бойынша) ұстаған қаздардың санын есептеп шығарады. Содан кейін жаңадан қасқыр мен бақташы таңдалып алынады да ойын қайталай береді. Ескерту.Тәрбиеші ойынды бірнеше рет жүргізген кезде, ол балаларға қаздар көк шалғында жайылып жүреді, шөп жейді, сол кезде олар еңкейеді, мойындарын созады, ал ұшқан кезде қанаттарын қағады (қолдарын жан-жағына сермейді) деп түсіндіреді.
Спорт ойындары
1.Баскетбол.Допты екі қолымен кеуде тұсынан бір-біріне тура
лақтырып, қағып алу; допты жүріп келе жатып лақтырып, қағып алу;допты екі қолымен жерге кезек-кезек соғып ыршыту; допты жүріпкеле жатып жерге соғып ыршыту; допты кәрзеңкеге екі
қолымен лақтырып түсіру; өз беттерімен баскетбол ойнауға жаттығу.
2. Футбол. Бір-біріне допты екі аяқпен кезек-кезек соғу (тоқтату); екібала қатар тұрып, допты аяқпен тебе қуып жүгіру; кақпашы болып,доп ұстау; қақпашыға допты екі аяқпен кезек соғу; ұлдар мен қыздарболып бөлініп, футболдың ең қарапайым ережелерін сақтап ойнау (міндетті түрде төреші сайланады),
3. Хоккей. Хоккейдің таяғын дұрыс ұстауға үйрету; шайбаны (допты)үй қабырғасына таяқпен соғып, ыршыған допты тоқтатып, қақпағасоғу; ұлдар мен қыздар болып бөлініп, жеңілдетілген ережемен ойнапжаттығу.
4. Ақсүйек. Ойын ережесін дұрыс түсініп, ойын орнын анықтап
сызып, ұлдар мен қыздар болып бөлініп, сүйектің орнына кішкентайрезенке добын пайдаланып ойнау.
5. Қазан доп. Бұл ойынға алдын ала тұрақты орын белгіленеді.
Тәрбиеші балаларды ойын ережесімен таныстырып, өзі бірнеше реетойнатып көрсетіп, жақсы игерген баланы ойын бастаушы етіпсайлайды.
АҚ ҚОЯН
Ойын шарты:Балалар дөңгеленіп қол ұстасып тұрады, ортада бірбала қоян болады. Балалар барлығы бірлесе қоянды оятуға тырысады.-Қояным,қояным ұйқыңнан тұршы
Бет-қолыңды жушы,
Айнаға қарашы,
Шашыңды тарашы,
Мәсіңді киші,
Көлегіңді киші,Енді бізді қушы-деп балалар қаша жөнеледі.
ҚУЫРМАШ
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін арттыру, дүниетанымын,қызығушылығын арттыру.
Ойын шарты: Бұл ойында көбіне балаларды үлкендер ойнатады,тәрбиелік мәні күшті ойын. Балалардың қолын саусақтарының ұшынанұстап тұрып, алақан қазан қып жалғыз саусағымен қуыра бастайды.-Қуыр, қуыр, қуырмаш
-Балапанға бидай шашСонан соң ойнатып тұрған балалардың бір-бірден саусақтарын бүгеді.Бас бармақ,
Балан үйрек,
Ортан терек
Шылдыр шүмек
Кішкене бөбек-Балалар ойынды қызыға ойнайды.
-Балалар ойын ұнады ма?
-Осы ойын арқылы не үйрендіңдер?
-Не білді:Қызықты ойын санауды үйренді.
КӨЖЕКТЕР МЕН ТҮЛКІ
Мақсаты: Балаларды аңғарымпаздыққа қушылыққа баулу.
Ойын шарты:Бір бала түлкі болып сайланады. Қалған балалар көжекбетпердесін киіп, дөңгеленіп отырады.
Ойын жүргізіушісі: Көжектерім тұршы
Беттеріңді жушы
Ну орманға барайық
Тамақтанып алайық.
Қаш: Жалаңдаған қу түлкі
Келіп қалыпты орманға
Көжектерің қайда деп.
Қуып келді соңынан
Көжектер ән ырғағымен секіріп, қаша жөңелді, түлкі қуады.
9
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/420671-balabasha-balalaryna-arnalan-imyldy-ojynda
БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- «Организация и анализ методической работы»
- «Базовые техники арт-терапии»
- «Трудовое воспитание и профориентация учащихся»
- «Организация социально-педагогического сопровождения обучающихся в системе СПО»
- «Федеральный государственный образовательный стандарт дошкольного образования: содержание и технологии введения»
- «Психологическое консультирование: основные подходы и техники»
- Физическая культура. Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса
- Современные технологии социального обслуживания населения
- Теория и методика преподавания основ безопасности жизнедеятельности
- Мировая художественная культура: теория и методика преподавания в образовательной организации
- Теоретические и практические аспекты деятельности по реализации услуг (работ) в сфере молодежной политики
- Теория и методика преподавания математики в образовательных организациях

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.