- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- «Оказание первой помощи в образовательных учреждениях»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
- «Специфика работы с детьми-мигрантами дошкольного возраста»
- «Учебный курс «Вероятность и статистика»: содержание и специфика преподавания в условиях реализации ФГОС ООО и ФГОС СОО»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
Ойын технологиясын сабақта пайдалану
Аманбаева Гульшат Алихановна Ойын технологиясын сабақта пайдалану
Семей қаласының № 19 жалпы орта білім беретін мектебі
Кез келген ұстаздың басты мақсат-міндеті – оқушыларға сапалы білім беру, жан-жақты жетілдіру, оқуға деген қызығушылығын арттыру. Ойын үлгісінің технологиясы баланың нақ осындай белсенділіктерін арттырады. Кез-келген бала да адамның мәдениеті де ойын арқылы дамиды. Ал бүгінгі күндегі оқу процесінде ойын алдынғы орында, яғни ойын технологиясы арқылы баланың оқуға ынтасын, қызығушылығын арттыру жеңіл болмақ. Ойын-дегеніміз не? Ойын дегеніміз-халықтың баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын құралдың бірі. Ойынның турлері өте көп. Ойындар баланың ақыл-ойын дамытып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады. Тіпті нашар оқитын балалардың өздері де ойын элементтері араласқан сабаққа зор ынтамен, жігерімен араласады. Мен өз тәжірибемде ойындарды көп қолданамын. Са-бакты бекіту, баланың шығармашылығын дамыту, тіл байлығын молайту үшін ойын-дарды сабақтың тақырыбына, мазмұнына сай таңдап аламын.
Ойын үстінде баланың түрлі қасиеттері, қабілеті мен белсенділігі де көрінетіні туралы аса көрнекті педагог А.С Макаренко былай дейді: «Ойында бала қандай болса, өмирде кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады». Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу-бәрінен бұрын ойын арқылы жүзеге асырылады. Ойын- балалар үшін айналадағы танып-білудің ерекше тәсілі. Ойын-бала әрекетінің негізгі түрі. Ойындар мазмұнына қарай, өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті-рольді, драма-тизациялық. Дидактикалық, құрылыс ойындары, қимылдық ойындар, ұлттық ойындар болып бөлінеді.
Қимыл ойындары-балаға дене тәрбиесін берудің құралы. Балалардың жүгіру, секіру өрмелеу, лақтыру, қағып алу қабілеттерін жетілдіруге, дамытуға мүмкіндік береді. Қимыл ойындары баланың жүйке жүйесінің қалыптасуына зор ықпал етеді. Қимыл ойынында ережелер ұйымдастырушы роль атқарады, олар ойынның барысын, жүйелілігін, ойнаушылардың қарым-қатынасын, баланың мінез-қылығын белгілейді. Қимылдық ойындар барлық жас кезеңіндерінде өтіледі.
Дидактикалық ойындар кішкене балаларға мейлінше тән оқыту формасы болып табылады, оның арғы тегі ойынды өлеңмен, қимылмен ұштастыру негізінде көп нәрсе- ні үйрететін ойындарды жасаған халық педагогикасында жатыр.
Адамзаттың көптеген жылдар бойындағы ойнау тәжірибесі ойынның білімдік құндылығын дәлелдеді. Ойынның шығу сырын ғалымдар жүздеген жылдар бойы зерт-теп келеді. Оның шығу тарихы жайлы көптеген пікірлер де бар. Көп тұжырымдардың бірі бойынша ойын қоғамның діни, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы кезіндегі бос уақыт пен демалысты өткізу мәселесінен туындаған делінеді. Ерте заман-да ойын қоғамдық өмірдің бір бөлігі болып, оған діни-саяси маңыз берілген. Ерте грек-тер ойынды Құдайлар қолдаған десе, Қытайда мерекелік ойындарды император ашып, өзі де қатысқан. Ойын өмірде пайдасыз көрінгенмен аса қажетті көрініс-құбылыс. Пе- дагог ғылымдар ойынның оқыту процесінде оң әсерін тигізетініне келісе отырып, мынандай пікірлер айтады. Белгілі педагог Ю. К. Бабанский ойынды «как мощное средство стимулирования познавательного интереса учащихся» -деп көрсетеді. А.С. Гуревич, А.В. Килиниюктер ойынды оқытудың түрі деп қарастырады, Н.Н. Скатова, Р.И. Половникова, В.К. Роман оқытудың ойын әдісі дейді. Тағы бір ғалымдар оқытудың ойын элементтері деп те қарастырады.
Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері – мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Өйткені, кіші жастағы оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез сергіп, тапсырмаларды тез, әрі қызығып орындайтын болады. Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы басты құрал. Ойын барысында балалардың белсенділігі, шығармашылығы дамиды. Ал мұғалімнің міндеті – балаларды ойынға өз қызығушы-лығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету.
Ойын технологиялары әлі де білім беру саласында жаңа инновация болып та-былады. Педагогикалық технология ұғымы түрлі педагогикалық ойын түрлерін педа-гогикалық процессте әдістер мен тәсілдердің кең көлемді топтарына біріктіреді. Оның жалпы ойындардан ерекшелігі оқытудың нақты мақсатының қойылуымен және оқу- танымдық бағыт сипатталған, негізгі салынған педагогикалық нәтижеге сай анық- талады. Сабақ барысындағы ойын әдістері оқушыларды оқу қызметіне ынталандыру құралы ретінде құрылады.
Ойындар оқушылардың ой-өрісін дамытып, ойлау қабілетін арыттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді. Ойындар оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға да баулиды. Сабақта ойын түрлерін пайдалану сабақ түрлері мен әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны. Ойын түрлерін оқу процесін пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау кезеңдерінде, қайталау сабақтарында пайдалануға болады. Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдылық маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдығын кушейтеді, оқушылар-дың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады. Ойынмен араластыра ұйым-дастырылған сабақ балаларға көңілді, жеңіл келеді.
Ойынның педагогикалық маңызы өте зор. Ойын біріншіден, білу және үйрену, екіншіден, адамның ойнай отырып, өзіндік білім алуы мен өмір тәжірибесін жинақтау-ға көмектеседі. Ойынның кәсіптік, әуестену, оқу – жаттығу ойындары сияқты да түр-лері бар. Ол демалу, көңіл көтеру бола тұра оқуға, шығармашылыққа, емдеуге, адам қарым-қатынасының типтерінің модельдерінде, еңбекте көрініс табады. Ойын ерте за-маннан үлкендердің іс-тәжірибесін жеткіншек ұрпаққа жеткізу үшін пайдаланылған. Ойын халық педагогикасында, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелерде кеңі-нен пайдаланылады. Қазіргі мектепте ойын әрекеті өзіндік технология ретінде, жалпы оқыту мен тәрбиелеу технологиясы ретінде қолданылады. Сабақта ойын элементерін пайдалану оқушылардың ой- өрісін, танымдылық белсенділігін арыттырады. Теорияны практикамен ұштастыруға жол ашады. Алайда ойынды үнемі оқу үдерісіне пайдалану-ға, ұзақ уақыт созуға болмайды. Ойын белгілі бір уақытта жүзеге асырылып, сабақ кез-деріне нұсқан келтірмейтіндей жымдасып жатуы тиіс.
БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- «Формирование и развитие УУД обучающихся в соответствии с ФГОС ООО и ФГОС СОО»
- «Особенности обучения музыке в начальных классах в соответствии с ФГОС НОО от 2021 года»
- «Преподавание учебного предмета «Музыка» в соответствии с требованиями ФГОС ООО от 2021 года»
- «Подготовка к ЕГЭ по русскому языку в условиях реализации ФГОС: содержание экзамена и технологии работы с обучающимися»
- «Работа с детьми с ОВЗ в дополнительном образовании»
- «Система реализации STEM-образования для детей дошкольного возраста»
- Методы и технологии преподавания английского языка в образовательной организации
- Педагог-воспитатель группы продленного дня. Теория и методика организации учебно-воспитательной работы
- Педагог-библиотекарь в образовательной организации
- Педагогическое образование: теория и методика преподавания мировой художественной культуры
- Педагогика и методика преподавания английского языка
- Теоретические и практические аспекты деятельности по реализации услуг (работ) в сфере молодежной политики

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.