- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- «Формирование основ финансовой грамотности дошкольников в соответствии с ФГОС ДО»
- «Патриотическое воспитание в детском саду»
- «Федеральная образовательная программа начального общего образования»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
- Курс-практикум «Цифровой арсенал учителя»
- Курс-практикум «Мастерская вовлечения: геймификация и инновации в обучении»
- «Обеспечение безопасности экскурсионного обслуживания»
- «ОГЭ 2026 по русскому языку: содержание экзамена и технологии подготовки обучающихся»
- «ОГЭ 2026 по литературе: содержание экзамена и технологии подготовки обучающихся»
- «ОГЭ 2026 по информатике: содержание экзамена и технологии подготовки обучающихся»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
Коучинг «Көшбасшылық»
Көшбасшылық
Коуч: Юсупова К.Ө.
Мақсаты: Қатысушыларды сыни тұрғысынан ойлау арқылы қарым-қатынасын реттеу, топтық жұмыстарда көшбасшылық қызметін жан-жақты талдау арқылы көз алдарына елестету.
Күтілетін нәтиже:
I. «Шыңғыс хан» көшбасшылығы туралы оқып үйренеді.
II. Көшбасшылық түрлерін ажыратып, ой бөлісе алады.
III.Салыстыру арқылы, толғанысқа келеді.
Не арқылы бағаланады?
«Ассоциация» әдісі
«ББҰ», «Болжау» әдісі
«5 жолды өлең», «РАФТ», «Эссе»жазу әдісі
Тренинг: «Амандасу»
- Білімге үш жол алып барады:
Ойлану, оқу жол- бұл ең парасатты жол,
Еліктеу, ұқсау жолы- бұл ең оңай жол.
Басың тасқа тиіп, тағдырдан сабақ алу,
Тәжірибе жинау жолы- бұл ең ащы жол. (қиылған сөздерден сөйлем құрастыру арқылы 5- топқа бөліну)
Қызығушылығын ояту кезеңі:
«Шыңғыс»- сөзін естігінде көз алдарыңа не елестейді?
Ал төмендегідей өлең жолдарын естігенде ше?
Оян, Қайыр бабатайым,
Қасиетті қымбаттым!
Сан алапат ғасырдан соң,
Өзіңді іздеп тіл қаттым,
Аман қапты батыр арман,
Отқа оранған Отырардан
Қашып шыққан сол баяғы баладан,
Бұл күндері санатты ұрпақ тараған,
Дәуірінің қанатында самғаған
Сол ұрпақтан шыққан ақын мен болам!- деп жырлаған ақын кім еді?
М.Шаханов
М.Шахановтың осы дастаны қалай аталады?
Шыңғыс ханның қателігі немесе Отырар дастаны
Ия, біздің бүгінгі тақырыбымыз әлемді дүр сілкіндірген қолбасшы,өз заманының көшбасшысы болған- Шыңғыс хан туралы болмақ.
«ББҰ» әдісі бойынша:
«Шыңғыс хан»- туралы білетінімізді жазып шығалық (толтырып,айтып шығады)
Ал, енді Шыңғыс хан мен Қар адамы туралы не білгілеріңіз келеді? Білгім келеді бөлімін толтырады.
Мағынаны тану
«Бағытталған оқу» әдісі
«Шыңғыс хан» туралы аңыз баяндалады:
Шыңғыс хан жол-жөнекей бас көтерген ел-жұртты жермен жексен етіп, орыс патшалығының шекарасына жеткенде қатты боранға ұшырап, бірнеше күн тоқтауға мәжбүр болыпты. Қаһарлы ханның қараптан-қарап бос жатуға іші пысып: «кімде-кім қардан адам жасаса ат басындай алтын берем», деп қол астындағы әскерлеріне жар салыпты. Бұдан әрі не болуы мүмкін? Неге? Ат басындай алтынға қызыққан жұрт басқа ермектің бәрін қойып, қардан адам жасауға кіріседі. Содан «қардан адам жасадым», деп ханға хабар берсе болды, хан жетіп кеп қылышын бір сілтеп өтеді екен.Қар адамның денесі қақ айырылады. Бірақ үн жоқ. Үн жоқ болса, ол қайдағы адам? Әрі қарай не болуы мүмкін?
Бәйгені ешкімге бермейді .
Шыңғыс ханның әскерінде жалғыз баласымен бірге жүрген бір қария кісі бар екен. Ол іші пысқан әскердің мына ермегіне ханның ерекше мән беруінің мәнісін өзінше түсінеді. Қалай түсінуі мүмкін?
«Бұл Шыңғыс хан іргедегі орыс қыстақтарынан адам сүйреп келіп, оны қарға көміп, қардан адам жасауға қайсының айласы жетер екен», деп бір сұмдықты ойлап жүр», дейтін қорытындыға келеді.
Бірақ бұл ойын ешкімге айтпайды.Айтпағанмен «ат басындай алтынды балама қалдырсам, ол өмір бойы жоқшылықтан құтылар еді» деген ой тағы маза бермейді. Содан ешкімнің қардан адам жасап, Шыңғыс ханның көңілінен шыға алмай жатқанын сезіп, баласын шақырып алады да: Не айтуы мүмкін?
Балам, - дейді. – Біз жеті атамыздан қарны тоймай келе жатқан әулеттің адамымыз. Ең болмаса, сен секілді соңғы әулеттің қамын ойлайық.
Әкесінің тосын әңгімесіне қайран қалған баласы:
Сонда не істеуміз керек, - дейді.
Менің шамалауымша, хан әскердің ауру, жарымжан біреудің қар адамына айналуын күтіп жүрген сияқты. Одан айла артылған ба. Кешелі бері ойланып, мен бір шешімге келдім. Қандай шешімге келуі мүмкін?
Бүгін түнде сыртқа шығайық та, мен тікемнен тік тұра берейін,сен менің үстіме мұздай суды құя бер. Сыртта аяз күшті, ілезде мен мұз боп қалам. Содан таң алдында боран борайды ды, мен қар адамы болып шыға келем. Дереу «қар адам жасадым» деп, ханға хабарлайсын, ол келіп көреді де, көзі жеткесін саған ат басындай алтын береді. Ат басындай алтыны бар адам – ең бай адам. Баласы калай қабылдауы мүмкін?
Әке, не айтып тұрсың! Бұл сұмдық қой! – дейді баласы.
Әкесі райынан қайтуы мүмкін бе?Неге?
Жоқ, сен түсінбей тұрсың, - депті қария. Бұл өмірден менің ризығым таусылып тұр, бүгін болмаса ертең ана дүниеге кетем. Жорықта жүріп өлу оңай ма? Мені әспеттеп жерлеуге қаражатың да жоқ. Өйтіп жұртқа күлкі болғанша жаңағыдай етіп ат басындай алтын ал. Бай болсаң, мұндағы үлкен-кіші құрдай жорғалайды.Әкеңді о дүниеге аттандырып салады. Тіпті менің табатымды көтеруге таласатындар да табылады. Сорлы басым, тіршілігім де қолым жетпесе де, өлген соң әлі табыт көтерген әскер басылардың иығына бір мінейін дейді. Баласы қандай шешім қабылдауы мүмкін?
Баласы ойлана бастайды. Ол ойлана бастағасын әкесі тағы да түрлі-түрлі дәлел айтып, ақыры оны көндіреді.
Содан әкесінің айтқанының бәрін орындап, «қар адам жасадым» деп баласы хан сарайына хабар жібереді. Шыңғыс хан сәске түсте жанына әскер басыларын ертіп, қар адамын көруге келеді. Қараса бәрі орнында. Дереу бір нөкерге қар адамын «қылыштап көр», деп бұйырады. Анау да әзір тұр екен, сілтеп кеп қалады. Ербиіп тұрған қар адамы екіге бөлініп сұлап түседі.Көргендер таң қалады. Әрі қарай не болуы мүмкін?
Бұйрығымды орнына келтіріп орындағаның үшін рахмет. Енді шыныңды айт,бұл кім еді өзі, - дейді хан. Не деуі мүмкін?
Әкем еді, - дейді жігіт. Әрі қарай не болуы мүмкін?
Шыңғыс хан көп ойланып тұрмастан жаңағы нөкерге иек көтеріп:
Мұның өзін де қылыштап таста, - деп бұйырады.Жігіт не істеуі мүмкін?
Неге, - дейді жігіт жыламсырап.
Менің әскерім осы жақын мандағы орыс қыстақтарынан адам алып келіп, дәл осындай қар адамын жасар деп үміттеніп едім.Әрі қарай не болуы мүмкін?
Мен саған ойымдағыны емеуріннен түсінетін әскер деп ат басындай алтын бермекші болғаным да рас. Бірақ алтын үшін өз әкесін аямаған саған ертен-ақ менің дұшпандарым сондай бір алтын көрсетіп: «Шыңғыс ханның әскерлерінің шатырына от қой немесе оның өзін өлтір» десе, сенің ештеңеден шімірікпесің хақ. Ендеше сендейлердің өмірі қысқа болуы керек, - дейді. Бұдан кейін не болуы мүмкін?
Бұдан кейін Шыңғыс хан жаңағы жігіттің қай халықтан екенін анықтап алып әскер қатарындағы қарақалпақтардың бәрін қырып тастапты.
Мұның өзі кейінгі әулеттерге сабақ болыпты. Атақты Маман би орыс патшалығына барғанда ең болмаса Шыңғыс ханның әскері қатарында қарақалпақ келмеді ме екен деп сұрастырғанда, орыс патшалығына қарсы қылыш көтерген бірде-бір қарақалпақ табылмапты (70-72 б. б.).
Тапсырмалар:
Алдарыңыздағы мәтінмен танысып, Шыңғыс хан көшбасшының қай түріне жатады, топпен талдайық...
Шыңғыс хан стратег, талантты, айлакер, уәждаушы, қатал көшбасшы т.б
Кинодан үзінді көрсетіліп, тағыда басқа қырларын табады.
1топқа: Егер сіздер жазушы болсаңыздар әңгіме желісін қалай өзгертер едіңіз?
2 топқа: Әңгіменің түйіні неде?
3 топқа: РАФТ жазу.
4 топқа: 5жолды өлең шығару.
5 топқа: XIII ғасыр көшбасшысы мен XXI ғасыр көшбасшысын салыстыр.
Толғаныс: Эссе жазу: Егер мен көшбасшы ....!
Пайдаланылған әдебиет:
1. «Аңыздар әлемі»- Қоразов Т.А, Қалдина В.Т., Ақтөбе 2003ж
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/54804-kouching-kshbasshyly
БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- «Организация психолого-педагогического сопровождения семей, воспитывающих детей с ОВЗ»
- «Метод проектов в обучении и воспитании детей дошкольного возраста»
- «Концепция совершенствования деятельности органов опеки и попечительства в отношении несовершеннолетних граждан: основные аспекты реализации»
- «Психолого-педагогическое сопровождение семей, воспитывающих детей с ОВЗ»
- «Специфика профессиональной деятельности учителя-дефектолога в дошкольной образовательной организации»
- «Профессиональная деятельность методиста образовательной организации: содержание и методы работы по ФГОС»
- Управление в социальной сфере: обеспечение эффективной деятельности организации социального обслуживания
- Преподавание предмета «Основы безопасности и защиты Родины» в общеобразовательных организациях»
- География: теория и методика преподавания в образовательной организации
- Основы дефектологии. Содержание и методы работы с обучающимися с ОВЗ
- Управленческая деятельность в системе социального обслуживания
- Сопровождение учебно-воспитательного процесса в деятельности педагога-психолога дошкольной образовательной организации

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.