- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
- «Специфика работы с детьми-мигрантами дошкольного возраста»
- «Учебный курс «Вероятность и статистика»: содержание и специфика преподавания в условиях реализации ФГОС ООО и ФГОС СОО»
- «Центр «Точка роста»: создание современного образовательного пространства в общеобразовательной организации»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны орыс мектептеріндегі қазақ тілі сабақтарында қолданудың тиімділігі
АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ОРЫС МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Есенаманова А.С.
Ақтөбе қаласы
Георгиевка орта мектебі
ХХІ ғасырда әлем өркениеті жаңа даму кезеңіне қадам басты. Бұл кезең кез-келген мемлекеттің даму деңгейін табиғат ресурстарымен емес, интеллектуалдық, шығармашылық потенциалымен, ғылымда жаңа ақпараттық технологияларды меңгеру, өндіру жетістіктерімен анықтайды. Осы тұрғыда білім беру жүйесінің тиімділігін арттыру жолдарын іздестіру ақпараттық білім кеңістігін қалыптастыруға алып келеді.
Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндеттер ауыр» деген сөзі бізге үлкен жауапкершіліктер жүктейді. Өйткені, бүгінгі мұғалімнен тек өз пәнінің терең білгірі емес,тарихи-танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси-экономикалық білімділік, ақпараттық сауаттылық және оқытудың жаңа технологияларын шебер меңгеруі талап етіледі.
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында еліміздің білім беру жүйесінің басты міндеттері атап көрсетілген. Соның бірі: «Білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін, нәтижеге бағытталған білім берудің жаңа жүйесіне көшу үшін әр мұғалім, жеке тұлға күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа ақпараттық технологияларға, әлеуметтік, тұлғалық және жеке құзыреттіліктерге ие болуы тиіс. Бұл талаптар күнделікті әдістемелік жұмыстың жүйелі түрде ұйымдастырылуы негізінде жүзеге асырылады.
Оқу үрдісінде компьютер оқып үйрену нысаны ретінде, сонымен бірге оқыту, тәрбиелеу, дамыту мен оқытудың мазмұнын терең меңгеруді диагностикалау құралы ретінде әрекет етеді.
Ақпараттық технологиялар жағдайындағы оқыту процесі жеке тұлға теориясына сүйенеді. Әрбір жеке тұлға өзін қоршаған ортаға көзқарасымен және өзіндік моральдық талаптарымен, белсенділіктің, түрлі сатысымен және басқа да маңызды қасиеттерімен сипатталады.
Сонымен қатар, қазақ тілі сабағында ақпараттық-коммуникациялық технология тек жеке даралықты қарастырмайды, ол бірдей жастағы балалардың ортақ қасиеттерін жүйелей, жинақтай отырып, оқу ақпаратын меңгерудің ортақ жақтарын да қарастырады. Себебі бір сыныптағы оқушылардың меңгеру деңгейлері әр алуан. Бірақ меңгеру талаптары бәріне бірдей. Сондықтан бұл жерде ақпараттық технология меңгерудің сатылап жүру кезеңдерінде тұлғалық бағдарлау, модульдік оқыту, даралық және топтық оқыту әдіс- тәсілдерін қатар интеграциялық түрде қамтиды.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – ақпаратты алудың, қайта жасаудың, жеткізудің, сақтаудың, пайдаланудың әдістері мен құралдары.Ақпараттық оқытудың мәні барлық оқушылардың танымдық процеске араласа алуында. Сабақтағы интерактивті іс әрекет диалогтік даму мен ұйымдастыруды туғызады.
Дәстүрлі оқытуда оқытушы өткізгіш қызметін атқарып, барлық процесті өзі арқылы өткізеді. Ал интерактивті әдісте ол көмекші роль атқарады. Интерактивті әдіс – белсенді әдістеменің бір түрі. Интерактивті әдістің негізгі мәні – оқыту оқушылардың барлығымен тығыз байланыста өтеді. Бұл екі жақты оқу (ұжымдық, қызметтік оқу) өйткені мұнда оқушы да, оқытушы да оқудың субъектісі болып табылады. Мұғалім оқыту процесін ұйымдастырушы, кеңесші ролін атқарады.
Оқытудың ақпараттық технологиясы білім беру мүмкіндіктерін жасауға, білімді қабылдау мен білім сапасын бағалау, оқу тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін керек.
Өзге тілді мектептерде қазақ тілін оқыту жүйесі қарапайым және бастапқы, негізгі, орта және ортадан жоғары деңгей бойынша базалық және пәндік құзыреттерді жүзеге асыра отырып, қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту; сөйлесім әрекетінің түрлеріне сай оқушыны тілдік білім негізінде әдеби тілде сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету арқылы дара тұлғаның тілдік қабілетін дамыту, бір-бірімен сабақтас, жүйелі тақырыптарды коммуникативтік тұрғыдан ұсына отырып, оқушыларға қазақша тілдік қатынасты игерту мақсатын көздейді. Осы аталған мақсатқа қол жеткізу үшін оқытудың ақпараттық технологияларын пайдаланған орынды. Қазақ тілі сабағында оқу ақпаратын ақпараттық технология жағдайында меңгерумен байланысты оқу әрекетінің түрлері;
1) Эмпирикалық әрекет қабылдау кезеңі ретінде;
- монитор экранындағы фонына назар аудару;
- нақты жаттығуды және айрықшаланған сөздерді суреттеу;
- нақты сөйлемдерді кешенді бейнелеу;
2) Жаттығуды танытуға бағытталған эвристикалық әрекет ретінде;
- жаттығуды абстрактілі ойлау;
- жаттығуды түрлендіру жолдарын іздеу;
3) Жаттығуды түрлендіру мен жаңа білім алуға бағытталған репродуктивтік әрекет ретінде;
- таңдалған жаттығу бойынша сөйлемді түрлендіру;
- берілген жаттығуды бағалау;
4) Дағдыны қалыптастыруға арналған практикалық әрекет;
- дағдыны таныс жағдайда қолдану;
- таныс емес жағдайда дағды қалыптастыру
Осы кезеңдер бойынша сынып оқушыларының қазақ тілі сабағында оқу әрекеті қалыптасып, белсенді қызмет етуге ұмтылады. Оқу әрекеті компьютерлік сауаттылықтың маңызды бір құраушысы өндірісте, мәдениетте, білім беруде компьютерлердің қолдану сферасын білуден басталады. Олар қазақ тілі сабағынан компьютерді іске қосып, бағдарламалар кітапханасынан керегін алып пайдалана білуге, онымен мәтін жазуға, керек ақпаратты іздеп табуға, сурет салуда пайдалануға және т.б. үйренеді. Бұл әр оқушының дербес компьютердің және мұғалімнің көмегімен өзара түсінісу ортасында қазақ тілі сабағында жаңа білімдерді алуына, танымдық іс-әрекетін дамытуына айтарлықтай септігін тигізеді және оқушының танымын қалыптастыруда бірігіп жұмыс жасаудың жоғары түрлеріне көтереді.
Компьютерлер мен интерактивті тақтаны оқушылардың тілдік құзіреттілігін, шығармашылық потенциалын дамыту құралы ретінде пайдалану интеллектуалдық, эстетикалық және ақпараттық сауаттылығын арттыруға көмектеседі, ал көрнекі құрал ретінде пайдалану оқу-танымдық үрдіс тиімділігін арттырады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдануда, әдетте шынайы өмірлік жағдайлар келтіріліп, бірігіп шешу мәселелері ұсынылады, рольдік ойындар пайдаланылады, білгірлігінің қалыптасуы барысында жеке белсенді позициясын қалыптастыруға жағдай тудырады, қарым-қатынас дағдыларын орнықтырады, сыни тұрғыдан ойлауға үйретеді.
Орыс сыныптарында оқушылардың қазақ тілі пәнінен білімін бағалау негізінен, екі түрлі шартқа байланысты. Оның бірі – түсінгенін дұрыс айта білу, яғни сөйлемді дұрыс құрастыру, жеке дыбыстарды, сөз тіркестерін дұрыс оқуы.
Екіншіден, сөз тіркестерін ауызша, жазбаша дұрыс қолданып, ерекше дыбыстарды ( і, ә, ө, ү, ұ, ң,ғ,қ,һ ) меңгермейінше, қазақша дұрыс сөйлеу, сауатты жазу мүмкін емес.Сондықтан қазақ тіліне тән дыбыстарды меңгерту барысында компьютерлік ойындардың да тигізер пайдасы зор. Компьютерлік ойындар жаттықтыру, оқыту және дамыту сипаттарын ескере отырып жасалынса, олардың әрбір оқушының білім сапасын арттыруға тигізер пайдасы зор.
Оқушының коммуникативтік қарым-қатынасын, тілдік құзіреттілігін, шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында жұптық, топтық тапсырмалар беріледі. Мысалы, берілген сөздерді орыс тіліне аударып, сөйлем құрайды немесе сурет салады. Жұпта жасаған жұмыстарын ортаға салады. Одан оқушылардың айтылым, жазылым, тыңдалым, тілдесім әрекеттерін байқауға болады.
Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияны пайдалану оқушының өз бетімен жұмыстануына, уақытын үнемдеуге білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеруге, қашықтықтан және қажетті ақпаратты жедел түрде алуға, жекелей, жұппен,топпен жұмыс жүргізуге ойлау қабілетін дамытып, оқушылардың теориялық, практикалық сауаттылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар ол мұғалімді қысқа мерзімде өзінің үлкен дидактикалық материалдарымен қамтамасыз етіп компьютерлік білімін даярлауға көмектеседі және ол оқушылардың есте сақтау, көру, есту, ойлау, эмоционалды қабілеттерін ашады. Оқушы өзіне қажет мәліметтерді ғаламтордан іздеп, компьютерде жазып дайындау мен ой-өрісі мен дүниетанымын кеңейтеді.
Заман ағымына қарай ақпараттық технологияларды қолдану айтарлықтай нәтиже беруде. Кез келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсендігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Мысалы: 9-сынып бойынша электронды оқулықта берілген мәтіндер, өлеңдер, әндер, мақал-мәтелдер,
жаңылтпаштарды аудиотаспадан тыңдау оқушының сөздік қорын молайтады, қазақ тілінде сөйлеу дағдысын қалыптастырады.
Қазіргі заман талабына сай жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті ұрпақ дайындау-мұғалім еншісіндегі дүние екендігін ескерсек, білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану оқушының ой-өрісі мен танымын дамытудың таптырмас құралы екендігі анық.
«Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып,шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, біз елімізді қазақ мемлекеті деп атайтын боламыз» деп елбасы Н.Ә.Назарбаев айтып өткеніндей қазіргі кезде қазақ тілінің мәртебесін көтеру басты міндетім деп санаймын.
Әдебиеттер
1. «Қазақстан-2050» жолдауы. 2012 жыл.
2.Қазақстан мектебі. 2012 ж. №3 «Оқу үрдісінде интерактивті тәсілді пайдаланудың тиімділігі»
3.Қазақстан мектебі. 2012 ж. №9 «Ақпараттық-комунникациялық технологияның тереңдете оқытуда ықпалы зор»
4.Адамбаева Ж., Оразбаева Ф., Оңалбаева К. Қазақ тілі. 10 сынып. Алматы: Мектеп. 2010
Георгиевка орта мектебі
БАЯНДАМА
АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ОРЫС МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Мұғалім: Есенаманова А.С.
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/204279-aparatty-kommunikacijaly-tehnologijany-ory
БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- «Организация работы музыкального руководителя ДОО с детьми с ОВЗ по ФГОС ДО»
- «Реализация ФГОС НОО: содержание Стандарта и особенности проектирования образовательных программ»
- «Развитие математической грамотности обучающихся на уроках математики»
- «Методика преподавания английского языка в общеобразовательной организации по ФГОС»
- «Особенности психолого-педагогической работы по сопровождению семей, воспитывающих детей с ОВЗ»
- «Психолого-педагогические особенности детей раннего и дошкольного возраста»
- Деятельность тьютора по сопровождению детей с ограниченными возможностями здоровья
- Реализация физического воспитания. Особенности организации адаптивной физической культуры для обучающихся с ОВЗ
- Логопедическая работа при нарушениях речи у детей дошкольного возраста
- Методика организации образовательного процесса в начальном общем образовании
- Ведение педагогической деятельности в образовательной организации
- Педагог-воспитатель группы продленного дня. Организация учебно-воспитательной деятельности обучающихся

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.