Охрана труда:
нормативно-правовые основы и особенности организации
Обучение по оказанию первой помощи пострадавшим
Аккредитация Минтруда (№ 10348)
Подготовьтесь к внеочередной проверке знаний по охране труда и оказанию первой помощи.
Допуск сотрудника к работе без обучения или нарушение порядка его проведения
грозит организации штрафом до 130 000 ₽ (ч. 3 статьи 5.27.1 КоАП РФ).
Повышение квалификации

Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014

Почему стоит размещать разработки у нас?
  • Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
  • Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
  • Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
Свидетельство о публикации
в СМИ
свидетельство о публикации в СМИ
Дождитесь публикации материала и скачайте свидетельство о публикации в СМИ бесплатно.
Диплом за инновационную
профессиональную
деятельность
Диплом за инновационную профессиональную деятельность
Опубликует не менее 15 материалов в методической библиотеке портала и скачайте документ бесплатно.
25.01.2017

Бір ел бір тағдыр

Кунсулу Шаймергенова
Учитель казахского языка, деффектолог
Открытый урок по казахскому языку на тему «Бір ел – бір тағдыр» для 9 классов с русским языком обучения.

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы: Бір ел бір тағдыр.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің даму кезеңдері, Елбасы Жолдауы жөнінде алған білімдерін қолданып, өз пікірлерін дәлелдеу.

2. Дамытушылық: Ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөйлеу қабілеттерін арттыру.

3. Тәрбиелік: Отанына, еліне сүйіспеншілігін арттыру, отаншылдық сезімін тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жалпылау сабақ, модульдік оқытуды қолдану.

Көрнекіліктер:1. Тәуелсіз Қазақстанның тарихи кезеңдері(жылдар тізімі).

2. « Гүлдене бер, Қазақстаным!» бейнефильм.

3. « Жаңа әлемдегі – жаңа Қазақстан» мәтін.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: іздендіру, әңгімелесу, оқығанды түсіндіру, нәтиже жасау, көрнекілік арқылы түсіндіру, жаңа технологиялардың ішіндегі сын тұрғысынан ойлау элементтерінің бірі – кластермен жұмыс, топтық, жұп жұмыс.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

- сәлемдесу

-оқушыларды сабаққа бейімдеу

II. Өткенді қайталау.

1. Тіл дамыту тапсырмалар.

Мұғалім:

- Балалар, бүгінгі сабақта тәуелсіз Қазақстан туралы алған білімді қайталаймыз.

- Қазақстан қандай мемлекет?

Оқушы: -Қазақстан егеменді, тәуелсіз, көпұлтты мемлекет.

Мұғалім: -Балалар, осы жылдар тізімі сендерге таныс па?

1989 1995

1990 1997

1991 1998

1992 2006

1993

Иә, таныс. Бұл тәуелсіз Қазақстанның тарихи кезеңдері.

- 1989 жылы қандай заң қабылданды?

- 1989 жылы Тіл туралы Заң қабылданды. Қазақ тілі мемлекеттік мәртебесін алды.

- 1990 жылы Қазақстан егемендігін жариялады.

- 1991 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Заңы қабылданды және бірінші Бүкілхалықтық Президент сайлауы өтті.

- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері қабылданды.

Осы жылы Қазақстан БҰҰ-на мүше болып қабылданды.

1993 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы – теңге қабылданды.

Бірінші Конституциясы қабылданды.

1995 жылы Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңы қабылданды.

1997 жылы Тіл туралы Заңы қабылданды.

1997 жылы Алматыдан астанамыз Ақмола қаласына көшірілді.

1998 жылы Ақмола қаласы Астана деп аталған.

2006 жылы Қазақстан Республикасының жаңа Мемлекеттік Гимні қабылданды.

Мұғалім: - Жақсы, балалар, жарайсыңдар. Еліміздің тарихи кезеңдерін сендер білесіңдер.

III. Жаңа әлемдегі – жаңа Қазақстан.

Мұғалім: 1. - Қазір, балалар, біз Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері туралы фильм көреміз.

Бейнефильм: «Гүлдене бер, Қазақстаным!»

Мұғалім: - Балалар, осы фильмнен Тәуелсіз Қазақстанның қандай жетістіктерін көрдіңдер?

Оқушылар: Мұғалімнің сұрағына жауап береді.

- Қазақстанның жаңа бағдарламалары туралы.

- Еліміздің даму бағыттарын айтады.

«Жаңа әлемдегі –жаңа Қазақстан».

- Негізгі бағыттарының біреуі – білім беру бағыты.

Мұғалім: - Сонымен, балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:

2. « Жаңа әлемдегі – жаңа Қазақстан».

- Қазір біз лингафон көмегі арқылы мәтінді тыңдаймыз.

- мәтінмен жұмыс

Мұғалім: - Осы мәтін не туралы?

Оқушылар: жауаптарын айтады.

Мұғалім: - Балалар, назарларыңды тақтаға аударыңдар.

Тақтада: Оқу - білім бұлағы,

Білім - өмір шырағы.

Бұл не? Оны сендер қалай түсінесіңдер?

Біздің ата-бабаларымыз да білімге үлкен мән берген.

3. – Қазір, балалар, лингафон көмегімен топпен жұмыс істейміз.

Деңгей- I-топ: мәтін бойынша сұхбат құрастырады.

лік тап- II-топ: мәтіннің мазмұнын айтады

сырмалар. III-топ: дискуссияға дайындалады, сұрақтар құрастырады.

-Оқушылар лингафон арқылы дайындалады, мұғалім кейбіреулердің

жауаптарын тыңдап, көмек жасайды.

Мұғалім: - Ал енді, балалар, жауаптарыңды тыңдайық.

1 топ сұхбаттарын айтады.

2 топ мәтіннің мазмұнын айтып береді.

3 топ екі оқушы шығып, сыныппен дискуссия өткізеді.

Дискуссия.

Мұғалім: - Балалар, Қазақстанда білім беруіне үлкен мән беріледі.

Қазақстандықтарға шетелде тегін білім алуға бола ма?

Оқушылар:- Иә, болады. «Болашақ» бағдарламасы бойынша.

Бұл бағдарлама қай жылы ұйымдастырылды?

1994 жылдан бастап.

Солтүстік Қазақстан облысынан «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқып жүрген студенттер бар ма?

Иә, бар.

Олардың арасында кімдер біздің мектебіміздің түлектері?

Біздің мектебіміздің түлегі – Зарецкий Виталий, Ол АҚШ-та білім алған.

Астана қаласында қандай Ресей Университетінің филиалы бар?

Астанада Мәскеу Мемлекеттік Университетінің филиалы бар.

Онда біздің мектебіміздің түлектері окиды ма?

Иә, Мәскеу Мемлекеттік Университетінде Полуэктов Евгений және Таранов Василий оқыды.

Осындай тегін білім алу үшін, мектепте қалай оқу керек?

Тегін білім алу үшін, мектепте жақсы оқу, өзіңе талапты болу керек.

Қазақстанда білім беру бағытында жасалып жатқан барлық істердің мақсаты қандай?

Келешекте біз, жастар, жақсы білім алып, еліміздің өркендеуіне өз үлесімізді қоса аламыз. Білімді жастар- мемлекетіміздің болашағы.

Мұғалім: - Ал қазір, балалар, сабағымызды бекіту үшін, кластер жасайық. Бұл жұмысты істеу үшін, екі топқа бөлінеміз.

1-топтың тапсырмасы: Мәңгілік ел.

2-топтың тапсырмасы: Білім беру бағыты.

Оқушылар: тақтаға шығып, өз кластерлерін қорғайды, пікірлерін дәлелдейді.

IV. Қорытыңды.

-Балалар, бүгінгі сабақта не туралы әңгімелестік?

-Осы бағдарламаның негізгі мақсаттарының бірі қандай?

Үй тапсырмасы: деңгей тапсырмалар,деңгейді өздерің таңдайсыңдар.

III деңгей- Мәтін бойынша 10 сұрақ құрастырып жазу.

II деңгей- Мазмұнын айтып беру.

I деңгей-«Мәңгілік ел» деген эссе жазу.

Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/241219-bir-el--bir-tadyr

Свидетельство участника экспертной комиссии
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и закажите рецензию на методическую разработку.
Также вас может заинтересовать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ
БЕСПЛАТНО!
У вас недостаточно прав для добавления комментариев.

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

 

Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)

Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.

Рекомендуем Вам курсы повышения квалификации и переподготовки