- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- «Формирование основ финансовой грамотности дошкольников в соответствии с ФГОС ДО»
- «Патриотическое воспитание в детском саду»
- «Федеральная образовательная программа начального общего образования»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
- Курс-практикум «Цифровой арсенал учителя»
- Курс-практикум «Мастерская вовлечения: геймификация и инновации в обучении»
- «Обеспечение безопасности экскурсионного обслуживания»
- «ОГЭ 2026 по русскому языку: содержание экзамена и технологии подготовки обучающихся»
- «ОГЭ 2026 по литературе: содержание экзамена и технологии подготовки обучающихся»
- «ОГЭ 2026 по информатике: содержание экзамена и технологии подготовки обучающихся»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
Еңбект өнімділігін есептеу
Жеке еңбек өнімділігі жұмыс уақытының бірлігінде жасалатын нақты өнімнің (жұмыстың) санымен немесе осы өндірістегі өнімнің (жұмыстың) бірлігін шығаруға жұмсалған тірі еңбек шығындарымен өлшенеді.
Қоғамдық еңбек өнімділігі өнімнің (жұмыстың) бірлігін өндіруге жұмсалған жұмыс уақытының барлық шығындарымен, яғни тірі еңбек (берілген өндірісте жұмыс істейтін) және өнімнің (жұмыстың) бірлігіне жұмсалған шикізатта, материалдарда, еңбек құралдары мен қаруларында көрініс тапқан, өткен еңбектің қосындысымен анықталады.
Еңбек өнімділігінің өсуі өнімнің (жұмыстың) бірлігін өндіргенде жұмыс уақытын үнемдеуден көрінеді, бұл жұмыс уақытының бірлігінде өнім (жұмыс) шығарылымының артуын білдіреді.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Талдықорған политехникалық колледжі
САБАҚ ЖОСПАРЫ № 23
Күні | Топ |
Пән: Нарықтық экономика негіздері.
Сабақ тақырыбы: Еңбект өнімділігін есептеу
Сабақтың типі: білім, білік пен дағдыларын жетілдіру
Пәнаралық байланыс: эконмика негіздері, кәсіпорын экономикасы, экономикалық математика, бухгалтерлік есеп т.б.
Сабақтыңмақсаты: | Білімділік: Студенттерге еңбек өнімділігін есептеу жолдарын түсіндіру. |
Дамытушылық: Еңбек және еңбекақы жайлы алған білімдерін тереңдету. | |
Тәрбиелік:Студенттерді адалдыққа, ұқыптылыққа пән сүйгіштікке, тазалыққа тәрбиелеу. |
Сабақты жабдықтау.
Көрнекі құралдар: лекция, тест тапсырмалары, криптограммалар.
Негізгі әдебиет:Р.Қ.Ниязбекова, Б.А.Рахметов, П.Т.Байнеева
«Кәсіпорын экономикасы»
Сабақты жүргізу кезеңдері. |
І.Ұйымдастыру кезеңі |
Студенттермен сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын бақылау, кабинеттін тазалығын тексеру. |
ІІ.Өткен тақырыпты қайталау. |
Еңбек ақы дегеніміз не? Еңбек ақы түрлерін атаңыз. Қосымша еңбек ақы дегеніміз не? Еңбекті жоспарлау дегенді қалай түсінеміз? т.б. |
ІІІ.Жаңа тақырыпты баяндау. |
1.Еңбек өнімділігі – экономикалық категория ретінде. |
2.Еңбекті өлшеу мен нормалаудың ұғымы және рөлі. |
3.Еңбектің нормасын функционалды бөлу. |
4.Еңбекті өлшеудің және нормалаудың әдістері. |
IV.Жаңа тақырыптыбекіту. |
Сұрақ-жауап әдісі арқылы жаңа тақырыпты бекіту |
V. Үй тапсырмасы. |
Р.Қ.Ниязбекова, Б.А.Рахметов, «Кәсіпорын экономикасы» 374 бет |
VІ. Сабақты қорытындылау |
Сабақты қорыта келе студенттердің сабақта белсене қатысқандарына байланысты бағаларын қою. |
Оқытушы: Байдилданова М. С.
Әдіскер: Жанысбекова Г.А.
Еңбект өнімділігін есептеу
1.Еңбек өнімділігі – экономикалық категория ретінде.
2.Еңбекті өлшеу мен нормалаудың ұғымы және рөлі.
3.Еңбектің нормасын функционалды бөлу.
4.Еңбекті өлшеудің және нормалаудың әдістері.
1 Еңбек өнімділігі материалдық өндірістегі еңбек шығындарының тиімділігін сипаттайды және жұмыс уақытының бірлігінде өндірілетін өнімнің (жұмыстардың) санымен немесе өнім (жұмыс) бірлігіне жұмсалатын еңбек шығындарымен анықталады. Жеке еңбек өнімділігі мен қоғамдық еңбек өнімділігін ажыратады.
Жеке еңбек өнімділігі жұмыс уақытының бірлігінде жасалатын нақты өнімнің (жұмыстың) санымен немесе осы өндірістегі өнімнің (жұмыстың) бірлігін шығаруға жұмсалған тірі еңбек шығындарымен өлшенеді.
Қоғамдық еңбек өнімділігі өнімнің (жұмыстың) бірлігін өндіруге жұмсалған жұмыс уақытының барлық шығындарымен, яғни тірі еңбек (берілген өндірісте жұмыс істейтін) және өнімнің (жұмыстың) бірлігіне жұмсалған шикізатта, материалдарда, еңбек құралдары мен қаруларында көрініс тапқан, өткен еңбектің қосындысымен анықталады.
Еңбек өнімділігінің өсуі өнімнің (жұмыстың) бірлігін өндіргенде жұмыс уақытын үнемдеуден көрінеді, бұл жұмыс уақытының бірлігінде өнім (жұмыс) шығарылымының артуын білдіреді.
Еңбек өнімділігі өндіргіш күштердің даму деңгейіне де, өндірістік қатынастардың сипатына да тәуелді. Әр жаңа қоғамдық құрылыс алдыңғысын жеңеді, өйткені жоғары еңбек өнімділігі үшін жағдай жасайды және осылайша қоғам қажеттіліктерін қанағаттандырудың үлкен мүмкіндіктерін ашады.
Еңбек өнімділігін арттырудың маңызы зор: еңбек өнімділігінің артуы қоғамдық байлық пен елдің кеңейтілген ұдайы өндірісі өсуінің, өнімнің өзіндік құнының және бағалардың төмендеуінің басты көзі, еңбек етушілердің материалдық жағдайын жақсартудың, жұмыс күнінің ұзақтығын қысқартудың және жыл сайынғы төленетін демалыстар ұзақтығын арттырудың негізгі жолы болып табылады.
2. Еңбекті өлшеу деп әр түрлі әдістер мен құралдарды қолдану арқылы еңбекті қарқындандырудың белгілі бір деңгейінде нақты жұмыстарды орындауға жұмыскердің қанша уақытын жұмсаудың қажеттігін белгілеуді ұғынуды айтады. Өлшеу нақты нәтижеге жету үшін нақты және күтілетін еңбек шығындарын анықтау болып табылады. Сөйтіп еңбекті өлшеу сол тұстағы жағдайларды зерттей алуға сүйенеді және норманы белгілеудің негізі болып табылады. Еңбекті өлшеу өзара байланыстағы екі мәселені шешеді:
1. Еңбек тиімділігінің анықталған резервтеріне баға береді;
2.Орындалатын жұмыстардың саны мен сапасына қарап жалдамалы жұмысшылардың еңбек ақыларының деңгейін қалыптастыру үшін негізін құрайды.
Еңбекті өлшеу өзіне өзі функционалды-технологиялық және әлеуметтік міндетті қояды. Еңбектің шығындарын және онымен байланысты ресурстарды өлшеу еңбек процестері технологиясының әр түрлі нұсқаларын салыстыру үшін қажет. Еңбекті өлшеудің нәтижесі жұмыстар мен операциялардың функцияларын да оларға кеткен еңбек шығындарын да анықтай түседі. Еңбекті өлшеу еңбекті нормалаудың бастау негізі болып саналады.
Еңбекті нормалау – бұл уақыт бірлігі кезіндегі өнімдер бірлігін зерттеуге кететін еңбек шығындарының нормаларын белгілеу. Бұл сондай-ақ ЕН-ның маңызды бір механизмі болып табылатын еңбекті реттеудің де жолы.
Еңбекті нормалауға мемлекеттің қатысуы жұмыс уақыты орындалуының негізгі параметрлерін де реттеу болып табылады.
Кәсіпорында нормалы еңбектің негізгі мазмұны келесіде саяды:
жұмыс орындарының өндірістік мүмкіндіктерін талдау;
өндірістік тәжірибені зерттеп оқып үйрену;
жұмыстың нысандарын экономикалық және психо-физиологиялық бағалау;
еңбектің нормаларын белгілеу, оларды тексеру, түзету, өндіріске еңгізу, еңбек нормаларын жүйелі түрде жеткізу.
Еңбекті нормалаудың басты міндеті еңбектің қажетті шығындарын анықтау, ғылыми негізделген нормаларды белгілеу және оларды өндіріске еңгізу болып табылады.
Еңбекті нормалаудың қағидалары болып:
I. Жалпы: ғылымилығы, кешенділігі, жоспарлылығы, норматив-тілігі, тиімділігі, әр басты жауапкершілігі, материалдық және моральдық ынталандырудың қағидалары табылады.
II. Жеке: қозғалыстарды үнемдеу қағидасы, еңбек нормаларының техникалық, экономикалық және психофизиологиялық негізделуі, нормалардың ұстамды бірегей қағидасы табылады;
Еңбекті нормалау еңбекке ақы төлеуді ұйымдастырудың басты құралына айналуы. Еңбекті нақты нормалау жұмысты берілген технология мен ұйымдастыруға қарай еңбек жылдамдылығының нормалық деңгейін де анықтайды. Берілген еңбек жылдамдылығына қарай еңбек өнімділігінің нормативті деңгейін де, сондай-ақ еңбекті қажет ететін жеке тұлғалық және ұжымдықжұмыстардың көлемі де көрсетіледі.
3. Еңбек нормаларын функционалды бөлу.
Өзінің функционалды арнауларына қарай еңбек нормаларының мынадай болады:
1. ұақыттың нормалары (адам.мин, сағ.);
2. жұмыс (істелінген) нормалары;
3. қызмет көрсету нормалары.
Жеке жұмыс уақыты – бұл жұмыстың бір өлшемін берілген техникалық жағдайларда мамандығы сәйкес бір жұмыскердің орындайтын жұмыс уақыты.
Ұжымдық кешенді уақыт нормасы (кешенді операцияларға белгіленген) – бұл жұмыс уақыты жұмыстардың бірлігін берілген техникалық жағдайларда оперцияны орындайтын жұмыскерлер топтарының маманданушылық құрылымдарын ескере отырып белгіленеді.
Жұмыс уақыты келесі ерекшеліктерге орай ажыратылып жіктеледі:
Дайындалатын қорытынды уақыт;
Шұғыл (оперативті) уақыт;
Жұмыс орнын баптайтын уақыт;
Жұмыстағы үзіліс уақыты;
Көзделмеген үзілістер уақыты.
Жұмыс нормасы – бұл берілген техникалық жағдайларда мамандықтары жұмысқа сай келетін бір жұмыскердің немесе жұмысшылар тобының шығаратын өнімдеріне кеткен жұмыс көлемі.
Жұмыс нормасы уақыт нормасына кері пропорционалды шама болып табылады. Жұмыс нормасының нұсқасы ретінде нормалы тапсырманы түсінуге болады. Нормалы тапсырма – бұл орындау үшін жұмыскерге немесе бригадаға берілген жұмыс көлемі, оны өткен уақыттардағы анықтай келе, тек нақты зат күйінде ғана емес, сондай-ақ, адам/сағат немесе істелетін күндер күйінде де береді.
Қызмет көрсету нормасы еңбек заттарының еңбек өніміне айналуының орташа технологиялық өзгеруіне қатысы жоқ процесті сипаттайды. Бұл нақты ұйымдастырушылық-техникалық жағдайларда тиісті мамандануларына сай бір немесе бірнеше жұмысшы қызмет көрсететін қажетті қондырғылардың, өндірістік алаңдардың, жұмыс істеушілердің қажетті саны.
Сандық (численность) нормалары — бұл берілген ұйымдастырушылық-техникалық жағдайлардағы жұмыскерлердің саны және жұмыстардың көлемі. Сандық нормалар қондырғыларды, қоймаларды, жұмыс орындарын қамтамасыз етуде қолданылады. Cондай-ақ, олар қосымша жұмыскерлер мен басқарушылықтағы қызметкерлердің еңбектерін нормалағанда пайдаланылады.
Басқарушылық нормасы – бұл бір басшыға бекітілетін жұмыскерлердің немесе құрылымдық бөлімшелердің қалыпты саны.
Әзірлеу әдістеріне байланысты еңбектің нормалары:техникалық-негізделген және тәжірибелі-статистикалық болып бөлінеді.
Еңбек процессінің норма және еңбек нормасы белгілеген мөлшеріне қарай еңбек нормалары: операциялық және ірілендірілген болып бөлінеді.
Қолданылу саласына байланысты еңбек нормалары: сала аралық, салалық; жергілікті нормалар болып бөлінеді.
Қолданылу міндеттері бойынша еңбек нормалары: типті және бірегей (единые) нормаларға бөлінеді.
Іске қосылу мерзіміне байланысты: бір жолғы, уақытша, шартты-тұрақты және маусымдық нормаларға бөлінеді.
4. Еңбекті өлшеудің және нормалаудың әдістері.
Тәжірибеде нормаларды белгілеудің 2 әдісін байқайды:
1.Талдау (аналитикалық);
2.Қосынды (суммарный).
Талдау әдісі еңбек процессін, техника мен жұмыс уақытының тиімді пайдалануды зерттеуін алдын-ала қарастырады. Бұл әдісте екі түрлі көзқарас қолданылады:талдап-зерттеу және талдап-есептеу. Талдап-есептеу әдісі бұрыннан бар уақыт нормалары мен қондырғылардың жұмыс режимдерінің нормалары қолданылады. Бұл талдап-зерттеу әдісіне қарағанда қиындығы аз әдіс, алайда ол одан да дәл нәтиже бере алмайды. Талдап-зерттеу әдісі нақты жағдайлардың сай болмауынан немесе базалық нормативтертер болмаған жағдайында қолданылады. Талдау әдістері жұмыс орнын аттестациялаумен үйлестіріле жүргізіледі.
Қосынды әдістер еңбек нормаларының элементтерін бөлектемей барлық еңбек операциясына тұтас қолдануды қарастырады. Олар келесі тәсілдермен анықталады:тәжірибелік, статистикалық және салыстырмалы.Уақыт нормативтерін есептеу үшін келесі тәсілдер қолданылады: хронометраж, жұмыс орнын суретке түсіру, фотохронометраж.
Бақылау сұрақтары:
Еңбекті өлшеу дегеніміз не?
Еңбекті өлшеу не үшін қажет?
Еңбекті нормалаудың мәні атаңыз.
Еңбекті нормалаудың қағидаларын атаңыз.
Еңбек нормаларының бөлінуін көрсетіңіз.
Еңбекті өлшеудіңқандай әдістері бар?
Еңбекті нормалаудың қандай әдістері бар?
Еңбек өнімділігі мен еңбек қарқындылығы дегеніміз не?
Еңбек қарқындылығы қалай жіктеледі?
Еңбек өнімділігі мен қарқындылығының өлшеу әдістері қандай?
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/281732-ebekt-nimdiligin-esepteu
БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- «Реализация образовательного процесса по ФГОС ООО и ФГОС СОО в соответствии с профессиональным стандартом педагога»
- «Программа воспитательной работы для организаций отдыха детей и их оздоровления: основные аспекты и особенности реализации»
- «Технологии социальной работы с выпускниками всех форм попечительства»
- «Базовые техники арт-терапии»
- «Образовательная робототехника»
- «Учебная мотивация обучающихся»
- Педагогика и методика дошкольного образования
- Педагогика и методика преподавания английского языка
- Учитель-методист в образовательной организации. Содержание методического сопровождения реализации общеобразовательных программ
- Педагогика и методика преподавания изобразительного искусства
- Методист образовательной организации: основы педагогической и методической деятельности
- Педагогика и методика преподавания истории и кубановедения

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.