Охрана труда:
нормативно-правовые основы и особенности организации
Обучение по оказанию первой помощи пострадавшим
Аккредитация Минтруда (№ 10348)
Подготовьтесь к внеочередной проверке знаний по охране труда и оказанию первой помощи.
Допуск сотрудника к работе без обучения или нарушение порядка его проведения
грозит организации штрафом до 130 000 ₽ (ч. 3 статьи 5.27.1 КоАП РФ).
Повышение квалификации

Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014

Почему стоит размещать разработки у нас?
  • Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
  • Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
  • Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
Свидетельство о публикации
в СМИ
свидетельство о публикации в СМИ
Дождитесь публикации материала и скачайте свидетельство о публикации в СМИ бесплатно.
Диплом за инновационную
профессиональную
деятельность
Диплом за инновационную профессиональную деятельность
Опубликует не менее 15 материалов в методической библиотеке портала и скачайте документ бесплатно.
06.12.2017

Күздің сыйы «Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметі»

Балалардың күз мезгілі туралы білімдерін нақтылайтын және бекітетін ұйымдастырылған оқу қызметі. Мазмұны күздің негізгі белгілерін, ерекшеліктерін танып-білуге, көкөністер мен жемістердің пайдасын түсінуге бағытталған. Балалар ойын арқылы түстерді, жемістер мен көкөністерді ажыратады, атайды және топтастырады. Қызмет балалардың табиғатты қорғау, аялау және оның әсемдігін бағалай білу сияқты құнды қасиеттерін тәрбиелейді. Әріптестермен бірлесіп жұмыс істеу, бір-бірін тыңдау дағдылары дамытылады. Бұл материал мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың барлық бағыттарын қамтитын кешенді әдістемелік әзірлеме ретінде пайдаланылады.

Содержимое разработки

Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Әлеумет»

Бөлімі:Жаратылыстану

Тақырыбы: «Күз сыйы»

Мақсаты: Балалардың күз мезгілі туралы білімдерін нақтылау, күз мезгіліне тән белгілерді білу және таба алуға үйрету. Күз мезгілінің ерекшеліктері туралы білімдерін бекіту. Көкөністер мен жемістердің адам ағзасына пайдасы туралы ұғымдарын бекіту. Ойын арқылы түстерді, жемістер мен көкөністерді ажырата және атай білуге үйрету. Бірін – бірі тыңдап, өз-ара бірлестікке үйрету. Күз мезгілінің ерекшеліктерін бағалай білуге ,табиғатты қорғап,

аялауға және әсемдігін бағалай білуге тәрбиелеу.

Керекті құралдар:Күз мезгілінің суреті, үлестірмелі суреттер, жемістер мен көкөністердің

суреттері., ноутбук

Үштілдік компонент: Көкөністер –овощи-, vegetables, жемістер – фрукты- fruit, дәрумендер – витамины- vitamins

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

«Амансың ба, алтын күз!»

Күз мезгілі туралы жұмбақ жасыратынын, жұмбақтың жауабы бүгінгі іс-әрекетіміздің тақырыбы болатынын хабарлайды.

Жиын-терін болатын

Қамбаға астық толатын

«Қызыл қырман» ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың?

-Өте жақсы! Ал, енді көзімізді жұмып күз

мезгілін елестетейікші.

(Осы кезде әдемі әуен қосылады)

Ой қозғау

Балалардан не елестеткендері туралы сұрау.

-Балалар, мен сендерге тағы бір жұмбақ жасырайын деп тұрмын.

Ағайынды бәрі,

Жазда жасыл.

Күзде сары.

Ол не?

-Балалар, мен балабақшаға келе жатып мына жапырақтарға қызығып, жинап алдым. Қараңдаршы қандай әдемі жапырақтар!.Бұл жапырақтар сиқырлы, әрбіреуінде тапсырмалар бар екен.

Бәрі бірге айтады

Дөңгелене отыр.

Жұмбақтың шешуін табады.

-Күз мезгілі

-Көздерін жұмып, әуенді тыңдайды.

Өздерінің ойларын айтады: мысалы, мен күзгі желді елестеттім, мен жапырақтың шуылын елестеттім т.б

Қызығушылық танытады.

Жапырақ, деп жауап береді

Ұйымдастыру-іздестіру

Дидактикалық ойын: «Сиқырлы ағаш»

Күз мезгілінің ерекшеліктерін атап, сиқырлы ағашқа белгілерін қоюды ұсынады.

- Неге біз күз мезгілін «алтын күз» дейміз?

-Неге «жомарт күз» дейміз?

-Мына келесі жапырақтың тапсырмасыДидактикалық ойын: «Кім жылдам?»

(луллий шеңбері)

Ойынның шарты бойынша 3 дөңгелек немесе диск. Біріншісінде – көкөністер мен жемістер, екіншісінді – сандар, үшінші дөңгелекте – түстер.

Алдымен дискідағы көкөністер мен жемістерді атауды ұсыну. 1-10-ға дейінгі сандарды қайталап шығу. Содан кейін көкөністер мен жемістер санын сандармен сәйкестендіруді ұсыну. Мысалы: 8 саны – 8 қызанақ, қызанақтың түсі – қызыл.

Сөздік жұмысы: алма-яблоко- apple, алмұрт-груша- pear,банан-банан- banana, лимон-лимон- lemon, қызанақ-помидор- tomato, сәбіз-морковь- carrot, қияр-огурцы- cucumbers, көкөністер –овощи-, vegetables, жемістер – фрукты- fruit.

Сергіту сәті:

Жел соқты, жел қатты-қатты соқты,

Жаңбыр жауды,жаңбыр қатты-қатты жауды,

Күн шықты,күн шықты,

Жел тына қалды.

-Балалар, көкөністер мен жемістердің адамға деген пайдасы зор. –Қане, кім біледі қандай пайдасы бар?

-Ал, оларды жемес бұрын не істеу керек?

Сәбіз жесеңдер бойларың өседі. Пияз бен сарымсақ әртүрлі сырқаттан сақтайды. Сондықтан оны жыл бойы жеп отыру керек екен.

-Ал, канеқи келесі ойынды ойнау үшін саусағымызды жаттықтырып алайық.

Саусақ жаттығуы:

В огороде много гряд, (показывают много гряд)
Тут и репа и салат, (на каждый овощ загибают палец)
Тут и свекла и горох,
А картофель разве плох?
Наш зеленый огород
Нас прокормит целый год.

Тапсырма №3

Дид.ойын: «Сиқырлы қорап»

Қолдарын қорапқа салып сипап, сезу арқылы ішінде не бар екенін айтуды ұсынады.

Тапсырма №4

Дидактикалық ойын: «Немен қоректенеді?»

(сіріңке қорабынан)

Мақсаты: баланың зейінін арттырып, логикалық дамуына әсер етеді.

Барысы: Сіріңке қорабының сыртында аңдар немесе үй жануарлары бейнеленген Ішінде жейтін тамағы көрсетілген. Сол аңдар немесе үй жануарларын атап,сипаттап, не жейтінін айтуды ұсынылады.

Қимылды ойын ойнайық: «Салат»

Бастарыңа маскаларды киіп музыка әуенімен жүгіріп ойнайсыңдар да, ал музыка тоқтағасын үш – үштен тұра қалып салат боласыңдар

Күз белгілерін айтады, белгіні ағашқа апарып жапсырады

Күзде жаңбыр жауады.

Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

Күзде адамдар жылы киінеді.

Күзде жапырақтар сарғайып жерге түседі.

Күзде жеміс-жидектер піседі..

Өйткені, күзде жапырақтардың бәрі сарғайып, алтынға ұқсайды.

Өйткені, күзде жемістер, көкөністер, астық, саңырауқұлақтар піседі.

Қызығушылық танытады, тапсырманы орындайды

Сөздерді қайталап айтады, жатайды.

Шеңберге тұрады, бір-біріне теріс қарап, арқаларына массаж жасайды.

.

Жемістер мен көкөністерде дәрумендер бар, мысалы лимонда С дәрумені көп.

Алдымен жақсылап жуу керек.

Саусақ жаттығуын бәрі бірге жасайды.

Қолдарын қорапқа салып, ішіндегі затты айтады, мысалы, пішіні домалақ, ол алма.

Сіріңке қорабындағы аң немесе үй жануарын атап, сипаттап, немен қоректенетінін айтады.

Қызығушылықпен ойнайды.

Рефлексивті-түзетушілік

Қорытындылайды:

-Балалар, бүгін біз не туралы айттық?

-Оларды жемес бұрын не істеуіміз керек?

Рефлексия:

Екі түрлі қолшатырды алады.

Егерде көңіл-күйлерің жақсы болса түрлі –түсті қолшатырдың астына жиналыңдар, көңіл-күйіміз

болмай тұрса жасыл түсті қолшатырдың астына жиналыңдар

Күз туралы, күздің ерекшеліктері, жемістер мен көкөністер туралы айттық.

Оларды алдымен жуу керек.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Күз мезгілі, күз мезгілінің ерекшеліктері туралы.

Болу керек: Тілдік, сөздік қорлары, есте сақтау қабілеттері, жемістер, көкөністер туралы мағлұмат.

Істей білу керек: Тапсырманы дұрыс орындауды, қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беруді, заттарды сипаттауды, қорытындылауды.

Тәрбиеші: Жетписова Г.Т

Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/284800-kzdi-syjy-eresek-tobynday-jymdastyrylan-

Свидетельство участника экспертной комиссии
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и закажите рецензию на методическую разработку.
Также вас может заинтересовать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ
БЕСПЛАТНО!
У вас недостаточно прав для добавления комментариев.

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

 

Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)

Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.

Рекомендуем Вам курсы повышения квалификации и переподготовки