Охрана труда:
нормативно-правовые основы и особенности организации
Обучение по оказанию первой помощи пострадавшим
Аккредитация Минтруда (№ 10348)
Подготовьтесь к внеочередной проверке знаний по охране труда и оказанию первой помощи.
Допуск сотрудника к работе без обучения или нарушение порядка его проведения
грозит организации штрафом до 130 000 ₽ (ч. 3 статьи 5.27.1 КоАП РФ).

Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014

Почему стоит размещать разработки у нас?
  • Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
  • Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
  • Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
Свидетельство о публикации
в СМИ
свидетельство о публикации в СМИ
Дождитесь публикации материала и скачайте свидетельство о публикации в СМИ бесплатно.
Диплом за инновационную
профессиональную
деятельность
Диплом за инновационную профессиональную деятельность
Опубликует не менее 15 материалов в методической библиотеке портала и скачайте документ бесплатно.
22.02.2018

Шжмотүұ пәнінен әдістемелік нұсқау

Минжанова
преподаватель
Әдістемелік нұсқау шағын жинақталған мектептерде ШЖМОТҮҰ пәні бойынша міндетті бақылау жұмыстарын әзірлеу мен өткізуге арналған. Материал оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға, бақылау функцияларын дұрыс құруға және оқушылардың білім деңгейін объективті бағалауға көмектеседі. Нұсқауда бақылау жұмыстарының мақсаттары, түрлері, тапсырмаларды құру әдістемесі және бағалау критерийлері егжей-тегжейлі қарастырылады. Педагогтар пәндік білімді тексерудің әртүрлі формаларын, оқу материалын қорытындылау тәсілдерін және нәтижелерді талдаудың практикалық үлгілерін таба алады. Бұл әдістемелік құрал мұғалімдерге сабақты жоспарлау процесін жеңілдетіп, сапалы оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Содержимое разработки

ҚАРАТАУ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

«БЕКІТЕМІН»

Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары С. С.Анарбекова:

_____________

«__»_________201 ж.

Міндетті бақылау жұмысын әзірлеу және орындауға арналған әдістемелік нұсқау

Пәні:«Шағын жинақталған мектептің оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру»

Оқытушы:С.У.Минжанова

Курс, топ, бөлім: 4 курс, 0105, Педагогикалық бөлім.

Мамандығы:0105- «Бастауыш сынып мұғалімі»

Қаратау 201

Әзірлеген: _____________Минжанова С.У..

Әдістемелік нұсқау «Арнайы педагогикалық және мектепке дейінгі тәрбие пәндері» ЦӘК отырысында қаралды.

Хаттама № ____ «____»___________ 201 жыл

«Арнайы педагогикалық және мектепке дейінгі тәрбие пәндері»

ЦӘК төрайымы: _____________

Әдістемелік нұсқау колледждің әдістемелік кеңесінде қаралды.

Хаттама № ____ «____»____________ 201 жыл

Әдістемелік кеңес төрайымы:

________________________

Әдіскер: ________________

МАЗМҰНЫ

1. Мақсаты мен міндеті …………………....................4

2. Тапсырманың жалпы мазмұны ............................ 5

3. Бақылау жұмысын орындау тәртібі мен тексеру

..................................................................................... 6

4. Сақтау тәртібі ...........................................................6

5. Қорытынды ретінде: ...............................................6

Қолданылған әдебиеттер ............................................ 8

Қосымша 1…………………………………………… 9

Қосымша 2……………………………………………11

1.Мақсаты мен міндеті

Мақсаты:Білімгердің«Шағын жинақталған мектептің оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру» пәні бойынша білімін жетілдіру, жауапкершілігін арттыру, өз бетінше іздену және өзіндік жұмысты орындау қабілетін қалыптастыру, жеке басының сапалық қасиеттерін жоғарылату.

Міндеті:Білімгердің «Шағын жинақталған мектептің оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру» пәні бойынша ағымдағы немесе қорытынды үлгерімін анықтау, сондай-ақ тарау, бөлім немесе жалпы пән аясындағы білімгер біліміндегі кемшіліктермен жұмыс.

Міндетті бақылау жұмысының (әрі қарай бақылау жұмысы) орындалуы пән бойынша стандартта қарастырылады. Бақылау жұмысы ағымдағы немесе аралық бақылау, не қорытынды бақылау ретінде алынады. Сондықтан бақылау жұмысы білімгердің пәнді қандай деңгейде меңгергендігін айқындайтын тарау немесе бөлім бойынша қорытынды болып табылады. Бақылау жұмысы орындалу мерзімі көрсетіле отырып, пән бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспарға енгізілуі керек.

2.Тапсырманың жалпы мазмұны

Бақылау жұмысының мазмұны бойынша тапсырмалар салыстыру мен талдау, ұқсастықтар мен айырмашылықтар мәселелерін қарастыра алады.

Сондай-ақ, ішінара тест сұрақтарын да енгізуге тиым салынбайды. Бақылау жұмысын орындау барысында қолданылатын тақырыптар стандартқа сәйкесалынады және рәсімделеді. Атап айтқанда кестенің (таблицаның) аты кестенің жоғары оң жағында реттік нөмірі көрсетіліп толық аты жазылу арқылы рәсімделеді, кестенің толық аты кесте және оның реттік нөмірінен

(мысалы кесте 1) кейінгі жаңа жолдан басталады, нөмір белгісі (№) қолданылмайды

(қосымша №1). Суретті рәсімдеуде болса керісінше, суреттің аты суреттен кейінгі жаңа жолда көрсетіледі, мұнда да нөмір белгісі (№) қолданылмайды (қосымша №2). Тапсырмаларды қалыптастыру кезіндегі негізгі талап конспектіден немесе кітаптан дайын жауапты көшіріп алу емес, оқушыны ойландыру, тапсырманы өз санасынан өткізу арқылы жаңа соқпақтардан өтіп тың жауаптар іздеуге ықпал ету.

3. Бақылау жұмысын орындау тәртібі мен тексеру

Бақылау жұмысы білімгерлермен аудиторияда отырып орындалады. Бақылау жұмысы мазмұнының пәнді қамту деңгейіне және күрделілік сатысына байланысты мерзімі 45 минут, яғни жарты пар немесе 90 минут толық бір пар болуы мүмкін. Бақылау жұмысы білімгерлерге тапсырма ретінде кемінде 2-3 вариантта беріледі. Білімгерлердің өз бетінше жұмыс істеуін қамтамасыз ету, әрі бір-бірінен көшіру мүмкіндігін кеміту және жоққа шығару үшін ең оңтайлысы төрт вариант болғаны дұрыс.

Міндетті бақылау жұмысының тапсырмалары оқу жылының басында ЦӘК отырысында қаралып, бекітіледі. Тапсырма мағынасы айқын, түсінікті, мейлінше қысқа әрі бір мағыналы болуы тиісті. Тапсырма мәтінінде жалпы қысқартуға рұқсат етілген сөздерді ( мыс. ТМД, ҚР, ШЖМОТЖҰ) қоспағанда өзге сөздерді қысқартуға болмайды.

Оқытушы кем дегенде бір апта бұрын міндетті бақылау жұмысының болатын мерзімін, бақылау жұмысында қаралатын тақырыптар, тараулар мен бөлімдер аясын, әдебиеттер тізімін оқушыларға хабарлайды. Бақылау жұмысының мазмұнын құрайтын нақты тапсырмалар мен есептерді мерзімінен бұрын оқушыларға беруге, сондай-ақ оқушыларға беймәлім тақырыптарды жұмыс мазмұнына енгізуге болмайды.

Жұмыс көк немесе көкшіл сиялы қаламсаппен орындалуы тиісті. Қызыл немесе өзге де түсті қаламсаппен орындау, жұмыс мәтінінде жекелеген сөздерді бояу, өрескел түзету жұмыс бағасын кемітеді. Оқушы кез-келген сұрақтан жауап беруді бастауға құқылы. Варианты немесе орындаған оқушының аты-жөні көрсетілмеген бақылау жұмысы тексерілмейді, әрі «қанағаттанарлықсыз» деп бағаланады. Бақылау жұмысына негізсіз себептермен қатыспаған оқушыға «қанағаттанарлықсыз» баға қойылады. Ал себептері негізді деп танылған білімгер ақылға қонымды мерзімде аудиторияда отырып бақылау жұмысын орындауға міндетті. Бақылау жұмысы аяқталған соң оқытушы жұмыстың мазмұнын құраған тақырыптарды үйде қайта қарап келу керектігі туралы білімгерлерді міндеттейді.

Бақылау жұмысын оқытушы тексеру барысында әр сұрақ бойынша кемшіліктер мен грамматикалық қателерді де көрсетуге міндетті. Мұндай ескертпелерсіз бақылау жұмысына қойылған баға ЦӘК төрағасымен жарамсыз деп танылуы мүмкін.

Бақылау жұмысы тексеріліп, кемшіліктері көрсетілген күйінде, білімгерлерге жіберілген кемшіліктермен танысу үшін сабақ үстінде немесе одан кейін қолына беріледі Бақылау жұмысындағы жалпыға тән кемшіліктерді талдау түзеу мақсатында келесі жаңа сабақтан 10-15 минут бөлінеді. Белсенділік танытып, кемшіліктерді жою тәсілін тапқан оқушылар міндетті түрде бағалануы тиісті. Кемшіліктерді талдау және түзеу жұмыстары аяқталғаннан кейін бақылау жұмысы сақтау үшін қайтадан жиналып алынады.

4.Сақтау тәртібі

Бақылау жұмысы пәні, орындалған күні, тобы көрсетіліп тиісінше рәсімделіп ЦӘК да немесе пән бекітілген дәрісханада сақталынады (рәсімдеу тәртібі қосымша № көрсетілген). Егер бір пәннен бір оқытушы бірнеше топқа дәріс берсе бақылау жұмыстары бұл пәннен жеке файл түрінде дәрісханада сақталынады. Ал егер бір пәннен бірнеше оқытушы бірнеше топқа дәріс берсе, бұл пән бойынша бақылау жұмыстары алдына тапсырмасы салынып, тиісінше рәсімделіп, жеке файл ретінде ЦӘК-да сақталынады. Жоғарыда аталған сақтау тәртібі ЦӘК төрағасының немесе ЦӘК мүшелерінің ұйғарымымен өзгертілуі мүмкін. Мұндағы басты мақсат сақтау әдісінің ыңғайлылығы мен тиімділігі, яғни іздеген жағдайда жылдам табу. Бақылау жұмысының жалпы сақталу мерзімі алты ай. Бұл мерзім ЦӘК төрағасының немесе ЦӘК мүшелерінің өзгерту туралы келісімінің нысанасы бола алмайды. Сақтау мерзімі аяқталған бақылау жұмыстары кемінде құрамында үш оқытушыдан тұратын комиссиямен жойылады. Комиссия құрамы ЦӘК төрағасының жеке өкімімен бекітіледі. Жұмыстардың жойылғаны жөнінде комиссия акт жасайды.

5. Қорытынды ретінде:

Міндетті бақылау жұмысы сабақты жоспарлауды және бақылау тапсырмаларын жай әзірлеуді ғана емес, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыруға елеулі көңіл бөлуді талап етеді. Яғни бақылау сұрақтарының жұтаңдығы, мағынасының қабылдауға ауырлығы білімгерлердің өз бетінше іздену ниетін төмендетеді (немесе оятпайды).

Міндетті бақылау жұмысы жас оқытушылар тұрмақ, көп жағдайда тіпті тәжірибелі оқытушылар үшін де қиын іс болуы ғажап емес. Оқытушының шығармашылық зертханасы нақ осы жерде, бақылау тапсырмаларын дайындау және сабақты өткізу, әсіресе дайындау үстінде ашылады. Сондықтан дайындау процесінде оқытушы бақылау жұмысының шеңберін қамтитын тақырыптар аясымен тағы да бір танысып, білімгерлердің шығармашылық және өз бетінше ізденуіне түрткі болатын тапсырмалар таңдап алғаны жөн.

Пайдаланылатын әдебиеттер

Негізгі:

Қазақстан Республикасы бастауышжалпы білім беру Мемлекеттік стандарты. Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі «Білім» Мемлекеттік бағдарламасы - Алматы: 2000.

Құрманалина Ш.Х, Құрманалина С.Х. Шағын жинақталған мектептегі математика. -Астана: Фолиант, 2008.

Мұхамеджанова Ұ.Ж, Дене шынықтыру пәнін оқыту әдістемесі- Астана: Фолиант, 2007.

Набидолла Ш, Бастауыш мектеп жасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы Астана: Фолиант, 2011.

Байтанасова Қ.М, Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі; Астана: Фолиант, 2008.

Губашева С.Г, Отарбай А.Ж, Тәрбие жұмысының әдістемесі; Астана: Фолиант, 2007.

Тұрдалиева Г.Ж; Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі; Астана: Фолиант, 2007.

Дәулетова Қ; Еңбекке баулу әдістемесі; Астана: Фолиант, 2010.

Мұқашева М; Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі; Астана: Фолиант, 2008.

Құрманалина Ш.Х. Шағын жинақталған мектепте оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру ерекшеліктері. - Орал: 2000.

Естұрсынова М.К; Жаратылыстану негіздері және дүниетануды оқыту әдістемесі; Астана: Фолиант, 2007.

Қосымша:

Құлмағамбетова А. Аз жинақталған мектепте сабақтарды ұйымдастыру. -Алматы: Мектеп, 1974.

Бастауыш мектеп журналдары.

Бақылау жұмысы №1

1 нұсқа.

Шағын жинақталған мектеп және оның ерекшелігі

1. Шағын жинақталған мектеп түсінігі

2. Шағын жинақталған мектеп ерекшелігі

3. Шағын жинақталған мектеп белгісі

2 нұсқа.

Бастауыш шағын жинақталған мектепте оқыту процесін ұйымдастыру.

1. Шағын жинақталған мектеп және оның ерекшелігі

2.Қазақстан Республикасындағы шағын жинақталған мектептер

3. Шағын жинақталған мектептердің проблемалары және оларды шешу жолдары.

3 нұсқа.

Бастауыш шағын жинақталған мектептегі педагогикалық процестің ерекшелігі

1. Бір пәндік, бір тақырыптық. әр пәндік әр тақырыптық жүйедегі сабақтарды жаңа педагогикалық технологиялар бойынша жоспарлау.

2. Бастауыш шағын жинақталған мектептегі оқу процесіндегі өзбетіндік жұмыстың рөлі, түрлері, ұйымдастыру жолдары

3. Білім алушылар мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас

4 нұсқа.

Бастауыш шағын жинақталған мектептегі жұмыстың тиімділігін анықтау шарттары (жалпы, жекелей)

1.Бастауыш шағын жинақталған мектептегі педагогикалық процестің ерекшелігі

2. Бастауыш шағын жинақталған мектептегі жұмыстың тиімділігі

3. Бастауыш шағын жинақталған мектептің кемшілігі

5 нұсқа.

Сынып. Сынып-комплект құрастыру

1.Сынып және сынып-комплект түсінігі

2. Сынып- комплект құрастыру жолдары

3. Сынып- комплект принципі

6 нұсқа.

Бастауыш шағын жинақталған мектепте сабақ кестесін құрастыру жолдары

1.Сынып-комплект жағдайындағы сабақ кестесі

2. Сабақты жоспарлау, өткізу ерекшеліктері.

7 нұсқа.

Бір пәнділік, бір тақырыптық жүйе бойынша құрылған сабақтар

1. Бір пәндік жүйедегі сабақтарды жаңа педагогикалық технологиялар бойынша жоспарлау.

2. Бір тақырыптық жүйедегі сабақтарды жаңа педагогикалық технологиялар бойынша жоспарлау.

3. Әр пәндік әр тақырыптық жүйедегі сабақтарды жаңа педагогикалық технологиялар бойынша жоспарлау.

8 нұсқа.

Бастауыш шағын жинақталған мектептерде сабақтарды жоспарлау және өткізу ерекшеліктері

1. Сабақ,оған қойылатын талаптар

2. Шағын жинақталған мектептерде сабақтарды жоспарлау және өткізу

9 нұсқа.

Бастауыш шағын жинақталған мектептегі оқу пәндері бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау

1. Бір пәнділік жүйе бойынша сабақты күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау жолдары.

2. Әр пәнділік жүйе бойынша сабақты күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау жолдары.

10 нұсқа.

Бастауыш шағын жинақталған мектептің оқу процесіндегі өзбетіндік жұмыстың рөлі және өзбетіндік жұмыс түрлері

1.Бастауыш шағын жинақталған мектептегі оқу процесіндегі өзбетіндік жұмыстың рөлі

2. Бастауыш шағын жинақталған мектептегі оқу процесіндегі өзбетіндік жұмыстың түрлері

3. Бастауыш шағын жинақталған мектептегі оқу процесіндегі өзбетіндік жұмысты ұйымдастыру жолдары.

11 нұсқа.

Бастауыш шағын жинақталған мектеп мұғалімінің сабаққа дайындалуы

1.Сынып және сынып- комплект жағдайында мұғалімнің сабаққа алдын ала және тікелей дайындығы

2. Әр пәндік әр тақырыптық жүйедегі сабақтарды жаңа педагогикалық технологиялар бойынша жоспарлау.

3. Бастауыш шағын жинақталған мектептегі оқу процесіндегі өзбетіндік жұмысты ұйымдастыру жолдары.

Бақылау жұмысы №2

1 нұсқа.

Бастауыш шағын жинақталған мектепте тәрбие процесін ұйымдастыру

1. Тәрбиенің мақсат-міндеттері

2. Тәрбие процесі, оның ерекшеліктері

3.Тәрбиені ұйымдастыру формалары мен әдістері

2 нұсқа.

Бастауыш шағын жинақталған мектепте тәрбие процесін ұйымдастыру ерекшеліктері

1. Бастауыш шағын жинақталған мектептегі тәрбиенің мақсаты

2. Бастауыш шағын жинақталған мектептегі тәрбиенің міндеттері

3. Бастауыш шағын жинақталған мектептегі тәрбие процесін ұйымдастыру ерекшелігі.

3 нұсқа.

Тіл сабақтары бойынша бір пәнділік, әр пәнділік жүйе бойынша құрылған сабақтар

1.ҚР бастауыш жалпы білім беру Мемлекеттік стандартына сай әр кластағы оқу материалының мазмұны мен көлемі.

2.Сынып және сынып-комплект жағдайында тіл сабақтарын бірпәнділік жүйе бойынша сабақтарды жоспарлау, өткізу.

3.Тіл дамыту, шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыру және олардың түрлері.

4 нұсқа.

Бастауыш шағын жинақталған мектепте еңбек сабақтарын ұйымдастыру ерекшеліктері, жолдары

1. 1-4 сыныптардағы еңбек сабағын бір пәнділік, әр пәнділік жүйе бойынша жаспарлау, сабақтарды өткізу ерекшеліктері

2.Бастауыш шағын жинақталған мектепте еңбек сабақтарын ұйымдастыру ерекшеліктері, жолдары.

3. Еңбек сабақтарын сынып-комплект жағдайында жоспарлау

5 нұсқа.

Бастауыш шағын жинақталған мектептегі дене шынықтыру сабағының ұйымдастырылу ерекшеліктері

1. Шағын жинақталған мектептегі ертеңгілік жаттығулардың түрлері, өткізу әдістемесі.

2. 1-4 кластардағы дене шынықтыру бағдарламасының мазмұны мен мақсаты

3.Шағын жинақталған мектептегі дене шынықтыру сабағын сынып-комплект жағдайында ұйымдастыру ерекшеліктері мен жолдары.

6 нұсқа.

Бастауыш шағын жинақталған мектепте дүниетану сабағын жоспарлау

1. Бастауыш мектептегі (1-4кл.) дүниетану пәнінің мазмұны, мақсат-міндеттері

2. Табиғатты бақылау күнтізбесі мен күнделігін жүргізу әдістемесі.

3. Шағын жинақталған мектепте серуендеу мен топ саяхаттарды ұйымдастыру әдістемесі

7 нұсқа.

Мектеп-тәрбие жұмысының орталығы.

1. Мектеп және мектептен тыс мекемелер

2. Мектепте кластан тыс жұмыстарды ұйымдастыру

3. Мектептен тыс мекемелер жұмысы.

8 нұсқа.

Бастауыш шағын жинақталған мектептегі сынып жетекшісінің қызметі, міндеті

1. Сынып жетекшінің қызметі, міндеті

2. Сынып-комплект жағдайында сынып жетекшінің тәрбие жұмыстарын жоспарлау ерекшелігі.

9 нұсқа.

Бастауыш шағын жинақталған мектепте кластан тыс жұмыстарды ұйымдастыру

1. Кластан тыс жұмыстардың түрлері

2. Сыныптан тыс жұмыстың ұйымдастырылуы.

3. Сынып – комплектідегі серуендеу мен топсаяхаттарды өткізу әдістемесі

10 нұсқа.

Бастауыш шағын жинақталған мектептегі тәрбие шараларының жоспарлану ерекшелігі

1. Сынып- комплект жағдайында мектепте тәрбие шараларын жоспарлау

2. Сынып- комплект жағдайында мектепте тәрбие шараларын өткізу әдістемесі.

3. Математикадан үй тапсырмаларын тексерудің формалары мен әдістері

11 нұсқа.

Бастауыш шағын жинақталған мектепте математика сабағын ұйымдастыру

1.Бастауыш мектептегі математика пәнінің мазмұны, мақсат, міндеттері. Оқулықтар мазмұнына талдау

2. Шағын жинақталған мектепте сынып – комплект жағдайында математика сабағын ұйымдастыру ерекшеліктері.

3.Математика сабағындағы өзбетіндік жұмыстар түрлері, өткізу әдіс-тәсілдері.

12 нұсқа.

Шағын жинақталған мектептегі бейнелеу өнері пәніне арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспар құру

1.Бастауыш кластардағы (1-4 кл) бейнелеу өнері пәнінің мақсаты, міндеттері мен мазмұны. Сынып және сынып – комплектіде пән бойыншакүнтізбелік – тақырыптық жоспар құру

2. Сынып және сынып – комплектіде бейнелеу өнерін оқытудың әдіс – тәсілдері

3. Сабақты жоспарлау және өткізу әдістемесі

13 нұсқа.

Шағын жинақталған мектептегі музыка пәнінен сабақтың үлгі жоспарын құру әдістері

1.Музыка сабағын сынып-комплектжағдайында күнтізбектік–тақырыптық жоспар құру әдістері.

2. Сынып және сынып – комплект жағдайындағы музыка сабағын жоспарлау, өткізу ерекшелігі.

3. А) күнтізбелік-тақырыптық

Б) күнделікті сабақ жоспары

14 нұсқа.

Әр түрлі пән сабақтарын ұйымдастыру

1.Тіл сабақтарында өзбетіндік жұмыстарды ұйымдастыру: бақылау және өзін-өзі бақылау жұмыстарының түрлері.

2.Дене шынықтыру сабақтарында сынып-комплект жағдайында өзбетіндік жұмыстарды ұйымдастыру формалары мен әдістері.

3. Дүниетану пәнінен бір пәнділік, бір тақырыптық, әр пәнділік, әр тақырыптық жүйелер бойынша сабақтарды жоспарлау

КГТК Ф 703-09-09 Әдістемелік нұсқау

Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/300412-shzhmot-pninen-distemelik-nsau

Свидетельство участника экспертной комиссии
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и закажите рецензию на методическую разработку.
Также вас может заинтересовать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ
БЕСПЛАТНО!
У вас недостаточно прав для добавления комментариев.

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

 

Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)

Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.

Рекомендуем Вам курсы повышения квалификации и переподготовки