Охрана труда:
нормативно-правовые основы и особенности организации
Обучение по оказанию первой помощи пострадавшим
Аккредитация Минтруда (№ 10348)
Подготовьтесь к внеочередной проверке знаний по охране труда и оказанию первой помощи.
Допуск сотрудника к работе без обучения или нарушение порядка его проведения
грозит организации штрафом до 130 000 ₽ (ч. 3 статьи 5.27.1 КоАП РФ).

Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014

Почему стоит размещать разработки у нас?
  • Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
  • Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
  • Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
Свидетельство о публикации
в СМИ
свидетельство о публикации в СМИ
Дождитесь публикации материала и скачайте свидетельство о публикации в СМИ бесплатно.
Диплом за инновационную
профессиональную
деятельность
Диплом за инновационную профессиональную деятельность
Опубликует не менее 15 материалов в методической библиотеке портала и скачайте документ бесплатно.
03.05.2018

Ақтау. Тараз

Бектурған Айнур Бақытжанқызы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
1. Әр оқушының жеке қабілеттерін ашып, дамытуына қажетті жағдай жасау. Тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді меңгерту.
2. Үйренген сөздерін дұрыс қолдана білу дағдысын дамыту. Оқығанын түсініп, өз ойын дұрыс жеткізе білуге жаттықтыру. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Отанын мақтаныш етуге, сүюге тәрбиелеу.

Содержимое разработки

Күні:23.02.2017

Сыныбы:8 «а»

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Тараз. Ақтау

Сабақтың мақсаты:

1. Әр оқушының жеке қабілеттерін ашып, дамытуына қажетті жағдай жасау. Тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді меңгерту.
2. Үйренген сөздерін дұрыс қолдана білу дағдысын дамыту. Оқығанын түсініп, өз ойын дұрыс жеткізе білуге жаттықтыру. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Отанын мақтаныш етуге, сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ-жауап, пікірлесу.

Сабақтың жұмыс формалары: ұжымдық, жеке.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу;

Сыныпты түгелдеу.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

3–тапсырма.Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, көшіріп жазыңдар.

1. Алматы – тәуелсіздігіміздің алтын бесігі. 2. Алматының тарихы – Қазақстанның тарихы. 3. Алматы жетпіс жыл еліміздің астанасы болған. 4. Алматы – Алатаудың баурайында табиғаты ғажап жерге орналасқан. 5. Алматы тарихын үш кезеңге бөлуге болады. 6. Қола дәуірде Алматы аумағында отырықшы елді мекендер мен қалалар болғанын археологиялық зерттеулер дәлелдеуде. 7. Шыңғыс хан шапқыншылығы қаланы қиратты, бірақ қала қайта өркендеген. 8. Кіші Алматы өзенінің сол жағалауында «Заилийск» деп аталған әскери бекініс салына бастайды.

ІІІ. Жаңа сабақ

Тараз

Тараз – Жамбыл облысының орталығы. 1938 – 1997 жылдар арасында Жамбыл деп аталған, одан бұрын Әулиеата деп аталған. Орта ғасырларда Тараз деген атауымен әйгілі болды. 1997 жылдан бастап қалаға тарихи атауы қайтарылды. 2002 жылы Тараз өзінің құрылғанына 2000 жыл толған мерейтойын тойлады. Орта ғасырларда Тараз Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан қалалардың бірі еді.

Қазақстан тәуелсіздігін алған соң Тараз қаласы қайта өркендеуде. Қалада фосфор зауыты, «Автобөлшектер» зауыты т.б. өндіріс орындары жұмыс істейді.

Тараз қаласында Айша Бибі, Бабаджа хатун, Қарахан, Тектұрмас кесенелері, ортағасырлық монша орналасқан. Қалаға келген туристер осы кесенелерді көруге асығады.

Тараз қаласының халық санының 70%-ы қазақтар. Қалада орыстар, өзбектер, кәрістер, татарлар, түріктер, немістер, күрдтер, дүнгендер, қырғыздар, әзірбайжандар, ұйғырлар және т.б. тұрады. Қалада «Достық үйі» бар.

Ақтау

Ақтау – Қазақстанның оңтүстік – батысындағы қала, Маңғыстау облысының орталығы. Қалада – теңіз және әуе айлағы бар. Қала Каспий теңізінің жағасында орналасқан. 1964 жылдан 1991 жылға дейін украин ақыны Тарас Шевченконың құрметіне Шевченко аталған.
Ақтау - өндірістік қала, мұнай және газ өндіріледі. Қалада теміржол вокзалы жоқ. Пойыздар Маңғышлақ стансасына келіп тоқтайды. Қала мен стансы арасында автобус, таксилер қатынайды, арақашықтығы – 20 шақырым. Ақтау айлағы Каспий теңізінің шығыс жағалауында орналасқан. Ақтау – Қазақстандағы жалғыз айлақ. Ол мұнай шикізатын және мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған.

Қала халқының ұлттық құрамы – қазақтар, орыстар, украиндер, шешендер, лезгиндер және т.б.

ІV. Мәтінмен жұмыс

Мәтінді оқып, түсінгендеріңді айтып беріңдер.

V. Сөздікпен жұмыс

Төмендегі жаңа сөздерді жазып, жаттау.

атау – название

қайтарылды – вернули

мерейтой – юбилей

қайта өркендеу – возродиться

ортағасырлық – средневековый

кесене – мавзолей

айлақ – порт

құрметіне – здесь: в честь

өндіріледі – производится

қатынайды – здесь: ходят

арақашықтық – расстояние

тасымалдау – перевозка

шикізат – сырье

өнім – продукция

құрамы – состав

VI. Жаттығу жұмыстары

3–тапсырма. Төмендегі сөздерге тиісті жұрнақтарды жалғап, сөйлем құрап жазыңдар.

Ер жігіттің бойында батылдық пен батырлық қасиет болуы керек.

Бірлік түбі – тірлік.

Татулық– табылмас бақыт.

Тәуелсіздік– мәңгілік құндылық.

Біз жаңа жылдық кеште өнер көрсетеміз.

Менің студент әпкем беделді компанияданөнідірістік тәжірибеден өтті.

4-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырып жазыңдар.

Тараз қаласы бұрын Жамбыл және Әулиеата деп аталған. Қалаға 1997 жылы өзінің тарихи атауы қайтарылды. Тараз қаласында Айша Бибі, Бабаджа хатун, Қарахан, Тектұрмас кесенелері орналасқан. Қалада орыстар, өзбектер, кәрістер, татарлар, түріктер, немістер, күрдтер, дүнгендер, қырғыздар, әзірбайжандар, ұйғырлар және т.б. тұрады.

6-тапсырма. Сөйлемдерді дұрыс құрастырып жазыңдар.

1. Маңғышлақ стансысына пойыздар тоқтайды.

2. Себебі, Ақтауда теміржол вокзалы жоқ.

3. Стансы мен қала арасына автобустар қатынайды.

4. Біз Ақтауға таксимен келдік.

5. Ақтау Маңғышлақтан 20 шақырым жерде орналасқан.

VI. Сабақты қорыту.

Сендер Ақтау, Тараз қалаларына барып көрдіңдер ме?

Ақтау қаласының ерекшелігі неде?

Тараз қаласының ерекшелігі неде?

VII. Үйге тапсырма: 2-тапсырма. Диалогті оқып, әрі қарай жалғастырыңдар.

- Тараз қаласы – Қазақстандағы ең көне қала.

- Иә, оның құрылғанына 2000 жылдан асты.

- Ол бұрын Әулиеата, Жамбыл деп аталған.

- Тараз қай облыстың орталығы?

- Тараз – Жамбыл облысының орталығы.

VIII. Бағалау.

Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/310391-atau-taraz

Свидетельство участника экспертной комиссии
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и закажите рецензию на методическую разработку.
Также вас может заинтересовать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ
БЕСПЛАТНО!
У вас недостаточно прав для добавления комментариев.

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

 

Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)

Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.

Рекомендуем Вам курсы повышения квалификации и переподготовки