- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
- «Специфика работы с детьми-мигрантами дошкольного возраста»
- «Учебный курс «Вероятность и статистика»: содержание и специфика преподавания в условиях реализации ФГОС ООО и ФГОС СОО»
- «Центр «Точка роста»: создание современного образовательного пространства в общеобразовательной организации»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
Экология тақырыбындағы сабақ жоспары: сөздік қор мен логикалық ойлауды дамыту
Сыныбы: 8 «а»
Пәні: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Экология
Сабақтың мақсаты:
1. Әр оқушының жеке қабілеттерін ашып, дамытуына қажетті жағдай жасау. Тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді меңгерту.
2. Үйренген сөздерін дұрыс қолдана білу дағдысын дамыту. Оқығанын түсініп, өз ойын дұрыс жеткізе білуге жаттықтыру. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Қоршаған ортаны қорғауға, аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ-жауап, пікірлесу.
Сабақтың жұмыс формалары: ұжымдық, жеке.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
•Сәлемдесу;
• Сыныпты түгелдеу.
ІІ. Жаңа сабақ
Экология
Алғаш рет экология ұғымын 1886 жылы ғылымға неміс ғалымы Эрнест Геккель енгізген. Экология гректің oikos (үй, мекен, тұрақ) және logos (ілім) деген сөзінен шыққан. Ол бізді қоршаған орта, біз өмір сүретін айнала деген ұғымды білдіреді. Демек, өзің тұрған үйді қалай таза ұстасаң, қоршаған табиғатты да солай таза сақтау керек.
Жастарды табиғатты аялауға, оныы сүюге тәрбиелеу керек. Оларды табиғат байлығын қорғауға және тиімді пайдалануға үйрету қажет. Экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаты – жеке адамның бойында табиғатқа деген ізгілік қатынасты қалыптастыру. Экологиялық тәрбие отбасынан басталады. Экология табиғатты тиімді пайдалана отырып, оның заңдылығын бұзбауға үйретеді. Мысалы, Финляндияда тал тұрмақ, бір бұтақ кестірмейді. Базардың өзін олар уақытша пайдаланады. Яғни, тазалықты сақтау үшін оларға тұрақты орын бекітілмейді. Экология – жерді тоздыруға, ауаны ластауға жол бермейді. Ол өсімдіктер мен жануарларды қорғауды талап етеді.
ІІІ. Сөздікпен жұмыс.
Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазып, жаттап алыңдар.
қоршаған орта – окружающая среда
табиғатты аялау - с любовью заботиться о среде
уақытша – временно
ізгілік – гуманное
қатынас – отношение
тұрақты – постоянное
жол бермейді – не допускает
IV. Мәтінмен жұмыс
Мәтінге сүйеніп сұрақтарға жауап жазыңдар.
1. Алғашқы рет экология ұғымын қай ғалым енгізді?
2. Экология гректің қандай сөздерінен шыққан?
V. Жаттығу жұмыстары
2-тапсырма. Керекті сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлемді толықтырыңдар.
Экологиябізді қоршаған орта деген ұғымды білдіреді. Экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаты – жеке адамның бойындағы табиғатқа деген ізгілік қатынасты қалыптастыру. Экологиялық тәрбиеотбасынанбасталады. Экология табиғатты тиімді пайдалана отырып, оның заңдылығын бұзбауға үйретеді.
5-тапсырма. Берілген етістіктерді бұйрық раййда қойып, олармен сөйлем құрап жазыңдар.
Жастар, қарттарға қамқорлықпен қараңдар.
Жол үстіндегі жолаушыға «жолың болсын» дептілеңдер.
Ең ауыр жүктерді түйеге артыңдар.
Балалар, аналарыңа мейірімді болыңдар.
Адамдар, қоршаған ортаны қорғаңдар!
Табиғаттағы қоқыстар мен қалдықтарды жойыңдар.
Үйлеріңдегі және мектеп ауласындағы ағаш, теректердібаптаңдар, күтіңдер.
6-тапсырма. Әр халықтың мақал-мәтелдерін оқып, мағынасын түсіндіріңдер.
1. Табиғат – тал бесік.
2. Жаздың бір күні қыстың мың күнін асырайды.
3. Судың да сұрауы бар.
4. Қарға баласын аппағым дер,
Кірпі баласын жұмасғым дер.
5. Арыстанда бір жігіттің күші,
Қырық жігіттің жүрегі бар.
6. Бөрі арығын білдірмес.
7. Ит – жеті қазынаның бірі.
8. Құс қанатымен ұшып, құйрығымен қонады.
9. Нөсер алдында найзағай ойнайды.
Қазақ халқының мақалдары.
1. Жерге еткен жақсылық жерде қалмайды.
2. Жері байдың елі бай.
Өзбек халқының мақалдары.
1. Ай шалқасынан туса – ай бойы аяз.
2. Су тамшылап тасты теседі.
3. Ана аюды өлтірме, қонжығы қор болмасын.
4. Үрген ит кісі қаппас.
Орыс халқының мақалдары.
1.Теңіз дәмі – тамшыдан.
Француз халқының мақалы.
1. Сауысқан бір шоқып, қырық қарайды.
2. Арыстандай әлің болсын,
Түлкідей айлаң болсын.
Ұйғыр халқының мақалдары.
1. Ит – адамның құлағы.
Дүнген халқының мақалы.
VI. Сабақты қорыту:
• Отанымыыздың табиғатын не істеуіміз керек?
• Оны қалай сақтап қалуға болады?
• Табиғатты қорғауда біздің үлесіміз қандай?
VII. Үйге тапсырма:
Қазақстандағы экологиялық проблемалар туралы ізденіп келу
Бағалау
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/310426-jekologija
БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- «Организация работы с обучающимися с ОВЗ в практике учителя английского языка»
- «Методы и технологии патриотического воспитания школьников»
- «Методы и приемы формирования УУД у младших школьников в соответствии с ФГОС НОО»
- «Организация профориентационной работы в образовательном учреждении»
- «Обучение музыке в школе: специфика организации образовательного процесса по ФГОС НОО и ФГОС ООО от 2021 года»
- «Антитеррористическая защищенность: требования к обеспечению безопасности образовательной организации»
- Педагог-организатор: проектирование и реализация воспитательной деятельности в образовательной организации
- Педагогика и методика преподавания музыки в начальной и основной школе
- Тьюторское сопровождение в образовательной организации
- Профессиональная деятельность специалиста в области охраны труда: теоретические и практические аспекты
- Педагогика и методика преподавания изобразительного искусства
- Профессиональная деятельность советника директора по воспитанию

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.