Охрана труда:
нормативно-правовые основы и особенности организации
Обучение по оказанию первой помощи пострадавшим
Аккредитация Минтруда (№ 10348)
Подготовьтесь к внеочередной проверке знаний по охране труда и оказанию первой помощи.
Допуск сотрудника к работе без обучения или нарушение порядка его проведения
грозит организации штрафом до 130 000 ₽ (ч. 3 статьи 5.27.1 КоАП РФ).

Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014

Почему стоит размещать разработки у нас?
  • Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
  • Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
  • Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
Свидетельство о публикации
в СМИ
свидетельство о публикации в СМИ
Дождитесь публикации материала и скачайте свидетельство о публикации в СМИ бесплатно.
Диплом за инновационную
профессиональную
деятельность
Диплом за инновационную профессиональную деятельность
Опубликует не менее 15 материалов в методической библиотеке портала и скачайте документ бесплатно.
13.02.2014

Біріккен сөздер: құрылымы, жасалу жолдары мен ерекшеліктерін түсіндіретін ашық сабақ әдістемесі

Патима Пардабаева
Қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі
Біріккен сөз тақырыбына арналған ашық сабақ әзірлеген білім беру материалы. Оқушыларға күрделі сөздердің құрылымын, жасалу жолдарын және ерекшеліктерін түсіндіруге бағытталған. Әдіснамалық құрал морфологияны тереңірек меңгеруге, сөздік қорды байытуға және сабақтың түсініктілігі мен тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Материалда теориялық бөлім мен түрлі-түрлі практикалық тапсырмалар ұсынылған, бұл оқыту процесін қызықты және нәтижелі етеді.

Содержимое разработки

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы ; Біріккен сөз

Сабақтың мақсаты ; Біріккен сөздерді ңекі түбірдің бірігуі арқылы жасалып тұтас бір ұғымды беріп, бір сұраққа жауап беретінін ұғындыру , сөйлем ішінен біріккен сөздерді таба алуға , әртүрлі түбірлерден біріккен сөз жасай алуға үйрету. Сөздік қорларын арттыру.

Көрнекілігі; Геометриялық фигуралар, ребустар, үлестірмелі карточкалар.

Әдісі; Түсіндіру, сұрақ - жауап , талдау, сыни тұрғыдан ойлау.

Пайдаланылған әдебиеттер; Оқулық, әдістемелік құрал «Қызықты грамматика» Қазақ тілі журналы , «Қазақ тілін үйренейік» журналы

Сабақ барысы.

1 Психологиялық дайындық.

Қазақ тілім – өз тілім , ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл- қызың мәңгі сені,

Болашағым, ,бақытым , дара тілім.

ІІ Өткен тапсырмасын тексеру.

15- тапсырма. Мәтінді оқып көшіріп жазу. Күрделі сөздерді тауып , астын сызу және олардың қалай жасалғанын айту.

Қарақұйрық , балжан , кемпір – шал , сай – сала , жыра- жүра.

ІІІ Жаңа сабақ компьютерден мына сөздерсуреттермен көрсетіледі.

Балмұздақ Шаңқобыз Шаңсорғыш Үшбұрыш Тасбақа Тіктөртбұрыш

Осы сөздердің мағынасы және жасалу жолы түсіндіріледі де , ережені қорытып шығару.

IV Оқулықпен жұмыс .

16-тапсырма . 2 компьютерден сөздерді жазып олардың қалай жасалғанын, неше түбірден құралғанын айту.

Талдықорған, егеуқұйрық, еңбеккүн, Жетіқарақшы, Қаламқас, Жұмабай, беташар, теміржолшы, жанкүйер, асатаяқ, Қызылжарқұдық.

17-тапсырма . Біріккен сөздерді ңмағынасына қарай топтап жазу.

Орынбасар, асқазан, қосаяқ , Есенәлі, Қызылорда, алтынбақақ, аяқдоп, Айгүл, Екібастұз, сөмізкөз, ақсүйек, көктұтан, аққу, Бейсенбай, ұлтабар.

Кісі аттары:

Аң, құс атаулары:

Дене мүшелері:

Тағы қандай атаулар қосуға болады .

Екібастұз сөзін сөз құрамына талдатып, неше түбірдің бірігуынен жасалғанын анықтау.

18-тапсырма. Ертегіден көшірме жазып өшіріп жазу. Біріккен сөздердің астын сызу.

Керқұла атты Кендебай.

Ерте, ерте , ертеде ешкі жүні келтеде ,Қаратаудың ойында Қарасудың бойында қазанғап құс атып, балық аулап күн көреді екен. Әйелі ау тоқып , жыртық жамайды екен. Қазанғаптың кендебай деген ұлы болыпты . Кендебай ай сайын емес , күн сайын өсіпті алты күнде күліпті, алпыс күнде жүріпті. Алты жылда алып жігіт болыпты .

Тапсырма:

1 Біріккен сөз қандай түбірден жасалғанын айтып, сұрақ қою.

2 Біріккен сөздер ненің немесе кімнің аты болып тұрғанын анықтау.

3 Дыбыстық өзгеріске ұшыраған біріккен сөзді табу

4 Берілген суреттер бойынша сөйлем құрап жазып, біріккен сөздердің астын сызу .

Тасбақа , саңырауқұлақ , шекара , түйеқұс.

Жұмбақтар шешу .

1 Су бетін сызып

Ақ тұман жүр жүзіп (аққу)

2 Аяғы түйеге ұқсайды

Құс болса ұшпайды (түйеқұс)

V Карточкалармен жұмыс .

1Тапсырманы оқы .

Бір үйдің ай десе аузы , күн десе көзі бар дегендей бес сұлу қаза болыпты . Олардың аттарыда өздеріне сай екен. Сол қыздардың аттарын тауып жаз.

2 Тай лақ пен тайлақтың айырмашылығын айт.

3 Тез жауап бер. Лездеме ;

1 Жиегі көгерген кілем қайдан көрінген? (Көкжиек)

2 Нені қазып қала болған? (Жезқазған)

3 Екісөз бірігіп қалайша сайраған? (бұлбұл)

4 Екі қазаның бірі сатылып кеткенде неше қазан қалады ? (бір қазан)

5 Суы да ала , тауы да ала ? (Алатау)

4 Сөздерді толықтырып жаз.

...қорған, ...таңба, сайқы... , ән.. , еңбек... , ғалам..., ...қу , ықшам...

5 « Көкшетау», «Қаратау» деген сөздер қай суретке сәйкес келеді ?

Бес оқушы карточкамен жұмыс жасап жатқан кезде , қалған оқушылар

« балмұздақ»сөзіне 5 сөйлем жазу тапсырлады.

VII Ребустар шешу .

VII Сабақты қорытындылау .

а) «Біріккен сөз» орнына мағынасына қарай біріккен сөз болып оқылады.

Бірде мен әкемен Ақсу деген ауылдағы Нұрдаулет деген туысымызға бардым. Олар бізді Ақмаралмен қарсы алды .

Ал мен Ботакөз үшін өзінің үйренген жерінен артық жер болар ма екен деп ойладым.

Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/32948-birikken-sz

Свидетельство участника экспертной комиссии
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и закажите рецензию на методическую разработку.
Также вас может заинтересовать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ
БЕСПЛАТНО!
У вас недостаточно прав для добавления комментариев.

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

 

Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)

Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.

Рекомендуем Вам курсы повышения квалификации и переподготовки