- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- «Формирование основ финансовой грамотности дошкольников в соответствии с ФГОС ДО»
- «Патриотическое воспитание в детском саду»
- «Федеральная образовательная программа начального общего образования»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
- Курс-практикум «Цифровой арсенал учителя»
- Курс-практикум «Мастерская вовлечения: геймификация и инновации в обучении»
- «Обеспечение безопасности экскурсионного обслуживания»
- «ОГЭ 2026 по русскому языку: содержание экзамена и технологии подготовки обучающихся»
- «ОГЭ 2026 по литературе: содержание экзамена и технологии подготовки обучающихся»
- «ОГЭ 2026 по информатике: содержание экзамена и технологии подготовки обучающихся»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
Республика және Президент
Cыныбы:10 сынып
Пәні:қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Республика және Президент
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Қазақстан Республикасы, оның мемлекеттік құрылымы жалпы Республика туралы мағлұмат беру.Тілдік және лексикалық материалды жүйелі ұсыну арқылы оқушылардың алған білімін арттыра отырып, әңгімелей білуге үйрету.
Ә) Дамытушылық : оқушылардың сөздік қорын молайту, өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, танымдық, білімділік деңгейін көтеру, ой белсенділігін дамыту, шығармашыл ізденіске бағыттау, ізденімпаздық ой-өрісін кеңейту.Мәтіннен етістіктің есімше және көсемше түріне тоқталу.
Б) Тәрбиелік: Отанды, халқын, тілін сүюге,Президентімізді құрметтеуге, тіл мәдениетіне, сезімталдыққа, имандылыққа, адамгершілік ізгі қасиеттерді сіңіруге тәрбиелеу; достық қарым-қатынаста жұмыс жасауға баулу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: Топтастыру, баяндау, сұрақ-жауап, сәйкестендіру, сызбалар, оқуды - оқытуды басқару және көшбасшылық.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасы туралы презентация, бейнефильм, үлестірмелі қағаздар, интерактивтік тақта, күйтаспа. АКТ құралдары: Интернет, постер, түрлі түсті бояулар, қағаздар.
Пәнаралық байланыс: тарих, география, жаратылыстану, музыка, орыс тілі, шет тілі.
Оқыту формасы: Топпен жұмыс.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
ІІI. Қызығушылығын ояту
IV. Ой қозғау
V. Мәтінмен жұмыс
VI. Сабақты қорыту
VIІ. Үйге тапсырма
VIІІ.Бағалау
Сабақтың барысы:
Әнұран: «Менің Қазақстаным»
І. Ұйымдастыру кезеңі. (2 -3 мин)
А.Оқушылармен сәлемдесу
Ә.Оқушыларды түгендеу
Б.Оқу құралдарын даярлатып,сабаққа бет бұру
Оқушыларды екі топқа бөлу. (ту мен елтаңбаның суреттері арқылы 2 топқа бөлемін).
Бағалау парақшаларын тарату.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. (5-7 мин)
Үй тапсырмасы бойынша оқушыларға қойылатын сауалдар:(оқушылардан үй тапсырмасын сұрақ-жауап әдісі арқылы талдау)
1.Мемлекет дегеніміз не?
2.Мемлекеттің негізгі белгілері қандай?
3.Қазақстан қандай ел?
4. 1991,1997,1993,1995, 2017-бұл даталы жылдар нені білдіреді?
ІІI. Қызығушылығын ояту. ҚР туралы және Президент туралы бейнематериал көрсету. Осы бейнематериал арқылы жаңа сабақтың тақырыбын болжау.(2 мин)
Олай болса,қане ,балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ?
Жаңа сабақты хабарлау. Тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
IV. Ой қозғау.
Бүгінгі сабақты ақиық ақынымыз М. Мақатаевтың өлеңімен бастайық:
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем.
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем-, дей келе , бүгінгі ашық сабағымызды бастаймыз.
Жаңа сөздермен жұмыс (2 мин)
Сәйкестендір!
1.Мемлекет- кочевой- nomadic
2.Дербес- древний- state
3.Өркениетті- государство- post
4.Ғасыр- самостоятельный- ancient
5.Ежелгі- век- sovereign
6.Көшпенді- должность- civilized
7.Егеменді–многонациональный- independent
8.Көпұлтты- благосостояние - century
9.Лауазым- цивилизованный- welfare
10.Әл-ауқат-суверенный-multinational
Мәтіналды жұмыс: Жаңа сөздерді сәйкестендіріп болған соң,сөз тіркесі немесе сөйлем құрау.
Тыңдалым. Аудирование (3 мин)
Қазақстан Республикасы
Қазақ елі – Қазақстан деп аталады. Оның жері 5 Франция, 15 Бельгия жеріне тең. Бас қаласы – Астана. Қазақтар және қазақстандықтар туған жерін жақсыкөреді. Бұл елдің тарихы ел қорғаған батыр бабалар есіммен тығыз байланысты. Тәуелсіздік үшін күрескен Қабанбай, Бөгенбай, Райымбек, Қарасай сынды батырлар есімін қазақтар өз жүрегінде мәңгі сақтаған.
Қазақстан Республикасы шығысында Алтай таулары мен батысында Еділ, Жайық өңіріне дейінсозылған кең байтақ жерді алып жатыр. Ұлан-ғайыр ата мекеніміз қандай кең болса, пейіліміз де, жеріміз де, тіліміз де керемет бай.
Қазақ елі, топырағы кешегі өткен дана Абайды, жыры семсер Махамбетті, шындықтың дәл өзіндей болған Бауыржанды, ұлы Мұхтарды, сөз зергері Ғ. Мүсіреповті, кеше ғана дүниеден өткен біртуар азамат Д. Қонаевты, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаевты дүниеге әкелген.
Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігін ең бірінші болыпжариялады. Оның тәуелсіздігін ең алғаш Түркия таныды. Қазір дүние жүзі біледі десек, қателеспейміз.
Қазақстанды бүкіл әлем таниды. Қазақстан бүкіл әлемге қарайды. Әлем Қазақстанға қарайды.
Дүние жүзінде соғыс пен ұлтаралық жанжал өршіген тұста халықтар достығын сақтап, ұлттар мен ұлыстардың сыйластығын және олардың өсіп, өркендеуіне жағдай жасап отырған – Қазақстан.
Осы бағытта Н. Ә. Назарбаев Отанымыздың гүлденуіне, халықтың әл - ауқатының жақсаруына айрықша күш салып келеді.
Н. Ә. Назарбаев -1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында дүниеге келген.1947 - 48 жылы мектепке барды. Шамалған бастауыш мектебінде оқып, кейіннен Қаскелеңдегі Абай атындағы орта мектепті аяқтап, болашақ арман сапарына аттанды.Жастықтың жомарт таңында Н. Әбішұлы 1958 жылы Қаскелең орта мектебін бітіргенқыруар балалардың ішінен жеке - дара комсомолдық жолдамамен Теміртауға бет түзеді. Сол 1958жылы Қазақстан Магниткасына Металлург етіп даярлау үшін мектепбітірген 100 қазақтың жігітін іріктеп, Украинаның Днепродзержинск қаласына, бұрынғы Қазақстан Үкіметінің келісімімен шарт жасасып, 2жылға оқуға жібереді. Ішінде Н. Ә. Назарбаев әлгі жүз жігіт техникум дәрежесінде білім алып қайтады. Сол жылдарда, яғни Украина жерінде Нұрсұлтан спортпен, біраз түрлеріменжете айналысады. Назарбаев Қазақстан Магниткасындаеңбек ете жүріп, 20жасында комсомолдың Орталық Комитетінде мүше болып сайланады. 1965жылы зауыт жанындағы жоғары техникалық факультетін бітіріп шығады. Бұл кезде бесаспап металлург еді. Сол кезде болашақ жары Сара Алпысқызымен кездесіп, отау құрады.
V. Мәтінмен жұмыс
Оқылым. (3 мин)
Екі топқа екі мәтін берілген.Оқып мәтіннің мазмұнымен танысады
1-топқа «Республика» атты мәтін
2-топқа «Президент» атты мәтін
Айтылым ( 5 мин)
Мәтін бойынша 2 топ бір-біріне сұрақтар дайындау.
1.Қазақстан Республикасы туралы не білдік?
2.Қазақ жері, қазақ елі үшін жанын қиған батырлар мен Республикамыздың біртуар азаматтары деп кімді атар едің?
3. Н. Ә. Назарбаев туралы не айтар едіңдер?
4.
Жазылым ( мин)
Мәтінмен жұмыс.Мәтін бойынша грамматикалық тапсырмалар:
1-тапсырма
Мәтіннен етістіктің есімше және көсемше тұлғасын табу.
Мысалы:аталады-түбірі-ата-ет, л- ыр-з ет.жұрнағы,а-көсемшенің жұрнағы, ды- жікт.жалғау III жақ
2-тапсырма
«Бес жолды өлең» құрастыру.
Республика (зат есім)
Дамыған,тәуелсіз ( сын есім)
Өркендеді,дамыды,байыды (етістік)
Қазақстан Республикасы-дамыған мемлекет ( сөйлем)
Туған жер (синоним)
Президент
Білімді көреген
Басқарды,ұйымдастырды,сайланды
Президентіміз елімізді әлемге танытты
Елбасы
3-тапсырма (топтар арасында жұптық жұмыс)
Сөйлесім. Диалог.
V
РЕСПУБЛИКА
I. Сабақты қорытуП
ПРЕЗИДЕНТ
остер қорғауРеспублика-қоғамдық іс,мемлекет,ресми билік органдары,егеменділік, дербестік,дамыған қоғам,туған жер,Отан,мемлекеттік рәміздер
Президент-басшы,алдыңғы қатардағы адам, елбасы,ұйымдастырушы,үкімет,бас қолбасшы,көшбасшы
VIІ. Үйге тапсырма: «Менің Республикам немесе Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбына эссе жазу
VIІІ.Бағалау.Спикер өз тобындағы оқушыларды жауабына қарай бағалайды
Аты-жөні: | Үй тапсырмасы | Жаңа сөздермен жұмыс | Айтылым | Жазылым | Сөйлесім | Постер қорғау | Қорытынды |
Рефлексия. Кері байланыс парағы
Жаңа сөздермен жұмыс
Сәйкестендір!
1.Мемлекет- кочевой- nomadic
2.Дербес- древний- state
3.Өркениетті- государство- post
4.Ғасыр- самостоятельный- ancient
5.Ежелгі- век- sovereign
6.Көшпенді- должность- civilized
7.Егеменді – многонациональный- independent
8.Көпұлтты- благосостояние - century
9.Лауазым- цивилизованный- welfare
10.Әл-ауқат- суверенный - multinational
Мәтіналды жұмыс: Жаңа сөздерді сәйкестендіріп болған соң,сөз тіркесі немесе сөйлем құрау.
Тыңдалым. Аудирование
Қазақстан Республикасы
Қазақ елі – Қазақстан деп аталады. Оның жері 5 Франция, 15 Бельгия жеріне тең. Бас қаласы – Астана. Қазақтар және қазақстандықтар туған жерін жақсы көреді. Бұл елдің тарихы ел қорғаған батыр бабалар есіммен тығыз байланысты. Тәуелсіздік үшін күрескен Қабанбай, Бөгенбай, Райымбек, Қарасай сынды батырлар есімін қазақтар өз жүрегінде мәңгі сақтаған.
Қазақстан Республикасы шығысында Алтай таулары мен батысында Еділ, Жайық өңіріне дейін созылған кең байтақ жерді алып жатыр. Ұлан-ғайыр ата мекеніміз қандай кең болса, пейіліміз де, жеріміз де, тіліміз де керемет бай.
Қазақ елі, топырағы кешегі өткен дана Абайды, жыры семсер Махамбетті, шындықтың дәл өзіндей болған Бауыржанды, ұлы Мұхтарды, сөз зергері Ғ. Мүсіреповті, кеше ғана дүниеден өткен біртуар азамат Д. Қонаевты, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаевты дүниеге әкелген.
Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігін ең бірінші болып жариялады. Оның тәуелсіздігін ең алғаш Түркия таныды. Қазір дүние жүзі біледі десек, қателеспейміз.
Қазақстанды бүкіл әлем таниды. Қазақстан бүкіл әлемге қарайды. Әлем Қазақстанға қарайды.
Дүние жүзінде соғыс пен ұлтаралық жанжал өршіген тұста халықтар достығын сақтап, ұлттар мен ұлыстардың сыйластығын және олардың өсіп, өркендеуіне жағдай жасап отырған – Қазақстан.
Осы бағытта Н. Ә. Назарбаев Отанымыздың гүлденуіне, халықтың әл - ауқатының жақсаруына айрықша күш салып келеді.
Н. Ә. Назарбаев -1940 жылы Алматы облысы ....
1947 - 48 жылы мектепке барды. Шамалған бастауыш мектебінде оқып, кейіннен Қаскелеңдегі Абай атындағы орта мектепті аяқтап, болашақ арман сапарына аттанды.
Жастықтың жомарт таңында Н. Әбішұлы 1958жылы Қаскелең орта мектебін бітірген қыруар балалардың ішінен жеке - дара комсомолдық жолдамамен Теміртауға бет түзеді. Сол 1958жылы Қазақстан Магниткасына Металлург етіп даярлау үшін мектеп бітірген 100 қазақтың жігітін іріктеп, Украинаның Днепродзержинск қаласына, бұрынғы Қазақстан Үкіметінің келісімімен шарт жасасып, 2жылға оқуға жібереді. Ішінде Н. Ә. Назарбаев әлгі жүз жігіт техникум дәрежесінде білім алып қайтады. Сол жылдарда, яғни Украина жерінде Нұрсұлтан спортпен, біраз түрлерімен жете айналысады. Назарбаев Қазақстан Магниткасында еңбек ете жүріп, 20жасында комсомолдың Орталық Комитетінде мүше болып сайланады. 1965жылы зауыт жанындағы жоғары техникалық факультетін бітіріп шығады. Бұл кезде бесаспап металлург еді. Сол кезде болашақ жары Сара Алпысқызымен кездесіп, отау құрады.
Айтылым.
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру
1.Қазақстан Республикасы туралы не білдік?
2.Қазақ жері, қазақ елі үшін жанын қиған батырлар мен Республикамыздың біртуар азаматтары деп кімді атар едің?
3. Н. Ә. Назарбаев туралы не айтар едіңдер?
Оқылым.
Екі топқа екі мәтін берілген.Оқып мәтіннің мазмұнымен танысады
1-топқа «Республика» атты мәтін
2-топқа «Президент» атты мәтін
Жазылым.
Мәтінмен жұмыс.Мәтін бойынша грамматикалық тапсырмалар:
1-тапсырма
Мәтіннен етістіктің есімше және көсемше формасын табу.
Мысалы:аталады-түбірі-ата-ет, л- ыр-з ет.жұрнағы,а-көсемшенің жұрнағы,ды- жікт.жалғау III жақ
2-тапсырма
«Бес жолды өлең» құрастыру.
Республика (зат есім)
Дамыған,тәуелсіз ( сын есім)
Өркендеді,дамыды,байыды (етістік)
Қазақстан Республикасы-дамыған мемлекет ( сөйлем)
Туған жер (синоним)
Президент
Білімді көреген
Басқарды,ұйымдастырды,сайланды
Президентіміз елімізді әлемге танытты
Елбасы
3-тапсырма
Сөйлесім. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру. Диалог.
Сабақты қорыту
4-тапсырма
Постер қорғау
Республика-қоғамдық іс,мемлекет,ресми билік органдары,егеменділік, дербестік,дамыған қоғам,туған жер,Отан,мемлекеттік рәміздер
Президент-басшы,алдыңғы қатардағы адам, елбасы,ұйымдастырушы,үкімет,бас қолбасшы,көшбасшы
.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Қазақстан мемлекеті, оның мемлекеттік құрылымы туралы мағлұмат беру.Тілдік және лексикалық материалды жүйелі ұсыну арқылы студенттердің алған білімін арттыра отырып, әңгімелей білуге үйрету.
Дамытушылығы: Студенттердің сөздік қорын молайту, өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, студенттердің танымдық, білімділік деңгейін көтеру, ой белсенділігін дамыту, шығармашыл ізденіске бағыттау, ізденімпаздық ой-өрісін кеңейту.
Тәрбиелілігі: Отанды, халқын, тілін сүюге, тіл мәдениетіне, сұлулыққа,сезімталдыққа, имандылыққа, адамгершілік ізгі қасиеттерді сіңіруге тәрбиелеу; достық қарым-қатынаста жұмыс жасауға баулу.
Пәнаралық байланыс:
География,тарих,орыс тілі,
шет тілі .
Сабақтың түрі:
Жаңа сабақ
Топтастыру әдісі.
«Қазақстан мемлекеті» мәтіні бойынша жұмыс.
Шығармашылық тапсырма(топтар өз жұмысын топтастырады)
1 топ - еліміздің географиялық орналасуы мен табиғаты.
2 топ - Қазақстан Республикасының саяси жүйесі.
3 топ – еліміздің қалалары.
Грамматикалық тапсырмалар.
Зат есім, сын есім, етістік туралы және туынды сын есімнің жасалу жолдары туралы қайталау.
Берілген сөздерді сөз таптарына қарай топтастырып жазу.
Орталық, тарихи, таң қаларлық, өркениет, көшпенді, ұлы, дін, мәдениет, жаңғырды, маңызды, сауда, дамыды, орналасты, созылып жатыр, шектеседі, көрікті, жолдар,шекара,зайырлы, жүзеге асыру,біртұтас, өкілетті, мүдде, ұсыныс, тағайындау, парламент, нысан,қызмет,билік,тұрақты,өкілетті, есеп берді,өткізді.
Тарихқа шолу
1991 жылы
25 қазан –республика Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы декларацияны қабылдады.
1 желтоқсан – Қазақстан тарихында тұңғыш рет республика Президентігінде жалпыхалықтық сайлау өтті.Халықтың демократиялық жолмен өз еркін білдіруі арқасында Н.Ә.Назарбаев Президент болды.
10 желтоқсан- республикалық Жоғарғы Кеңестің жетінші сессиясында Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын “Қазақстан Республикасы” деп атау туралы шешім қабылданды.
16 желтоқсан-Қазақстан Р еспубликасы егемен, өз алдында тәуелсіз мемлекет деп жарияланды
2 қазан-қазақтан шыққан ғарышкер Тоқтар Әубәкіров
1992 жылы
2 қаңтар – Қазақстан ЕҚЫҰ-ға мүше болды.
2 наурыз – Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды.
22 мамыр – Қазақстан Республикасы ЮНЕСКО-ға кірді.
4 маусым – Парламент отырысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Туы,Елтаңбасы және Әнұраны қабылданды
29-30 қыркүйек – Алматыда дүние жүзі қазақтарының құрылтайы болып өтті.
1993-1994 жылдары
1993ж 28 қаңтар-Егемен Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қабылданды
1993ж 15 қараша – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы-теңге қабылданды
1994ж 30 маусым- қазақ халқының қыраны ғарышкер Талғат Мұсаб аев аспан көгіне алты айлық сапарға аттанды.
1995-1996жылдары
1995ж 27 ақпан – Азаматтарға Қазақстан Республикасының төл құжатын беру басталды
1995 ж 1 наурыз – Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құру туралы Жарлығы шықты.
1995ж 30 тамыз – Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды
1996ж 16 желтоқсан – Алматыда Тәуелсіздік монументі ашылды.
1997-1998жылдары
1997ж 24 қаңтар – “Қазақстан Республикасының тіл туралы” Заңы қабылданды.
1997ж 10 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Халқына “Қазақстан-2030” жолдауы жария етілді
1998ж 10 маусым – Қазақстанның жаңа астанасы – Астананың халықаралық тұсаукесері болды.
1999-2000-2001 жылдары
1999ж 11 маусым – Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңы қабылданды
1999ж 15 желтоқсан – Елбасының “Еліміздің жаңа ғасырдағы тұрақтылығы мен қауіпсіздігі туралы” Қазақстан халқына жолдауы қабылданды
2000ж 25 қаңтар – Мәскеуде ТМД елдері басшыларының саммиті өтті.
2001ж 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығы атап өтілді.
2002-2003-2004жылдары
2002ж 29 тамыз – “Астана-Бәйтерек” бірегей монументінің ашылуы өтті
2003ж 28 қараша – Қазақстан Президенті жанындағы Ұлттық Кеңес мәжілісінде 2004-2006 жылдарға арналған “Мәдени мұра” бағдарламасының жобасы талқыланды
2004ж 19 наурыз – Мемлекет басшысы Парламент палаталарының бірлескен отырыснда Қазақстан Республикасы халқына “Бәсекеге қабілетті мемлекет, бәскеге қабілетті экономика,бәсекеге қабілетті ұлт” Жолдауын қабылдады.
2005-2006 жылдары
2005ж 18 ақпан – Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында ” атты Жолдауын Қазақстан халқына жария етті
2006ж 1 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев Бейбітшілік пен келісім сарайының салтанатты ашылуына қатысты.
2006ж 11 қаңтар – Астанадағы “Ақорда” резиденциясында Қазақстан Республикасының Президентін ұлықтау рәсімі өтті.
2006ж 18 қыркүйек – 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының 20 жылдығына арнаған “Тәуелсіздік таңы” мемориалының салтанатты ашылуы болды.
2006ж 28 қыркүйек – Америка Құрама Штаттарының астанасы Вашинг т онда тәуелсіз Қазақстан Республикасының монументі ашылды.
2007-2008 жылдары
2007ж 28 ақпан – ҚР Президенті палаталарының біріккен отырысында “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан: сыртқы және ішкі саясаттың негізгі бағыттары мен елдегі хал-ахуал туралы Қазақстан халқына Жолдауын жарияланды
2008ж 6 ақпанда – Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Парламент палаталарының біріккен отырысында “Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты” тақырыбындағы Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жария етті
2008ж 2 сәуір – ХХІХ жазғы Олимпиада ойындары алауының әлемдік эстафетасы Қазақстаннан бастау алып, Елбасымыз Н.Назарбаев олимпиаданың алғашқы алаугері атанды.
2008ж 15 желтоқсан – алғаш рет Астанада жаңадан бой көтерген Тәуелсіздік сарайында мемлекет басшысы Н.Назарбевтың қатысуымен республика тәуелсіздігінің 17 жылдығына арналған салтанатты жиналыс өтті
2009-2010 жылдары
2009ж 20 қараша – БҰҰ Бала құқығы туралы Конвенцияның қабылданғанына 20 жыл. Елбасының сол Конвенцияға қол қойғанына 15 жыл
2010ж 1-2 желтоқсан – ЕҚЫҰ Саммиті Қазақстанның төрағалығымен Астана қаласында болып өтті.
1997 жылы 24 қаңтарда Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңы қабылданды
ЕҚЫҰ Саммиті-барша Қазақстандықтардың
жетістігі мен мақтанышы!
ЕҚЫҰ саммитінің өтуі-бұл:
Қазақстанның халықаралық беделі мен Мемлекет басшысының бейбітшілікті нығайту жолындағы ерен еңбегін мойындау
Қазақстанның халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалау
Еліміздегі ұлтаралық татулық пен келісімнің бірегей моделінің нәтижесі мен танылуы
Қазақстанның халықаралық танымалдығын арттыру
Елдің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге, тәуелсіздікті нығайтуға қосқан үлес
Орталық Азия өңіріндегі мәселелерді шешуге әлемдік қауымдастықтың назарын аудару
Топпен жұмыс. Грамматикалық тапсырмалар.
Берілген сөздердің синонимін және антонимін табыңдар.
Ынтымақтастық тәуелсіздік Отан
Байтақ тұңғыш ежелгі
Қасиетті қонақ дана
Самғады егде жаңғырып
Ар береке зор
Берілген сөйлемдерді оқып, орыс, ағылшын тіліне аударыңдар.
1.Менің туған жерім - Қазақстан.
2.Бұл ел Еуразияның орталығында орналасқан.
3.Қазақстанда жүзден астам ұлт өкілдері
тұрады.
Сәйкестендір!
Мемлекет кочевой nomadic
дербес древний state
Өркениетті государство post
Ғасыр самостоятельный ancient
Ежелгі век sovereign
Көшпенді должность civilized
Егеменді многонациональный independent
Көпұлтты благосостояние century
Лауазым цивилизованный welfare
Әл-ауқат суверенный multinational
«Бес жолды тұжырым».
1.Зат есім.
2.Сын есім.
3.Етістік.
4.Синоним.
5.Сөйлем.
Үйге тапсырма беру.
«Мен елім үшін не істей алам?» эссе жазу.
Бағалау
мақтықты тұтастықты, бірлікті ойлаған, ұрпақтың саналылығына мән берген ар мен намысты биік ұстаған әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері - Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы кең мағлұмат бермекпіз.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы 6 - шілдеде Алматы облысындағы Шамалған ауданында туған. Ол өзінің өмірін жұмысшы болудан бастап, Қазақстан Республикасының Елбасына дейін көтерілді. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бұнда тамаша жетістіктерге бірден қолы жеткен жоқ. Ол кішкентай кезінен бастап түрлі қиындықтарды бастан кешірген. Балалық шағы таршылық жағдайда өткен. Үлкендердің мал бағуына бау - бақша көмек көрсетті. Өзі еске алғандай өсірген аз - мәз өнімдерін сатып үй - ішіне қажетті заттар алу үшін есек жекке арбамен темір жол стансасына бару керемет мереке саналған. Бірнеше шақырым жердегі мектепке қыстың қарлы боранына қарамастан мектепке қатынап оқыған. Ол мектепті жақсы оқып жақсы білім алған. Ата анасын қатты құрмет тұтты. Ол ерте есейді. Мектеп бітірген соң Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлургия жұмысшысы мамандығы меңгерді. Ол шойын құюшы домна пешінің көмекші жұмыстарын атқарды, кейін инженер дәрежесіне көтерілді. Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көріне
Ән “Өз елім” Альбина, Айжан
Балалар дайындаған тақпақтарымызды айтайық:
1. Назерке
Болашағым Қазақстанның алдағы
Орындалсын қазағымның арманы
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев
Халқымыздың сеніп алған таңдауы
2. Жақсымұрат
Асқақ болып еліміздің жалауы
Мәңгі жасасын тәуелсіздік алауы
Еңбек достық бейбітшілік береке
Қазақстан Республикасының қалауы
3. Саяжан
Міне осындай егеменді еліміз
Кең жазира ұлан байтақ жеріміз
Туған елін туған жерін сүйетін
Біз қазақтың ұланымыз еріміз
4. Олжас
Еліміздің тыныштығын ойлайтын
Халқым менің елбасын қолдайық
Бәрімізге тыныш өмір сыйлаған
Жасай берсін Нұр ағам
5. Альбина
Биіктей бер Нұр аға
Қыран канат талмасын
Қадірлемей тұра ма?
Халық сіздей тұлғасын.
6. Бекжан
Қиялы ұшқыр ойлы адам,
Әлемге болған аты аңыз.
Ұрпақтың қамын ойлаған,
Аман - сау жүрші, Атамыз
Тәрбиеші сөзі:
Кәнеки балалар елбасымыздың нақыл сөздерін білеміз бе?
1. Әсем
Жақсыдан бақ қалады
2. Жазира
. Тәрбие ошағы мектеп
3. Дильназ
Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында
4. Гүлжайнар
Қазақ қазақпен қазақша сөйлесейік
Тәрбиеші сөзі:
Енді балалар тақтаға қарап, сөзжұмбақты шешейік.
Қазіргі таңда Президент туралы көптеген іс шаралар атқарылып жатыр. Соның бірі «Елбасы жолы» туралы фильм. Ол үш бөлімнен тұрады. Бірінші «Балалық шағымның аспаны» атауымен экранға шықты. Оны бәріміз тамашаладық. Сонымен қатар біздің елбасымыз бірнеше әндердің сөзін жазған. Олар Бәйтерек тобы орындайтын «Сары арқа әні» Музарт тобы орындайтын «Үш қоңыр әні» Әнұранымыз «Менің Қазақстаным»
Ашық Сабақ Жоспары 10 Сынып ” Менің Отаным – Қазақстан”
Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні | Даулеталиева Бибигуль Сабиржановна | Күні: 17.09.15 | 10 сынып- А |
Сабақтың тақырыбы | Менің Отаным-Қазақстан | ||
Сілтеме | Слайдтар, мәтіндер, интерактивті тақта, видео | ||
Сабақтың мақсаты | Қазақстан мемлекеті туралы алған білімін тиянақтау,мәтінмен таныстыру,жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.Оқушылардың танымдық ықыласын молайту,қызығушылығын,белсенділігін арттыру.Оқиғаға сыни көзқараспен қарап,өз пікірін еркін жеткізу дағдыларын дамыту. | ||
Оқушыларды Отанын сүюге тәрбиелеу,бойларына «Елім» деген патриоттық сезім ұялатуМіндеттеріМәтінмен жұмыс істей білу дағдысын жетілдіреді; сабақта алған білімдерін қолдана алады; ақпарат көздерімен жұмыс істеу қызығушылығы артады; тілдері дамиды;Күтілетін нәтижеТоптық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, нені, қалай оқу керектігіне өзіндік тиімділігі артады, диалогтік қарым-қатынаста тыңдау және сөйлеу әдебіне үйренеді. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамиды, сөздік қорлары молаяды.Сабақтың түріАралас сабақ.Әдіс-тәсілдеріСТО, АҚТ, топтық, жеке , жұптық жұмыс, диалогтік оқыту және оқу, көшбасшылық және басқару, бағалау, түсіндіру, талдау, жинақтау, іздендіру.Пәнаралық байланысТарих
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі
1.Амандасу2.Кезекшімен сұхбат
3.Психологиялық дайындық.
М.; Сәлеметсіңдер ме, балалар! барлығымыз ортаға шығып, шаттық шеңберін құрайық! Енді бір – біріміздің қолымыздан ұстап, алақан жылуын сезінейік! Жақсы ,балалар, орындарына жайғасып отырыңдар. Балалар, бүгін сыныпта кім кезекші? Кезекшімен сұхбат.
Оқушылар бір- біріне жылы лебіздер айтады.
Кезекші сұрақтарға жауап беріп, өз міндетін атқарады.
Қайталау кезеңі
Үйге қандай тапсырма берілді?Үйлерінде дайындаған мақал- мәтелдерін тыңдаймын.Екі жұп үйде дайындаған мақалдарды жатқа және мазмұнын айтып шығады.
Топқа бөлу. Қызығушылықты ояту
Топқа бөлу.Балалар, қазір сурет арқылы топқа бөлінеміз. Үстелдерінде қиынды қағаздан әріптер жатыр. Сол суреттер бойынша екі топ қалыптасады. Ал кәнеки ,топтың атауын атап , мағынасын айтып шығыңдар.
Бағалау парағын тарату.
Балалар, сабақтың әрбір кезеңінде топ басшысы топ мүшелерін жалпы бағалап отырады. Сендер сабаққа белсенді қатысуға тырысыңдар.
Қызығушылықты ояту . Психологиялық ортаны қалыптастыру
Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру үшін қазақ ақыны М.Мақатаевтың өлеңінен үзінді оқумен бастағым келеді.
Мен оның түнін сүйем,күнін сүйем,
Ағынды өзен,асқар тау,гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бұл өлең не туралы? Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы және мақсаты қандай деп ойлайсыңдар? Дұрыс айтасыңдар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – Менің Отаны-Қазақстан . Сабақтың мақсатымен таныстырамын
Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді және тақырыпты жазыңдар.
Жеке жұмыс
Қазақстан туралы не білеміз, ассоциациалық алаң құрастырайық
Балалар , сабағымыздың тақырыбын әрі қарай жалғастырып үш тілде толығырақ тоқталамыз. Тақтаға назар аударыңдар. «Қазақстан- көп ұлтты мемлекет» бейнеролигін көрсетемін.Топ атауларын атайды, неге байланысты екенін айтады.1 топ – Топтың аты- «Қазақстан».
2топ – Топтың аты- «Ресей».
3 топ- Топтың атауы-«Ұлыбритания».
Оқушылар сабақтың тақырыбын ашады, мақсатын қояды.
Дәптерлерін ашып, бүгінгі күнді және тақырыпты жазады.
Оқушылар Қазақстан тақырыбына ауызша ассоциациалық алаң құрайды
Тақтаға назар аударады. « Қазақстан- көп ұлтты мемлекет» бейнеролигін көреді
Мағынаны тану
Топтық жұмысТопта «Қазақстан- көп ұлтты мемлекет» туралы барлық мәліметтерді талқылап, кластер құрастырасыңдар және тақтаға шығып қорғайсыңдар
Қазақстан Республикасы – Еуразия деп аталатын құрлықтар кеңістігінің дәл ортаңғы бөлігінде орналасқан ел. Жерінің аумағы жөнінен ол бүкіл дүниежүзінде 9-орында тұр. Мұндай жерге Франция сияқты 5 мемлекетті сыйғызып жіберуге болады. 2008 жылғы ресми санақ бойынша Қазақстанда 17 миллион шамасында халық тұрады. Жыл өткен сайын бұл цифр ұлғая түсуде. Елімізде 130-ға өлт өкілдері тату тұрады.
Қазақстан Республикасының астанасы 1998 жылы Алматы қаласынан Астана қаласына көшірілген. Ел басшысы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2011 жылы бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде сайланған Президент.
Қазақстан Республикасында 14 облыс, 159 аудан, 85 қала, 195 кент, 2150 ауылдық және селолық округтер бар. Азаттық үшін болған екі жарым ғасырдан астам уақыт күрестен кейін қазақ халқы тәуелсіздікке 1991 жылдың 16 желтоқсанында қол жеткізді.
Топ басшылары топ мүшелеріңді бағалап отырыңдар
Сергіту сәті.
Тақтадан бейнеролик көрсетемін. «Қара жорға»
Деңгейлік тапсырмалар
Ал , балалар, мәтіннің мазмұнын түсіндік , енді деңгейлік тапсырмаларды орындап шығайық.
Әрқайсысына деңгейлік тапсырма таратамын.
3 деңгей –
Жұптық жұмыс. «Өз жұбыңды тап» ойыны.
Ойынның шарты: берілген сұраққа дұрыс жауап немесе оқылған жауапқа қойылатын сұрақты дұрыс таба білу қажет. Оқушыларға араластырылып біреуіне сұрақ, біреуіне жауаптар үлестіріледі. Бірінші отырған бала сұрағын оқығанда оқушы қолындағы жауапты тексеріп,дұрыс болса жауап беру қажет.
1. Ұлттық ойындарды ата (Тоғызқұмалақ, алтыбақан, көкпар, қыз қуу, асық, аударыспақ )
2. Қызға байланысты салт дәстүрлерді ата (беташар, келін түсіру, сүт ақы, атастыру )
3. Бала туғанда жасалатын той? (шілдехана)
4. Қырқынан шығару қашан жасалады? (бала туғанына қырық күн толғанда)
5. Тұсаукесер туралы айт. (Тұсаукесер-бала жүре бастағанда жасалатын салт)
6.Қазақстан тәуелсіз Республика болып қашан жарияланды?
1991 жылы 16 желтоқсанда жарияланды.
7. Тәуелсіздік не әкелді?
Республиканың барлық халықтарына еркіндік, бостандық әкелді.
8.Туған жер дегеніміз не?
Ол адамның туып-өскен жері, сол елдің тарихы, мәдениеті, әдебиеті, тілі, салт-дәстүрі, табиғаты
9.Қазақстан қандай мемлекет? (Тәуелсіз , егеменді, көп ұлтты мемлекет)
Топ басшылары топ мүшелеріңді бағалап отырыңдар
2 деңгей –
«Топтастыру» статегиясы –
Ұсынылған сөздерден сөйлем құрастырып , оған синтиксистік талдау жасаңдар.
Тәуелсіз, қадірлеу, мемлекеттік, халық , ұлт өкілі, сайлау, көшірілу
Мемлекеттік деген сын есімге морфологиялық талдау жасаңдар.
Топ басшылары топ мүшелеріңді бағалап отырыңдар
1 деңгей
– өз елін мадақап, Қазақстанға жарнама жасаңдар
Топ басшылары топ мүшелеріңді бағалап отырыңдар
Бекіту
Ассоциацияға қайта оралу. Сонымен,балалар сабағымыздың басында құрастырылған ассоциациялық алаңға қайта оралайық . Қазақстан туралы не толықтырасыңдар?
Ал енді Топ басшылары оқушыларға қойған бағаларын айтып шығыңдар.
Бағалау парағын тапсырады.
Рефлексия.
Сабақтың қорытындысын шығару.
Үйге тапсырма: .«Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбына эссе жазу
Топта «Менің Отаным- Қазақстан» туралы барлық мәліметтерді талқылап, кластер құрастырады және тақтаға шығып қорғайды.
Топ басшылары топ мүшелерін бағалап отырады.
деңгейлік тапсырмаларды орындап шығады.
Сұрақтарын, жауаптарын табады.
Бағалап отырады
«Топтастыру» статегиясы арқылы сөйлемдер құрастырады, ұсынылған сөздерден сөйлем құрастырып , оған синтиксистік талдау жасайды, сын есімге морфологиялық талдау жасайды
Топ басшылары бағалайды
өз елін мадақап, Қазақстанға жарнама жасаңдар
Бағалайды
Ассоциацияға қайта оралады.
Қазақстан туралы толықтырады
Топ басшылары оқушыларға қойған бағаларын айтып шығады.
Бағалау парағын тапсырады.
Рефлексия.
Үй жұмысын жазып алады.
Желтоқсан тағлымы
Жарияланды 13-04-2016, 09:42 Категориясы: Өлеңдер
Мұхтар Шаханов
Желтоқсан тағлымы
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын, жас қайратым, жас өркені халқымның!
Қайырмасы:
Арманыңның атын,
Жігеріңнің отын
Өшіре алмас асау желі уақыттың.
Егер кім қанша
Уайымсыз болса,
Нақ сол адам құнын білмес бақыттың.
Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған,
Намысыңды жықпай өттің нәубет, дүлей маусымнан.
Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма
Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!
Тәуелсіздік таңы атсын елімде
Gulba
15.04.2016
0
0
976
Тәуелсіздік оңай бізге келген жоқ,
Ұл-қыздарым оны қолдан берген жоқ.
Отан үшін құрбан болған боздақтар,
Ел есінде қалды мәңгі өлген жоқ.
Әрқашанда тыныш болсын түніміз,
Шуақ шашсын ашық аспан күніміз.
Кеше ғана азаттықты аңсаған,
Бүгін міне, ірі елдердің біріміз.
Жалыным бар ешкім оны сөндірмес,
Бұл әлемде қазақ жерін кім білмес.
Қонақжайлы, азат елді, көп ұлтты,
Қазақстан еліне ешкім тең келмес!
Халқым аман, тыныш өмір кешейік,
Елімізді қорғап мәңгі жүрейік.
Бар адамға бір ғана менің тілегім:
Бейбітшілік қасиетін білейік!
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/331694-respublika-zhne-prezident
БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- «Разработка рабочих программ курсов внеурочной деятельности»
- «Специфика классного руководства в основной школе и старших классах»
- «Специфика работы с детьми-мигрантами дошкольного возраста»
- «Разговоры о важном: специфика организации и проведения внеурочных занятий»
- «Подготовка детей к школе в условиях обеспечения преемственности ФГОС дошкольного и начального общего образования»
- «Содержание и методы психологической работы с детьми с ОВЗ и детьми с инвалидностью»
- Теоретические и практические аспекты оказания экскурсионных услуг
- Педагог-организатор: проектирование и реализация воспитательной деятельности в образовательной организации
- Педагогика и методика преподавания географии
- Педагогика и методика начального образования
- Управление в социальной сфере: обеспечение эффективной деятельности организации социального обслуживания
- Основы менеджмента в образовательной организации

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.