- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
- «Специфика работы с детьми-мигрантами дошкольного возраста»
- «Учебный курс «Вероятность и статистика»: содержание и специфика преподавания в условиях реализации ФГОС ООО и ФГОС СОО»
- «Центр «Точка роста»: создание современного образовательного пространства в общеобразовательной организации»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
Подводный мир: оздоровительная гимнастика и беседа о пользе плавания для дошкольников
Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары
Білім беру саласы: «Денсаулық»
Бөлімі: Дене шынықтыру
Тақырыбы: Суасты әлеміне саяхат
Мақсаты: Су асты әлемі туралы білімдерін тереңдету. Дене шынықтыру жаттығуларының түрлі жолдарымен таныстыра отырып, оның адам денсаулығына тигізер пайдасы жайлы әңгімелеу. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.Доға астында еңбектеу,тепе теңдікті сақтау,су тіршілік миелерінің қимылдарын қайталау
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: Су асты әлемі туралы балаларға түсінік беру.
Әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, жаттығулар жасату.
Көрнекіліктері: Слайд
Қажетті құралдар: Орындықтар, слайд, массажға арналған доптар, корапта кұм, корапта тастар.
(музыка)
Балалар саппен залға кіреді.
Күтпеген сәт:Нұсқаушы Маша қонаққа келеді,Балаларға өзіне мұғалім су туралы тапсырма бергені туралы айтады.Сол тапсырманы орындауга саяхатқа шыққанын айтады.Балаларға саяхатқа шығуға ұсынады.
(музыка көлдің дыбысы)
Нұсқаушы: Балалар, бәріміз алдарыңда жатқан кілемшелерге жайғаса ғойыңдар. Аяғымызды малдос құрып отырамыз. Біз сендермен көздерімізді жұмып мына әуенді тыңдап көрейікші. (музыка көлдін жағасы)
- Балалар, әуенді тыңдау барысында сендердің көз алдарыңа не елестеді айтып көріндерші.
Балалар: Судын, толқыннын, кұстардың дыбысы.
Нұсқаушы: Дұрыс айтасындар. Менің де көз алдыма теңіз маңында жүргендей елестеді.
- Балалар ендеше біз сендермен теңіз патшалығына саяхатқа барсақ қайтеді. Барғыларын келеме?
Балалар: Иә.
Нұсқаушы: Балалар онда қандай көлік түрлерімен баруға болады.
Балалар: Пойызбен, машинамен, ұшақпен, параходпен т.б
Нұсқаушы: Жарайсындар, саяхатқа баруға дайынсындар ма?
Балалар: Ия
Нұсқаушы:Біз сендермен теңіз жағалауына пойызбен барамыз.
Нұсқаушы: Келіңдер балалар пойызға отырайық.
(музыка)
Нұсқаушы: Бәрің жақсылап жайғастыңдар ма?
Балалар: Ия
Нұсқаушы: Жай отырмай әрі қарай көңіл күйімізді, көңілді жаттығулармен көтерейік.
(музыканың дыбысымен жаттығу істейміз)
Мотивациялық қозғаушы
Қатарға тұру, сап түзеу, сәлемдесу.
1. Қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру. «Күнге жет».
2. Өкшемен жүру. «Балапан», «Әтеш».
3. Аяқтың сыртымен жүру «Аю».
4. Екі аяқпен алға секіру «Қоян».
5. «Жыланша» жүргіру. с - с - с жүру, жүгіру.
6. Түлкі аяқ ішімен жүру
Жалпы дамытушы жаттығулар
1. Б. қ: аяқ иық кеңдігінде.
Таяқшаның екі ұшынан ұстап, қолды төмен түсіріп тұрады.
1. Таяқшаны кеуде тұсына әкелу.
2. Б. қ.: аяқ иық кеңдігінде.
1. Таяқшаны жоғары көтеру.
2. Шынтаққа түсіру.
3. Жоғары көтеру.
4. Б. қ.
3. Б. қ.: аяқ иық кеңдігінде.
1. Таяқшаны жоғары көтеріп, оған қарап, оң аяқты артқа қойып, аяқтың ұшымен тұру.
2. Б. қ.
4. Б. қ. негізгі тұрыс: Б. қ. аяқ иық кеңдігінде, таяқшаны ортасынан ұстап кеуде тұсына әкелу.
1. Тізені бүгін көтеріп, тізеге тигізу. Денені тұзу ұстау.
2. Б. қ.
1. Тізені бүгіп көтеріп, тізеге тигізу. Денені түзу ұстау.
2. Б. қ.
5. Б. қ.: негізгі тұрыс.
1. Қолдағы таяқшаны алға созып отыру.
2. Б. қ.
6. Б. қ. еденде отырып, аяқты алшаң ұстау, қолда таяқша
1. Алға иіліп, таяқшаны аяқ ұшына тигізу.
7. Секіру, жүру, секіру.
- Жарайсыңдар балалар шыныққан шымыр екенсіңдер!
Нұсқаушы: Қане балалар пойыздан түсейік. Бастаушының артынан жүрейік. Балалар қараңдаршы біз кайда келдік. Жан-жақтарына не көріп тұрсындар?
Балалар: Құм, су, тастар.
Нұсқаушы: Ендеше біз теңіз жағалауында жүрген сйақты сезінейік. Қанекей онда біз құмдармен тастармен жүріп өтейік. Ол үшін біз чешкиларымызды аяғымыздан шешіп алайық. (құммен, тастармен жүреді) Кілемшелерге жайғасады.
Нұсқаушы:Балалар қараңдаршы теңізде нелер болады екен?
Балалар: Балықтар, балдырлар, таспақалар.
Нұсқаушы: Жарайсыңдар, енді келесі суретте кандай балықты көріп тұрсыңдар?
Балықтың аты, қимылы кілемшеде отырып жасау.
«Үлкен киттер» Шалқамыздан жатамыз. Қолымызды желкеге қоямыз. Аяғымызды бірге қосамыз.1 дегенде аягымызды көтереміз, 2 дегенде түсіреміз. 3-4 қайталаймыз.
«Су аты»Тік тұрып, аяқ бірге қол жанымызда. Оң аяқты алға созып 1-2 сәл отырамыз. Осы кезде колды кеуде жанына әкеліп жұмыдырықты түйеміз. Осы жаттығуды сол жақаяққа да қайталаймыз.
«Дельфиндер» Қол жанымызда бос, аяқ бірге. Жоғарыға секіреміз, 1 оңға, 2 артқа, 3 солға, 4 алғашқы қалыпқа оралу.
«Толқындар»Тізерлеп отырып, қолдыжоғары көтеріп, 1-2 оң жақ аяққа отырамыз. 3-4 бастапқы қалыпқа оралу. Осы жаттығуды сол жақаяққа да қайталаймыз.
«Тасбақа»Жер баурлап еңбектеу
Демалу жаттығуы: Аяқ иық деңгейінде, қол жанымызда. Демді ауызымызға толтырып алып. Шығарған кезде жұмыдырықты түйіп, бетімізді ақырын басып, ауаны сәл-сәл шығарамыз. Сол сәтте алға қарай ақырын - ақырын еңкейеміз.
Нұсқаушы: Керемет балалар қарандаршы қандай әдемі балықтар, өздері көңілді екен. Мынау балалар қандай құс.
Балалар: Шағала.
Нұсқаушы: Балалар сендермен ойын ойнайықшы. Ойыннын аты шағала.
Ойын:«Шағала»
Ережесі: Шағалалар теңіз бойында балық аулауауға шығады, ал бізде ендеше балық аулауға шығайық. Шағалалар ұшамыз дегендесендерде үшасындар.
Шағалалар жартасқа дегенде, жартасқа конамыз.
Нұсқаушы: Балалар бұл ойынды дене шынықтыру залында тағыда ойнаймыз жарайма.
Демалу жаттығуы
Шағалалар тыныс алу жаттығулары жасаймыз. Барлығымыз бірге мұрнымызбен демаламыз. Ауаны шығарғанда «гу» дейміз.
Балалар өте тамаша біз сендермен теңіздегі тіршілік мекеніне саяхат жасадық сендерге ұнады ма?
Балалар: Ия
Нұсқаушы: Жарайсыңдар мағанда өте ұнады. Енді біз сендермен балабақшаға оралу үшін пойыға жайғасайық.
Нұсқаушы: Балалар біз сендермен кірпі балықты көрдік, сол кірпі балыққа ұксайтын допты дайындап әкелдім. Міне қарандаршы қандай доп. Енді осы доппен денемізді тыныштандырайық үгу жасаймыз.
- Допты оң қолымызға аламыз, сол қолдың саусақтың ұшынан қолдың иығына дейін әрі бері домалатамыз.
- Енді допты сол қолымызға аламызда, оң қолда сол жаттығуды қайталаймыз.
- Допты оң қолымызға аламыз, мойнымызда әрі бері домалатамыз.
Енді ішімізге допты қойып сағаттың тіліндей домалатамыз.
Бірінші оң қолда ұстап, оң аяқта алға, артқа домалатамыз.
Нұсқаушы: Тамаша мінекей балабақшаға да жетіп қалдық.
(орындыктарды тұрамыз кілемшеге отырамыз)
Нұсқаушы: Ал енді клемшеге шалқамыздан жатып, көзімізді жұмайық. Денемізді босатып еркін жатайық.
(музыка демалу)
Нұсқаушы: Сұрақ - жауап.
- Балалар су асты әлемінде сендер қандай балықтарды көріп қимылдарын жасадыңдар?
Балалар: Кит, дельфин, су аты.
- Сендерге теңіздегі тіршілік қызықты болды ма?
Балалар: Ия
Нұсқаушы: Балаларды мақтап - мадақтау.
Дене шынықтыру нұсқаушысы: Сапқа тұрғызу, қоштасу.
Күтілетін нәтиже:
Қайталай алады: Су – табиғат сыйы. Сусыз тіршілік жоқ екенін біледі.
Түсінеді: Әр - түрлі жаттығуларды қызығушылықпен жасауды игереді.
Қолданады: Қауіпсіздік ережелерін сақтауды меңгереді.
Бекітемін:
«Нұрсәт» балабақшасының
меңгерушісі:
______Филатова.С.П.
Білім беру саласы: «Денсаулық»
Бөлімі: Дене шынықтыру
Тақырыбы: Суасты әлеміне саяхат
Топ:«Ертөстік» ортанғы тобы
Тәрбиеші:Юсупова Б. С.
2017-2018ж
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/357563-densauly
БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- «Организация учебно-воспитательного процесса в системе дополнительного образования детей»
- «Преподавание основ финансовой грамотности в условиях реализации ФГОС»
- «Организация работы с одаренными детьми»
- «Преподавание математики и информатики по ФГОС ООО и ФГОС СОО: содержание, методы и технологии»
- «Современные подходы к преподаванию биологии в условиях реализации ФГОС ООО»
- «Организация образовательной деятельности в рамках обучения ОДНКНР в соответствии с ФГОС»
- Теория и методика преподавания географии в образовательной организации
- Управленческая деятельность в организации дополнительного образования детей
- Теория и методика преподавания физической культуры в образовательной организации
- Педагогика и методика преподавания физики и астрономии
- Содержание и организация тьюторского сопровождения в образовании
- Профессиональная деятельность музыкального руководителя дошкольной образовательной организации

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.