- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- «Оказание первой помощи в образовательных учреждениях»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
- «Специфика работы с детьми-мигрантами дошкольного возраста»
- «Учебный курс «Вероятность и статистика»: содержание и специфика преподавания в условиях реализации ФГОС ООО и ФГОС СОО»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
Биология сабақтарына жеті модуль идеясын енгізу арқылы оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру
№16 жалпы орта білім беретін мектеп КММ
Биология сабақтарына жеті модуль идеясын енгізу арқылы
оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру.
Дайындаған: биология пәнінің мұғалімі
А.Е.Омарова
2013 жыл.
Қазіргі уақытта заман талабына сай еркін, өзіндік дәлел – уәждерін нақты жеткізе білетін, ынталы, өзіне сенімді, сыни пікір – көзқарастары жүйелі дамыған, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерумен қатар, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы тәрбиелеу - мұғалімдердің басты міндеті. Осыған орай, әр мұғалім өз алдына мақсат қойып, оқу үрдісінде жаңа әдіс -тәсілдерді қолдану арқылы соған жетуді көздейді. Бүгінгі таңда жаңа білім беру жүйесі бұрынғы әлемдік қабылдау «білемін-білмеймін», «жасай аламын-жасай алмаймын», «қолдана аламын- қолдана алмаймын» дегендей нобай түрінде емес, ол: «ізденемін-табамын», «ойланамын-шешімін табамын», «зерттеймін-танимын» дегендей іс –әрекеттері арқылы білім беру түрінде көрініс табады. Бірінші орынға - оқушы тұлғасы, оның ақпаратты өздігінен жинақтау, саралау, талдауға дайындығы, пікірталасқа түсе білуі, дәлелдей алуы, сонымен қатар шешім қабылдап, оның орындалуын қадағалау сияқты қабілеттері шығады.
Эдмунд Берктың айтуынша: «Өткенде қала отырып, болашақты жоспарлау мүмкін емес» ХХІ ғасыр- қатаң бәсеке ғасыры, сондықтан заман талабына сай, жан-жақты, құзыретті мұғалім болу үшін, көп еңбектеніп, алдымен, өз біліміңді одан әрі дамытуға тура келеді.Өз басым, Кембридж университетінің ұсынған бағдарламасымен танысып, жеті модуль бойынша оқыту идеясының мектепте, яғни тәжірибе кезеңінде қаншалықты тиімді екендігіне көз жеткізе алдым. Айтылған бағдарламаның жетекші мақсаттары: біріншіден-әр ел үшін маңызды болып табылатын рухани, мәдени және адамгершілік құндылықтардың негізінде жастарды өз елінің мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу, екіншіден – жастарды жылдам өзгеріп жатқан әлемде өзіне сенімді және табысты болуға мүмкіндік беретін дағдылары мен түсініктерін дамытуға, өмірлік жағдайларда өз білімдерін қолдануға ықпалын тигізетін сыни тұрғыдан ойлауға үйретуді қамтиды. Бағдарлама бойынша барлық сабақтарда оқытудың белсенді әдістерін қолдану қарастырылып, білім беру үрдісі - мәселені саналы түрде шешу түрінде құрастырылады. Өздігінен білім алуда жиі топтық жұмыстар қолданылады. Нәтижесінде, топтық білім әр топ мүшесінің бар білімінен құрылады да, топ алдына қойылған мақсатқа жеткен соң рефлексия жүргізіп отырады. Сонымен қатар, оқушылар әр ақпарат көздерінен (Интернет) өздігінен білім алуға дағдыланып, фактілерді салыстырып, ізденіп, білімін тәжірибемен ұштастыра алып, зерттеу жұмыстарын жүргізіп отырады.
Нақты өз тәжірибеме тоқталатын болсам, осы бағдарлама бойынша жұмысымды 8 сынып оқушыларымен жүргізе бастадым. Әрине, бұл күнге дейін оқушылар топтық жұмыстар орындап отырды, бірақ әр сабақта емес, ал топтық, жұптық жұмыс осы бағдарламаның негізінде болғандықтан, алдымен оқушылардың сынып ішіндегі өзара қарым- қатынастарын анықтап алу мақсатында: «Сағат тілімен достар» , «Сынып мәдениеті» , «Адам
құндылықтары», т.б. сауалнамалар алдым. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында оқушыларды топқа бөлген кезде әр түрлі тәсілдерді (бойлары бойынша, жануарлар топтары,т.б) қолданып отырдым. Топ ішінде міндетті түрде оқушылардың қалауынша тайм-киппер, топ басшысы және хатшы тағайындалып отырды. Бұл әдіс әр оқушының мойынына жүктелген жауапкершілікті сезінуге көмектеседі. Әрине, міндеттер ауысып отырады, нәтижесінде, әр оқушы өзінің топбасшылық қабілеттерін көрсете алады.
Оқушылар үшін, тіпті, өзім үшін де сабақ тақырыбын өздеріне анықтатып, сол сабаққа мақсат қою деген жаңалық болды, бірақ бұл жай да ынта, қызығушылықтарын арттыруға түрткі болып отырды. Ол үшін мысалға, бір сабақта «Араб сауатылығы» (сөздің тек дауыссыз әріптері жазылады)әдісін, келесі бір сабақта тақырыпқа байланысты ребус, жұмбақтар жасырып отырдым. Сабақтың әр кезеңдерінде оқушыларда тек оқу үрдісінде ғана емес, сонымен бірге күнделікті өмірде қажетті ойлау дағдыларын дамыту мақсатында сыни тұрғыдан ойлау модулін «Джиксо», «Алты қалпақ», «INSERT», «фишбоун», «RAFT», «миға шабуыл», «қарлы кезең», «синквейн», «эссе» жазу арқылы енгіздім. Бұл тапсырмалар сонымен қатар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және дарынды, талантты балаларды оқыту модульдерін де қамтиды.
Әр сабақта Мерсер бойынша диалогтің 3 түрі де орын алды(әңгіме-дебат,топтық әңгіме,зерттеушілік әңгіме). Бұл түрлері топпен, жұппен жұмыс кезінде, рольдік ойындар өткізгенде, жобаларды қорғау және бағалау уақытында, рефлексия жасау кезінде көрініс алды. Диалогтік оқытуды енгізгендегі мақсатым: оқушылар ашылып, өз идеяларын дәлелдей алады; тақырып немесе мәселе бойынша өз ойларын білдіре алады; тек өздерінің ғана емес, басқа оқушының идеясын қабылдап, түсіне алады; оқушылардың қандай деңгейге жеткендігін көрсете алады; ойлау деңгейлерін, сөйлеу дағдыларын дамытады.
Александердің айтуынша: «Сыныпты бағалау тек техникалық тәсіл емес...» Бүгінгі күнге дейін оқушыларды тек мұғалім бағалап отырса, ендігі жерде әр оқушы өзіне-өзі, өзара баға қоюды үйренді. Әрине, бастапқыда, оқушылар тарапынан шынайы бағалау тек кей жағдайларда болды, осыған орай әр бағасының «не үшін?» қойылып жатқандығына көздерін жеткізіп отыру мақсатында оқушылар жетістіктерін бағалау критерийлерін бірігіп құрастырып отырдық. Бұл тәсіл баланың өзін-өзі реттеуге, оқу үрдісін зерделеуге мүмкіндік береді. Оқушылар өдерінің және өзгелердің жұмыстарына сын көзбен қарап, іс-әрекеттерін саралауға дағдыланды. Кейін әр оқушы «мен бұл бағаны ....үшін қойдым» дегендей сөздерімен, қойылған бағаның әділдігін дәлелдеп, түсініктеме беріп отырды. Осылайша оқушылар бірте-бірте өз іс әрекеттеріне сараптама жүргізуді үйренді. Бұл мен үшін бір жетістік.
Қазіргі таңда оқушыларға тақырып бойынша білімді тек ауызша ғана емес, визуалды көрсету өте тиімді. Сабақтарымда АКТ –ны қолданып, слайдтар, үн таспалар тыңдату арқылы, интерактивті тақтамен жұмыс жасау кезінде, сонымен қатар сергіту сәттеріне қолдаған бейнесюжеттер оқушылардың қызығушылығын, белсенділіктерін әлдеқайда арттырды. Тіпті рефлексия кезеңінде сабақ бойынша пікірлерін СМС арқылы жіберген кезде әдетте «тыйым» салынатын ұялы телефондарымен қолданды. «Көп естігеннен, бір көрген артық» немесе қытай данасы Конфуций «Ауызша айтылғанды ұмытамын.
Көрсетсең, мүмкін есіме сақтармын.
Өзіме жасатсаң мен түсінемін» дегендей пайымдаулар АКТ –ны қолданған кезде өздерін шындайды деп ойлаймын.
Қорыта ұлы Абайдың сөздеріне тоқталғым келеді. «Үш- ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» егерде өзіңнің шәкірттеріңнің бойында осы қасиеттерді көргің келсе, алдымен өз бойыңа оларды қалыптастыруға, дарытуға тырысып, өз алдыңа сыни ойлай алатын ұстаз болу қажет, өйткені, сыни тұрғыдан ойлайтын адамды басыну мүмкін еместігі анық.
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/362988-biologija-sabataryna-zheti-modul-idejasyn-en
БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- «Содержание и методы обучения младших школьников в условиях реализации ФГОС НОО от 2021 года»
- «Организация подготовки детей к школьному обучению»
- «Учитель химии и биологии: современные методы и технологии преподавания по ФГОС ООО и ФГОС СОО»
- «Профориентация в образовательной организации: методы работы с обучающимися»
- «Организация занятий адаптивной физической культурой с детьми с ограниченными возможностями здоровья»
- «Управленческая деятельность руководителя общеобразовательной организации»
- Социальная педагогика: воспитание и социализация детей в образовательной организации
- Теоретические и практические аспекты оказания экскурсионных услуг
- История и обществознание: теория и методика преподавания в образовательной организации
- Библиотечно-педагогическая деятельность в образовательной организации
- Логопедия. Коррекционно-педагогическая работа по преодолению речевых нарушений у обучающихся младшего школьного возраста
- Астрономия: теория и методика преподавания в образовательной организации

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.