Охрана труда:
нормативно-правовые основы и особенности организации
Обучение по оказанию первой помощи пострадавшим
Аккредитация Минтруда (№ 10348)
Подготовьтесь к внеочередной проверке знаний по охране труда и оказанию первой помощи.
Допуск сотрудника к работе без обучения или нарушение порядка его проведения
грозит организации штрафом до 130 000 ₽ (ч. 3 статьи 5.27.1 КоАП РФ).

Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014

Почему стоит размещать разработки у нас?
  • Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
  • Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
  • Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
Свидетельство о публикации
в СМИ
свидетельство о публикации в СМИ
Дождитесь публикации материала и скачайте свидетельство о публикации в СМИ бесплатно.
Диплом за инновационную
профессиональную
деятельность
Диплом за инновационную профессиональную деятельность
Опубликует не менее 15 материалов в методической библиотеке портала и скачайте документ бесплатно.
10.03.2014

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Шакенова Камель Аскеровна
учитель казахского языка
Қысқа мерзімді сабақ жоспары «Сан есім» тақырыбына арналған. Бұл әзірлеме бастауыш сынып оқушыларына сан есімдің негізгі жағдайларын, санмен жазылуын және сөйлемде қолданылуын түсіндіруге бағытталған. Материалда сабақтың мақсаттары, күтілетін нәтижелер, қажетті құрал-жабдықтар, сабақ барысының кестесі және оқу әрекеттерінің əр кезеңі сипатталған. Бұл жоспар мұғалімдерге сабақты тиімді ұйымдастыруға және оқушылардың тақырыпты игеру деңгейін бағалауға көмектеседі.

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы: Топтау сан есімі

Сабақтың түрі: той сабақ

Күні 1 ші сабақ

7 сыныпҚазақ тілі мен әдебиеті кабинеті

Басқару жоспары

Жоспардың мазмұны

Мен сыныппен қалай амандасамын?

Оқушыларды жақсы көңіл күймен қарсы алу.

Олар бөлмеге кірген кезде сыныппен амандасамын.

Мен сыныппен жұмысты қалай бастаймын?

Сан есімнің ережесін қайталап, пысықтау жұмыстарын жүргіземін. Ол үшін сұрақтар жазылған кеспе қағаздар таратамын. Сабағымның түрі той сабақ болғаннан кейін бірінші кезеңді «Шашу» деп атап, жаңағы таратылған кеспе қағаздардағы сұрақтарға жауап беру арқылы сабағымызға біліммен шашу шашамыз.

Оқушыларды жұппен отырғызып, 271 - жаттығуды орындаймыз.

Мен оқушыларды топқа қалай бөлемін?

Мен оқушыларға түрлі – түсті (қызыл, сары) қағаздар таратамын,олар өз таңдаулары бойынша түрлі – түсті қағазды таңдайды.

1 топқа қызыл түстілер, 2 топқа сары түстілер келіп отырады. 2 топта да 5 баладан келді. Оқушыларды өз қызметтеріне қарай бөлдім (бақылаушы, репортер, тәлімгер, хатшы)

Үлгерімі төмен оқушылармен не істеймін. Үлгерімі төмен оқушылар қызығушылық танытып, рольдерін жақсы орындады.

Мақсаттары: топтау сан есімдерін дұрыс қолдануға үйрету. Ойлау, сөйлеу, есте сақтау қабілетін дамыта оқыту, сөздік қорын молайту.

Болжалды сан есімдерді бекіту.

Оқушылар нені біледі?

Оқушылар сан есімнің не екенін жақсы біледі, бүгінгі сабақта сан есімнің түрлерін, оның ішінде болжалдық сан есімдерді пысықтап, топтау сан есімдердің жасалу жолдарын түсіндіріп, жалпы сұрақтарға жауап беруді, оларды дұрыс қолданып, ажырата білуге дағдыландыру.

Осы тақырыпқа байланысты сөздерді біледі.

Сыныпта барлығы үшін мақсат бірдей бола ма?

Бәріне бірдей кітаптағы жаттығуды түсініп, дұрыс орындау. Болжалды сан есімдерді дұрыс қолдана білу.

Сабақ соңында оқушылар нені біледі және нені жасай алады?

Кітаптағы берілген жаттығуларды өздері орындап, оны өздері тексеріп, толптау сан есімдерін дұрыс қолдануды бекіте біледі.

Мен оқушыларды қалай бағалай аламын?

Оқушылар сабаққа дейін және сабақ соңында нені үйрендім, не ұнады, қандай қиындықтар туындады, деген сұрақтарға

жауап жазды және бақылаушының бағалауымен қосып

бір баға шығарамыз (сумативтік баға әр тапсырмаға жеке – жеке,соңында бір баға шығару, өзім қоямын).

Мен сабақ сәтті өтті ме екендігін қалай білемін?

Оқушылардың көңіл күйіне, сабақтың соңында стиктерге өз ойларын жазғанда және бақылаушылардың қойған бағасына қарай білемін.

Мен оқуы қиын және қазақ тілін меңгеруге аса қызығушылық танытпай жүрген оқушы, ол осы сыныптағы Руслан, Женя, Даша деген оқушыларды қалай оқытамын?

Олар сабақтың жаңаша өтіп жатқанына қызығып, белсенділік танытты, түсінбеген жерлерін топ басшысынан сұрап, меңгеруге тырысты.

Сыныпта тапсырманы барлығынан тез орындайтын балалармен не істеймін?

Тапсырмаларды топпен орындағасын, бәрі бірігіп орындап отырды.

Пән бойынша оқытуға сұранысты қалай шешемін?

Оқушылар оқуда белсенді қатысып жатқандығына қалай көз жеткіземін?

Топтық жұмыста әр баланың іс- әрекетіне қарап және беріп жатқан жауаптарына қарап, өз ойымды түйіндеймін.

Менің мақсаттарым:

Осы сабақта дамытқым келетіні топтау сан есімдерін дұрыс қолдану, ереже бойынша қолданып, жаттығуларды қатесіз орындатқызу және жаттатқызу.

Қандай келесі жұмыстарды оқушыларға беремін?

Алдағы сабақтарда сан есім тарауы бойынша тестік жұмысқа дайындалу.

Сабақ соңындағы нәтижелер: Менің ойымша тәжірибе барысындағы бүгінгі сабағым жоспарлы түрде, ойдағыдай өтті.Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары артып, кеспе қағаздар арқылы жұмыс жасағанда, кітапта берілген жаттығуды орындау барысында жұппен белсенді жұмыс жасады. Топқа бөліп, топтық жұмысты да тез орындап, тақтаға жазды. Жаңа сабақты талдағанда бірігіп топпен жұмыс жасады, осы орайда рөлдерге өздері бөлініп, рөлдерін жақсы орындады. Әр топтың бақылаушысы әр балаға формативті бағасын қойды және түсініктеме жасап отырды. Стиктерге өз ойларын жазған кезде қысылмай, анық жазды. Ең алғаш рөлдерге бөлгенде қызметтерін жақсы атқарды. Бірақ өз-өздерін бағалау барысында, бақылаушы бала формативті бағаны әділ қоймады. Сыныптастарының көңіліне қарап, әрі бағалаудың бұл түріне үйренбегендіктен. Сабақ аяқталғасын мен өзімнің суммативтік бағамды қойдым.

Сабақ барысында қиындықтар туындаған жоқ, оқушылар өте белсенді, ұйымшылдық танытты.

Осы сыныптағы жақсы оқитын оқушылар біліміне, ынтымақтастық атмосферасына, арамыздағы қарым- қатынасқа сендім. Бірінші «бетпе- бет» кезеңіндегі алған теориям мен білімімді осы сабақта сеніммен жүзеге асырдым.

Сіз нені дамытар едіңіз? Оқушылардың сабақта еркін отырып,өздігінен білім алуларын,осы сыныптың ұйымшылдығын, әлі де терең білім беруді, мәтінмен жұмысты, грамматикалық қателіктерді жібермеуді дамытқым келеді. Алдағы уақытта видеоға түсіруді жалғастырамын, себебі оқушылар да, өзім де түсірген видеоны көре отырып, сабақта жіберген қателіктерімізді өздеріміз түзеп, жақсы түсініп, талдаймыз.

Сіз нені өзгерткіңіз келеді? Курста алған білімімді толық әр сабағымда қамтығым келеді.Баланың ізденісін 80% ға дейін көтеріп,оқушылар бойына өздігінен білім алу дағдысын қалыптастырып, әр сабаққа өз түйіндегендерін жазуды дағдыға айналдырғым келеді. Қазақ тілінде еркін сөйлеу дағдыларын қалыптастырғым келеді.

Сабақты бағалау:

45 минутқа қарастырылған сабақ.

Бәрі қалай өтті?

Сабақтың жағымды сәттері.

Сабақ қарқыны алдыңғы дәстүрлі сабақтармен салыстырғанда жақсарды. Бұрын менің мақсаттарымның бірі тәртіп болатын, бүгінгі сабақта оқушылардың қызығушылықтары анық көрініп тұрды, олар артық сөйлеген де жоқ.Сабаққа бірден кірісті, оны ой толғауда байқадым. Оқушылардың көңіл – күйі ұйымдастыру кезеңінде байқалды. Мен сабақ уақытында көзбен шолу көрінісін қолдандым,себебі әр баланы сабақ барысында зерттеп, қадағалап отырдым, қай балаға көмек керек болды, соған жеке-жеке қастарына барып көмек көрсеттім.Оқушылардың білім деңгейін кітаптағы жаттығуды орындағанда байқадым. Жалпы осы сабағымда бірінші «бетпе – бет » кезеңінде алған білімімді жүзеге асырдым, бағалаудың барлық түрлерін қолдандым. Сабақтың соңында алған білімдерін түйіндеуді дағдыға айналдырдым.

Сіз қандай күшті жақтарға сүйенесіз?

Алғашқы сабақтың бірі болғандықтан менде жұмыс түрлері жақсы өтті немесе бағалау әдісі оқушылардың ілгерілеуін көрсетумен болды деп айта алмаймын. Жұмыс қарқыны, уақытты есептеу және тәртіп ережелерінің нормалары сақталды деп те айта алмаймын.

Өз тәжірибемде оқушылардың тіл байлығын,тілдік дыбыстарды дұрыс айтуға, тіл мәдениетін,сөз байлығын және ой өрісін кеңейту үшін жұмыстар ұйымдастырдым, әрі қарай алдағы уақытта да жалғастыруды басты мақсаттарым деп ойлаймын.

Барлық сабақ барысында оқушылар қарқынды жұмыс жасағанын, пәнге деген қызығушылықтарын әлі де арттыру, сабақ барысында жұмыс түрлерін өзгертіп отыруды мақсат етемін, осы курста алған бар білімімді, күш жігерімді салуға тырысамын.

Осы бойынша сіз не істей аласыз?

Келесі сабақтарымды да дұрыс ұйымдастыру, жоғарыда айтылған мақсаттарымды жүзеге асыру.

Егер сіз бәрін алдын ала ескерсеңіз сабаққалайөтер еді?

Талқылау барысында сан есімгебайланысты оқушылардың білімін тексеру үшін мен тікелей сұрақтар қояр едім.

Оқушылар сабақта бос болған жоқ. Олар топқа бөлініп, жаттығуларды орындау барысында, көптеген келіспеушіліктер болды, топтағы балалардың кейбіреулері бір – бірімен тіл табыса алмады. Жақсы оқитын оқушы қазақ тіліне қызығушылығы жоқ оқушымен бір топта болуға қарсылық білдірді. Ал басқа оқушылар жетістіктеріне жеткендеріне және сол топтағы нашар оқитын баланың тақтаға шығып дұрыс жауапты жазғанда өте қуанды. Өздерінің жетістіктерін өздері көріп, бағалады.

Дәл осындай қарқынмен ұйымдастырылған сабақтарда, үндемей отыратын оқушылардың қызығушылықтарын ояту. Күндегі сабаққа қатыстырып, тапсырмаларды күрделендіріп отыру.

Алдағы тәжірибемде сабақ беру үрдісін дәл осылай ұйымдастырып, жақсы жетістіктерге жетемін деп ойлаймын. Өкінішке орай уақыттың аздығынан тәжірибемізді қорытындылауға мәжбүр болдық.

Осы бойынша сіз не істей аласыз?

Осы курста үйренген әдіс – тәсілдерді қолданып, алған білімімді тиімді пайдаланып, оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру басты міндетім деп ойлаймын.

Не орындалады?

Мен сыныпты басқа қырынан танып білгеннен кейін әрқайсысына әр түрлі рольдерді (тәлімгер, бақылаушы, репортер,хатшы) бөліп беремін. Сынып жетекшісінің қатысуы, бақылауы,өз ойын түйіндеуі.

Сіз не жасауғаұмтылар едіңіз?

Оқушылардың өздігінен жұмыс жасағанын, жұмыс түрі кезеңділігімен өтілуін және тікелей сұрақтарды көп қолдану, топтық және жұптық жұмыстарды әрі қарай дамытар едім.

Келесіге жоспарлау

Өз мақсатыңызға жету үшін не жасау қажет?

Сабақты жоспарлау және өткізу.

Сіз дереу не істей аласыз?

Жоғарыда.

Сізқандайқолдауға зәрусіз?

Тәлімгермен/мұғалімнен кеңес/ өздігімен талдау/жоғарыдан көмек және өзімнің қасымдағы әріптестерімнің, сынып жетекшілерінің, ата - аналардың көмегін күтемін.

Алдағы практикамда бірінші «бетпе - бет» кезеңінде үйренген сабақ жоспарын тиімді ұйымдастырып, курста алған білімімді әр сабағымда қолданып, балалардың білімін тереңдетіп, жақсы жетістіктерге жетуді мақсат етемін.

Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/36909-ysa-merzimdi-saba-zhospary

Свидетельство участника экспертной комиссии
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и закажите рецензию на методическую разработку.
Также вас может заинтересовать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ
БЕСПЛАТНО!
У вас недостаточно прав для добавления комментариев.

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

 

Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)

Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.

Рекомендуем Вам курсы повышения квалификации и переподготовки