Охрана труда:
нормативно-правовые основы и особенности организации
Обучение по оказанию первой помощи пострадавшим
Аккредитация Минтруда (№ 10348)
Подготовьтесь к внеочередной проверке знаний по охране труда и оказанию первой помощи.
Допуск сотрудника к работе без обучения или нарушение порядка его проведения
грозит организации штрафом до 130 000 ₽ (ч. 3 статьи 5.27.1 КоАП РФ).

Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014

Почему стоит размещать разработки у нас?
  • Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
  • Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
  • Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
Свидетельство о публикации
в СМИ
свидетельство о публикации в СМИ
Дождитесь публикации материала и скачайте свидетельство о публикации в СМИ бесплатно.
Диплом за инновационную
профессиональную
деятельность
Диплом за инновационную профессиональную деятельность
Опубликует не менее 15 материалов в методической библиотеке портала и скачайте документ бесплатно.
10.03.2014

Сан есіммен таныстыру: ойын арқылы сандарды үйрету әдістемесі

Шакенова Камель Аскеровна
учитель казахского языка
Готовый конспект урока по теме «Сан есім» (Имя числительное) для воспитателей детского сада. В материалах представлена структура занятия, цели и задачи, игровые упражнения и наглядные пособия для дошкольников. План помогает развить у детей навыки счета, закрепить понятие о количественных и порядковых числительных в увлекательной игровой форме. Идеально подходит для быстрой подготовки и проведения эффективного развивающего занятия в ДО.

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы: Реттік сан есім

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Күні 1 ші сабақ

7 сыныпҚазақ тілі мен әдебиеті кабинеті

Басқару жоспары

Жоспардың мазмұны

Мен сыныппен қалай амандасамын?

Оқушыларды жақсы көңіл күймен қарсы алу, оқушылар бір – біріне жақсы тілектер, сөздер айтады.

Олар бөлмеге кірген кезде сыныппен амандасамын.

Мен сыныппен жұмысты қалай бастаймын?

«Сиқырлы сандар сөйлейді» деген атаумен сабағымның бірінші кезеңін бастаймын. Оқушыларға бір жақ бетіне сандар, екінші жақ бетіне сұрақтар жазылған кәртішкелер таратамын.

Мен оқушыларды топқа қалай бөлемін?

Мен оқушыларға екі мақалдың сөздерін 10-ға бөліп, дұрыс құрастыруды сұраймын.

Үлгерімі төмен оқушылармен не істеймін. Үлгерімі төмен оқушыларға топ басшыларының көмектесіп отыруын сұраймын.

Мақсаттары: Реттік сан есімдерін дұрыс қолдануға үйрету. Ойлау, сөйлеу, есте сақтау қабілетін дамыта оқыту, сөздік қорын молайту.

Топтау сан есімдерін бекіту.

Оқушылар нені біледі?

Оқушылар сан есімнің не екенін жақсы біледі, бүгінгі сабақта сан есімнің түрлерін пысықтап, реттік сан есімдердің жасалу жолдарын түсіндіріп, жалпы сұрақтарға жауап беруді, оларды дұрыс қолданып, ажырата білуге дағдыландыру.

Осы тақырыпқа байланысты сөздерді біледі.

Сыныпта барлығы үшін мақсат бірдей бола ма?

Реттік сан есімдерді дұрыс қолдана білу,жұрнақтарын ажыратып, дұрыс жалғай білу. Слайдтарда берілген тапсырмаларды топта орындау.

Сабақ соңында оқушылар нені біледі және нені жасай алады?

Слайдтарда берілген жаттығуларды өздері орындап, оны өздері тексеріп, реттік сан есімдерін дұрыс қолдануды бекіте біледі.

Мен оқушыларды қалай бағалай аламын?

Оқушылар сабаққа дейін және сабақ соңында нені үйрендім, не ұнады, қандай қиындықтар туындады деген сұрақтарға жауап жазды және бақылаушының бағалауымен қосып

бір баға шығарамыз(сумативтік баға әр тапсырмаға жеке – жеке,соңында бір баға шығару, өзім қоямын).

Мен сабақ сәтті өтті ме екендігін қалай білемін?

Оқушылардың көңіл күйіне, сабақтың соңында стиктерге өз ойларын жазғанда оқып білемін.

Мен оқуы қиын және қазақ тілін меңгеруге аса қызығушылық танытпай жүрген осы сыныптағы Руслан, Женя, Даша деген оқушыларды қалай оқытамын?

Олар сабақтың жаңаша өтіп жатқанына қызығып, белсенділік танытты, түсінбеген жерлерін топ басшысынан сұрап, меңгеруге тырысты.

Сыныпта тапсырманы барлығынан тез орындайтын балалармен не істеймін?

Тапсырмаларды топпен бірігіп орындап отырды.

Пән бойынша оқытуға сұранысты қалай шешемін?

Оқушылар оқуда белсенді қатысып жатқандығына қалай көз жеткіземін?

Топтық жұмыста әр баланың іс- әрекетіне қарап және беріп жатқан жауаптарына қарап, өз ойымды қағазға түртіп алып отырамын.

Менің мақсаттарым:

Осы сабақта дамытқым келетіні реттеу сан есімдерін дұрыс қолдану, ереже бойынша қолданып, жаттығуларды қатесіз орындатқызу және жаттатқызу. Берілген сөздердің синонимдерін дұрыс таба білу.

Қандай келесі жұмыстарды оқушыларға беремін?

Алдағы сабақтарда сан есім тарауы бойынша бекіту, пысықтау сабағына дайындалу.

Сабақ соңындағы нәтижелер: Менің ойымша тәжірибе барысындағы бүгінгі сабағым жоспарлы түрде, ойдағыдай өтті.Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары артып, кеспе қағаздар мен слайдтар арқылы жұмыс жасағанда топпен белсенді жұмысқа араласты. Топқа бөліп, топтық жұмысты да тез орындап, тақтаға жазды. Әр топтың бақылаушысы әр балаға формативті бағасын қойды және түсініктеме жасап отырды. Стикерлерге өз ойларын жазған кезде қысылмай өз ойларын анық жазды. Топ басшылары өз қызметтерін жақсы атқарды. Ал бағалау барысында бақылаушы бала формативті бағаны әділ қоюға тырысты. Себебі өткен сабақтағыдай емес енді оқушылар да бір-біріне әділ баға қоюларын талап ете бастады. Сабақ аяқталғасын мен өзімнің суммативтік бағамды қойдым.

Сабақ барысында қиындықтар туындаған жоқ, оқушылар өте белсенді, ұйымшылдық танытты.

Сыныптағы топ басшылары да менің сөзімді жерге тастамай, үлгерімі төмен оқушыларға өз білгендерін түсіндіре отыруды ұмытпады. Бірінші «бетпе- бет» кезеңіндегі алған теориям мен білімімді осы сабақта жүзеге асыруға сенімді едім.

Сіз нені дамытар едіңіз? Оқушылардың сабақта еркін отырып,өздігінен білім алуларын,осы сыныптың ұйымшылдығын, әлі де терең білім беруді, мәтінмен жұмысты, грамматикалық қателіктерді жібермеуді және ауызекі сөйлеу дағдыларын дамытқым келеді.

Сіз нені өзгерткіңіз келеді? Курста алған білімімді толық әр сабағымда қамтығым келеді.Баланың ізденісін көтеріп,оқушылардың өздігінен білім алу дағдысын қалыптастырғым келеді. Қазақ тілінде еркін сөйлеу дағдыларын қалыптастырғым келеді.

Сабақты бағалау:

45 минутқа қарастырылған сабақ.

Бәрі қалай өтті?

Сабақтың жағымды сәттері.

Сабақ қарқыны алдыңғы сабаққа қарағанда жақсарды. Бүгінгі сабақта оқушылардың қызығушылықтары анық көрініп тұрды, олар артық сөйлеген де жоқ.Сабаққа бірден кірісті, оны сабаққа деген құлшыныстарынан байқадым. Оқушылардың көңіл – күйі ұйымдастыру кезеңінде байқалды. Мен сабақ уақытында көзбен шолу көрінісін қолдандым,себебі әр баланы сабақ барысында зерттеп, қадағалап отырдым, қай балаға көмек керек болды, соған жеке-жеке қастарына барып көмек көрсеттім.Оқушылардың білім деңгейін кітаптағы жаттығуды орындағанда байқадым. Осы сабағымда да бірінші «бетпе – бет » кезеңінде алған білімімді жүзеге асырдым деп ойлаймын, бағалаудың барлық түрлерін қолдандым. Сабақтың соңында алған білімдерін түйіндеуді дағдыға айналдырдым.

Сіз қандай күшті жақтарға сүйенесіз?

Алғашқы сабақтың бірі болса да бүгінгі сабағым өткендегіден қарағанда сәттірек шықты десем де болады. Жұмыс қарқыны, уақытты есептеу және тәртіп ережелерінің нормалары да өткендегі сабағыма қарағанда сақталып отырды.

Өз тәжірибемде оқушылардың тіл байлығын,тілдік дыбыстарды дұрыс айтуға, тіл мәдениетін,сөз байлығын және ой өрісін кеңейту үшін жұмыстар ұйымдастырдым, әрі қарай алдағы уақытта да жалғастыруды басты мақсаттарым деп ойлаймын.

Барлық сабақ барысында оқушылар қарқынды жұмыс жасағанын, пәнге деген қызығушылықтарын әлі де арттыру, сабақ барысында жұмыс түрлерін өзгертіп отыруды мақсат етемін, осы курста алған бар білімімді, күш жігерімді салуға тырысамын.

Осы бойынша сіз не істей аласыз?

Келесі сабақтарымды да дұрыс ұйымдастыру, жоғарыда айтылған мақсаттарымды жүзеге асыру.

Егер сіз бәрін алдын ала ескерсеңіз сабаққалайөтер еді?

Оқушылар сабақта бос болған жоқ. Олар топқа бөлініп, жаттығуларды орындау барысында қызығушылық таныта бастады. Сонымен қатар оқушылар жеткен жетістіктеріне және сол топтағы нашар оқитын баланың тақтаға шығып дұрыс жауап жазғанына риза болды. Өздерінің жетістіктерін өздері көріп, мақтана бастады.

Дәл осындай қарқынмен ұйымдастырылған сабақтарда, үндемей отыратын оқушылардың қызығушылықтарын ояту. Күндегі сабаққа қатыстырып, тапсырмаларды күрделендіріп отыру.

Алдағы тәжірибемде сабақ беру үрдісін дәл осылай ұйымдастырып, жақсы жетістіктерге жетемін деп ойлаймын.

Осы бойынша сіз не істей аласыз?

Осы курста үйренген әдіс – тәсілдерді қолданып, алған білімімді тиімді пайдаланып, оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру басты міндетім деп ойлаймын.

Не орындалады?

Мен сыныпты толығымен танып білгеннен кейін әрқайсысына әр түрлі рольдерді (тәлімгер, бақылаушы, репортер,хатшы) бөліп беремін. Сынып жетекшісінің қатысуы, бақылауы,өз ойын түйіндеуі.

Сіз не жасауғаұмтылар едіңіз?

Оқушылардың өздігінен жұмыс жасағанын, жұмыс түрі кезеңділігімен өтілуін және тікелей сұрақтарды көп қолдану, топтық және жұптық жұмыстарды әрі қарай дамытар едім.

Келесіге жоспарлау

Өз мақсатыңызға жету үшін не жасау қажет?

Сабақты жоспарлау және өткізу.

Сіз дереу не істей аласыз?

Жоғарыда.

Сізқандайқолдауға зәрусіз?

Тәлімгермен/мұғалімнен кеңес/ өздігімен талдау/жоғарыдан көмек және өзімнің қасымдағы әріптестерімнің, сынып жетекшілерінің, ата - аналардың көмегін күтемін.

Алдағы практикамда бірінші «бетпе - бет» кезеңінде үйренген сабақ жоспарын тиімді ұйымдастырып, курста алған білімімді әр сабағымда қолданып, балалардың білімін тереңдетіп, жақсы жетістіктерге жетуді мақсат етемін.

Свидетельство участника экспертной комиссии
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и закажите рецензию на методическую разработку.
Также вас может заинтересовать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ
БЕСПЛАТНО!
У вас недостаточно прав для добавления комментариев.

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

 

Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)

Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.

Рекомендуем Вам курсы повышения квалификации и переподготовки